Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Зиянды өндірістік фактор – жұмысшының денсаулығының бұзылуына

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

Зиянды өндірістік фактор – жұмысшының денсаулығының бұзылуына және кәсіби аурулардың дамуына әкелетін өндірістік фактор

Қауіпті өндірістік фактор – ауыр сырқаттардың себепкері болатын, денсаулықтың кенеттен бұзылып, өлімге әкелетін өндірістік фактор.

Қауіпсіз еңбек шарттары – бұл жұмысшыға зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері тимейтін немесе олардың деңгейі гигиеналық нормативтерден аспайтын шарттар.

Еңбек шартының гигиеналық нормативтері – күнделікті жұмыста,бірақ аптасына 40 сағаттан аспайтын режимде жұмысшының барша еңбек өтілінде денсаулығына еш зиян тигізбейтін, денсаулық күйін бұзбайтын зиянды өндірістік факторлар деңгейі.

Сызбалар, тапсырмалар, жағдайлар.

1. Кестелер: зияндылық және қауіптілік, еңбектің ауырлығы мен түсіретін салмағына қарай еңбек шартының жіктелуі

2. Өндірістік орта мен еңбек процестері факторларын өлшеу нәтижелері бойынша тапсырмалар.

Кесте 1

Зияндылық пен қауіптілік деңгейлеріне қарай жұмысшының еңбек шартын бағалау бойынша қорытынды кесте

Фактор   Еңбек шартының класы
Оңтайлы Мүмкін Зиянды Қауіпті
      3.1 3.2 3.3 3.4  
Химиялық              
Биологиялық              
ПФД аэрозолдары              
Шу              
Инфрадыбыс              
Ультрадыбыс              
Жалпы діріл              
Желілі діріл              
Ионданбайтын сәулелер              
Иондаушы сәулелер              
Микроклимат              
Жарықтандыру              
Еңбек ауырлығы              
Еңбек күштілігі              
Еңбек шартын жалпы бағалау              

 

3.Берілген тапсырмада келтірілген еңбек процесі мен өндірістік орта факторларынан гигиеналық критерийлерге сәйкес «Зияндылық пен қауіптілік деңгейлеріне қарай жұмысшының еңбек шартын бағалау бойынша қорытынды кестесіне» әр фактор үшін еңбек шартының класының бағалау нәтижелерін түсіріңіз. Өндірістік факторлар мен еңбек процесінің факторларын бағалау нақты зиянды фактор деңгейлерінің әсер етуші және гигиеналық нормативтік көрсеткіштеріне сай қатынасын орнату керек. Егер жұмыс орнында тапсырмаға сәйкес зиянды факторлар деңгейінің мәні оңтайлы мен мүмкін мәндер аралығында болса, онда бұндай жұмыс орынындағы еңбек шарты гигиеналық талаптарға сай және сәйкесінше бірінші не екінші кластарға жатқызылады. Егер кем дегенде бір фактор деңгейі қалыпты мәннен асып кетсе, онда бұндай жұмыс орынындағы еңбек шарты гигиеналық критерийлерге және шектен шыққан шаманың мөлешеріне қарай анықталады. Зиянды факторлардың үшінші класының төрт класына және қауіпті факторлардың төртінші класына жатқызылуы мүмкін.

Өндірістік факторлардың біріккен және жинақталған әрекеттерін есепке ала отырып, еңбек шартын бағалау еңбек шартының класына сәйкес, әр фактор үшін жеке есептеледі. өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларын бағалау нәтижелері «Зияндылық пен қауіптілік деңгейлеріне қарай жұмысшының еңбек шартын бағалау бойынша қорытынды кестесіне» түсіріледі.Еңбек шартын қауіптілік пен зияндылық деңгейлеріне сай жалпы бағалаудың орнатылуы:

- әлдеқайда жоғарғы клас пен зияндылық дейгейімен

- 3.1 класына жататын үш не одан да көп факторлар біріге әсер еткенде еңбек шартын бағалау 3.2 класына сәйкес келеді

- 3.2, 3.3, 3.4 кластарына жататын екі не одан да көп факторлар біріге әсер еткенде, еңбек шарты осыған орай бір саты жоғары класпен бағалаймыз

Егер жұмыс орынында зиянды не қауіпті өндірістік факторлар кездесепесе, немесе олар талаптарға сай нормадан аспайиын мәнде болса, сонымен қатар жарақат қауіпсіздік талаптары орындалса, жұмысшылар жеке бас қорғаныс жабдықтарымен қорғалатын болса, онда еңбек шарты гигиеналық аталаптарға сай болып табылады. Бұл жұмыс орындары аттестациядан өткен деп есептелінеді.

Жұмыс орындарында өндірістік және еңбек жағдайындағы зиянды және қауіпті факторлар белгіленген шамадан асып кетсе, сонымен қатар қауіпсіздік ережелері мен жарақат қауіпсіздік талаптарына сай келмесе, онда бұл жұмыс орындарындағы еңбек шарты зиянды және қауіпті болып табылады.

