Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Микробтардан алынған препараттар және олардың үйлестері

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ауыл және қала халқы
  5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  6. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  7. Векторлы және растрлы модельдер

Бронхо-мунал (Broncho-munalum), бактериалды шығу тегі бар иммуномодуляторлық препарат, жергілікті және жүйелі түрде жасушалық және гуморальды иммунды жауапты ынталандырады. Бактериялар лизаты ағзаның иммунды жүйесіне ас қорыту жүйесінің шырышты қабықтарына Пейер дақтары арқылы әсер етеді. Бронхо-мунал шеткі моноциттер мен макрофагтардың белсенділігін ынталандырады, айналымдағы Т-лимфоциттердің (Т-хелперлер, NK-жасушалар) белсенділігін және санын жоғарылатады, IgA IgG және IgM класстарының сарысулық антиденелерінің көлемін жоғарылатады, цитокиндердің өндірілуін жоғарылатады: гамма-интерферонның, интерлейкин-2, ісіктің некроз факторын.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Лор-ағзаның, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының рецидивті инфекциялық қабыну ауруларының алдын алу және емдеу. Ересектерге ішке қабылдауға арналған мөлшер 7 мг (3,5 және 7 мг №10 капсулалар), балаларға 3,5 мг тәулігіне 1 рет.

Кері көрсеткіштері. Препаратқа жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері. Эпигастрии аймағында ауырсыну болуы мүмкін, жүрек айну, құсу, іштің өтуі, дене қызуының жоғарылауы, терінің аллергиялық реакциялары.

Шығарылу түрі. 3,5 мг балаларға арналған және 7 мг таблеткалар N. 10.

Рибомунил (Ribomunylum) құрамында микроорганизмдердің рибосомалық фракциялары бар – клебсиелла, стрептококктар және т.б. жасушалық және гуморальды иммунитетті ынталандырады. Макрофагтардың және полинуклеарлардың, сонымен қатар Т-және В-лимфоциттердің, сарысулық және секреторлы IgA 11S, интерлейкин 1, альфа интерферонның фагоцитті белсенділігін жоғарылатады. Ағзаның арнайы емес қорғаныс факторын белсендендіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Лор-ағзаның: ринит, фарингит, ларингит, синусит, тонзиллит, отит, сонымен қатар тыныс алу жолдары инфекцияларының: созылмалы бронхит, трахеит, пневмония, инфекцияға тәуелді бронх демікпесі, рецидивті және созылмалы жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу. Ішке қабылдау мөлшері 0,5-0,75мг тәулігіне 1 реттен (0,25 мг №12 таблеткалар).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық. Аутоиммунды ауруларда, түйінді периартериите, АИЖВ-инфицирленген науқастарда ерекше сақтықпен тағайындау керек.

Жанама әсерлері. Емнің алғашқы күндерінде гиперсаливация, субфебрильді қызба, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 0,25 мг таблеткалар N. 12 және 0,75 мг таблеткалар N.4; 500 мг ішке қолдануға арналған пакеттегі гранулалар (0,5 мг рибосомды фракциялы).

Продигиозин (Prodigiosanum) иммунды белсендіруші дәрі (микроорганизмдерден алынған липополисахаридті жиынтық). Қабынуға қарсы және регенераторлы әсер көрсетеді. Бактериалды полисахаридтер тобына жатады. Ағзаның арнайы және арнайы емес тұрақтылық факторын ынталандырады. Иммунитеттің Т-жүйесін және бүйрек үсті без қыртысының қызметін белсендендіреді. Әсері ағзаның эндогенді иммунды жүйесін ынталандырумен және интерферондардың түзілуін белсендендіруімен байланысты.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қабыну үрдістері, операциядан кейінгі кезең, аурудың созылмалы ағымындағы антибиотиктермен емдеуде, жазылуы баяу жүретін жаралар, сәулелі терапия. Ересектерге бұлшықетке енгізу мөлшері 25-100 мг, балаларға 10-20 мкг 4-7 күнде 1 реттен (0,005%-1 мл ампулада).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, ОЖЖ зақымдалуы, жедел тәждік жетіспеушілік, миокард инфарктісі.

Жанама әсерлері. Гипертермия, бас ауыру, буындардағы ауырсыну, лейкоцитозға ауысатын лейкопения, қалтырау, миалгия, іште ауырсыну, іштің өтуі, созылмалы энтероколиттің асқынуы.

Шығарылу түрі. 0,005% 1 мл ампуладағы бұлшық етке арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Prodigiosani 0,005% - 1ml

D.t.d N. 40 in аmp.

S. 25 – 100 мкг бұлшық етке аптасына 1 рет.

#

Ликопид (Liсopidum) - иммуномодуляторлық дәрі (бактерияның жасуша қабырғасындағы элементтердің құрылымдық аналогы). Екіншілік иммунды жетіспеушілік кезінде фагоцитарлы жасушалардың, жүйелі иммунитеттің жасушалық және гуморальды факторлардың қызметінің белсенділігін ынталандырады. Аутоиммунды ауруларда қабыну үрдістеріне қатысатын цитокиндердің синтезін тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Созылмалы, әлсіз ағымды, қайталамалы: терінің және жұмсақ тіндердің жедел және созылмалы іріңді-қабыну ауруларымен қосарлана жүретін екіншілік иммунды жетіспеушіліктер; жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары; өкпе туберкулезі; барлық ұшықтар; жатыр мойынының адамдық вирусының папилломасымен зақымдауы; псориаз; созылмалы вирусты В және С гепатиті. Ішке тамақтың алдында 10 мг тәулігіне 1-2 реттен және тілдің астына 1-2 мг тәулігіне 1-3 реттен (1 және 10 мг №10 таблеткалар).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік.

Жанама әсерлері. Дене қызуының субфебрильді көтерілуі.

Шығарылу түрі. 1 және 10 мг таблеткада N.10.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Стероидты қабынуға қарсы дәрілер | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары | Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Индол сірке қышқылының туындысы | Фенил сірке қышқылының туындысы | Оксикам туындысы | Пропион қышқылының туындысы | Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жасанды препараттар| Интерферондар (ИФН)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)