Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар

Читайте также:
  1. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  2. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  3. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  4. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар

Жұмыстың орындалу реті

Дозиметр пайдалануға қолайлы болу үшін герметикалық автоқалам формасында конструктивті дайындалған (6.4-сурет) және ол мыналардан тұрады: санау шкаласы (3) бойынша дозиметр көрсеткіштерін анықтау үшін арналған 90 крат жалпы күшейткіші бар микроскоп, объектив (4), окуляр (1). Әрбір шкала 25-бөлікке бөлінген, бір бөлінудің бағасы 20 рад:

· контактылы топтан (13;14;15) тұрады, ол дозиметрдің зарядты бөлігін қамтиды және конденсаторды зарядсызданудан қорғайды;

· цилиндр формасы сыртқы (6) және орталық (10) электродтары бар ионизациялы камерадан тұрады, ол ауалы-эквивалентті пластмассадан дайындалады. Орталық электрод электроскоппен және конденсатормен (11) қосылған.

Дозиметр конденсаторын зарядты қондырғыдан орталық электродқа дейін зарядтаған кезде «плюс», ал дозиметрдің дюралюминийлі корпусымен жалғанған сыртқы электродқа «минус» беріледі, сондықтан:

 

 

6.3-сурет. ИД-1 дозиметрдің принципті электросхемасы:

1 – электроскоп; 3 – конденсатор;

2 – ионданған камера; 4 – дозиметрдің сызықтық шкаласы

 

 

6.4-сурет. ИД-1 дозиметр

1-окуляр; 10-электрод; 19-тұншықтырғыш.

2-қысқыш; 11-конденсатор;

3-шкала; 12-конденсатор қорытындысы;

4-объектив; 13-шектегіш;

5-пружина; 14-контакт;

6-сыртқы электрод; 15-диафрагма;

7-корпус; 16-прокладка;

8-жіп; 17-кольцо;

9-электроскоп қысқышы; 18-гайка;

1. Зарядты қондырғының тұтқасын сағат тіліне қарсы соңына дейін бұру керек, ток өткізгіш заттың жанасу жолымен қалған зарядты зарядты-контактылы ұяның штырына шейін алу қажет.

2. Дозиметрді зарядты қондырғының зарядты-контактылы ұясына орналастыру керек.

3. Зарядты қондырғыны айнамен жарықтың сыртқы көзіне бағыттап, шкаланың максималды жарықтануын айнаны бұра отырып қамтамасыз ету қажет.

4. Дозиметрді басып, окулярды бақылай отырып, зарядты қондырғының тұтқасын сағат тілі бойынша шкаладағы жіптің бейнеленуі «0»-ге жеткенше бұрамыз, одан соң дозиметрді зарядты-контактылы ұядан шығарып алу қажет.

Дозиметр жарақты деп есептеледі, егер дозиметр шкаласының жіптен ауытқуы «0»-ден бір бөлінуден артық жылжымаса.

Есептеуді жіптің вертикаль бағытта орналасуы кезінде жүргізеді, өйткені дозиметр жұмыс уақытында радиоактивті сәулеленудің әрекет барысында киім қалтасында болады.

ИД-1 жеке дозиметрінің комплектісі жеке дозиметрлерден және зарядты қондығыдан тұрады және 20-дан 500 радқа дейінгі диапазон аралығында нейтронды сәулелену гаммасының сіңірілген дозасын өлшеуге арналған. Доза қуаттылығы 360000 рад\сағ дейін болған кезде гамма квант энергиясы 0,08-ден 2,2 МэВ дейін жетеді.

Қалыптасқан (берілген) сәулелену дозасын шегі шектеулімен салыстырылады, онда жұмысшылар үшін ионданған сәулелердің әсер етуі қолайсыз жағдайында ұйымдастырушылық, сол сияқты техникалық шаралар да жүргізіледі. Ұйымдастырушылық шараларға төмендегілер жатады:

· жұмысқа орналасар алдында және жұмыс процесінде кезең сайын сәулелену көзімен байланысы бар барлық жұмысшылар медкомиссиядан міндетті түрде өтуі тиіс;

· қысқартылған жұмыс күні және пенсияға шығуға жеңілдік;

· сүт немесе емдік тағам (жұмыс жағдайына тәуелді) беру;

· ионданған сәуле көздерімен жұмыс кезінде қауіпсіздік шаралары мен ережелерін үйрету;

Ионданған сәулелерден қорғаудың техникалық шаралары болып табылады:

· сәлелену әрекеті аймағында жұмыс істеушінің болу қауіпсіздік уақытын белгілеу;

· сәулелену көзінен қауіпсіз қашықтықта жұмыс орнының орналасуы;

· сәулелену дозасын шегі шектеулі мәнге дейін төмендету үшін қорғау экранын пайдалану.

Сәулеленудің ашық көздерімен жұмыс кезінде жеке қорғау құралдарын ЖҚҚ (респиратор, қорғау комбинезоны, қолғап, изоляциялаушы қорғау костюмдері және т.б.) пайдаланылады.

