Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Наркозға арналған дәрілер

Читайте также:
  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Аллергияға қарсы дәрілер
  3. Антихолинэстеразды дәрілер
  4. Арналған емтихан тест сұрақтары
  5. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер
  6. Гистаминге қарсы дәрілер
  7. Дәрілер

Наркоз – ағзаға бір немесе бірнеше наркозды заттарды енгізумен туындаған, ағзаның көптеген қызметіне әсер көрсететін, орталық жүйке жүйесінің қызметін жасанды, қайтымды тежейді: естің жоғалуы, рефлекторлы қызметтің тежелуі, әртүрлі сезімталдық түрлерінің жоғалуы (ауыру, жанасу ж.т.б.) мен бұлшықеттерінің босансуы. Наркозға арналған заттардың негізгі ықпал әсерлері қозудың нейрон аралық өткізгіштіктің тежелуімен байланысты, ол кезде қыртысты-қыртыс асты қарым-қатынасының бұзылысы, аралық, ортаңғы және жұлын миының қызметінің бұзылыстары болады. Наркозға арналған заттардың орталық жүйке жүйесіндегі нейрондарындағы алмасу үрдісінің тежелуін түсіндіретін бірнеше теориялар ұсынылған, бірақ осы теориялардың біреуі де наркотикалық заттардың синаптикалық өткізудегі қозуларына тежегіш әсерінің механизмін молекулярлық деңгейде түсіндіре алмайды. Бас миының әртүрлі деңгейдегі қызметтік жағдайы, наркозға арналған заттарға сезімталдығы бірдей емес. Осыған байланысты бұл заттардың әсерін белгілі сатыларға бөледі. Ең көрнектісі наркозға арналған эфирде айқын байқалады:

I сатысы – анальгезиялық (ауыру сезімталдығының басылуы);

II сатысы – қозу (Қыртыс астықұрылымның белсенділігінің жоғарылауы);

III сатысы – хирургиялық ұйқы (бас миында, сонымен қатар жұлын миы деңгейінде нейрон аралық өткізгіштіктің әрі қарай тежелуі);

1 – дәрежеде – үстіртін наркоз

2 – дәрежеде – жеңіл наркоз

3 – дәрежеде – терең наркоз

4 – дәрежеде - өте терең наркоз

IV сатысы – агония сатысы, өлім алдындағы жағдай(бұл тек наркоздық дәрінің улық мөлшеріне келіп қалғанда болады. Ол сопақша мида орналасқан тыныс алу мен тамырларды қозғау орталықтырының тежелуімен байланысты, тыныс алу орталығының салдары және оның нәтижесі жүректің тоқтауына әкеледі).

Наркозға арналған дәрілерді қолданған кезде келесі сипаттамалар өте маңызды: айқын қозусыз наркоздың тез басталуы, тиімді жағдайларда операция жүргізуге мүмкіндік беретін наркоз тереңдігінің жеткіліктігі, наркоз тереңдігін жақсы басқарылуы, наркоздан тез және асқынусыз шығу. Наркозға арналған заттар жеткілікті наркотикалық кеңдікке (наркотикалық кеңдік) ие болуы керек – терең хирургиялық наркоз сатысын туғызатын заттың шоғырымы мен тыныс алу орталығының тежелу салдарынан тыныстың тоқтауы болатын ең аз улы шоғырым диапазонының арасы.

Сонымен қатар, наркозға арналған заттар енгізілген жерде тіндердің тітіркенуін туғызбауы керек, ең аз жанама әсерлерге ие болуы тиіс. Наркозға арналған заттар өрт қауіпсіздігі болмау керек. Бірақ қазіргі кезде осы талаптарға толық жауап беретін заттар жоқ. Осыған байланысты жаңа кезеңдегі анестезиологилық тәжірибеде наркозға арналған заттарды біріктіріп қолданады, ол енгізілетін дәрілердің мөлшерін және олардың қалаусыз ықпалдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қолданылатын наркозға арналған заттар әртүрлі химиялық жіктерге жатады, сондықтан тәжірибелік көз қарас бойынша және енгізу жолдары бойынша олар келесі топтарға бөлінеді:

1. Ингаляциялық наркозға арналған заттар.

А/ Ұшқыш сұйық заттар: галотан, энфлуран, изофлуран, севофлуран, диэтил эфирі.

Б/ Газ тәріздес заттар: динитроген оксид, ксенон.

2. Ингаляциялық емес наркозды дәрілер (дәріні тамыр арқылы енгізу):

- тиопентал натрия, пропанидид, пропофол, кетамин, натрия оксибат.

 

Кесте 7.1.1. Ингаляциялық наркозға арналған дәрілердің жалпы сипаттамасы

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 669 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Миорелаксанттар | Дәрілер | Шығарылу түрі.Егуге арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады, инфизионды ерітіндіге қосып қолданады. | Адренотежегіштер | Адренотежегіштер | Симпатомиметикалық дәрілер | Симпатолитикалық дәрілер | ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер | Серотонинергиялық дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пуринергиялық дәрілер| Тыныс арқылы берілетін наркозды дәрілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)