Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

Жолдың өткізу қабілеттілігі – уақыт бірлігінде көлденең қима арқылы жолдың ұзындығынан өтетін адамдар саны.

Адам ағыны қозғалымының интенсивтілігі – қозғалыс тығыздығы мен жылдамдығының көбейтіндісі.

Эвакуациялық шығу – есікті қуыстар, егер олар бөлмеден тікелей сыртқа шығаратын болса.

Эвакуациялық жолдар – эвакуациялық шығуға апаратын және арнайы уақыт ішінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жолдар.

Қордағы шығатын жерлер – қалыпты қозғалыс кезінде пайдаланылмайтын, бірақ аяқ астынан болатын эвакуация кезінде қажетті уақытта қолданылуы мүмкін жерлер.

Өз бетімен шеуге арналған нұсқалар:

вар вид помещения этаж общий объем, тыс.м3 Fобщ(т.з) площадь помещения, м2 Fоб общ. обор. Кол-во людей в помещен ии № Категория помещения и степень огнестойкости
  Аудитория           В(2)
  помещение цеха           В(3)
  Склад           Г(1)
  Библиотека   0,95       Д(1)
  Слесарная мастерская   1,5       В(2)
  Душевая и раздевалка   0,75       Д(2)
  Мастерская электриков   0,75       В(1)
  зал собраний   1,5       В(2)
  Цех           Д(2)
  Класс университета   0,75   70.   В(2)

*әр жабдықтың өлшемдері бөлме жобасы бойынша жеке-жеке алынады

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Злобинский Б.М «Охрана труда в металлургии» М., «Металлургия», 1975 – 536с.

2. Орлов Г.Г «Охрана труда в строительстве» М., «Высшая школа» 1984 -343с.

Бринза В.Н, Виньковский М.М «Охрана труда в черной металлургии» М., 1982 -336с

 

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмаларды шешуге пайдаланылатын ғимараттар мен бөлмелердің жоспарлары.

Практикалық жұмысы №6

Тұрғындарды жеке қорғаудың құралдарын пайдалану тәртібі

Жұмыстың мақсаты: жеке қорғау құралдарын пайдалану тәртібіне студенттерді үйрету.

Жұмыстың жоспары:

1.Негізгі теориялық сұрақтарды қайталау

2.Өз бетімен орындауға арналған тапсырмаларды орындау:

- противогаздың бүтінділігі мен жарақтылығын тексеру;

- противогазды герметикалығына тексеру;

- противогазды пайдалану ережелерін игеру;

- өлшем бойынша респиратор таңдау және жартылай масканың жату тығыздығын тексеру;

- респиратордлы кию ережесін игеру;

- мақта-дәкелі байламаны дайындау;

- жеңіл қорғаушы киімді киюдің ережесін игеру (Л-1);

- АИ-2 құрамын зерттеу.

Теориялық бөлімі.

Жеке қорғау құралдары (ЖҚҚ) шебер және заманауи қолданғанда кез-келген жағдайда түгелдей дерлік адамдардың апатты химиялық қауіпті заттармен (АХҚЗ), биологиялық қауіпті заттапмен (БҚЗ) зақымдануын жоя алады, тыныс алу жолдарының және дененің бетіне радиоактивті шаңның кіруінің алдын алады, күюлерден қорғайды.

Жеке қорғау құралдары тыныс алу мүшелерін және теріні радиактивті заттардан (РЗ), биологиялық құралдардан (БҚ), уландырушы заттардан (УЗ) қорғануға арналғандығына сәйкес олар қолданылуына байланысты келесілерге бөлінеді:

- Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;

- Теріні қорғау құралдары;

- Медициналық қорғау құралдары және зақымданудың алдын-алу.

Тыныс алу мүшелерін қорғаудың жеке құралдары.

1.Фильтрлеуші азаматтық противогаздар – тыныс алу жолдарын, көзді және беттің терісін УЗ, РЗ, БҚ, АХҚЗ әсерлерінен, сонымен қатар ауада бар түрлі зиянды қоспалардан қорғау үшін арналған.

МҚ және ТЖМ жүйесінде тұрғындарды қорғау үшін келесі противогаздар қолданылуы мүмкін:

- ересек тұрғындарға: ГП-5, ГП-5М, ГП-7, ГП-7В;

- балаларға: ПДФ-Ш, ПДФ-Д, ҚБК (қорғаушы балалар камерасы) 1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін.

