Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пуринергиялық дәрілер

Читайте также:
  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Аллергияға қарсы дәрілер
  3. Антихолинэстеразды дәрілер
  4. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер
  5. Гистаминге қарсы дәрілер
  6. Дәрілер
  7. Дәрілердің өзгеруі

Пуриндердің физиологиялық белсенділігін жүзеге асырылуы рецепторлар арқылы жүзеге асады, бұл рецепторлар нейроналдық немесе эффекторлық жасушалардың постсинаптикалық мембраналарында орналасады да пуриндік немесе аденозиндік рецепторлар деп аталады. Пуриндік рецепторлардың қазіргі заманғы жіктелуі қандай да бір рецепторлардың аденозин мен оның туындыларына түрлі сезімталдығына негізділіп құралған.

Пуриндік рецепторлары Р1 және Р2 бөлінеді. Р1 – рецепторлары АТФ үйлесімдеріне қарағанда аденозинге сезімдірек және метилксантиндермен тежелінеді, ал Р2 – рецепторлары аденозиннен көрі, АТФ сезімдірек және кофеин мен теофиллинмен тежелмейді. Заманауи пікірлерге сай, пуриндік рецепторлардың 2 сыныпы бар. Р1 –рецепторлары G-ақуыздарымен ұштастырылған; бұл рецепторларды 4 бөлімге бөледі: А1 - А4 – олардың бәріне аденозин агонист болып табылады.

А1 және А2 –рецепторларының антагонисті ксантиндер, ал А3 және А4 - рецепторларында – жоқ. А1 – рецепторларының белсенуі аденилатциклазаның баяулауымен және калий түтікшелерінің белсенуімен, сондай-ақ, бірқатар жағдайларда С фосфолипазасының белсенуімен өтеді. Ал А2–рецепторлары аденилатциклаза белсенуіне жанама әсер етеді.

Эндогенді пуриннің физиологиялық қызметі адрено- және холинорецепторларға сезімталдықты өзгерту арқылы әртүрлі тіндердегі жасушалардың белсенділігін реттейді. Пуринергиялық заттар – адренергиялық, дофаминергиялық, холинергиялық және инсулинді рецепторлардың модуляторы болып келеді. Пуриндер сүтқоректілердің ағзасында көп қызметті қосылыстарға жатады; олар макроэрго ретінде орындайды, нуклеин қышқылының, әр түрлі коферменттердің құрамына кіреді және жүйке импульстарының берілуіне қатысады. Пуринді рецепторлар тромбоциттердің агрегациясы, иммунокомпонентті жасушалардың толық дамуы мен өсуі сияқты үрдістердің дамуын күшейтеді. Пуриндер өзіндік нейромедиаторлық жүйе қызметін түрлендіруге ықпал етеді (адренергиялық және холинергиялық), сонымен қатар парасимпатикалық және симпатикалық жүйе белсенділіктерінің арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

Пуринергиялық рецепторлармен әрекеттесу жолымен, өзінің фармакологиялық ықпалдарын жүзеге асыратын дәрілік заттарды келесі топтарға бөледі:

1. Р1 пуринергиялық рецепторларды тікелей ынталандыратын дәрілік заттар, талдамсыз Р1 аденозиномиметиктер: аденозин, инозин.

2. Р2 пуринергиялық рецепторларды тікелей ынталандыратын дәрілік заттар, Р2 аденозинмиметиктер: аденозинтрифосфат (АТФ).

3. Жанама түрде Р1-пуринергиялық рецепторларды ынталандыратын дәрілік заттар, тура емес Р1-аденозиномиметиктер: дипиридамол

4. А1-пуринергиялық рецепторларды таңдамалы түрде тежейтін дәрілік заттар, талдамды А1-аденозинолитиктер: теофиллин, кофеин-бензоат натрий.

Аденозин фосфат (Adenosinі phosphas), фосфаден, аденокор. Адинозин фосфат қысқаша айтқанда АМФ тамырларды кеңейтетін және антиагрегациялық әсер көрсететін тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттейтін және порфириндер биосинтезіне қатысатын бір қатар коферменттерге кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ауытқымалы порфирия мен қорғасынмен уланудағы айқын полиневратикалық синдромда, созылмалы бітелуші эндартеритте, тромбофлебитте, созылмалы көк тамырлық жетіспеушілікте, көк тамыр тромбозында, жүректің ишемиялық ауруында, сонымен қатар 12-елі ішектің ойық жаралы зақымдалуында тағайындалады. Жедел порфирияда бұлшық етке 2% ерітіндіні 3 мл күніне 5 рет береді, кейіннен препаратты қолдануды күніне екі ретке дейін, бірнеше апта бойы қолданады. Өзге ауруларда ішке 0,025 - 0,05 күніне 2-3 рет немесе бұлшықетке тәулігіне 0,02-0,04 г 2 апта бойы береді.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесі, атриовентрикулярлы тежелу.