Рентген сәулелерінің зиянды әрекетінен қорғау тікелей және шағылысқан сәуле жолдарына экран және кедергілер қою арқылы қамтамасыз етіледі. Экран үшін қорғау материалдары ретінде қорғасын,құрамында қорғасын-қорғасынды шыны бар материалдар, қорғасын жалатылған резина, темір, барит, баритбетон, кірпіш және т.б. пайдаланылады.

Қорғайтын экранды есептеу

Есеп: m=1 кезіндегі нормативті мәндерге дейінгі рентген сәулесінің доза қуаттылығының азаюын қамтамасыз ететін металды (қорғасын) экранның қалыңдығын (d) анықтау және рентгенді сәулелену дозасының (Кр) қажетті әлсіреу қуаттылығының еселігін есептеу.

Рт = ;

Қалған бастапқы берілгендер 6.4-кестеде келтірілген.

6.4-кесте

Есепке бастапқы берілгендер

Вариант нөмірі Трубкадағы максималды кернеу Umax, кВ Машинадағы тоқ I,мA Объектігедейінгіқашықтық R,м
       
Шегішектеулітүрінедейінжіберілетінкеректідозақуаттылығыныңәлсіреуеселігіесептелгенқалыңдықтыdқорғауэкрандарынқолданужағдайыкезіндежетеді (d – номограммаменанықталады).

Есептеумысалы:

Рентгендік сәлеленуден экрандау эффективтілігі интенсивті сәулелену еселігінің әлсіреуімен (Кр) анықталады және мына формуламен есептеледі.

Кр= , (6.1)

МұндаРт – трубкаға берілетін кернеуге байланысты болатын рентген трубкасының сәулелік берілуі және ол бір миллиампер тоқ күші кезіндегі анод трубкасынан бір метр қашықтықта болатын экспозициялық доза сияқты қарастырылды;

Рт =

Рто – 6.5 суреттегі қисық бойынша анықталатын кейбір стандарты трубкалардың сәулелік берілуі.

m – A категориясындағы мамандықтар үшін 36 сағаттың апталық жұмыс кезінде шектеулі түрде жіберілетін дозалардың, рентген сәулесінің әсер ету зонасында n сағат жұмысындағы доза мөлшеріне қатынасы (n = 36, m = 1 болған кезде)

I – рентген трубкасындағы тоқ күші, мА;

R – рентген трубкасының анодынан жұмыс орнына дейінгі қашықтық, м.

Есептелген Кр және Umax мәндері бойынша номограмманы қолданып (6.6-сурет), қорғайтын экран қалыңдығын анықтауға болады.

6.5-сурет.

Әр түрлі максималды кернеулер кезіндегі рентген трубкаларының сәулелік берілуі.

Есептелген Кр және Umax мәндері бойынша номограмма қолданып, қорғайтын экранның қолыңдығын dмм анықтау.

6.6-сурет. Рентген трубкасындағы әртүрлі жұмысшы кернеулер Umax (кв) кезіндегі қорғайтын металлэкранның d(мм) қалыңдығын анықтайтын номограмма

Блиц тест:

1) Рентген сәулелері қандай радиация түріне жатады?

А. Электромагнитті

В. Корпускулярлы

С. Химиялық

D. Электроимпульсті

Е. Радиоактивті

2) Радиоактивті қауіпсіздіктің қазіргі кездегі шегі қандай?

А. 8 бэрге дейін

В. 10бэрге дейін

С. 7 бэрге дейін

D. 14 бэрге дейін

Е. 9 бэрге дейін

3) Ионды сәулеленудің экспозиционды мөлшерінің қуаттылығын өлшеуші құрал қалай аталады?

А. Радиометр

В. Рентгенметр.

С. Дозиметр

D. Гигрометр

Е. Пегрометр

4) 1 бэр неге тең?

А. 1 рад/к

В. 10 рад/к

С. 100 рад/к

D. 1000 рад/к

Е. 10000 рад/к

5) Барынша өтімді қасиетке ие квант қайсысы?

А. Альфа

В. Бета

С. Гамма

D. Зето

Е. Тал

6) Адаммен қабылданған гамма нейтронды сәулеленудің мөлшерін қандай аппараттың көмегімен өлшеуге болады?

А. Радиометр

В. Рентгенметр.

С. Дозиметр

D. Гигрометр

Е. Пегрометр

Қолданылған әдебиеттер

1. Папаев С. Т: Охрана труда. Издательство стандартов. М.,1988г.

2. Реймерс Н. Ф. Охрана природы и охрана окружающей человека среды. Словарь-справочник. М.: Просвещение. 1992г.

3. Техническое описание и инструкция по эксплуатации комплекта ИД-1 ЕЯ.1.5600.047.ТО., 1990г.

4. Варенков А. Н. Учебное пособие для практических занятий. Безопасность жизнедеятельности. МИСиС,1993г.

 

Практикалық жұмыс №5

Ғимараттан адамдарды эвакуациялау

Жұмыстың мақсаты: Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың көп қабатты құрылысының жаппай салынуына,блокталған өндірістік ғимараттардың бұқара халық жинақталатын қоғамдық ғимараттарды қайталауына (көшірмесіне) сәйкес адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету, ғимараттар мен құрылыстарды эвакуациялауды сипаттайтын негізгі параметлермен танысу.