Барлық зиянды қоспалар ауада оның физика-химиялық қасиеттеріне тәуелсіз бу (газ) немесе аэрозоль (түтін, тұман, шаң) түрінде болуы мүмкін.Бірінші жағдайда буларды әр түрлі кеуекті материалдармен (сорбенттермен) жұту принціпі (сорбция) қолданылады.

Заманауи фильтрлеуші противогаздарда сорбенттер ретінде католизаторлық және хемосорбциялы қоспалар – көмір-католизаторлар жағылған белсенді көмір кеңінен қолданылады.Сорбенттер мен фильтрлеуші материалдар негізінде құрылымы мен құрылысының принципі бойынша әр түрлі бола алатын фильтрлеуші-жұтушы жүйелер дайындалады.Фильтрлеуші-жұтушы жүйе противогаздың каробкалы басты құрылымды бөлігі болып табылады (1 сурет).

 

1-сурет. Противогаздың фильтрлеуші-жұтушы қорабы:

1. –аэрозольға қарсы фильтр

2. –мақта төсемелер

3. – көмір - катализатор

 

 


2 сур.Фильтрлеуші противогаз: 1 – противогазды қорап; 2- противогазды сөмке; 3 – жылытушы манжеттер; 4 –терлемейтін пленкалар; 5 – көзілдіріктерге арналған карандаштар; 6 – шлем – маска; 7 – клапанды қорап; 8 –иілгіш шлангалар

 

Противогаздың (ГП-5 мысалға ала отырып) құрамды бөліктері болып (2 сурет) табылады:

- Ішінде аэрозольге қарсы фильтр мен шихта бар фильтрлеуші-жұтушы қорап;

- ШМ (62У) беткі бөлігі – клапанды қорап пен көзілдірік түйіні біріктірілген каучуктан жасалған шлем-маска;

- Сыртқы жылытушы манжеттер (СЖМ-1 немесе наружные утеплительные манжеты НМУ-1);

- Терлемейтін пленкалары бар қорап.

Заманауи противогаздың маңызды бөлігі – беткі бөлігі.Ол тыныс алу жолдарын қоршаған атмосферадан сенімді қоршап тұруы керек, тазаланған ауаның фильтрлеуші-жұтушы жүйеге, сәйкесінше тыныс алу мүшелеріне келуін қамтамасыз етіп тұруы қажет, сонымен қатар адамның беті мен көзін қорғауы керек.Басында реттелетін бекітпесі бар прлотивогаздың беткі бөлігі маска деп аталады, ал реттелмейтін бекітпесі бар – шлем-маска (3 сурет) деп аталады.

 

 

3 сурет. Противогаздың беткі бөлігі (түрі – шлем-маска):

1 – корпус; 2 – шлем; 3 – көзілдірікті түйін; 4 – клапанды қорап

 

Өрт ошақтарында улы газды (СО) қорғау үшін гопкалитті патронмен ГП-5 бірге гопкалитті патрон ДП-1 мен қосымша патрон ҚП-2 (4-сурет) қолданылады.ГП-1 (гопкалитті патрон) – марганец қос тотығының мыс тотығымен қоспасы, СО ұстайды.ҚП-2 (қосымша патрон) – улы газды қорғау үшін қолданылады және аэрозольді фильтрі бар.

4 сурет.Гопкалитті патрон:

1. –ішкі винттелген ауыз;

2. – сыртқы винттелген ауыз;

3. – құрғатқыш;

4. - гопкалит

 

 

2.Қорғаушы противогаздар ондағы отегі мен ауаның қоры есебінен адамның тыныс алуын қамтамасыз етеді.Тыныс алу үрдісін сыртқы ортадан қорғау қажеттілігі су астында жұмыс жасағанда, сонымен қатар оттегінің төмен құрамы бар немесе зиянды қоспалардың үлкен концентрациясы бар атмосферада пайда болады, мысалы жабық жердегі өрт кезінде.

Әсер ету принципі бойынша, яғни оттегімен қамтамасыз ету принципі бойынша қорғаушы противогаздар 2 топқа бөлінеді:

- Химиялық байланысқан оттегіні қолдану негізіндегі противогаздар;

- Сығылған оттегі немесе ауа негізіндегі противогаздар.

Химиялық байланысқан оттегі негізіндегі противогаздарда оның бөлінуі химиялық реакциялар нәтижесінде жүреді.Осы кезде көмірқышқыл газы мен су арнайы препараттармен жұтылады.