Жанама әсерлері. Лоқсу, бас айналуы, тахикардия, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін, бұл жағдайларда мөлшерлемені азайтуға немесе препараттың қабылдауын тоқтату керек.

Шығарылу түрі. 25 және 50 мг таблеткалар N.30, 50; 2% ерітіндіні 1 мл N.10 бұлшықет егулері үшін құтыларда.

Аденокор (Adenocorum) аритмияға қарсы дәрі, ол миокардтағы метаболикалық үдерістерді қалыптастырады (Адинозин фосфатты қараңыз).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Пароксизмалдық қарынша үстілік тахикардиясы. Көк тамырға 3 – 12 мг мөлшерінде береді.

Кері көрсеткіштері. Атриовентрикулярлық тежелу, синустық түйіннің әлсіздік синдромы.

Жанама әсерлері. Аденозин фосфатындағыдай.

Шығарылу түрі. 0,3% ерітіндіні 2 мл N.6 ампулаларда көк тамыр ішіне енгізу үшін.

Инозин (Inosinum), рибоксин. Инозин пуриннің АТФ ізашары түріндегі туындысы, нуклеотид ретінде жасуша ішіне ене отырып, миокардтың энергетикалық тепе-теңдігін жоғарылатады, Кребс циклы ферментінің белсенділігін ынталандырады, алмасу үдерістеріне оң әсер етеді, тәжілік қан айналымын жақсартады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жүректің ишемиялық ауруы, кардиомицит, жүрек гликозидтерін пайдаланудан болған жүрек ырғақтығының бұзылулары, бауыр ауруларында (гепатиттер мен цирроз) кезінде, және порфирияны емдеу үшін. Ішке тәулігіне 3-4 рет қабылданымға 0,6-2,4 г, көк тамыр ішіне 200-400 мг тәулігіне 1-2 рет.

Кері көрсеткіштері. Подагра.

Жанама әсерлері. Қышыну, тері гиперемиясының байқалуы мүмкін, кей кездері қандағы несеп қышқылы құнарлығының жоғарылауы, ұзақ қолданғанда подагра асқынуы мүмкін, осы кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Шығарылу түрі. 200 мг таблеткалар мен капсулалар N.50, 100, 1000; 5 және 10 мл құтыдағы 2% ерітінді мен ампулалар N.10 көк тамыр ішіне енгізілуі үшін.

Натрий аденозин үшфосфат (Natrii adenosintriphosphas), АТФ. Препарат пуринергиялық рецепторларды қоздыру медиаторларының бірі болып табылады, мұнымен қоса адренергиялық және холинергиялық синапстарда жүйке қозуын және жүректің кезбе жүйкесінің қозуын беруге қатысады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұлшықетдистрофиясы мен атрофиясының кешенді терапиясы, шеткері тамырлардың тарылуы – ауыспалы ақсаңдау, Рейно ауруы, бітелмелі тромбангиит, кейде босану үдерісін ынталандыру үшін қолданылады. 1% егу түрінде – алғашқыда 2-3 күнде 1 рет бұлшықетке 1 мл мөлшерлемесінде, сосын күніне 2 рет 2 мл егеді.

Кері көрсеткіштері. Миокард инфарктының жедел түрі.

Жанама әсерлері. Бас ауыруы, тахикардия, бұлшықетке енгізгендегі диурездің күшеюі, ал көк тамыр ішіне енгізгенде лоқсу, бет қызаруы, бас ауыруы байқалуы мүмкін, бірақ мұның бәрі өздігінен тыйылады.

Шығарылу түрі. 1% ерітіндіні 1 мл N.10 ампулаларда көк тамыр ішіне егу үшін.

Дипиридамол (Dipyridamolum), курантил, персантин. Дипиридамол аденозинді ыдырататын фермент аденозиндезаминазаның бәсекелестік баяулатқышы. Дипиридамолдың маңызды ерекшелігі ретінде оның тромбоциттердің агрегациясын тежеу және тамырларда тромб түзілуіне кедергі келтіру қасиетін атау керек. Препарат простациклин биосинтезін және тромбоксандар (тамыр тонусын реттеуші және қан жүйесін ұйытатын үдерістерге қатысатын биологиялық белсенді заттар) синтезін ынталандырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Тромбоздар, тромбоэмболиялық асқынулар, аяқ тамырларының бітелу аурулары. Ішке тамақтануға дейін күніне 3-4 реттен 50-100 мг тағайындайды.

Кері көрсеткіштері. Миокардтың жедел инфаркты, коронарлық атеросклероз, артериалдық гипотензия, субаорталды стеноз, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, қан кетудің үлкен қауіпі бар жағдайлар, жүктілік.

Жанама әсерлері. Лоқсу, бас ауыруы, миалгия, артериалдық гипотензия, тахикардия көрінісіндегі қанның бетке шабуы.

Шығарылу түрі. 25, 50, 75 және 100 мг таблеткаларда, 25 және 75 мг дражелер N.15; 2 мл ампуладағы егуге арналған 0,5% ерітінді.

