Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эндогенді жолмен алынған полипептидтер және олардың үйлестері

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  4. Ауыл және қала халқы
  5. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  6. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні
  7. Векторлы және растрлы модельдер

Тималин (Thymalinum) иммунды түрлендіруші дәрі, ірі қара малдың айырша безінің полипептидті фракциясының жиынтығы болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеу. Іріңді үрдістің кешенді терапиясында, күйікті ауруларда, трофикалық жараларда және т.б. Ересек адамдарға 5-20 мг бұлшықетке, ал баларға тәулігіне 1-5 мг енгізіледі.

Жанама әсерлері. Негізінен аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. Бұлшық етке енгізу үшін ерітіндіні дайындауға арналған лиофилизирленген сауыттағы ұнтақ 5 және 10 мг.

Тактивин (Tactivinum), ірі қара малдың айырша безінен алынған иммунды белсендіруші дәрі.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеу. Жалпы жұқпалы және иммунды жетіспеушілік жағдайларда кешенді терапияда қолданылады, 1-2мг/дене салмағына мөлшерімен енгізіледі.

Кері көрсеткіштері. Бронх демікпесінің атопиялық түрінде және жүктілікте.

Жанама әсерлері. Негізінен іріңді инфекциялық асқынуларда.

Шығарылу түрі. 0,01% 1 мл ампуладағы және флакондағы тері астына егуге арналған ерітінді.

Миелопид (Myelopidum) бұзаудың және шошқаның жұлын жасушасының культурасынан алынатын иммунды белсендіруші дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Иммуножетіспеушілік жағдайлары, 3-6 мг тері астына күнделікті және күнара.

Кері көрсеткіштері. Резус-қайшылығы бар жүктілік.

Жанама әсерлері. Бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, қызба, гиперемия және енгізген жердегі ауырсыну сезімі.

Шығарылу түрі. 3 мг егуге арналған тері астына егетін флакондағы ұнтақ.

Иммунофан (Immunofanum) олигопептидті иммуномодулятор, синтетикалық гексапептид аргинил-альфа-аспартил-лизил-валил-тирозил-аргинин белсенді әсер ететін дәрі болып табылады. Иммунофан иммунды белсендіруші, детоксикациялық, гепатопротективті әсер көрсетеді, бос радикалды және тотықты байланыстарды баяулатады. Имунофанның әсері қышқылды және антиқышқылды ағза жүйесін және иммундық жүйесінің жұмысын қалыптастырады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі этиологиялы токсикалық жағдайлар мен иммунды жетіспеушіліктің алдын алу және емдеу, созылмалы қабыну аурулары, жұқпалы аурулар, цитомегаловирусты инфекция, ұшықтық инфекция, токсоплазмоз, хламидиоз, созылмалы вирусты гепатиттер және басқа да, ісіктер, күйіктер, ұзақ жазылмайтын жаралар, сепсис, септикалық эндокардит, бронхообструкциялық синдром, холецистопанкреатит, ревматоидты артрит, псориаз және т.б. Иммунофанды курс бойынша тағайындайды; тері астына немесе бұлшықетке, тік ішекке немесе интраназальды, бір реттік тәуліктік мөлшерде 50 мкг - 100 мкг.

Кері көрсеткіштері. Иммунофан компоненттерін ерекше көтере алмаушылық, 2 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік резус-қайшылықтың асқынуымен.

Жанама әсерлері. Жеке көтере алмаушыдық реакциясы болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,005% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,1 мг тік ішек балауыздары; 8,5 мл флакондағы интраназалды енгізуге арналған мөлшерленген спрей.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Imunofani 0,005% - 1 ml

D.t.d N. 10 in amp.

S. Күніне 1 мл тері астына 1 рет.

#


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер | Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер | Стероидты қабынуға қарсы дәрілер | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары | Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар | Индол сірке қышқылының туындысы | Фенил сірке қышқылының туындысы | Оксикам туындысы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пропион қышқылының туындысы| Жасанды препараттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)