Екінші топтағы сығылған оттегі мен ауа негізінде жұмыс жасайтын противогаздарда оттегі немесе таза ауа баллондардан беріледі, ал шығарылатын ауа арнайы химиялық жұтқыштармен тазартылады және атмосфераға жойылады.

 

 

5 сурет. Изоляциалаушы противогаздың ИП-46 жалпы түрі:

1 – беткі бөлігі; 2 – регенеративті патрон; 3 – тыныс алу қабы; 4 – каркас; 5 - сөмке

 

3.Респираторлар – тыныс алу жолдарын радиоактивті және грунтты шаңдардан қорғау үшін, екінші ретті бұлтта биологиялық құралдардың әсері кезінде қолданылады.

Пайдалану әдәсәне қарай олар келесідей болады:

- бір рет пайдаланылатын – ШБ-1 «Лепесток», «Кама», У-2К (Р-2);

- бірнеше рет пайдаланылатын – РПГ-67, РУ-60М.

 

 

6 сурет. Респиратор Р-2:

1 – фильтрлеуші жартылай маска; 2 – дем алу клапаны; 3 – дем жіберу клапаны; 4 – созылмалы тесьмалар; 5 – созылмайтын тесьмалар; 6 – мұрын қысқышы

4. Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары радиоактивті шаңнан, зиянды аэрозольдерден және бактериялық құралдардан қорғануға арналған.Ерекше жағдайларда, белгілі – бір ерітінділерге малынғанда ұзақ уақытқа емес, бірақ хлор мен аммиактан қорғауы мүмкін.

Қорғаудың қарапайым құралдарына жататындар:

- мақта-дәкелі байлама (МДБ);

- шаңға қарсы шүберекті маска (ШШМ-1).

 

Теріні жеке қорғаудың құралдары.

Қазіргі таңда теріні қорғаудың құралдарына келесідей талаптар қойылуды: уланушы заттардан қорғау, жарықтық сәулеленуден және радиоактивті шаңнан, биологиялық құралдардан және тұтқыр отты қоспалардан қорғау; теріні қорғаушы құралдар белгілі-бір санитарлы- гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс, адам ағзасының өміршеңдігінің қолайлы жағдайларын оларды түрлі жағдайларда және түрлі климаттық шарттарда пайдаланғанда қамтамасыз етуі керек.

Теріні қорғаудың жеке құралдары изоляциалаушы, фильтрлеуші және қарапайым болып бөлінеді.

1. Теріні қорғаудың изолациялаушы құралдарына жатады:

- химиялық изоляциалаушы жиынтығы ХИЖ-4 (АХҚЗ);

- қорғаушы апаттық жинақ ҚАЖ – жылулық сәулеленуден және кейбір АХҚЗ қорғайды;

- жалпы әскери қорғаушы жиынтық ЖӘҚЖ (УЗ және АХҚЗ қорғайды);

- жеңіл қорғаушы киім Ж-1 (УЗ және АХҚЗ, радиоактивті шаңдардан қорғайды).

Изоляциалаушы киімнің (ЖӘҚЖ) құрамды бөліктері (7 сурет):

- қорғаушы плащ;

- қорғаушы шұлық;

- қорғаушы қолғап.

 

 

7 сурет. Жалпы әскери қорғаушы жиынтық

 

2.Теріні қорғаудың фильтрлеуші құралдарына ҚФК (қорғаушы фильтрлеуші киім) жатады. Терін қорғау құралдарының фильтрлеуші түрі қорғаушы фильтрлеуші материалдардан жасалынады.

Фильтрлеуші материалдар ретінде қоспаларды арнайы жұтуға арналған будан және УЗ аэрозольдарынан қорғайтын мақталы маталар қолданылады, одан басқа маталар өрттен қорғаушы сорып алуға ұшырайды.

3.Теріні қорғаудың қарапайым құралдарына арнайы ерітіндімен сіңірілген кез-келген киім жатады.

Ерітінді келесі түрде дайындалады: үлкен тесікті үккіштен өткізілген 1 кесек (250 г) шаруашылық сабынды 2 л суда ерітеді және 0,5 л өсімдік майын қосады.Майлы-сабынды эмульсия пайда болады, кейіннен оған киімді салады, ал сорылғаннан кейін киімді құрғатады.

Жеке қорғанудың медициналық құралдары.

