Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн.
Сегізінші сын-қатер-үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. | Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы сапалық тұрғыдан өзгерді. | Салық саясаты | Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс. | Бұл үшін не істеу қажет? | КӘСІПКЕРЛІКТІ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ | Ол үшін не істеу керек? | Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу | Баланы қорғау | Лт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі |
Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз.
Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс.
Біз - жас ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді.
Оған қоса, біз ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.
- Біз 2013 жылдың өзінде-ақ ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясы жөнінде шаралар қабылдауға тиіспіз. Үкіметке технология трансферті мүмкін болатын салааралық секторларды анықтауды және оларға жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялар тарапынан сұраныс тудыруды тапсырамын.
- Болашағы зор ұлттық кластерлер қалыптастыру жөнінде нақтылы Жол карталарын әзірлеу аса маңызды.
- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі үшін құқықтық базаны анықтауды да тездету қажет. Міндет - мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу.
- Авторлық құқықтар мен патенттер мәселелерін реттейтін заңнаманы қайта қарау. Үкімет 2014 жылдың соңына дейін бұған дейін берілген барлық патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды олардың коммерциялануының ықтималдығы жөнінен талдаудан өткізуі қажет.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав
mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)