Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары

Читайте также:
  1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары
  2. Оңтүстік – Шығыс Қазақстан жері ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында

 

Дексаметазан (Dexamethasonum), дексазон, сондекс. Дексомитозон метилирленген фторпреднизолон туындысы, синтетикалық глюкокортистероид. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, десенсибилизирлеуші, иммунодепрессивті, шоктарға қарсы және антитоксикалық әсер көрсетеді, эндогенді катехоламиндерге бета-адренорецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Өзіндік цитоплазматикалық рецепторлармен әрекеттесіп (глюкокортикоидтар үшін рецепторлар барлық тіндерде бар, әсіресе олар бауырда көп), ақуыздың түзілуін (сонымен қатар, жасушаларда өмірге қажетті үрдістерді реттейтін ферменттерді) баяулататын комплекс түзейді. Одан әрі қарай гидрокортизонды, преднизолонды және метилпреднизолонды қара.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулар, ревматоидты артрит, бронх демікпесі, ми ісігі және синтетикалық гормондарды қара. Ересектер үшін ішке 0,5 тен 15 мг-ға дейін тәулігіне, ал балала’’рға 0,25-2,5 мг тәулігіне тағайындайды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жасанды гормондарға ұқсас.

Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткада N. 10, 50, 100 және 1,5 мг және 4 мг N.10; 0,4% 1, 2 және 5 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,1% 5 мл сауыттағы-тамшы көз және құлақ тамшысының ерітіндісі; 0,1% көз жағындысы 3,5 г тубада; 0,1% көз суспензиясы 10 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Dexamethasoni 0,0005

D.t.d. N. 80 in tab.

S. 1-2 таблеткадан күніне.

#

 

Триамцинолон (Triamcinolonum), полькортолон, кеналог, фторокорт. Триамциналон айқын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін - ағзаның қорғаныс күші) әсер көрсетеді және көбінесе көмірсу мен ақуыз алмасуына әсер етеді. Бұл препаратты терапевтикалық мөлшерде қолданған кезде ағзада натрий иондарының ұсталуы және ісінулер байқалмайды, калий иондарының шығарылуы көтерілмейді, артериалды қысым жоғарламайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, коллагеноздар, аллергиялық аурулар, бронх демікпесінің ауыр түрлері және одан әрі синтетикалық гормондарды қара. Ересектерге 4-16 мг (40 мг дейін) мөлшерде тәулігіне, ал балаларға 4-12 мг тәулігіне тағайындайды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жасанды гормондарға ұқсас.

Шығарылу түрі. 2, 4 және 8 мг таблеткада N.50, 100; 1 және 4 % сулы супензия 1 және 2 мл ампулада және 1 және 5 мл егуге арналған флакондағы ерітінді; 0,1% крем және жағынды 10, 15 және 30 г тубада; 0,1% стоматологиялық паста; мөлшерленген аэрозоль 120 және 240 мөлшер (55 және 100мкг/мөлшерге сәйкес).

Рецепт үлгісі. Rp.: Pastae Triamcinoloni 0,1% - 10,0

D.S. Тіс тесігіне күніне 1 рет салу қажет.

#

Бетаметазон (Betamethazonum), целестодерм В, целестон. Бетаметазон – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит және дәнекер тінінің аурулары, бронх демікпесі, экзема, нейродермиттер және т.б. Терінің қабыну ауралары, теренің және құлақтың аллергиялық аурулары. Ересектерге және жасөспірімдерге 0,25-8 мг ішке, ал балаларға 0,06-0,2 мг/кг тәулігіне тағайындайды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Басқа да жасанды гормондар сияқты.

Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткада N. 10, 30; 0,1% 5 мл флакондағы көз және құлақ тамшысына арналған ерітінді; 0,1% лосьон 30 мл флаконда; 0,2, 0,4 және 0,5% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,05% жағынды және крем 10, 20 және 30 г тубада; 0,064 және 0,1% жағынды және крем 15 және 30 г тубада; 0,1% көз жағындысы 5 г тубада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Lotionis Betamethazonі 0,1% - 30 ml

D.S. Терінің зақымдалған бөлімдеріне жағуға арналған.

#

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Холинергиялық дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз | Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері | Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері | Ызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер | Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер | Стероидты қабынуға қарсы дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары| Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)