Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері

Читайте также:
  1. ГАМҚ (бензодиазепиндерге ұқсас болып келеді) рецепторларының агонисттері
  2. Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері
  3. Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері

Морфин (Morphinum), долтард, морфилонг. Морфин – опиоидты наркотикалық анальгетиктер топтарының өкіліне жатады. ОЖН-де ауыру импульстарының берілуін тежейді, ауыруды эмоциялық бағалауды төмендетеді, дәріге психикалық және физикалық тәуелділіктің қалыптасуына ықпал ететін эйфория туғызады. Ауыру орталықтарының қозуын төмендету арқылы күшті ауыруды басатын әсерімен ерекшелінеді, ол сонымен жарақаттар кезінде шоктарға қарсы әсер көрсетеді. Морфин шартты рефлекстерге тежегіш әсер етеді, ОЖЖ-нің жиынтық қабілетін төмендетеді, наркотикалық, ұйықтататын және жергілікті жансыздандырушы дәрілердің әсерін күшейтеді.

Морфиннің әсеріне тән сипаттар – тыныс алу орталығын тежейді. Морфин айқын эйфория туғызады және оны қайта қолданғанда тез кеселді құмарлықтың (морфинизм) дамуына әкеледі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Морфинді жарақаттану және қатты ауыру сезімімен жүретін әртүрлі аурулар (қатерлі ісіктер, миокардтың инфаркты ж.т.б.) кезінде ауыруды басатын дәрі ретінде қолданады, операцияға дайындау және операциядан кейінгі кездерде, кейде қатты жөтел және жедел жүрек жетіспеушілігі салдарынан болатын демікпе кездеріндегі ұйқының болмауында. Бір реттік мөлшері 10-20 мг (қалыпты түр үшін) және 100 мг (ұзартылған түр үшін), жоғары тәуліктік мөлшер (сәйкес) – 50 және 200 мг, балаларға 0,2-0,8 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, тыныс алу орталығының мен ОЖЖ тежелуі (сонымен қатар алкогольды немесе наркотикалық улану тұсында), салды ішек өтпеуі, жүдеулік, этиологиясы белгісіз іштің қатты ауыруы, ауыр бауыр жеткіліксіздігі, бас ішілік гипертензия, қояншық статусы, жедел алкогольды улану, брон тарылуына бейімділік.

Жанама әсерлері. Лоқсу мен құсу, брадикардия, тыныс алу орталығының тежелуі, бас ішілік қысымның жоғарылауы, холестаз, зәрдің ұсталуы, психикалық және физикалық тәуелділік.

Шығарылу түрі. 1% - 1 мл ампуладағы және шприц-тюбиктегі егуге арналған ерітінді N. 5, 1; 1,5; 3 және 4% инфузияға арналған ерітінді; 10 мг таблеткалар; 10, 30, 60 және 100 мг капсула (М – эслон – морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі, ішке қолдануға арналған капсулада шығарылады).

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Morphini hydrochloridi 1%-1 ml

D.t.d. N. 6 in amp.

S. 1 мл-ден тері астына.

#

 

Морфилонг – бұлшықетке егуге арналған морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі; М-эслон – ішке қабылдауға арналған морфиннің әсері ұзартылған капсуладағы дәрілік түр, МСТ континус.

Морфилонг (Morphilongum) - бұлшықетке егуге арналған морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Айқын ауыру синдромы – оташалаудан кейінгі жағдайларда, қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқсатарды және т.б. Бұлшықетке тәулігіне 0,1 мл/кг 1 рет қолданады.

Шығарылу түрі. Ерітінді (0,5% морфин ерітіндісі 30% поливинилпирролидон ерітіндісінде) 2 мл N.5 ампулада бұлшық етке қолдануға арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Morphilongi 2 мл

D.t.d. N 5 in amp.

