Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Фильтрлеуші азаматтық противогаздар – тыныс алу жолдарын

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

Фильтрлеуші азаматтық противогаздар тыныс алу жолдарын, көзді және беттің терісін УЗ, РЗ, БҚ, АХҚЗ әсерлерінен, сонымен қатар ауада бар түрлі зиянды қоспалардан қорғау үшін арналған.

Қорғаушы противогаздар ондағы отегі мен ауаның қоры есебінен адамның тыныс алуын қамтамасыз етеді.

Респираторлар тыныс алу жолдарын радиоактивті және грунтты шаңдардан қорғау үшін, екінші ретті бұлтта биологиялық құралдардың әсері кезінде қолданылады.

Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары радиоактивті шаңнан, зиянды аэрозольдерден және бактериялық құралдардан қорғануға арналған. Ерекше жағдайларда, белгілі – бір ерітінділерге малынғанда ұзақ уақытқа емес, бірақ хлор мен аммиактан қорғауы мүмкін.

Блиц-тест:

1. Фильтрлеуші азаматтық противогаздар ненің әсерінен тыныс алу мүшелерін, көзді, беттің терісін қорғауға арналмаған?

A. ҚЗ

B. РЗ

C. ПЛ

D. БҚ

E. АХҚЗ

2. Заманауи противогаздың маңызды бөлігі не?

A. беткі бөлігі

B. маңдай бөлігі

C. самай бөлігі

D. жақ маңайындағы бөлігі

E. мұрын бөлігі

3. Қорғаушы противогаздар ненің есебінен адамның тыныс алуын қамтамасыз етеді?

A. көміртегі қоры

B. оттегі немесе ауа қоры

C. газ қоры

D. азот қоры

E. аргон қоры

4.Қорғаушы противогаздар әсер ету принципі бойынша, яғни, оттпгімен қамтамасыз ету принципі бойынша нешеге бөлінеді?

A. 3 топқа

B. 4 топқа

C. 2 топқа

D. 5 топқа

E. 6 топқа

5.Аптачка массасы қандай?

A. 200 г

B. 170 г

C. 145 г

D. 230 г

E. 130 г

6.Қанша градуста ШМ-41, ШМ-41М беткі бөлігіндегі көзілдірік жиегіне жылытқыш манжеттер кигізіледі?

A. ауа температурасы – 0 0С төмен болғанда

B.ауа температурасы –15 0С төмен болғанда

C. ауа температурасы + 5 0С төмен болғанда

D. ауа температурасы –10 0С төмен болғанда

E. ауа температурасы + 10 0С төмен болғанда

Қолданылған әдебиеттер

1. Хван Т.А., Хван П.А. Безоспасность жизнедеятельности. Учебное пособие. – Растов-н/Д, 2000.

2. Гранин А.С., Новиков В.Н. Экологическая безопасность. Защита территории и населения при чрезвычайных ситуациях. Учебное пособие. – М.: Факр-ПРЕСС, 2000.

3. Белов С.В., Морозова Я.А., Сивков Б.П. Безопасность жизнедеятельности. – М., 1992.

4. Гигиенические нормирования фактора производственной среды и трудового процесса. Ред. Измеров Н.Ф. – М., 1986.


Жеке қорғау құралдарының классификациясы

 

Дем алу мүшелерінің ЖҚҚ
Терінің ЖҚҚ
Медициналық ЖҚҚ және зақымданудың алдын алу құралдары
Фильтрлеуші противогаздар Қорғаушы противогаздар Балаларға арналған фильтрлеуші противогаздар   Шаңға қарсы респираторлар Газға қарсы респираторлар Газ және шаңнан қорғаушы респираторлар Балалар респираторлары.   Қарапайым құралдар: - шаңға қарсы мата маска - мақта-дәкелі байлама  
Қорғаушы   Фильтрлеуші     Қолдағы күнделікті қорғау мақсатына ыңғайландырылған киім
ЖА-2 (жеке аптечка)   ЖБП (жеке байлама пакет)   ЖБП-8(9,10,11) жеке пакет


Практикалық жұмыс №7

Найзағайдан қорғауды есептеу

Жұмыстың мақсаты: Найзағайдан қорғау ғимараттарын есептеу әдістемесін және принциптерін зерттеу;найзағай зарядсыздануынан қорғаудың әр түрлі мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескеретін факторды түсіну.

