Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баланы қорғау

Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар | Лемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезінақ біздің елімізде өтті. | Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. | Сегізінші сын-қатер-үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. | Біз шешуге тиісті міндеттер парадигмасы сапалық тұрғыдан өзгерді. | Салық саясаты | Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс. | Бұл үшін не істеу қажет? | КӘСІПКЕРЛІКТІ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖЕТЕКШІ КҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ | Ол үшін не істеу керек? |


Читайте также:
  1. Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу
  2. Бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу
  3. Бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу
  4. Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары
  5. Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі
  6. Парк кезекшісінің техникалық қауіпсіздігі және еңбек қорғау.

Бейбіт өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар - балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпыәлемдік үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет.

Ерлердің әйелдер мен балаларға мүлдем жауапсыз көзқарас танытқан оқиғаларының саны өсуде. Бұл біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге тіптен жат.

Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.

Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.

Біздің топырағымызда туған кез келген сәби - қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі - тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті.

Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды қолдауы және алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек.

Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.

Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау - ата-ананың борышы.

«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет.

Үкіметке:

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ананы қорғау. Әйелдерге үндеу| Лт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)