Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.

Бұл үшін не істеу қажет? | КӘСІПКЕРЛІКТІ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ | Ол үшін не істеу керек? | Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу | Баланы қорғау | Лт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі | Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары | Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. | Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. | Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы! |


Читайте также:
  1. Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.
  2. КСРО кезінде ғылыми айналымға жаңа іргелі өркениеттік ұғым – «Ұлы Даланы» енгізген ғалымды атаңыз: Л.Н. Гумилев
  3. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
  4. Рметті қазақстандықтар!

Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы.

Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.

Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.

Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.

Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек.

Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз.

Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады.

2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.

Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бесінші. Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс.| Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)