Сабақтың жоспары:

1. Әдістемелік нұсқауларды үйрену;

2. Берілген варианттар бойынша эвакуация уақытын анықтау;

3. Есептелініп алынған эвакуация уақыты адам қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін дәлелдейтін қорытынды жасау.

 

Теориялық бөлім

Адамдар қозғалысының параметрлері

Ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялау процесін сипаттайтын негізгі параметрлер: тығыздық D, адамдар ағынының қозғалыс жылдамдығы , жолдың (шығу) өткізу қабілеті Q және қозғалыс интенсивтілігі q. Бұдан басқа эвакуациялық жолдар әрі горизонталды, әрі иілмелі бағытта бос ұзындықпен және қозғалыс енімен де сипатталады.

Адамдар эвакуациялық жолмен қозғала отырып, адамдар ағынын түзеді. Ағындағы адамдарды орналастыру кездейсоқ болуы және қозғалыс процесінде өзгеруі мүмкін.

N адамдардан тұратын адамдар ағынының тығыздығы D мынаған тең: D=N\A; мұндағы А-эвакуациялық бөлік жолдарының ауданы, м2; А= .

Егер адамның горизонталь проекциясының ауданын f арқылы (4.1-кесте) белгілісек, онда тығыздықты (м22) анықтау формуласы төмендегідей түрге өзгереді:

D= /A

Адамдардың бір текті емес құрамы кезінде тығыздықты анықтау формуласы төмендегідей түрде жазылуы мүмкін:

D=

мұнда Nn– горизонталь проекциялы ауданға ие болатын адамдар саны.

Адам\м2 тығыздығын бағалау қажет болған жағдайда алынған тығыздықты мәніне бөледі.

0,05 м22 дейінгі тығыздық кезінде бағыт бойынша, сол сияқты өзіне керекті жылдамдық бойынша да адам қозғалыстың толық еркіндігіне ие болады. 0,05<D< 0,15 аралығындағы тығыздық кезінде адам өзінің қозғалыс бағытын еркін өзгерте алмайды; 0,15 м22 артық тығыздық кезінде адамдар практикалық түрде бірге қозғала бастайды. Бірге қозғалыстың жоғары шекарасы D 0,92 м22 деп есептеу керек. Сондықтан да эвакуациялық жолдарды жобалау кезінде тығыздықтың осындай шамасымен шектеледі.

Жоғары тығыздықтардың түзілуі де мүмкін, бірақ олар адамдардың қауіптілік көзінен жылдам кетуге ұмтылатын, аяқ астынан болатын эвакуация жағдайында қауіпті. Адамдардың қауіптілік көзінен кетуге табиғи ұмтылуы қауіпті аймақта болу уақытын минимум мәнге дейін қысқарту қажеттілігінен туындайды.

Эвакуация кезінде tp артып кетпейтін tнб уақыт ішінде адамдар бөлмені босату мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, ол адамдар үшін қауіпсіздік критериі болып табылады. Бұл шарт tнб tp- қозғалыс жолының шекті жағдайын есептеудің бір түрі.

Кесте

Адамның жасы, киімі және жүк түрі Адамның горизонталь проекциясының ауданы , м2
Ересек адам: Жазғы киімде Екі маусым киімнде Қысқы киіміде Қолдағы баламен Рюкзакпен Жеңіл затпен Жасөспірім Бала   0,10 0,113 0,125 0,285 0,315 0,235 0,07 0,04-0,05

 

Адамдар ағыны қозғалысының жылдамдығы оның тығыздығына және жолдың түріне (горизонталь немесе көлбеу) тәуелді. Ағын тығыздығының артуымен қозғалыс жылдамдығы азаяды. 4.1-суретте горизонталь жолдардағы жоғары және төменгі баспалдақтар бойынша және қиылыстар арқылы қалыпты жағдайдағы тығыздық функциясы ретінде адамдар ағыны қозғалысы жылдамдығының орташа мәні көрсетілген. Авария жағдайында қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін қозғалыс жағдайы коэффициентін ескере отырып, берілген тығыздық кезіндегі қалыпты жағдайдағы қозғалыс жылдамдығы анықталады.

Жол түрлері:

Горизонталды және қиылыстар 1,49-0,360

Баспалдақтар (төменге түсу) 1,21

Баспалдақтар (жоғарыға көтерілу) 1,26

4.1-сурет. Адамдар ағыны қозғалысы жылдамдығының оның тығыздығына тәуелділігі: 1-қиылыстар; 2-горизонталь жолдар; 3-баспалдақтар (жоғары көтерілу).

Жолдың (қиылыстың) өткізу қабілеттілігі2/мин немесе адам/мин) деп уақыт бірлігінде көлденең қима арқылы жолдың ұзындығынан өтетін адамдар санын айтады:

Q=

Адамдар ағыны қозғалысының интенсивтілігі деп қозғалыс тығыздығы мен жылдамдығы көбейтіндісіне тең шаманы айтады:

q=

Қозғалыс интенсивтілігі жол ұзындығына тәуелді емес және ағын сипаттамасы болып табылады. Қаншалықты ағын қозғалысының жылдамдығы оның тығыздығының функциясы болып есептелсе, онда қозғалыс интенсивтілігі тығыздық функциясы болып табылады.