ТЖ ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету үшін келесілер қолданылуы мүмкін:

- құрамында қорғаудың медициналық құралдары бар, жарақаттар кезінде өзіндік және өзара көмек көрсетуге арналған, радиоактивті заттармен зақымдануды төмендету үшін, инфекциялы аурулардың туындауының алдын-алу үшін арналған ЖА-2 (жеке аптечка); ЖА-2 медициналық құралдар ұяшықтар бойынша жіктелген; аптечканың өзі массасы 130 г және 90-100-20 мм болатын пластмасс футляр болып табылады;

- Химияға қарсы жеке пакет (ХЖП-8,9,10,11), ол тамшы сұйықты УЗ мен АХҚЗ залалсыздандыруға арналған;

- байлама жеке пакеті (БЖП-1), ол жарақаттану кезінде алғашқы көмек көрсетуге, қан ағуды тоқтатуға, жарақатты ластанудан және залалданудан қорғауға арналған.

 

8 сурет. ЖА-2 ГОСТ 23267-78 және ТУ 9398-001-18949913 сәйкес келеді.

1 – ауыруға қарсы құрал; 2 –ФОВ уланғанда; 3 –№2 бактерияға қарсы құрал; 4 – №1 радиоқорғаушы құрал; 6 – №2 радиоқорғаушы құрал; 7 – лоқсуға қарсы құрал

 

 

9 сурет. Жеке химияға қарсы пакет ЖХҚП - 1

 

1.Противогазды қолдану ережесі.

Противогазды 2 бөлімі бар арнайы сөмкеде тасиды: противогазды қорап және респиратор, терлемейтін пленкалар немесе «карандаш» мембраналар жинақталуы мүмкін противогаздың беткі бөлігі үшін.Сөмкеде жеке химияға қарсы пакет үшін сыртқы қалта болуы мүмкін.

Шлем-масканы таңдаудың дұрыстығын және пайдалануға алғанда противогаздың дұрыстығын тексеру.

- шлем-масканың бүтіндігін оны жай ғана соза отырып және зейін қойып қарап тексеру керек; тесіктер мен үзілістердің орындарын сырттан химиялық қарындашпен немесе шарикті қаламмен қоршау;

- мембраналық қораптың бүтіндігін және оның жинақталуының дұрыстығын қарау;

- көзілдірік әйнегінің бүтіндігін, обтекатель дұрыстығын, қысушы сақиналардың бүтіндігін және бар болуын тексеру;

- клапанды қорапты қарау, онда майысу, сыну, тот басулар бар жоғын тексеру; клапандардың жағдайын тексеру; резеңке төсеме сақинаның бар болуын тексеру;

- жалғағыш трубканы қарап шығу және онда үзілулердің бар жоғын, гайкалары майыспағандығын, аспалы гайкада ниппельдегі резеңке төсеме сақинаның бар болуын тексеру;

- противогазды қорапты тексеру – соққылардың, тот басудың бар жоғын, аузы мен қақпағы майыспағандығын тексеру;

- противогазды тығынның түбінде резеңке тығынды алу;

- жылытқыш манжеттердің, терлемейтін пленкалары бар және қосымша мембраналары бар қораптардың жағдайын және бар болуын тексеру;

- противогазды сөмкені қарау барысында оның бүтіндігін, противогазды тасу лямкаларының бар жоғын, кеудеге бекіту тесемкасының бар жоғын тексеру және клапанда белбеудің, сөмке түбінде ағаш салмалардың бар болуына көз жеткізу:

- пайдаға жарамсыз және жинағы толық болмағанда противогазды ауыстыру қажет.

Противогазды герметикалығына тексеру үшін жалпы шлем-масканы кию, сөмкеден қорапты алу, қорап түбіндегі тесікті резеңке тығынмен тығындау қажет және терең тыныс алуға тырысу керек.Егер осы кезде ауа бет жағына келмесе, онда противогаз герметикалық болып табылады.

