Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  4. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  5. Аллергияға қарсы дәрілер
  6. Антихолинэстеразды дәрілер
  7. Ауыл және қала халқы

Парацетамол (Paracetamolum), ацетаминофен, панадол, тайленол, эффералган. Парацетамол – наркотикалық емес анальгетик, тікелей ОЖЖ-дегі ЦОГ1 және ЦОГ2 тежейді, ауыру және жылуды реттеу орталығына әсер етеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Инфекциялық аурулар салдарынан болатын қызбалар; ауыру синдромы (айқындылығы әлсіз және орташа): артралгия, невралгия, миалгия, бас сақинасы, тістің және бастың ауыруы, альгодисменорея. Ересектер мен 12 жастан үлкен жасөспірімдерге (дене салмағы 40 кг артық) бір реттік мөлшер - 500 мг; ең жоғары бір реттік мөлшер – 1 г. Тағайындау жиілігі тәулігіне 4 рет. 1 айдан 3 айдағы және одан үлкен сәбилер үшін мөлшері анықталынбаған.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жаңа туылған кезең (1 айға дейін). Сақтықпен. Бауыр мен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, вирусты гепатит, бауырдың алкогольді зақымданулары, маскүнемдік, жүктілік, лактация кезеңі, егде жастағылар, ерте емшектегі кезеңде (3 айға дейін).

Жанама әсерлері. Тері қышынулары, тері және шырышты бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер, экссудативті эритема, бастың айналуы,психомоторлы қозулар мен ориентацияның бұзылуы, лоқсу, эпигастри тұсының ауыруы, гипогликемия, гипогликемиялық комаға дейін, қаназдық, агранулоцитоз, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, нефротоксикалық ж.т.б.

Шығарылу түрі. 125, 200, 325 және 500 мг таблеткада N.10, 500 мг көпіретін таблеткада N. 4, 12 және 80 мг балаларға арналған шайнайтын таблеткалар N.12; 325 мг капсулалар N.6, 12, 30 және 500 мг N. 12; 80, 150 және 240 мг ішке қолдануға арналған ерітінді түріндегі бір реттік пакеттегі ұнтақтар; 2,4% 70, 100 және 300 мл сауыттағы ішке қабылдауға арналған суспензия; 10% суспензия 15 мл нәрестеге арналған; 2,4% 50 және 100 мл балаларға арналған сауыттағы шырын; 50, 80, 100, 125, 250, 300, 500 және 600 мг тік ішек балауыздары N. 5, 6, 10; 15% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді және 1% 50 және 100 мл сауыттағы инфузия үшін ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Supp. cum Paracetamolo 0,05

D.t.d. N. 5

S. 1 балауыздан тік ішекке түнде.

#

Трамадол+Парацетамол (Tramadol+Paracetamol), залдиар. Трамадол мен парацетамолдан тұратын ауыруды басатын дәрі. Трамадол – орталыққа әсер ететін және жұлын миына әсер ететін (ауыру импульстарының өтуін тежейтін және мембрананың гиперполяризациясын туғызатын, K+ және Ca2+- түтікшелерінің ашылуына ықпал етеді), тыныштандыратын дәрілердің әсерін күшейтеді. Бас миының және АІЖ ноцицептивті жүйесіндегі афферентті талшықтардағы пре және постсинаптикалық мембранадағы опиатты рецепторларды (мю-, дельта-, каппа-) белсендіреді, ОЖЖ катехоламиндердің нейрональды қайта ұсталуын тежейді. Парацетамол – наркотикалық емес анальгетик, ОЖЖ тікелей ЦОГ тежейді, ауыру мен жылуды реттеу орталығына әсер етеді. АІЖ шырышты қабатының тітіркенуін туғызбайды, су-тұз алмасуына әсер етпейді, себебі шеткі тіндергегі Pg синтезіне әсер етпейді. Парацетамолдың әсерінен тез ауыру әсері басталады, ал трамадол әсер ету ұзақтығын созылуын қамтамасыз етеді. Екі белсенді заттардың ауыруды басатын әсерінің синергизмі, жанама әсерлерінің туындау тәуекелін төмендетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру синдромы (қарқындылығы орташа және күшті болатын, этиологиясы әртүрлі болып келетін, сонымен қатар қабыну, жарақат, тамырлар салдарынан туындайтын). Ауырумен жүретін диагностикалық немесе терапиялық ем шаралары кезіндегі ауырсынуды басуда. Мөлшерлеу тәртібі мен емдеу ұзақтығы ауыру синдромының айқындылығына байланысты жеке дара тағайындалынады.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жедел маскүнемдік немесе ДЗ интоксикациясы, ОЖЖ тежегіштер, ұйықтататын, наркотикалық анальгетиктер мен психотропты препараттар, бір мезгілде МАО баяулатқыштарымен (және оларды доғарғаннан кейін 2 жұма бойы), ауыр бауыр және/ немесе бүйрек жеткілісіздігі (КК 10 мл/мин артық), қояншықтың бақылай алмайтын терапиясы, наркотикалық ДЗ «алып тастау» синдромы, жас балалар (14 жасқа дейін), жүктілік, лактация кезеңі.