Жолдың берілген бөлігіне және қозғалыс жағдайына сәйкес келетін, белгілі бір тығыздық кезінде қозғалыс интенсивтілігі максимум мәнге qmax жетеді. Соған сәйкес, жол бөлігінің берілген ұзындығы кезінде (жол түріне тәуелсіз: горизонталды, көлбеу немесе қиылыс) максимум өткізу қабілеті оған тәуелді қозғалатын ағынның максималды интенсивтілігіне байланысты:

Qmax=

Эвакуациялық шығу және жолдар

Белгілі бір талаптарға жауап беретін (СниП ІІ-90-81; СниП ІІ-2-80), эвакуациялық шығу және жолдарды жобалау мен адамдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету байланысты. Эвакуациялық шығу және жолдар өрт немесе аварияның пайда болуы мүмкін ғимараттар немесе құрылыстар шегінде қауіптілік көзінен адамдарды алып кетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Эвакуациялық шығу деп есікті қуыстар есептеледі, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса; тікелей немесе вестибюль арқылы сыртқа шығаратын баспалдақты тор; өтетін жер немесе тікелей сыртқа шығаратын коридор немесе баспалдақты тор; сол қабаттың көрші бөлмелері және олар ІІІ дәрежеліден төмен емес отқа төзімді болуы тиіс, өрт қауіптілігі бойынша А, Б және Е категорияларына жататын өндірісті қамтымауы қажет, сондай-ақ тікелей сыртқа немесе баспалдақты торға шығаратын болуы тиіс (4.2-сурет)

 

 

4.2-сурет. Эвакуациялық шығу қондырғысының жеткілікті варианттары: 1-бірінші қабаттағы бөлме; 2-біріншіден басқа кез келген қабаттағы бөлме; 3-өтетін коридорлар немесе вестибюль; 4-баспалдақ торлары; 5-ІІІ дәрежеліден төмен емес отқа төзімді В, Г және Д категориялары кезіндегі өтетін бөлмелер.

 

Көрсетілген белгілерге ие болмайтын барлық қуыстар, оның ішінде есікті қуыс та эвакуациялық болып саналмайды және есептеу жүргізілмейді.

Эвакуациялық жолдар деп эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар саналады. Өте кең таралған эвакуация жолдары өтетін жерлер (проходы), коридорлар, фойе және баспалдақтар болып табылады. Механикалық өткізгіштермен байланысты хабарлау жолдары (лифт, эскалатор) эвакуация жолдарына жатпайды, өйткені барлық механикалық өткізгіштер энергия көзімен байланысты және олар өрт немесе авария кезінде қатардан шығып қалуы мүмкін. Эвакуациялық деп ғимараттың сыртына шығаратын тоннельге кіру де есептеледі, ал жоғары қабатты ғимараттарда эвакуациялық деп түтінденбейтін баспалдақты торға шығу да есептеледі.

Өз алдына фундаментте немесе этажеркада орналасқан, ашық өндірістік қондырғыларда қондырғының шетіне апаратын немесе сыртқа шығуға тікелей қатысы бар, аралас өрт қауіпсіздігі сақталған бөлмелер эвакуациялық жолдарға жатқызылады.

Қордағы шығатын жерлер деп қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытта қолданылуы мүмкін жерлер айтылады. Адамдар өте көп болатын бөлмелер эвакуация кезінде қордағы шығатын жерлер деп есептелмейді.

Қауіпсіз адамдарды аяқ астынан эвакуациялау үшін, ережеге сәйкес, кемінде екі эвакуациялық шығатын есігі бар ғимараттарға орналастырылады, бірақ көптеген көп қабатты ғимараттар үшін аз өлшемдегі және біраз сыйымдылықтағы бір баспалдақ адамдарды өз уақытында эвакуациялауды толықтай қамтамасыз етеді. Бұл баспалдақ түтіндеуі мүмкін жағдайда, сондай-ақ өртті сөндіру үшін операцияны қамтамасыз ету үшін екінші шығатын жер сыртқы баспалдақты орналастырады.

Ғимараттан эвакуациялау процесі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - үйдің алыс нүктесінен эвакуациялық шығуға дейінгі адамдар қозғалысы. Мұндай үйлерге мыналар жатады: өндірістік цехтар, шеберханалар, театр, кинотеатр, клубтардағы көрермен залдары және оқу орнындағы аудиториялар, емдеу мекемелерінің палаталары және т.б.

Эвакуацияның екінші кезеңі үйдің эвакуациялық шығатын жерінен сыртқа шыққанға дейінгі адамдардың қозғалысы болып табылады. Мұндай қозғалыс коридор, фойеге шығу және баспалдақ торлары бойынша және баспалдақ бойынша-вестибюль арқылы сыртқа шығу нәтижесінде жүзеге асады. Егер ғимарат жай функционалды процеспен бір қабатты болса, эвакуацияның екінші кезеңі үйдің эвакуациялық шығатын жерінен коридор бойынша тікелей сыртқа шығу нәтижесіндегі қозғалыстан тұрады. Кей жағдайда өндірістік және тұрғын бір қабатты ғимараттардың шығуы сыртқа шығумен сәйкес келеді. Мұндай жағдайда эвакуацияның екінші кезеңі болмайды.