Жұмыстыңжоспары:

Өз вариантының берілгендері бойынша (4-қосымша):

1. 1 - қосымша, 3.1-кесте және 3.1 немесе 3.2 формула бойынша 1 жылда найзағай бұзатын объектілер санын (n) анықтау.

2. 3.2-кесте бойынша объектінің найзағайдан қорғайтын аймағының түрін және категориясын анықтау; жәнеде найзағайдың білінуінің барлық түрімен қорғау әдістерін анықтау;

3. Найзағай түсуінің 3.33 және 3.24, 3.9 формулалар немесе номограмма бойынша биіктігін анықтау (2 және 3- қосымшалар).

4. Жоғарыда келтірілген формулалар бойынша найзағай қорғау аймағының негізгі параметрлеріне септеу;

5. Найзағайдан қорғау есептеулерінің дұрыстығын график арқылы тексеру.

Теориялық бөлім

Есептеу әдістемесі және жалпы мәліметтер

Найзағай зарядсыздануы ғимараттарға түскенде жарылыс, өрт болуы мүмкін және адамдарға, жануарларға да кері әсер береді.

Жылына найзағай тиеді деп күтілетін үйлер мен ғимараттардың саны N мына формуламен анықталады:

N=[(S+6hx)(L+6hx)-7,7h2x]n*10-6 (3.1).

Орталықтан дырылған ғимараттар үшін (түтінтүтігі, вышка, башня):

N=9 h2xn*10-6 (3.2).

мұнда: S – ғимараттың ені (құрылыс), м;

L – ғимараттың ұзындығы (құрылыс), м.

Қиынк онфигурациядағы ғимараттар үшін S және L мәні ретінде, осы объектінің жобадағы аз тікбұрыштың ұзындығы мен ені алынады.

h x - ғимараттың ең үлкен биіктігі, м;

n – 1 жылдағы 1 км2 жер бетінің найзағай түсуінің орташа саны. n – мәні найзағайдың болу интенсивтілігінің тәуелділігі, ТМД территориясында найзағайдың болу ұзақтылығы карта бойынша бағаланады (1-қосымшаны қараңыз). Ол 3.1 - кестедекелтірілген.

3.1-кесте

1 км2жербетіне 1 жылданайзағайтүсуініңорташасаны

1 жылдағынайзағайсағатыныңсаны 10 - 20 20 – 40 40 – 60 60 – 80 80–100 100 және одан да көп
n       5,5   8,5

 

Ғимараттар мен үйлер олардың тағайындалуына, осы аймақтағы найзағайдың интенсивтілігіне және 1 жылдағы найзағай түседі деп күтілетін санына байланысты найзағайдан қорғау қондырғылары мен РД 34.21.122.- 87 инструкциясы бойынша жабдықталады. Осыған сәйкес ғимараттар найзағай түскеннен кейін оның ауыр салдарына байланысты 3 категорияға бөлінеді.

I категорияға қарапайым технологиялық режимдерде жарылған қауіпті газдар, шаңдар немесе бұлардың концентрациялары пайда болатын өндірістік орындар жатады. Найзағайдың кез келгенінің түсуі жарылыс тудыруы мүмкін.

II категорияға жарылғыш газдар және сұйықтықтар бар қондырғылардың технологиясы авариялы, бұзылу кезінде жарылғыш қауіпті газдар, шаңдар және бұлар пайда болатын өндірістік ғимараттар жатады.Мұндай объектілер үшін найзағай технологиялық авариямен сәйкес келгенде немесе сыртқы қондырғылардағы авариялы клапандардың жұмысы бұзылғанда ғана қауіпті.

III категорияға найзағай түскенде аз материалдық шығындар туғызатын объектілер жатады, жарылғыш қауіпті ортаға қарағанда: өрт қауіптілігі немесе отқа төзгіштігі төмен конструкциядағы құрылыс объектілері; найзағай түскенде адамдарға және жануарларға электрлік қауіп тудыратын объектілер; биік трубалар және башнялар жатады.

