Читайте также:
|
|
Дәріс мақсаты: Аграрлы өнiм өндiрiсiнiң пайдалылығын, экономикалық тиiмдiлiктiң мазмұнын, түсiнiгiн, критерияларын және экономикалық тиiмдiлiктiң түрлерiн игеру.
Дәріс жоспары:
1. Өндірістің пайдалылығы, түсінігі, көрсеткіш факторы.
2. Салалардың экономикалық бағалануы, олардың көрсеткіштері.
3. Ауыл шаруашылық өнім өндірудің экономикалық тиімді көрсеткіштері және факторлары.
1. Нарық жағдайда аграрлы тауар өндірушінiң және басқа да кәсiпкердiң ең басты мақсаты көп мөлшерде пайда табу. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын iздестiру. Белгілі бір шарттарда өндірістің экономикалық тиімділігі ол олардың өндірістік процестерінің нәтижелігі. Жалпы өндірістік ресурстардың жетілдіруін және олардың тиімділігін пайдалығын қамтамасыз ететін және жұмсалған еңбек шығыны арқылы қатынас өндіріс процесінің нәтижесі деп саналады.
Өндірістің экономикалық тиімділігі келесі формула арқылы анықталады:
Эт = Эффект (нәтиже)
Ресурс (шығын)
Егер экономикалық эффект (нәтиже) жоғары болса, онда ресурс аз болады.
2. Өндірістің экономикалық тиімділік маңыздылығы оның критерийлерінің көрсеткіштері арқылы сипатталады. Өндірістің экономикалық критерийі ретінде 1 га жерден алынатын аграрлы өнім түсімінің өсуі болып саналады немесе бір мал басынан алынатын толық саны немесе сүт сауымының өсімі. Бұл критерийлерге сүйене отырып, аграрлы өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіштері пайда болады.
Рентабельділік деңгейі
мұндағы: РД - аграрлы өндірістің рентабельдік деңгейі.
РНҚ - негізгі құралдардың рентабельдік деңгейі.
Өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіші ретінде еңбек сыйымдылығы, еңбек өндірісі, материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, жер сыйымдылығы болып саналады.
Аграрлы өндірісте ең маңызды ролді өндірістің өзін-өзі реттеу деңгейі атқарады, яғни ол ақшалай табыстың өндірістік шығындарға қатынасы.
Бұл көрсеткіш белгілі бір кәсіпорын жұмсаған қаражатты қайтару уақытты қайталана немесе реттелуін сипаттайды.
3. Ауыл шаруашылық салаларының өніміне баға құру факторына өндіріс шығындары өнімді өткізу каналдары тұтынушылар бәсекелер жатады, яғни аграрлы өнімге арналған баға аталған факторлардың әсерінен пайда болады. Сөйтіп, аграрлы өнімнің бағасы өндірістік шығынның құрамына еніп, аграрлы өндірістің экономикалық тиімділіктерін анықтау барысында ерекше қызмет атқарады.
Аграрлы өндірісте пайдаланған факторларына өткізу өнімінің сапасы мен құрылымы өнім өндірудің саны, өнім өндіру каналдары және мерзімдерінің жалпы шығындары жатады.
Аграрлы өндірісте пайдаланудың сыртқы факторларын айыруға болады:
1. өткізілген өнім саны.
2. егістік табынның құрылымы.
3. өндірістің жер сыйымдылығы.
4. тауарлық деңгейі.
Аграрлы өндірісте жалпы пайданың ішкі факторлары:
1. тауар өндірудің бәсекесі.
2. аграрлы өнімге сұраныс.
3. аграрлы өнімнің ұсынысы және т.б.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда өндірістің пайдалылығы әрбір саланың өндірістік бағытын дамыту тәсілдеріне негізделеді. Әрбір сала өз бөлімшесін толық жүзеге асыру барысында бұл салалардың тиімді дамуына, тиімді жағдайдың қалыптасуына байланысты анықтайды. Әрбір шаруашылықтың алдында келесі ереже қолданып, негізгі мақсатты үлкен көлемде пайдалану жолдарын анықтау болып саналады, яғни кәсіпорынның шығындары төмен болса, ал пайдасы мол болса, бұл кәсіпорын тиімді экономикалық қызметті атқаратын кәсіпорын болып саналады.
Аграрлы өндірісте экономикалық тиімділік критериялары және көрсеткіші арқылы көрінуі мүмкін. Ғылыми түсінікте критерий - басты сапа, негізгі қасиет болып саналады. Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділік критерий шығындарды төмендетеді және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету кезінде жер ауданының бірлігінен алынатын аграрлы өнімнің негізгі пайдалылығы.
Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділігі.
Жеке Жалпылама
өндіріс көлемі. аграрлы өндірістің
өнімнің сапасы. пайдалылығы.
еңбектің өндіргіштері.
жер қайтарымы.
қор қайтарымы.
өнім өндірудің шығындары.
Еңбек сыйымдылығы немесе еңбек өнімділігі - бұл жұмыс уақытының бірлігіне өнім санының өндірісте, тірі еңбек шығынның тиімділігін сипаттайды.
Жер қайтарымы - аграрлы өндірісте басты өндіріс құралы. Сондықтан бұл көрсеткіш жер ресурстарының тиімді пайдалануын сипаттайды.
Қор қайтарымы - өндірістік негізгі құралдарда затталынған еңбек шығынның қаншалыққа тиімді пайдалануын сипаттайды.
Материал қайтарымы - бұл материалды құралдарда бұрынғы заттанған еңбек шығынның тиімді пайдалануын сипаттайды.
Өнім өндірудің шығындары - бұл жалпы түрде барлық тұтынылған өндірістік ресурстардың тиімді пайдалануын сипаттайды.
Аталған жеке көрсеткіштері аграрлы өндірістің абсолютті тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып саналады.
Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділік факторларының құрылу схемасы.
Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділігі
Ресурс және шығындар Құрылудың негізгі бағыты Шаруашылық ету
- еңбек сиымдылығы - техникалық деңгейі
- жер сиымдылығы - мамандырылуы және - халық шаруашылығы
- қор сиымдылығы сәйкестендіру - салалық деңгейі
- материал сиымдылығы - еңбек ұйымдылығы - ішкі шаруашылық
- ғылыми техникалық деңгейі
прогерсс
- меншікті тәжірибе
Аграрлы өндірістің экономикалық тиімділігі
са, онда ресурс аз болады, ің пайдалылығы.Тауар өндірудің еңбекке Дамыған нарықтағы
талпыну себептері қатынастар
өндірілген өнімге өндіріс құрудың нарық жүйесі, шаруашылық
табысқа жекеменшігі инфрақұрылым етудің
жекеменшігі меншігі нарығын механикаландыру
Әдебиеттер: 3, 173 - 207 бет, 7, 181 - 244 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Аграрлы өндірістің анықтамасы.
2. Салалардың экономикалық бағалануы.
3. Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің экономикалық көрсеткіштері және факторлары.
4. Рентабельділік деңгейі, өндірістің пайдалылығы.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ауыл шаруашылық кәсіпорын басқарудың үлгі құрылымы | | | FINANCIAL MARKETS |