Үшінші кезең - ғимараттан шыққан адамдар қозғалысы және олардың қала ағынында немесе зауыт территориясында таралуы.

«Құрылыс нормалары мен ережелері» көптеген үйлер үшін, театрлар мен спорт сарайларын ескермегенде, баспалдақ торлары маршының қосынды енін, сондай-ақ 100 адамға 0,6 м аз деп есептегенде эвакуация жолындағы өтетін жерлер немесе коридорлар мен есіктердің енін анықтауды талап етеді.

Қамбаларда (подвал) және цокольды қабаттарда орналасқан үйлерден шығу үйдің эвакуация жолында жанғыш материалдар болмаған жағдайда жалпы баспалдақ торлары арқылы мүмкін болады.Қамбада немесе цокольді қабатта орналасқан және онда орналасқан адамдар саны 15-тен аспағанда, 300 м2 ауданды үйден шығу кезінде вертикаль баспалдақтары бар люкті, сондай-ақ шығуды жеңілдететін, арнайы бекітілген икемді қондырғылары бар, өлшемі 0,75 1,5 м-ден аз емес терезелерді пайдалануға рұқсат етіледі. Эвакуация жолы ретінде арналған үйлер биіктігі 2,0-ден аз болмауы тиіс.

Эвакуацияның барлық жолдары жолдың еркін ұзындығын азайтатын элементтерсіз, тік вертикаль қоршау конструкциялары мүмкіндігіне қарай болуы тиіс. Эвакуация жолдарының барлық түрлерінде табиғи немесе жасанды жарығы болуы керек.

Коридордың немесе өтетін жердің минимум ені есептеліп, анықталады, бірақ ол 1,0 м-ден аз болмауы тиіс (4.3-сурет). Кейбір ескертуге жататын өтетін жерлер бар, олардың төменгі бөлігінің биіктігі аздап құрал-жабдықтармен жабық болуы мүмкін (мысалы, көрермен отыратын бөлменің креслолар арасындағы өтетін жер, оқу аудиториясы, кластардағы столдар арасы және т.б.) Мұндай өтетін жерлер ұзындығының төменгі жағы 0,5 м-ден аз болмауы тиіс.

 

 

4.3-сурет. Эвакуациялық жол ені

Бір-біріне жақын бөлмелерден коридорға шығатын есік адамдар ағынының барысы бойынша немесе бөлменің ішіне қарай ашылуы мүмкін. Егер есік адамдар ағынының барысына қарсы ашылатын болса, онда коридордың есептелетін ұзындығын ашық есіктің жақтауы арасындағы жарыққа және коридордың қарама-қарсы жарына немесе коридордың қарама-қарсы жағында тұратын ашық есік жақтауына есептеу керек. Эвакуация үшін арналған өтетін жерлер мен коридорлар аз ұзындықта және бұрылыстың саны аз болуы керек. Адамдар көп жинақталатын орындарда, коридорларда жинақталатын адам саны және шектеулі тығыздық бойынша оның өлшемін анықтап, жолдың кеңеюін қамтамасыз ету керек. Өтетін жер немесе коридордың барлық өн бойында табалдырықтар немесе аралық баспалдақтар болмауы тиіс. Еден деңгейінің біраз айырмасы кезінде 1:8 көлбеудегі пандустар қойылуы қажет.

Баспалдақтар маршының минимум ені есептеліп анықталады, бірақ ол жалғыз адамның еркін қозғалу шарты бойынша белгіленгеннен аз болмауы тиіс. Марштың максимум ені 2,4 м шейін рұқсат етіледі. Баспалдақ торындағы үйдің және коридордың есіктері ашық тұрған күйде эвакуация жолының есептелген енін азайтпағаны жөн.

Адамдардың эвакуациясы үшін арналған сыртқы өрт баспалдақтары аудандар арқылы үйлермен немесе 0,9 м-ден аз емес биіктікте шектелген және эвакуациялық шығу деңгейінде орналасқан балкондармен байланысқан болуы тиіс. Эвакуация жолындағы қиылыстың минимум ені есептеліп анықталады, бірақ ол 0,8 м-ден аз болмауы қажет. Эвакуация жолындағы есікті қиылыстар коридордың өту осі бойынша немесе баспалдақ торларында орналасқаны жөн. Ережеге сәйкес, эвакуация жолындағы есіктерді эвакуация уақытында адамдар ағыны қозғалысы барысында қолданады. Басқа жүйелердің (қозғалмалы, көтерілмелі, айналмалы) есіктерін қолдануға ескерту уақытында ғана, яғни авария жағдайында адамдарды кедергісіз эвакуациялауды қамтамасыз ету кезінде рұқсат беріледі.

Жеке бөлмелерден және ғимараттардан толықтай адамдарды эвакуациялау уақыты

Бөлмеден және ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақыты адамдардың орналасқан алыстау орындарынан эвакуациялық шығу арқылы бір немесе бірнеше адамдар ағынының қозғалыс уақытын есептеу бойынша анықталады.