Құрылысы бойынша I және II категорияға жататын объектілер найзағайдың тікелей түсуімен, екінші рет қайта көрінуінен қорғалған болуы тиіс және жер үстіндегі және астындағы металл конструкциясы арқылы берілуінен сақтайтын қондырғылар жатқызылуы керек.

III категориядағы ғимараттар найзағайдың тікелей түсуінен және жер асты коммуникациясы арқылы берілуінен қорғануы керек.

Найзағайдың тікелей түсуі – бұл объект арқылы найзағай тогы өткенде найзағайдың объектімен тікелей әсерлесуі.

Найзағайдың екіншілік білінуі найзағайдың жақын жерде түсуінен объектіде электромагнитті өрістің әсеріне байланысты.Әдетте мұндай электромагниттік өрісті екі түрдегі құраушы ретінде қарастырады:

- Электростатикалық индукция – конструкцияның металл элементтері мен ғимарат арасында ұшқындау қауіптілігін тудыратын найзағай бұлтының электрлік өрісін өзгерту нәтижесінде жердегі заттарда потенциалдар туындауы.

- Электромагниттік индукция – контурлардың жақындау жерінде ұшқындау қаупін тудыратын жағдайда тоқ бағытын тез өзгерту нәтижесінде тұйық емес металл контурларында потенциал туындауы (мысалы, труба өткізгіштер, кабель қабықтары және тағы басқа).

Жоғары потенциалдардың құйылуы – бағытталған найзағайдың электр потенциалдарын сыртқы металл конструкциясымен қорғалған ғимараттарға қарай өзгерту (эстакада, рельстер мен кабельдерде және тағы басқа).

Электростатикалық индукциямен жоғары потенциалдардың қатты ағынынан қорғау бағытталған қондырғыларда және металл коммуникацияларында кернеудің көп болуынан шектеуді қамтамасыз ету керек, бұл қондырғының бір бөлігін жерге қосу арқылы жүзеге асады; ал электромагниттік индукциядан қорғау – коммуникация жақындасқан жерде тұйық емес контурлардың ауданының шектелуі нәтижесінде мүмкін болады.

Ғимараттарды найзағайдың тікелей түсуінен қорғау жеке тұрған, немесе ғимараттар орналасқан изоляциаланбаған стерженді, немесе найзағайдан қабылдағыш тросты қорғау аймағын қамтамасыз ететін, немесе металл емес шатырға найзағай қабылдағыш тоқ орналастырумен, немесе найзағай қабылдағыш ретінде ғимараттың шатырын қолдану арқылы мүмкін болады.

Ең көп тараған стерженді найзағай қабылдағыштар.

Найзағай қабылдағыштың қорғау аймағы – белгілі бір сенімділік дәрежесінде найзағайдың тікелей түсуінен қорғалатын кеңістік. Қорғау бетінің аймағы тұрақты немесе аз белгілі сенімділік бар; аймақтың ішіне өту барысында мұндай қорғау сенімділігі артады. А түріндегі қорғау аймағының сенімділік дәрежесі 99,5% және одан жоғары, ал Б түріндегі қорғау аймағы 95% және одан жоғары.

3.2-кесте

Найзағайдан қорғау қондырғылары бойынша оны орындау қажеттілігіне байланысты ғимараттар мен құрылыстарды жіктеу