Еңбек шарты үшінші класқа жатқызылса, жұмыс орындары шартты түрде аттестациядан өткізіледі. Ал егер төртінші қауіпті класқа жатқызылса, онда жұмыс орындары аттестациядан өткізілмейді және өзара тәркіленеді.

 

Қолданылған әдебиет:

1. Актуальные вопросы гигиены труда и физиологии труда в связи с ускорением НТП. Общая информация. – М., 1986.

2. Белов С.В., Морозова Я.А., Сивков Б.П. Безопасность жизнедеятельности. – М.,1992.

3. Борчук Н.И. Медицина экстремальных ситуаций. – Минск, 1998.

4. Гигиенические нормирования фактора производственной среды и трудового процесса. Ред. Измеров Н.Ф. – М., 1986.

 

№11 тәжірибелік жұмыс

РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ.

Жұмыстың мақсаты: радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес нұсқалар берілгендері бойынша радиациялық жағдайды бағалау.

Сабақтың жоспары

1. Нұсқаны таңдау (2 кесте).

2. Әдістемемен танысу.

3. Сәулеленушілер, критикалық мүшелер тобы мен жұмыс режиміне сәйкес негізгі мөлшер шектерін анықтау.

4. Формула бойынша (2.) сәулеленудің максималды эквивалентті мөлшерін анықтау.

5. (1.) және (3.) формулалар көмегімен радиациялық қауіпсіздік нормасы бойынша радиациялық жағдайдың сәйкестігі жөнінде шешім шығару.

6. Есептеулерді жазып, оқытушыға тапсыру.

Теориялық бөлім

Радиациялық қауіпсіздік нормаларымен РҚН-99 бекітілді:

1. Сәулеленушілердің үш категориясы:

А категориясы – қызметкер (мамандандырылған жұмысшылар);

Б категориясы – иондалушы сәулелену көздерін қолданумен байланысты емес, бірақ жұмыс орындары радиоактивті сәулелердің әсер ету аймағында орналасқан мамандандырылған жұмысшылар;

В категориясы – облыс, аймақ, республика, ел тұрғындары.

Критикалық мүшелердің үш тобы:

1-інші топ – барлық дене, жыныс мүшелері, жұлын;

2-нші топ – бұлшық ет, қалқанша без, май жабыны, бауыр, бүйрек, ұлтабар, асқазан-ішек жолдары, өкпе, көз жанары және 1-інші, 3-інші топтарға жатпайтын басқа да мүшелер.

3-інші топ – тері жабыны, сүйек жабыны, саусақтар, иық маңдары және табан.

А, Б және В категориясының мүшелері үшін жіберілетін негізгі шекті мөлшер.

Негізгі мөлшер шегі – сәулеленудің (А категориясы үшін) шекті жіберілетін мөлшері (ШЖМ) жәнекүнтізбелік жыл үшін мөлшердің шегі (МШ) (Б категориясы үшін). ШЖМ мен МШ жылына миллизивертпен өлшенеді (мЗ жылына). ШЖМ мен МШ құрамына табиғи фон мөлшері және медициналық тексеру мен ем қабылдау кезінде алынатын сәулелену мөлшері кірмейді (4.1-кестені қараңыз).

Негізгі мөлшерлік шектер, м 3 жылына

1 кесте.

Сәулеленушілердің категориясы   Критикалық мүшелер тобы
1-інші 2-нші 3-інші
А      
В      

 

Ескерту. Б категориясының жұмысшылары үшін сәулелену мөлшері А категориясының жұмысшыларының мөлшерінің ¼ аспауы керек.

БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСІ.

Радиациялық бақылауды жүргізгенде және радиациялық жағдайдың өлшемдерінің сәйкестігін бағалауда келесі қатынастар нормативтерге сай болуы керек:

 

Н ≤ ПДД, (1.)

Мұндағы: Н – критикалық органға келетін сәулеленудің максималды эквивалентті мөлшері, мЗ жылына:

 

Н = D· k, (2.)

Мұндағы: D – сәулеленудің жұтылған мөлшері, мЗ жылына; k – сәулелену сапасының коэффициенті (өлшемсіз коэффициент, сол сәулеленудің эквивалентті дозасын алу үшін соған қарастырылып жатырған сәулеленудің жұтылған мөлшерін көбейту керек);

В категориясы үшін

 

Н ≤ ПД, (3.)

Мұндағы: Н (2.) формула бойынша есептейді

 

k коэффициентінің мәндері төменде келтірілген.

Сәулелену түрі K
Рентгендік және γ - сәулелену    
Электрондар және позитрондар, β –сәулелену    
Энергииясы < 10 МэВ болатын патрондар    
Энергиясы < 0,02 МэВ нейтрондар    
Энергиясы 0,1 …10 МэВ нейтрондар    
Энергиясы < 10 МэВ болатын Α – сәулелену    
Берудің ауыр ядролары    

Бақылау сұрақтары

1.Радиациялық қауіпсіздіктің нормаларын жіктеңіз?

2.Радиациялық қауіпсіздік нормаларында сәулеленушілердің қандай категориялары бар?

3. Критикалық мүшелер топтарын жіктеңіз?

4. А, Б және В категориялары үшін жіберілетін негізгі мөлшер шегі.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Блиц тест | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма.| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)