Есептеу кезінде адамдар ағыны қозғалысының барлық жолы бөліктерге: (өтетін жер, коридор, есік қуысы, баспалдақты марш, тамбур) ұзындығы және ені бөлінеді. Бастапқы бөліктері болып жұмыс орындары, құрал-жабдықтар және т.б. арасындағы өтетін жерлер есептеледі.

Есептеу уақытын анықтау кезінде эвакуация жолының әрбір бөлігінің ұзындығы мен ені жоба бойынша қабылданады. Жолдың ұзындығы баспалдақты марш бойынша, сондай-ақ пандуспен марш ұзындығы бойынша өлшенеді. Есік қиылысындағы жол ұзындығы нөлге тең деп алынады. 0,7 м қабырға қалыңдығында орналасқан қиылысты, сондай-ақ тамбурды соңғы ұзындыққа ие болатын горизонталь жолдың өз алдына бөліктері деп санауға болады.

Адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақыты tp жолдың жеке бөліктері бойынша адамдар ағыны қозғалысы уақытының қосындысы ретінде анықталады:

tp= t1+t2+...ti,

мұндағы t1 – бірінші (бастапқы) бөліктегі адамдар ағынының қозғалыс уақыты, мин; t2,…,ti – жолдың бірінші бөлігінен кейінгі келесі адамдар ағыны қозғалысының уақыты, мин.

Жолдың бірінші бөлігі бойынша адамдар ағыны қозғалысының уақыты мынаған тең:

t1= ,

мұндағы -бірінші бөліктегі горизонталь жол бойынша адамдар ағыны қозғалысының жылдамдығы, ол 4.2-кесте бойынша D1 тығыздыққа (м/мин) тәуелді анықталады.

ұзындығы мен ені бар, жолдың бірінші бөлігіндегі адамдар ағынының тығыздығы D1 мынаған тең:

D1=

мұндағы N1-бірінші бөліктегі адамдар саны; -адамның горизонталь проекциясының орташа ауданы, ол 4.2-кестеде берілген.

4.2-кесте

Ағын тығыздығы D, м22 Горизон- таль жолы Есікті қиылыс Төменгі баспалдақ Жоғарғы баспалдақ
жылдам-дық, м/мин Интенсивті- лік q, м/мин Жыл-дамдық , м/мин Интенсивті-лік q, м/мин Жылдамдық , м/мин Интенсивтілік q, м/мин
0,01 0,05 0,10 0,20 0,30 0,40 0,50 0,60 0,70 0,80 0,90 және одан көп 100,0 100,0 80,0 60,0 47,0 40,0 33,0 27,0 23,0 19,0 15,0 1,0 5,0 8,0 12,0 14,1 16,0 16,5 16,2 16,1 15,2 13,5   1,0 5,0 8,7 13,4 16,5 18,4 19,6 19,0 18,5 17,3 8,5 100,0 100,0 95,0 68,0 52,0 40,0 31,0 24,0 18,0 13,0 8,0 1,0 5,0 9,5 13,6 15,6 16,0 15,5 14,4 12,6 10,4 7,2 0,6 3,0 5,3 8,0 9,6 10,4 11,0 10,8 10,5 10,4 9,9

Ескерту. 0,9 және одан көп ағын тығыздығы кезінде есікті қиылыста қозғалыс интенсивтілігінің кестелік мәні 8,5 м/мин тең, ол есік қиылысының ені 1,6 м және одан көп мәндер үшін анықталған, ал аз енді (б) есікті қиылыс кезінде қозғалыс интенсивтілігін мына формула бойынша: q=2,5+3,75 анықтау керек.

Біріншіден кейінгі келесі жол бөлігіндегі адамдар ағыны қозғалысы жылдамдығының мәні 4.2-кесте бойынша жол бөліктерінің әрқайсысы бойынша адамдар ағыны қозғалысының интенсивтілігі мәніне тәуелді қабылданады. Ол жолдың барлық бөліктері үшін, оның ішінде есікті қиылыстар үшін де анықталады:

qi= ,

мұнда -жол бөлігінің қарастырылатын (і) және оның алдындағы бөліктің ені, м; qi, qi-1- қарастырылатын (і) және оның алдындағы бөліктері (і-1) бойынша адамдар ағыны қозғалысы интенсивтілігінің мәні, м/мин; жолдың бірінші бөлігіндегі адамдар ағыны қозғалысы интенсивтілігінің мәні q=qi-1 4.2-кестедегі D1 мәні бойынша анықталады, D1 мәні жоғарыда көрсетілген формулада берілген. Егер алынған qi мәні qmax мәнінен аз немесе оған тең болса, онда қозғалыс уақыты жолдың бөлігі бойынша мына формуламен: ti= есептеледі.

Бұл кезде qmax мәні мынаған тең: горизонталь жолдар үшін 16,5 м/мин, есікті қиылыстар үшін 19,6 м/мин, баспалдақ бойынша төмен қозғалған кезде 16,0 м/мин және баспалдақ бойынша төмен қозғалған кезде 11 м/мин.

