Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пропион қышқылының туындысы

Читайте также:
  1. Индол сірке қышқылының туындысы
  2. Оксикам туындысы
  3. Фенил сірке қышқылының туындысы

Ибупрофен (Ibuprofenum), бруфен. Ибупрофен - стероидты емес қабынуға қарсы дәрі (СЕҚҚД). Қабынуға қарсы, ауыруға қарсы және шамалы қызуды басатын белсенділікке ие. Оның әсер ету механизміне орталықтағы сол сияқты шеткі деңгейдегі Е және F простагландиндер биосинтезін баяулатуы жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Негізінен артриттер, Бехтерев ауруы, әр түрлі генездігі орташа ауыру синдромы, қызба жағдайлары. Ересектерге арналған мөлшері 200-800мг, ал 12 жастан асқан балаларға 5-10мг/кг және тік ішеккке 60мг, ал сыртқа 5мг гель немесе май күйінде күніне 3-4 рет.

Кері көрсеткіштері. Пироксикамға ұқсас, сонымен қатар артериалды гипертензия, қан кетулерге бейімділік, бронхоспастикалық реакциялар, естудің төмендеуі және т.б.

Жанама әсері. Пироксикамға ұқсас.

Шығарылу түрі. 200, 400, 600 және 800мг ретард таблеткалар N.10, 20, 50, 100; 200мг көпіргіш таблеткалар N.10; 50 және 100мг шайнауға арналған таблеткалар N. 24 балаларға 200мг; 200 мг драже N. 20; 200 мг капсулада N.10 және 300мг N.15; 2% 100 және 200 мл флакондағы шырын; 2% 60, 100 және 120 мл балаларға арналған ішке қолданатын флакондағы ерітінді; 4% 5 мл флакондағы ішке қолдануға арналған ерітінді; 3 г пакеттегі ішке қолдануға арналған гранула (200, 400 және 600 мг); балаларға арналған 60 мг тік ішек балауыздары N.5; 5% 20, 30, 50, 100 г крем және гель 10% 30 г гель.

Рецепт үлгісі. Rp.: Granulае Ibuprofeni 0,6 – 3,0

D.S. Алдын ала грануланы 100 мл суда ерітіп және 1 шай қасықтан күніне 3 рет тағайындау қажет.

#

Напроксен (Nаproxеnum) қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер көрсетеді, ол ЦОГ1 және ЦОГ2 белсенділігін талдамсыз тежеумен байланысты.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Негізінен ревматизм, ревматоидтық артрит, невралгия, миалгия, бас сақинасы. Ересектерге арналған мөлшері 250-500мл 2-3 реттен, 1 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 реттен 2,5-10 мг/кг, тік ішекке 250мг, тәулігіне 1 балауыздан 1-2 реттен.

Кері көрсеткіштері. Негізінен тежелу сатысындағы асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, бронх демікпесі.

Жанама әсері. Пироксикамға ұқсас.

Шығарылу түрі. 220, 250, 275, 375, 500 және 550мг таблеткалар N.10, 20, 30, 50; 2,4 және 2,5% 100 мл суспензия; 250 және 500 мг тік ішек балауыздары N.6, 10.

Флурбипрофен (Flurbiprofenum)стрепфен. Флурдипрофен айқын ауыруды басатын, қабынуға қарсы және қызбаны түсіруші белсенділікке ие. Әсер ету механизмі ЦОГ баяулатуымен және простагландин синтезінің тежелуімен байланысты. Тромбоциттердің агрегациясын тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидтық артрит, остеоартрит, анкилозирлеуші спондилоартрит, деформирлеуші остеоартроз, көздің қабыну аурулары. Ішке 50-100мг мөлшерінде тәулігіне 3 реттен қабылдайды, теі ішекке 100 мг 1 балауыздан 1-3 реттен тәулігіне 0,03% көз тамшылары.

Кері көрсеткіштері. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында, геморрагиялық синдром, бүйректік, бауырдың және жүректің жетіспеушіліктері, қаназдық, артериялдық гипертензия, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Негізінен пироксикамға және басқа да СЕҚҚД ұқсас.

