Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Этил спирті(Spiritus aethylicus), этанол. Этил спирті түссіз, ұшқыш, жылдам тұтанып, лап етіп жанатын сұйықтық.

Читайте также:
  1. Жылдам, жанды
  2. Жылдам, жанды
  3. Этил спирті

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Антисептик және уытсыздандырушы зат ретінде, сондай-ақ, тұндырмалар, сығынды дәрілік заттар дайындау үшін қолданылады; сырттай қолдану үшін — ысқылау, компресстер. Сыртқа – теріге мақта тампондарымен, сүрткі қағаздары түрінде, солар арқылы жағады. Компресс үшін (күйіп қалуын болдырмау мақсатында) этанолды 1:1 қатынасында сумен араластыру керек.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері. Орталық жүйке жүйесін тежейді (резорбтивті ықпал).

Шығарылу түрі. 95% этил спирті. Құрамында көлемі бойынша 95-96% этил спирті бар спирт пен судың қоспасы. 90% этил спирті. Этил спиртінің 95% (92,7 бөлігі) сумен (7,3 бөлігі) қоспасы. 70% этил спирті. 95% этил спиртінің (67,5 бөлігі) сумен (32,5 бөлігі) қоспасы.40% этил спирті. 95% этил спиртінің (36 бөлігі) сумен (64 бөлігі) қоспасы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Spiritus aethylici 70% – 100 ml

D.S. Операциялық орынды тазалау, қолды жуу үшін.

#

Дисульфирам (Disulfiramum), тетурам, антабус, радотер, эспераль. Дисульфирам алькогольді қабылдаған соң қандағы ацетильдегид құнарлығын жоғарылатып, ацетильдегидрогеназаны тежейді. Ацетальдегидтің жинақталуы науқас үшін ағзадағы ауыр өзгерістерге әкеледі: терінің қызаруы, бет маңы мен дененің төменгі бөлігінде ысыну сезімі, кеуденің қысылу сезімі, тыныс алудың ауырлауы, бастың дыңылдауы (шуыл сезімі), жүрек соғуының жиілеуі, қорқыныш сезімі, кейде қалшылдап тоңып-қалтырау, артериалдық қысым анағұрлым төмендейді. Мұнан соң спирттік ішімдіктердің иісіне және дәміне, татымына кері шартты рефлекс қалыптасады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Созылмалы маскүнемдікті дәрігер-нарколог бақылауында емдеу үшін тәулігіне 0,25-0,5 г стационар тәртібіндегі кесте бойынша.

Кері көрсеткіштері. Эндокриндік аурулар, тәждік тамырлардың және ми тамырларының атеросклерозы, артериалдық гипертония, жүрек-тамыр аурулары, қан түзу мүшелерінің аурулары, туберкулез, бронх демікпесі, асқазанның қанталайтын ойықжарасы, бауыр мен бүйрек аурулары, психикалық аурулар, қояншық, невриттер, мидың инфекциялық аурулары, глаукома, жүктілік, тетурамға идиосинкразия.

Жанама әсерлері. Жүрек-тамыр жүйесінің, шеткері және орталық жүйке жүйесінің қызметтерінің түрлі аурулары, бұзылыстары, асқазан-ішек торабы, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. Ішке қабылдау үшін 100, 250 және 500 мг таблеткалар және имплантация үшін 100 мг таблеткалар түрінде; 200 және 400 мг көбіктенетін таблеткалар N.50.

 

Радотер (Radoterum) созылмалы маскүнемдік кезінде имплантациялауға арналған дисульфирамның арнайы дәрілік түрі.

Шығарылу түрі. 100 мг бұлшық етіне имплантациялауға арналған N.10 таблеткалар.

 

Эспераль (Esperalum) созылмалы маскүнемдік кезінде имплантациялауға арналған тетурамның арнайы дәрілік түрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Алкогольге тәуелділіктің қайталануын алдын алу шаралары үшін(қосымша зат ретінде). Нарколог дәрігерінің бақылауымен таңертенгі уақытта 500 мг таңертенгі аспен, 24 сағаттық спирттік ішімдікті қабылдамағаннан кейін.

Кері көрсеткіштері. Дисульфирамды қара.

Жанама әсерлері. Дисульфирамды қара.

Шығарылу түрі. 500 мг таблеткада N.20.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 258 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Адренотежегіштер | Симпатомиметикалық дәрілер | Симпатолитикалық дәрілер | ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Серотонинергиялық дәрілер | Пуринергиялық дәрілер | Наркозға арналған дәрілер | Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер | Тыныс арқылы берілмейтін наркозды дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Этил спирті| Тарау. ГАМҚ (гамма аминомайлы қышқылы) рецепторына әсер ететін дәрілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)