Теофиллин (Theophylinum) орталық жүйке жүйесіне ынталандыру әсерін береді, миокардтың жиырылу қызметін күшейтеді. Аздап шеткері, теждік және бүйрек тамырларын кеңейтеді, орта дәрежеде диуретикалық әсер етеді, тромбоциттер агрегациясын баяулатады, месше жасушалардан аллергия медиаторларының босансып шығуын тежейді. Әсіресе теофиллиннің бронхты кеңейткіш әсері маңызды болып табылады. Теофиллиннің әсер ету механизмінде фосфодиэстеразаның баяулауы мен ұлпаларда циклдік 3'-5'-аденозинмонофосфатының жинақталуы маңызды рөл атқарады. Теофиллиннің молекулярлық механизміндегі мәні, оның аденозиндік (пуриндік) рецепторларды тежеу қасиеті жатыр.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, обструктивтік бронхит, өкпе эмфиземасы. Ересектерге тәулігіне 2-4 реттен 100-200 мг, балаларға бір қабылданымға 10-100 мг тағайындайды.

Кері көрсеткіштері. Геморрагиялық инсульт, миокардтың жедел инфаркты, айқын коронаросклероз, ауыру тарихында қан кету жайлы мәліметтер, жүктілік, емізу.

Жанама әсерлері. Диспептикалық бұзылыстар, бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылуы, ішек атониясы, тахикардия, аритмия, стенокардия мен холецистит асқынуы, артериалдық гипотензия, дірілдеу, қозу, ұйқысыздық, лейкопения, тромбоцитопения, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 100 мг таблеткаларда балаларға N.30 және 200 мг N.30; 50, 75, 100, 250, 300, 400 және 500 мг капсулаларда 0,5% шырынп; 200 мг тік ішек балауыздары.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sirupi Theophylini 0,5% - 200 ml

D. S. 1 асхана қасығы күніне 2 – 3 рет.

#

Кофеин (Coffeinum) шәй, кофе, какао, кола және басқа өсімдік дәндерінде болатын алкалоид. Ми қатпарына айқын қоздыру әсерін тигізеді, психикалық қызметті ынталандырады, ойлау және физикалық жұмыс қабілетін жоғарылатыды. Қабылдағаннан кейін сергектік байқалады, уақытша шаршағандық, маужырау белгілері жоғалады. Кофеиннің әсерінен жүрек қызметі күшейеді, миокард жиырылуы қарқындала түседі және жиілейді. Коллапстық жай-күй кезінде артериалдық қысым жоғарылайды.

Кофеиннің ынталадырғыш әсеріне қатысты нейрохимиялық механизмінде пуриндік нуклеотид – аденозин эндогендік лиганды болатын, мидың телімді Р1-пуриндік рецепторларын тежеу қабілеті, оның маңызды көрсеткіші болып саналады. Кофеиннің әсер ету механизмінде оның фосфодиэстера ферментіне күйзелткіш әсері маңызды рөл атқарады, бұл циклдік аденозинмонофосфаттың, ал ол арқылы (екіншілік медиатор ретінде) түрлі биогендік дәрілік заттардың физиологиялық әсерін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Орталық жүйке жүйесі менжүрек-тамыр жүйесінің қызметін күйзеліске ұшырататын инфекциялық және басқа аурулар кезінде, наркотиктермен және басқа улармен уланғанда, ми тамырларының тарылуында (бас сақинасы т.б. кезеңдері) психикалық және физикалық жұмыс қабілетін арттыру үшін тағайындалады. Ересектерге арналған орташа мөлшерлемесі бір қабылданымға 0,05-0,1 г күніне 2-3 реттен. 2 жастан асқан балаларға жасына қатысты бір қабылданымға 0,03-0,075 г береді.

Кері көрсеткіштері. Жоғары дәрежедегі қозу, ұйқысыздық, артериалдық гипертензиялар, органикалық жүрек-тамыр аурулары, егде жас, глаукома.

Жанама әсерлері. Шамадан тыс көп бергенде ұйқының қашуы, лоқсу белгілері, тахикардия, аритмия, қозу жай-күйінің орын алуы мүмкін.

Шығарылу түрі. Балаларға 75 мг таблеткаларда N. 10, 100 және 200 мг; 10 және 20% ерітіндісі 1, 2, 5 және 10 мл; сондай-ақ тері асты егу үшін 1 мл құтыдағы шприц-сықпалар.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Coffeini natrii benzoatis 10% - 1 ml

D.t.d. N.10 in amp.

S. 1-2 мл тері астына.

#


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 415 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ганглиотежегіштер | Миорелаксанттар | Дәрілер | Шығарылу түрі.Егуге арналған 1% ерітінді 1 мл ампулада шығарылады, инфизионды ерітіндіге қосып қолданады. | Адренотежегіштер | Адренотежегіштер | Симпатомиметикалық дәрілер | Симпатолитикалық дәрілер | ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер | Дофаминергиялық дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Серотонинергиялық дәрілер| Наркозға арналған дәрілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)