Жанама әсерлері. Бастың айналуы, бастың ауыруы, бөгелулер, ОЖЖ парадоксалді белсенуі, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, естің шатасуы, қозғалу координациясының бұзылуы, орталықты тырысулар, депрессия, амнезия, парестезия, жүрістің тұрақсыздығы, ауыздың құрғауы, лоқсу, құсу, метеоризм, абдоминалді ауырулар, іштің қатуы, іштің қатуы, жұтынудың қиындауы, тахикардия, ортостатикалық гипотензия, синкоп, коллапс, гипогликемия, гипогликемиялық комаға дейін, нәсеп бөлінуінің қиындауы, дизурия, несептің ұсталуы, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. Таблеткалар (трамадол 50 және парацетамол 125 мг) N. 5, 10.

Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. Zaldiarі N.10.

D.S. Күніне 1 -2 таблеткадан (тәулігіне 6 таблеткадан).

#

Метамизол натрия (Metamizolі natrium), анальгин. Метамизол натрия – ауыруды басатын, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін дәрі. Циклооксигеназ белсенділігін тежейді, эндоперекистің, брадикининдердің, кейбір ПГ, бос радикалдардың түзілуін төмендетеді, липидтердің асқын тотыңуын баяулатады. Голля мен Бурдаха байламы бойынша ауыру экстра- мен проприоцептивті импульстардың өтуіне кедергі жасайды, таламиялық ауыру сезімталдық орталығының қозу шегін жоғарылатады, жылу беруді арттырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артралгия, ревматизм, хорея, ауыру: бастың, тістің, етеккір ауырулары, невралгия, ишиалгия, миалгия, шаншулар кезінде (бүйрек, бауыр, ішек), өкпе инфаркті, миокард инфаркті, аортаның қабатталушы аневризмі, магистральді тамырлардың тромбозы, қабыну үрдістері (плеврит, пневмония, люмбаго, миокардит), жарақаттар, күйіктер, декомпрессиялық аурулар, белдемелі теміретке, ісіктер, орхит, панкреатит, перитонит, өңештің перфорациясы, пневмоторакс, трансфузиядан кейінгі асқынулар, приапизмде; жедел жұқпалы, ірінді және урологиялық (простатит) аурулар кезіндегі қызба синдромы, жәндіктердің шағуында (сонымен қатар маса, ара оқалақ сана). Бұлшық етке немесе көк тамырға (қатты ауыру кездерінде) — 1–2 мл 50% немесе 25% ерітінді 2–3 реттен/күніне, ең жоғары тәуліктік мөлшері 2 г; балаларға 0,1–0,5 мл енгізеді. Ішке тамақтан соң немесе тік ішекке 250–500 мг 2–3 реттен/күніне, ең жоғары бір реттік мөлшері — 1 г, тәуліктің — 3 г. 2–3 жастағы балалар үшін әдеттегі мөлшері — 50–100 мг, 4–5 жастағыларға — 100–200 мг, 6–7 жастағыларға — 200 мг, 8–14 жасқа — 250–300 мг 2–3 реттен/күніне.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, қанның түзілуін тежейді (агранулоцитоз, цитостатикалық немесе инфекциялық нейтропения), бауыр немесе бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстары, простагландинді бронх демікпесі, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің жеткіліксіздігімен байланысты болатын тұқым қуалайтын гемолитикалық қаназдық, жүктілік, емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Гранулоцитопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, геморрагия, гипотония, интерстициальды нефрит, аллергиялық реакциялар (сонымен қатар Стивенса-Джонсон, Лайелла синдромдары, бронхоспазм, анафилактикалық шок).

Шығарылу түрі. 50, 100 және 150 мг таблеткалар балалар үшін және 250 мен 500 мг ересектерге N. 6. 10; 250 мг капсулада; 50% ерітінді 1, 20 және 50 мл сауытта ішке қолдануға арналған; 25 және 50% ерітінді 1, 2 және 5 мл ампуладағы егуге арналған; 100 мг балаларға арналған балауыз N.10.

