Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Химиялық зақымдану аймағы– улағыш заттардың зақымдаушы әсері

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

Химиялық зақымдану аймағы – улағыш заттардың зақымдаушы әсері байқалатын шектегі аймақ.

Соққы толқыны – зақымдаушы әсерінің негізгі факторы, жарылыс орталығынан барлық жаққа жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен жылжитын қатты сығылған ауа аймағы. Осылайша, 1 Мгт ядролық қару жарылғанда соққы толқынының 5 км 9 с-та, ал 10 км 22 с-та өтеді.

Жарық сәулелену – ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәулелі энергияның ағыны.Ядролық жарылыстың жарық аймағының ауа температурасы жарықтану басында миллион градустан оның соңында бірнеше мыңға дейін жетеді.Жарықтық сәулелену тез тарайды және қысқа уақытта әсер етеді.

Өткір радиация –ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма-сәлелер мен нейтрондардың ағыны.

Радиоактивті зақымдану ядролық жарылыстың бұлтынан радиоактивті заттардың құлауы нәтижесінде жергілікті жерде туындайды.

Электромагнитті импульс – қоршаған ортаның атомдарына гамма-сәулелердің әсер ету нәтижесінен және электрондар мен оң иондар ағындарының түзілуінен туындайтын электрлі және магнитті алаңдарды тудырады.Оның әсер ету ұзақтығы бірнеше ондаған миллисекундты құрайды.Қорғаудың арнайы шаралары болмаған кезде электромагнитті импульс байланыс және басқару аппаратурасын зақымдауы мүмкін, сыртқы жолдарға қосылған электрлі құрылғылардың жұмысын бұзуы мүмкін.

Мөлшер –ағзаға берлген энергияның мөлшері.

Жұтылған мөлшер – сәулеленуші дененің (ағзаның) бірлік массасымен жұтылған энергия мөлшері.

Радиациялық апат – нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары радиациялық қауіптілік тудыруы мүмкін радиоактивті заттарды ядролық-энергетикалық реактордан тыс жерге лақтыру.

УЗҚМ – бұл өнеркәсіпте, транспортта үлкен көлемде айналымда болатын, объектілерде бұзылулар (апаттар) болған жағдайда атмосфераға жеңіл көше алатын және қызмет көрсету қызметкерлерінің және тұрғындардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық қосылыстар.

Жалпы улаушы әсері бар заттарға ауыр жағдайларда зақымданушының қайтыс болуына әкелетін энергетикалық алмасудың аса қауіпті бұзылуын тудыратын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианитті сутегі және т.б.) жатады.

Тұншықтырушы және жалпы уландырушы әсері бар заттарға ингаляциялық әсер кезінде өкпенің токсинді ісінуін тудыратын, ал резорбция кезінде энергетикалық алмасуды бұзатын УЗҚМ(амил, акрилолитрил, азот қышқылы және азот тотығы, күкіртті ангидрид, фторлы сутегі және т.б.) біршамасы жатады.

Нейротропты уларға жүйкенің перифериялық реттелу механизмін бұзатын заттар (күкіртті көміртегі, тетраэтилқорғасын, фосфорорганикалық қосылыстар және т.б.),сонымен қатаржүйке жүйесінің модельдеуші жағдайы жатады.

Метоболизмді уларға ағзадағы метоболизмнің жіңішке үрдістеріне сыйдыратын токсинді қосылыстар(этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.) жатады.

Химиялық зақымдану ошағы – химиялық қару әсері нәтижесінде адамдардың немесе ауылшаруашылық малдарының жаппай қырылуы болған шектегі территория.

Жалпы улы әсері бар уландырғыш зат – синиль қышқылы, хлорциан.

Люизит – герань жапырақтарының иісі бар ауыр қою қоңыр сұйықтық. Аммиакпен зақымданудың ошағы – тұрақсыз, тез әсер етуші.Аммиактың ошақтағы агрегатты жағдайы — газ, аэрозоль. Зақымдаушы токсинді мөлшері - 15 мг/мин/л, өмірге қаупі бар — 100 мг/мин/л.

Аммиак – түссіз газ, ауаылғалымен өзара әсерлескенде мүсәтір спиртін түзеді, оттегімен қосылысы кезінде жарылады.

Азот қышқылы және азот тотығымен зақымданудың ошағы — жартылай тұрақты, аэрозольді және бу тәрізді. Зақымдаушы токсинді мөлшері 1,5 мг/.мин.

Азот қышқылы және азот тотығы - ауада түтінденетін түссіз сұйықтық.

Бензинмен зақымдану ошағы — тұрақсыз, тез әсер етуші.Зақымдаушы токсинді мөлшері — 198 мг/мин/л.

Бензин – бұлмайлы (90-95%) және хош иісті (5-10%) көмірсутегілердің түрлі қатарларының қоспасы, ұшқыш, жеңіл тұтанғыш сұйықтық.

Хлормен зақымдану ошағы – тұрақсыз, тез әсер етуші.Ошақтағы агрегатты жағдай – газ тәрізді.Зақымдану негізінен дем алу жолдары арқылы болады. Зақымдаушы токсинді мөлшері -0,6 мг/мин/л, өлім қаупі бар — 6,0 мг/мин/л.

Химиялық жағдай – шаруашылық объектілерінің, МО және тұрғындар қызметіне әсер ететін жергілікті жердің УЗҚМ (УЗ) зақымдану нәтижесінің жиынтығы.

Инверсия әдетте кешкі уақытта күннің батуына бір сағат қалғанда түзіледі және оның шығуынан 1 сағ соң бұзылады.Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаты жоғарғысынан салқынырақ болады, бұл оның биіктікте ыдырауына кедергі келтіреді және зақымданған ауаның жоғарғы концентрациясын сақтау үшін барынша қолайлы жағдай жасайды.

Изотерма ауаның тұрақты тепе-теңдігімен сипатталады.Изотерма кезінде жер бетінен 20-30 м қашықтықтағы ауа температурасы шамамен бірдей болады.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 593 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | РКонституциясы | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Блиц тест | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Есептеу мысалы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Блиц тест| Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)