S. Тәулігіне 2 мл бұлшық етке 1 рет.

#

Омнопон(Omnoponum), пантопон. Омнопон біріктірілген препарат (Кодеин+Морфин+Наркотин+Папаверин+Тебаин ), наркотикалық анальгетик. Айқын анальгетикалық және спазмолитикалық әсерлері бар. Сананы бұзбай және басқа да сезімталдылықты өзгертпей, барлық ауыру сезімдерін тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі этиологиялы ауыру сезімдер (жарақатты, қатерлі ісіктерде, жүректің ишемиялық ауруларында және т.б.), ішек, өт ұстамасы, бүйрек ұстамасы. Ішке 0,01-0,02 г, балаларға тері астына (2 жастан асқан балаларға) жасына байланысты 0,001-0,0075 г-нан. Ересектер үшін ең үлкен мөлшер (ішке және тері астына) – 0,03 г; тәуліктік -0,1г.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, тыныс жеткіліксіздігі, қарт адамдарға, кахексия, бас қаңқасының жарақаты, геморрагиялық инсульт, жедел ішкі мүшелердің аурулары кезінде диагноз қойғанға дейін, жүктілік. Жалпы азу; ұзақ уақыт қолданған кезде наркомания дамуы мүмкін.

Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу, іш қату, тыныс алу орталығының тежелуі, зәр шығуының қиындауы, аллергиялық реакциялар. Жанама әсерлерін азайту үшін бұл препаратты холинолитикалық заттармен қосып тағайындау қажет (атропин және т.б.).

Шығарылу түрі. 1 және 2% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.

Кодеин (Codeinum) орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы дәрі; фенантрен қатарындағы алкалоид. Опиатты рецепторлардың агонисті, жөтел орталығының қозуын төмендетеді. Орталық жөтелге қарсы ықпалы жөтел орталығын басуымен байланысты. Анальгетикалық белсенділігі антиноцицептивті жүйені белсендірумен және ауыруды қабылдауды эмоциялық өзгертуге әкелетін, ОЖЖ әртүрлі бөліміндері мен шеткі тіндердегі опиатты рецепторларды қоздыруымен байланысты. Жөтел рефлексін тежеуі 4-6 сағатқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Құрғақ жөтел (бронхопневмония, бронхит, өкпе эмфиземасы); әлсіз және орташа қарқынды ауыру сезімі кезінде (наркотикалық емес анальгетиктермен қосып береді – бас ауыруы, невралгия); іштің өтуі. Ересектерге ауыру синдромы кезінде ішке - 15-60 мг-нан 3-6 сағат сайын, іштің өтуі кезінде - 30 мг-нан тәулігіне 4 рет, жөтел кезінде – тәулігіне 10-20 мг-нан 4 рет. Ересектерге арналған жоғары тәуліктік мөлшері - 120 мг. Балаларға ауыру синдромы кезінде – 0,5 мг/кг (15 мг/кв.м) тәулігіне 4-6 рет; іш өткенде – тәулігіне 0,5 мг/кг 4 рет; жөтел кезінде балаларға 2 жасқа дейін қолдануға болмайды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, токсикалық диспепсия, бронх демікпесінің ұстамсы, аритмииялар, тырысулар, дәріге тәуелділік, маскүнемдік, бас-сүйекішілік гипертензия, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гиперплазиясы, ауыр ауыру сезімді аурулар, әлсіз аурулар, жүктілік, лактация кезеңі, қарт адамдар, балалық шақ.

Жанама әсерлері. Тыныстың тежелуі, артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия, ішек және қуық атониясы, аллергиялық реакциялар, дәріге тәуелділік.

Шығарылу түрі. 0,1% ішке қолдануға арналған шырын және тамшы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sirupi Codeinі 0,1% - 100 ml

D.S. 1 шай қасықтан бір рет қолдану үшін.

#

Коделак (Codelacum) қоспасы (кодеин + термопсис шөбінің ұнтағы және мия тамыры + натрий гидрокарбонаты) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсерлері бар.

Шығарылу түрі. Таблеткалар N.10

Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. «Codelacum» N.10

D.S. Тәулігіне 1 таблеткадан 2 – 3 рет.

#

Коделак фито (Codilacum phyto) қоспасы (кодеин + мия тамырының сығындысы, термопсис және жебір шөбі сығындысы) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Шығарылу түрі. Коделак сауыттағы фито шырыны 50, 100 және 125 мл.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 246 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Этил спирті(Spiritus aethylicus), этанол. Этил спирті түссіз, ұшқыш, жылдам тұтанып, лап етіп жанатын сұйықтық. | Тарау. ГАМҚ (гамма аминомайлы қышқылы) рецепторына әсер ететін дәрілер | Йықтататын дәрілер | ГАМҚ (бензодиазепиндерге ұқсас болып келеді) рецепторларының агонисттері | Ояншыққа қарсы дәрілер | Лкен тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер | Кіші тырысу ұстамаларында қолданылатын дәрілер | Паркинсонизмге қарсы дәрілер | Холинергиялық дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз| Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)