Егер qi мәні qmaxартық болса, онда жолдың берілген бөлігінің енін qi qmax шарты сақталатындай шамаға арттыру керек. Бұл шарттың орындалуы мүмкін болмаған жағдайда жолдың (і) бөлігі бойынша адамдар ағыны қозғалысының интенсивтілігі мен жылдамдығы D=0,9 және одан артық мәні кезінде 4.2-кесте бойынша анықтайды.

Екі және одан да көп адамдар ағыны бөліктерінің (і) бастапқы бірігуі кезінде адамдардың қозғалыс интенсивтілігі (4.4-сурет) мынаған тең:

Qi= ,

Мұндағы qi-1- бөліктің (і) бастапқы кезінде бірігетін адамдар ағыны қозғылысының интенсивтілігі, м/мин; -біріккенге дейінгі жол бөлігінің ені, м; -жолдың қарастырылатын (і) бөлігінің ені, м.

 

4.4 – сурет. Адамдар ағынының бірігуі

Өрт уақытында адамдарды аяқ астынан эвакуациялау кезінде эвакуация уақытының критериі бөлме ауасындағы оттегі мен көмірқышқыл газының концентрациясы және адамның тірлігі үшін критикалық температураға жетуі болып табылады.

Жалпы түрде өрттің критикалық ұзақтығын анықтау үшін төмендегідей тәуелділік қабылдануы мүмкін:

мұндағы tкр- критикалық температура, 0С; Vбөл-бөлмекөлемі, м3; С-ауаның меншікті жылусыйымдылығы, кДж/(); Q-өрткезінде заттардың жану жылуы, кДж/кг; Аr–өрт кезіндегі жанудың беткі бөлігінің ауданы, м2; wr – жанып бітудің массалық жылдамдығы, кг/(); vr – жанғыш заттардың беткі бөлігіндегі жалынтаралуының сызықтық жылдамдығы, м/мин; - конструкциямен қоршаған орта заттарын қыздыруға жұмсалатын жылуды ескеретін коэффициент.

Өрттің критикалық ұзақтығын есептеу үшін бастапқы кезеңдегі жанусыртқы ауа қатысынсыз жүреді деп қабылданады; бұл кезде өртте бөлінетін жылу бөлме ауасын, құрылыс конструкциясын, құралдарды, қоршаған орта заттарын қыздыруға жұмсалады. Қаралыстырылатын уақыт кесіндісі үшін жылу алмасу режимі квазистационарлы деп аталады. Осыған байланысты жылу балансының теңдеуі былай жазылуы мүмкін: Qө=Qa+Qқ; мұндағы Qө–өртте бөлінетін жылу мөлшері, кДж; Qa – бөлме ауасын қыздыруға жұмсалатын жылу мөлшері, кДж; Qқ – қоршаған орта заттарын және құрылыс конструкциясын қыздыруға жұмсалатын жылу мөлшері, кДж.

Егер Qқ = екенін ескерсек, онда мына өрнекті аламыз:

Qө = Qa+ Qө;

бұдан (1- )Qө=Qa

Qө=

Qa=

Онда өндірістік ғимараттарда жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды пайдалана отырып, өрттің критикалық ұзақтығын анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады:

=

Өрт болған жердегі үйден немесе ғимараттан эвакуациялаудың қажетті уақыты өрттің шекті ұзақтығы шамасын кауіпіздік коэффициентіне Кқ көбейткенге тең, ол бірден аз tнб= Кқ

Эвакуацияның кауіпсіздік шарты tр tнб өрнегімен сипатталады.

Эвакуациялық есіктің есептеп өткізу қабілетімен адамдар қозғалысы жылдамдығын есептеу кезінде әртүрлі кезеңдегі аяқ астынан болатын эвакуацияны есептеу ұзақтығы эвакуация ұзақтығының қажетті уақытына тең немесе аз болуы тиіс.

І және ІІ дәрежелі өртке тұрақты қоғамдық ғимараттың көрермен бөлмелерінен адамдарды эвакуациялаудың қажетті уақыты 4.3 –кестеде берілген.

4.3 –кесте

    Бөлмеатауы   Бөлме көлемі кезіндегі, мың м3эвакуацияның қажетті уақыты, мин
5-кедейін        
Театр, клуб, мәдениет үйі және басқа сахнасы бар көрермензалдары Сахнасы жоқ көрермен, концерт, дәріс және мәжіліс залдары, көрме залдары және басқа залдар (кинотеатрлар, жабық спорттық мекемелер, цирк, асхана және т.б.)   Дүкендердің сауда залдары   1,5   2,0     1,5   2,0   3,0     2,0   2,5   3,5     2,5   2,5   4,0     2,5     4,5     -

 

4.4 –кесте

Өндіріс категориясы Бөлме көлемі (мың м3) кезіндегі эвакуацияның қажетті уақыты, мин
15-ке дейін       60 және одан жоғары
А, Б, Е В Г, Д 0,50 1,25 0,75 2,00 1,00 2,00 1,50 2,50 1,75 3,00
Шектелмейді

Адамдарды эвакуациялау үшін қызмет ететін коридорлары бар, І, ІІ және ІІІ дәрежелі отқа төзімді өндірістік мекемелердің көмекші ғимараттары мен қоғамдық ғимараттарда адамдарды алыс бөлмелерден сыртқа шығатын есікке дейін немесе жақын баспалдақты торға дейін эвакуациялау үшін қажетті уақыт төмендегідей қабылданған: 1,0 мин – екі баспалдақты тор немесе екі сыртқа шығатын есік арасында орналасқан бөлмеден; 0,5 мин – бөлмеден коридорға шығу үшін (4.5 –сурет).