Ғимараттар мен құрылыстар Орналасу орны Қорғау зонасының түрі Найзағайдан қорғау категориясы
1.Ғимараттар және оның бөліктері, ПУЭ сәйкес В -1 және В –11 аумағына жатады Барлық территорияда А аймағы І
2. Сол кластағы В – Іа, В – Іб, В – Ііа Найзағайдың орташа ұзақтылығы 10 сағат жылына N кезінде Б аймағы, N>1 А аймағы ІІ
1. Сыртқы қондырғылар ПУЭ сәйкес В – Іг класын жасайды Барлық территорияда Б аймағы     ІІ  
4. Ғимараттар және оның бөліктері ПУЭ сәйкес П – 1, П – ІІ, П – ІІа класс аймағына жатады Найзағайдың орташа ұзақтығы 20 сағат жылына Отқа тұрақтылығы І және ІІ дәреже үшін 0,1 N 2 және Б аймағы ІІІ - ІV үшін 0,02 N 2 Б аймағы N>2- А аймағы ІІІ
5. ПУЭ бойынша П –ІІІ кластағы аймақтар болатын ашық қоймалар және сырттағы қондырғылар Найзағай ұзақтылығы 20 сағат жылына   Б аймағы ІІІ
6.ПУЭ бойынша жарылғыш және өрт қаупі жоқ, отқа төзгіштігі ІІІ, ІІІа, ІІІб, ІІІ,IV, V дәрежедегі ғимараттар Сондай 0,1 N 2 болғанда Б – аймағы N>2 болғанда А – аймағы ІІІ
7.ПУЭ бойынша жарылғыш және өрт қауіпі жоқ жеңіл металл конструкция- сынан жасалған, бірақ жанатын жылытқыш - тары бар Орташа найзағай ұзақтығы 10 сағат жылына 0,02<N 2 болғанда Б – аймағыN> 2 болғанда А – аймағы ІІІ
8.Анықтау орталық ғимараттары, оның ішінде қала құрылыста - рында орналасқан Орташа найзағай ұзақ- тығы 20 сағат жылына   Б аймағы ІІІ
9.Орташа биіктігі 25, диаметрі 400 мболатын тұрғын үйлер: биіктігі 30м, басқа ғимараттар - дан 400м алыста - тылған, жеке тұрған үйлер Орташа найзағай ұзақ- тылығы 20 сағат жылына   Б аймағы ІІІ
10.Қоғамдық үйлер: мектептер, балалар үйі, демалыс үйлері, клубтар отқа төзгіштігі ІІІ, IV, V дәрежелі     Сондай     Б аймағы ІІІ
11.Отқа төзгіш дәрәжесі ІІІ, IV, V болатын жануар және құс ұстайтын ғимараттар: ірі қара және шошқалар үшін 100, бас жылқылар үшін 40 бас, қойлар үшін 500 бас, құстар үшін 1000 бас Орташа найзағай ұзақтылығы 40 сағат жылына   Б аймағы ІІІ

Бір стреженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағын есептеу

Бір стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағының биіктігі h 150 м болатын дөңгелек конус болып келеді (3.1. суретті қара). Конустың басы h0 h биіктікте орналасқан, қорғау аймағы жер деңгейінде радиусы r0 болатын шеңбер түзеді. Қорғау аймақтың көлденең қимасы ғимараттың hx биіктіктегі rx болатын шеңбер болып келеді.

Бір стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағының өлшемдері төмендегідей болады: (h 150 м болғанда):

А аймақ: h0= 0,85h(3.3)

r0 = (1,1 – 0,002h)h (3.4)

rx = (1,1 – 0,002h)(h – hx\ 0,85) (3.5)

Баймақ: h0 = 0,92h(3.6)

r0 = 1,5h (3.7)

rx = 1,5(h – hx\ 0,92) (3.8)

 

сурет – 3.1. Биіктігі 150 м дейінгі бір стерженді найзағайдыңтүсуінен қорғау аймағы

hxжәне rxөлшемдері белгілі бір стерженді найзағай қорғағыштың биіктігі номограмма бойынша анықталады, ал Б аймағы үшін формуладан:

h = (rx + 1,63hx)\1,5; (3.9)

Биіктігі 150<h<600 м болатын бір стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы келесі өлшемдерге ие:

Ааймағы: ho= [0,85 – 1,7*10-3(h – 150)]*h (3.10)

ro= [0,8 – 1,8*10-3(h – 150)]*h(3.11)

ro= [0,8 – 1,8 10-3(h-150)] h (1– ) (3.12)

Баймағы: ho= [0,92 – 0,8 10-3 (h – 150)] h(3.13)

ro= 225 м(3.14)

rx=225- (3.15)

Екістержендінайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу

Биіктігі 150 м болатын екі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы 3.2. – суретте көрсетілген. Найзағайдан қорғағыштың торц бөлігі бір стерженді найзағайдың түсу аймағы сияқты болып анықталады.