Рецепт үлгісі. Rp.: Metamizolі natrii 0,05

D.t.d. N. 10 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 2 реттен.

#
Баралгин (Baralginum) біріктірілген препарат, бір таблетканың құрамында 0,5 г анальгин, 0,005 г питофенон гидрохлорид (холинотежегіштер) және 0,0001 г фенпивериния бромидтен (ганглиотежегіштер) тұрады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Анальгетик және антиспастикалық дәрі ретінде, әсіресе бүйрек, бауыр, ішек шаншулары кезінде, сонымен қатар спастикалық дисменорее, тәжді тамырлардың және ми тамырларының тарылуында. Әдетте ішке 1 (сирек 2) таблеткадан күніне 1 - 3 реттен қабылдайды. Өткір ауыруларда бұлшықетке немесе көк тамырға (өте баяу!) 5 мл енгізеді (егудің қажет кездерінде қайталайды әр 6-8 сағаттан соң). Өткір ауыруды шеттеткеннен кейін препаратты балауыз түрінде немесе таблетка түрінде күніне 2-4 реттен қабылдайды.

Кері көрсеткіштері. Жабық бұрышты глаукомада, аталық безінің гипертрофиясы, тахиаритмияда, жүктілік кезінде (жүктіліктің I үшайында және соңғы 6 аптасында).

Жанама әсерлері. Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, артериалды гипотензия, олиго- және анурия, енгізілген жердің ауырсынуы, ұзақ қолданған кезде - гранулоцитопения.

Шығарылу түрі. 500 мг таблеткада N.10, 20, 50; 50% 20 және 50 мл сауыттағы ішке қабылдауға арналған ерітінді; 300 және 1000 мг тік ішек балауызы N.5, 10; 50% 5 мл ампуладағы ерітінді N. 10 егуге арналған.

Кеторолак(Ketorolacum), кетанов. Кеторолак – стероидты емес қабынуға қарсы препарат, өз жігінің ішіндегі ең күшті ауыруды басатын дәрі, морфинмен салыстырғанда. Айқын ауыруды басатын СЕҚҚД. Кеторолак айқын анальгетикалық әсер көрсетеді, сонымен қатар қабынуға қарсы және шамалы қызуды төмендететін әсер көрсетеді. Әсер ету механизмі ЦОГ-1 мен ЦОГ-2 ферментінің белсенділігін талдамсыз тежеуімен байланысты, ең бастысы шеткі тіндердегі, оның салдарынан ауыру сезімталдығының, жылуды реттеу мен қабынудың модуляторы болып келетін – простогландиндер биосинтезі тежеледі. Препарат опиоидты рецепторларға әсер етпейді, тынысты тежемейді, дәріге тәуелділік туғызбайды, тыныштандыратын және анксиолитикалық әсер көрсетпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру синдромы (операциядан кейінгі кезеңдерде). Мөлшерін ауыру синдромының қарқындылығын ескеріп, жеке дара белгілейді. Бір реттік мөлшері 15-30 мг құрайды, әр бір 4-6 сағатта енгізеді. Дене салмағы 50 кг төмен науқастарға және 65 жастан үлкен адамдарға бір реттік мөлшері азайтылуы мүмкін.

Кері көрсеткіштері. Асқазан ішек жолдарының эрозивті-ойық жарамен зақымданулары, демікпе, бүйрек қызметінің айқын бұзылыстарында, жүктілік, емшекпен емізу кезінде, босанғаннан кейінгі ерте кезеңде, кеторолакқа, аспиринге жоғары сезімталдық. Кеторолакты 16 жасқа дейінгі балаларға тағайындамайды.

Жанама әсерлері. Лоқсу, іштің ауыруы, ұйқышылдық; мазасыздану, бастың ауыруы, тершеңдік, ісіну, егілген жердің ауырсынуы, ашуланшақтық, парестезия, депрессия, эйфория, ұйқының болмауы, бастың айналуы, тыныстың бұзылуы, тұншығу ұстамасы, зәр бөлінуінің жиілеуі, олигурия, тері қышынуы, есекжем, дәмнің және көрудің өзгеруі.

Шығарылу түрі. 10 мг таблеткада N. 10, 20; 3% ерітінді 1 мл ампулада және бір реттік қолданылатын егуге арналған шприцте.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ояншыққа қарсы дәрілер | Лкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер | Кіші тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер | Паркинсонизмге қарсы дәрілер | Холинергиялық дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз | Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері| Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)