І, ІІ және ІІІ дәрежелі отқа төзімді өндірістік ғимарат бөлмелерінен адамдарды эвакуациялауға қажетті уақыт 4.5-кесте бойынша бөлме көлеміне және өртке, жарылысқа қауіптілігі бойынша өндіріс категорияларына тәуелді анықталады.

 

4.5–сурет. Ғимарттарда адамдарды эвакуациялау үшін арналған коридорлар

 

Бөлменің бір эвакуациялық шығатын есігінен адам саны 50-ден аспағанда және алыс жұмыс орнынан жақын эвакуациялық шығатын есікке дейінгі қашықтық 25 м аспағанда бір ғана эвакуациялық шығатын есігі бар ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақытын анықтау талап етілмейді.

Егер келтірілген формула бойынша табылған эвакуация уақыты қажетті есептеуден алынған шамадан немесе жобалау нормасы бойынша артып кетсе, онда оны баспалдақ ені немесе эвакуациялық шығу бойынша қайта қарастыру керек:

=

Көп қабатты ғимараттарда эвакуацияны есептеу әрбір қабат үшін жеке, яғни жоғарғы қабаттан бастап, жоғарыда келтірілген формула бойынша жүргізіледі.

Эвакуацияны есептеу сыртқы есіктің өткізу қабілетіне тәуелді ғимараттан адамдарды толықтай эвакуациялау ұзақтығын анықтаумен аяқталады:

мұнда t0 – сыртқы есік арқылы эвакуация басталғанға дейінгі уақыт, мин; - сыртқы есіктердің қосындыені, м; N – ғимаратта эвакуацияланатындардың жалпы саны.

Сыртқы есіктің талап етілетін ені:

Ережеге сәйкес, аяқ астынан болатын эвакуация кезіндегі ағын тығыздығы 1 м2-ге 4-5 адамнан көп болуы мүмкін, қозғалыс жылдамдығы 11-19,6 м/мин тең деп қабылданады. Қозғалыстың осы жылдамдығы баспалдақ немесе сыртқы есік арқылы эвакуация басталғанға дейінгі уақытты анықтау кезінде де қабылдануы мүмкін. Баспалдақтан сыртқы есікке дейінгі эвакуация жолындағы қозғалыс жылдамдығын максимум тығыздық үшін қабылдау керек, өйткені Vi= 16 м/мин тең; адамдардың көп жиналған бөлмесіндегі баспалдақ бойынша қозғалыс жылдамдығы барлық жағдайға V= 11м/мин.

Өндірістік ғимаратта, сондай-ақ басқа ғимараттарда да адамдар ағыны тығыздығы көрсетілген мәннен аз болған кезде баспалдақ пен сыртқы есіктердің өткізу қабілеті және қозғалыс жылдамдығы адамдар қозғалысының қолайсыз нұсқасы кезінде адамдар ағыны тығыздығының мәніне тәуелді анықталады.

Эвакуациялық шығу алдында адамдар ағынының тығыздығы сол шығуға апаратын эвакуация жолындағы тығыздықты эвакуация жолы енінің эвакуациялық шығу енінің қатынасына көбейткенге тең. Бұл кезде адамдар ағанының тығыздығы 10-12 адам/м2 көп болмайды.

Бақылау сұрақтары

1. Ғимараттар мен құрылыстардан эвакуациялау процесін сипаттайтын негізгі параметрлер.

2. Адамдардың біртекті емес құрамы кезіндегі тығыздықты анықтау формуласы.

3. Адамдар ағыны қозғалысы жылдамдылығының тәуелділігі.

4. Авария жағдайында қозғалыс жылдамдығының анықталуы.

5. Ағын қозғалысының жылдамдығы мен қозғалыс интенсивтілігінің айырмашылығы.

6. Жол бөлігінің берілген ұзындығы кезіндегі максимум өткізу қабілетінің байланыстығы.

7. Эвакуациялық шығуға сипаттама.

8. Эвакуация жолдары және өтетін жерлеріне шолу.

9. Механикалық өткізгіштермен байланысты жоспарлау жолдары.

10. Эвакуацилау дегенімізге анықтама.

11. Ғимараттан эвакуациялау процесінің түрлері және кезеңдері.

12. Бөлмеден және ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың есептеу уақыты.

13. Жалпы түрде өрттің критикалық ұзақтығын анықтау.

14. Квазистационарлы дегенімізге түсініктеме.

15. Эвакуациялық шығу алдында адамдар ағынының тығыздығы.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 613 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | РКонституциясы | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Глоссарий | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Блиц тест| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.055 сек.)