Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Индол сірке қышқылының туындысы

Читайте также:
  1. Оксикам туындысы
  2. Пропион қышқылының туындысы
  3. Фенил сірке қышқылының туындысы

Индометацин (Indometacinum), метиндол. Индометацин – тиімділігі жағынан ең белсенді қабынуға қарсы стероидты емес препарат болып табылады. Простогландиннің биосинтезін күшті баяулатады. Айқын ауыруды басатын белсенділік танытады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артриттер, анкилозирлеуші спондилит, остиоартроздар, подагра, тромбофлебиттер. Ересектерге ішке 25-50 мг-нан тәулігіне 2-4 рет, тік ішекке 50 мг тәулігіне 1-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жарасы, қан кетулер, бронх демікпесі, тромбоцитопения, ауыр бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік.

Жанама әсері. Диспепсиялық бұзылулар, асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жарасы, іштің қатуы, токсикалық гепатит, асқазан-ішек және тік ішек қан кетулері, артериалды гипертензия, аритмия, қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гипергликемия, гиперкалемия, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 25, 30 және 50 мг капсулалар N.20, 30, 50, 100; 75 мг ретард капсулалар N.10, 50; 5, 10 және 25 мг таблеткалар N.10, 30. 50; 25 мг ішекте еритін таблеткалар; 25 мг дражелер N.30; 50 және 100 мг тік ішек балауыздары N.5, 6, 10; 3% 2 мл ерітінді N.10 бұлшық етке арналған ампуладағы ерітінді; 1 және 10% тубадағы гель 50 және 100 г және 5% 40 г; 5 және 10% 30 және 40 г тубадағы жағынды; 1% көз суспензиясы; 0,1% 5 мл флакондағы көз тамшысы ретінде қолданатын ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Dragee Indometacini 0,025

D.t.d. N. 30

S.1 дражеден күніне 3 рет.

#

Сулиндак (Sulindacum), клинорил. Сулиндак простагландин синтезінің тежелуі мен циклооксигеназаны баяулатуымен байланысты болатын, қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіруші әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, остеоартрит, спондилоартрит, люмбаго. Ересектерге ішке 100-200мг, балаларға 4-6 мг/кг 1-2 реттен.

Кері көрсеткіштері және жанама әсері. Көбінесе индометацинге ұқсас.

Шығарылу түрі. 100, 150, 200 және 400мг таблеткалар; 1 және 4% балаларға араналған ішке қолданатын суспензия.

Этодолак (Etodolacum) эльдерин. Этодолактың қабынуға қарсы, қызуды басатын, және жалпы ауыруды басатын басты әсер ету механизмі, циклооксигеназа ферментін басуына байланысты, нәтижесінде арахидон қышқылынан түзілетін простагландиндердің, простациклиндердің және тромбоксанның биосинтездері бұзылады. Простагландин өнімдерінің азаю салдарынан, олардың гипоталамустағы жылуды реттеу орталығына пирогенді әсері төмендейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, ревматизм, анкилозирлеуші спондилит, остеоартроз. Ішке 200-300мг 2 реттен тәулігіне тамақ арасында.

Кері көрсеткіштері. Негізі он екі елі ішектің және асқазанның ойық жарасы, асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, жүктілік, емшекпен емізу кезінде, балалық жас.

Жанама әсері. Диспепсиялық бұзылыстар.

Шығарылу түрі. 200 және 300 мг таблеткалар N.20.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 246 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері | Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері | Ызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер | Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер | Стероидты қабынуға қарсы дәрілер | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары | Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар| Фенил сірке қышқылының туындысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)