Шығарылу түрі. 50 және 100 мг таблеткаларда N.30; 8,75 мг соруға арналған таблеткалар N.8; 200 мг ретард капсулада N.10, 30; 100 мг тік ішек балауызы N.12; 5% 15 және 30г тубадағы гель; 0,03% көз тамшысы ретінде қолданатын ерітінді.

 

Кетопрофен (Ketoprofenum), кетонал. Кетопрофен – ауыруды басатын, қызбаны түсіруші, қабынуға қарсы, антиагрегациялық дәрі. ЦОГ1 және ЦОГ2 белсенділігін баяулатады, ПГ мен ЛТ синтезін тежейді. Антибрадикининдік белсенділікке ие, лизосомальды мембрананы тұрақтандырады және олардан созылмалы қабыну кездерінде тіндердің бұзылуына ықпал ететін ферменттердің босап шығуын ұстайды. Цитокиндердің бөлінуін тежейді, нейтрофилдердің белсенділігін тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Негізінен ревматоидтық және подагралық артриттер, өзіндік емес спондилоартриттер, остеоартроздар, буыннан тыс ревматизм, ауырсыну синдромы, тромбофлебит, бұлшық ет, буын, сіңір жарақаттары. Ішке қабылдау мөлшері 100-400мг 3-4 реттен, тік ішекке 100-200 мг-нан тәулігіне 1-2 балауыздан, көк тамырға 100 мл 1-2 реттен, аэрозольды 10% 2-6 реттен тері үстіне тәулігіне 2-3 реттен себу.

Кері көрсеткіштері. Негізінене басқа СЕҚҚД ұқсас, мұнымен қоса жүктілік, емшекпен емізу және балалық жасында.

Жанама әсері. Негізінен басқа СЕҚҚД ұқсас.

Шығарылу түрі. 50 және 100 мг таблеткалар және 150мг ретард таблеткалар N.20; 50 мг капсулада N.25 және 200 мг ретард капсулада; 2 г (80мг) ішке қолдануға арналған пакеттегі суспензия ретінде қолданатын ұнтақ; 1,6% 150 мл шаюға арналған флакондағы ерітінді (дозатор-шақыш; 100 мг тік ішек балауызы N.6, 12; 5% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 100 мг егуге арналған флакондағы лиофилизирленген ұнтақ N.6; 5% 30 г тубадағы крем; 2,5% 30, 40, 50 және 60 г тубадағы гель; 5% 50 мл ерітінді спрей және 10% - 15 мл (62 мөлшер) және 30 мл (125 мөлшер) флакондағы сыртқа қолдануға арналған ерітінді (шашуға арналған).

Тиапрофен қышқылы (Acidum tiaprofenicum), сургам. Тиапрофен қышқылы – қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қызбаны түсіретін дәрі. Циклооксигеназаны тежейді және ПГ синтезін төмендетеді. Тромбоциттердің агрегациясын басады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматоидтық артрит, анкилозирлеуші сподилит, остеоартроз, бурсит, бел-құйымшақ радикулиті, операциядан кейінгі ауыру синдромы. Ересектер үшін мөлшері ішке 300мг 2 реттен, балаларға 10мг/кг 2-3 реттен, тік ішекке ересектерге 300 мг және балаларға 150 мг 1-3 реттен тәулігіне, бұлшықет ішіне 200-400 мг әр 8 сағат сайын қолдану.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, он екі елі ішек және асқазанның ойық жарасы, бронх деміпкесі, бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылысы, қуықтың және аталық безінің қабынуы, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Басқа СЕҚҚД ұқсас, сонымен қатар ісінулер мен бронх тарылуы.

Шығарылу түрі. 100 мг таблеткада N.30 және балаларға арналған 150 мг N.6 және 300 мг таблеткалар N.40; 300мг ретард таблеткалар; 300 мг ретард капсулалар; балаларға арналған 150-300 мг тік ішек балауыздары N.6; 200 мг флакондағы көктамырға егуге арналған ерітінді.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 251 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері | Ызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер | Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер | Стероидты қабынуға қарсы дәрілер | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары | Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Индол сірке қышқылының туындысы | Фенил сірке қышқылының туындысы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оксикам туындысы| Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)