Екі түрдегі қорғау аймақтары үшін ho, ro, rx өлшемдері 3.3 – 3.8 формуламен анықталады.

 

3.2-сурет. Биіктігі 150 м дейінгі екі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы

Стержень арасындағы ара қашықтық (м) болғанда екі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағының ішкі аймағының өлшемдері келесідегідей анықталады:

h кезінде hc= ho; rcx= rx; rc = ro (3.16)

h< 2h кезінде hc = ho – (0,17+3*104h)( -h); (3.17)

rc= ro ; rcx= rx(hc – hx); (3.18)

2h< < 4h кезінде hc=ho – (0,17+3*104h)( -h); (3.19)

rc= ro[1 - ]; (3.20)

rcx= rx(hc-hx)\hc;

>4h кезінде найзағай қорғағыш А аймағын құру үшін бір стерженді кезіндегідейетіпқарастырукерек.

Б аймағы үшін:

; hc=ho; rcx= rx; rc= ro; (3.21)

h< 6h; hc=ho – 0,14( - h) (3.22)

rc= ro; rcx= ro(hc-hx)\h; (3.23)

Найзағай қорғағыш стержендер арасындағы арақашықтың > 6h болғанда Б аймағы үшін де бір стрежендегі сияқты қарастыру керек.

ho және белгілі болғанда найзағай қорғағыштың биіктігі номограмма бойынша анықталады (2 және 3 қосымша), ал Б аймағы үшін төмендегі формуламенанықталады:

 

h=(hc+0,14 )\1,06 (3.24)

Көп еселі стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы

Биіктігі h 150м көп стерженді найзағайдың түсуінен қорғау аймағы екі-екіден алынған көрші стержендердің қорғау аймағы ретінде анықталады (сурет 3.3).

3.3-сурет. Биіктігі 150м дейінгі көпеселі стержендінің қорғау аймағы (жоспар).

А және Б қорғау аймағына сәйкес келетін бір немесе бір топ құрылыстарды қорғаудың негізгі шарты барлық жұптапалынған найзағайдың түсуінен мына теңсіздік rcx> 0 орындалуы керек. Қарама-қарсы жағдайда қорғау аймағын құру бір немесе екі стерженді найзағайдың түсуі сияқты орындалады.

 

Біртростынайзағайдыңтүсуіненқорғауаймағынесептеу

Биіктігі 150м болатын бір тросты найзағайдың түсуінің қорғау аймағы 3.4-суретте келтірілген, мұнда h – ұшубарысындағы тростың биіктігі. Қимасы 35-50 мм2 бағана биіктігі hon және ұшу ұзындығы болғанда тростың биіктігі былай анықталады:

<120 м болғанда h=hon – 2; (3.25)

120< <150 м болғанда h=hon – 3; (3.26)

Бір тросты найзағайдың түсуінің қорғау аймағы келесі габариттерге ие болады:

Ааймағы:

ho=0,85h (3.27)

ro= (1,35 – 0,0025h)h (3.28)

rx= (1,35 – 0,0025)(h – hx\0,85) (3.29)

Баймағы:

ho=0,92h (3.30)

ro= 1,7h (3.31)

rx= 1,7 (h – hx)\0,92(3.32)

hx және rx өлшемдері белгілі бір тросты найзағайдыңтүсуінің биіктігі номограмма бойынша анықталады (2 және 3 қосымша) және Б аймағы үшін мына формула бойынша есептеледі:

h= (rx+1,85hx)\1,7 (3.33)

 

 

3.4-сурет Биіктігі 150м дейінгі бір тросты найзағайдың түсуінің қорғау аймағы


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 327 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Глоссарий | РКонституциясы | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Блиц тест | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар | Глоссарий | Блиц тест | Глоссарий | Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Есептеу мысалы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)