Противогаздың көзілдіріктерінің әйнектерін терлеуден және қатудан алдын алу үшін терлемейтін пленкалар немесе арнайы «карандаш» пайдаланылады.Бұдан басқа ауа температурасы –10 0С төмен болған кезде ШМ-41, ШМ-41М беткі беттерінің көзілдірікті жақтарына жылытқыш манжеттер кигізіледі.Терлемейтін пленкалар көзілдіріктің беткі жағына әйнектің терлейтін жағымен орнатылады.Ол үшін сығу сақиналарын алу, әйнектерді таза ветошьпен сүрту керек және терлемейтін пленканы саусақпен кесілген жағымен алақанға ұстап оны ақырын бүгіп, көзілдірік жиегіне орнату керек. Орнатылған пленканы сығу сақинасымен сақина обтекатель тілігіне қаратылатындай етіп бекіту керек.Пленканың терлейтін жағы оның екі жағының жеңіл шығыстарымен анықталады.Орнатылған терлемейтін пленкалар бірнеше рет қолданылуы мүмкін, сондықтан да противогазды шешкеннен кейін оны қолмен немесе ветошьпен ұстамай құрғату керек.Терлемейтін пленкалар болмаған жағдайда көзілдірік әйнектерін арнайы «карандашпен» сүртеді.Көзілдіріктің әйнектерін майлаудың алдында таза ветошьпен мұқият сүртіледі, содан соң ақырын ішкі бетіне басып, тор түрінде «карандашпен» 5-6 штрих жүргізеді, әйнекке шығыс жасайды және майды әйнек мөлдір болатындай етіп біркелкі жағады.Қайтадан оның терлемейтіндігін тексереді.Қысқы уақытта противогазға қоса жылытқыш манжеттер беріледі.Оларды шлем-масканың көзілдірік жиегіне киілген түрінде киіп жүреді.

2. Респираторды киюдің ережелері:

- пакеттен респираторды алып, оның бүтіндігін мұқият қарап шығу;

- респираторды оның ішіне иек пен мұрын орналасатындай етіп бетке кию;

- бас жақтағы созылмайтын бір тесьма еңбек аймағынан өтуі керек;

- басқа созылмайтын тесьма – самай бөлігінен;

- тесьмаларды тарту жібі көмегімен реттеу;

- мұрын қысқышы соңдарын мұрынды қатты қыспай қысу керек;

- жатудың тығыздығын тексеру;

- егер респиратор герметикалық емес болса, онда оны өлшемді анықтағаннан кейін ауыстырады;

-тексергеннен кейін респираторды пакетке салады және противогазды сөмкенің бөлігінде противогаздың беттік бөлігімен сақтайды.

Керек болған жағдайда респиратор ол өлшенгендей тәртіппен киіледі.

4.Мақта-дәкелі байламаны дайындау үшін 0,5 м дәкені және 50 г мақтаны алу керек.Дәкеден 23 суретте көрсетілгендей тілікті оның кесілмеген бөлігінің ені 40 см, ортасынан бөлінетіндей, толықтай бетті жабатындай – мұрын үстінен бастап иек астына дейін етіп сызық қиып алу керек; содан соң мақтаны біркелкі қабатпен – 1 см етіп дәкенің қиылмаған ортаңғы бөлігіне таратып орналастырылады, бұдан кейін дәкені мақтамен бірге жоғарғы бөлігі мен төменгі бөлігі және екі бүйір жағы келетіндей 24 суретте көрсетілгендей ортасынан бүктейді, уақыт болса масканың жиегін жіппен көктеп шығуға болады.

5.Қорғау киімін қолданудың ережесі (Ж-1).

Жеңіл қорғау киімін кию үшін (Ж-1) қажет:

- киімді айналдыру және жерге қою;

- киілген киімді мұқият ашу;

- шұлығы бар шалбар кию керек, хлястиктерді тағу керек немесе шұлықтардың тесьмаларын байлау керек;

- шалбардың лямкаларын иықтан асыра қиылыстырып шалбарға қыстыру керек;

- костюмның жоғарғы бөлігін киіп, капюшонды басқа киіп, мойын клапанын күртеше астына жинау керек;

- күртешенің аралық хлястигін ілгекке тағу;

- қажет жағдайда бас киімді және капюшонды немесе противогазды киіп, үстінен капюшонды кию.

Сабақтың қамтылуы:

- противогаз;

- респиратор;

-жеке химияға қарсы пакет.

Бақылау сұрақтары:

1. Жеке қорғау құралдары?

2.Фильтрлеуші азаматтық противогаздар?

3. Противогаздың құрылымдық бөліктері?

4. Теріні жеке қорғаудың құралдары?

5. Қорғаушы киімнің құрамды бөліктері?

6.Жеке қорғаудың медициналық құралдары?

7.Противогазды, респираторды, қорғаушы киімді қолданудың ережелері?


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 613 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | РКонституциясы | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Блиц тест | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Есептеу мысалы | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)