Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар

Читайте также:
  1. Арналған емтихан тест сұрақтары
  2. Бұтақ» тәрізді құрылымды жергілікті желінің математикалық үлгісі
  3. Егуге арналған дәрілік түрлер
  4. Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне арналған аралық бақылау сұрақтары
  5. Жасанды препараттар
  6. Жергілікті жансыздандырушылар

Клобетазол (Clobetasolum), дермовейт. Клобетазол – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолданылу көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Псориаз, созылмалы экзема, жалпақ теміретке. Жергілікті зақымдалған тері аймағына 0,5% майды 1-2 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Безеулер, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Ұзақ қолдануда терінің атрофиясы.

Шығарылу түрі. 0,05% крем және жағынды 25 г тубада; 0,05% лосьон 30 және 100 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0

D.S. Терінің зақымдалған жеріне жағу.

#

Мометазон (Mometasonum), элоком. Муметозон - қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, псориаз, атопиялық дерматит, бастың шашты бөлігінің терісінің зақымдалуы. Интраназальды 100-400мкг (1-4 ингаляция) күніне бір рет, жергілікті крем және май түрінде.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 12 жасқа дейін.

Жанама әсері. Мұрынның шырышты қабатын күйдіру мен тітіркендіру сезімі, фарингит, мұрыннан қан кетулер, тері атрофиясы, екіншілік инфекция және т.б.

Шығарылу түрі. Интраназальды енгізуге арналған баллондағы спрей 18 г 50 мкг/мөлшер -120 мөлшер; егуге арналған мөлшерленген ұнтақ 400мкг/мөлшер – 30, 60 мөлшер; 0,1% крем тубада 5 және 15 г және 5 г; 0,1 тубадағы жағынды; лосьон 20 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Mometasonі 0,1% - 5,0

D.S, Терінің зақымдалған жеріне жағу.

#

Флуоцинолон ацетонид (Fluocinoloni acetonidum), синафлан, флуцинар. Флуоцинолон ацетонид – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі. Қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді. Теріге әсер ете бастаған кезде нейтрофилдердің шеткері аймақтарда шоғырлануын ескертеді, ол цитокин өнімдерін және қабыну экссудатының азаюына әкеледі; макрофагтардың көшуін тежейді, грануляция және инфильтрация үрдісін азайтады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық дерматиттер, терінің қабыну аурулары. Жергілікті 0,025% мазь терінің зақымдалған бөлігіне тәулігіне 2-4 реттен.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Ұйқысыздық, артериялды гипертензия, аритмия, остеопороз, сероидты қант диабеті, ішек атониясы, ісінулер, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 0,025% 10, 15 және 30 тюбиктегі жағынды; 0,025% 15 г тубиктегі гель (линимент); 0,1% 15мл флакондағы лосьон.

Рецепт үлгісі. Rp.: Gel Fiucinolonі acetonidі 0,025% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жеріне тәулігіне 2 реттен жағу.

#

Флуокортолон (Fluocortolonum) ультралан. Флуокортолон жергілікті қабынуға қарсы, десенсибилизирлеуші және аллергияға қарсы айқын көрсетеді, микротамырлардың өткізгіштік бұзылысын азайтады, терінің ісінуін, қышуын, ауыруын, тіндердің лейкоцитарлық жасуша аралық инфильтрациясын, қабыну медиаторының және аллергиялық реакциялардың түзілуін азайтады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жанаспалы дерматит, экзема, нейродерматит, псориаз, дискойдты қызыл жегі. Жергілікті май түрінде 0,25% зақымданған аймаққа тәулігіне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Туберкулезді және мерезді терінің зақымдануы, вирусты инфекция.

Жанама әсері. Терінің атрофиясы (ұзақ қолданғанда), периоральды дерматит, терінің аллергиялық реакциясы.

Шығарылу түрі. 0,25% май 10, 15 г тубта.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Fluocortolone 0,25 % - 10,0

D.S.Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.

#

Флуметазон (Flumetasonum), локакортен, лоринден. Флуметазон – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі. Ферменттердің синтезіне және белсенділігіне әсер етеді (ПГ және басқа да эндогенді биобелсенді қосылыстар), жасушалық мембрана мен тіннің құрылымына және өткізгіштігіне, тасымалдау үрдісіне әсер етеді. Резорбтивті әсер көрсетпейді, өйткені зақымдалмаған тері мен шырыштардан мүлдем өтпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Экзема, нейродермит, қышыма. Жергілікті крем және май түрінде 0,02% тері мен шырышты қабықтарына тәулігіне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Туберкулезді, мерезді тері зақымдануы.

Жанама әсері. Аллергиялық реакция.

Шығарылу түрі. 0,02% 15 г тубтағы крем және жағынды; 0,02% 15мл флакондағы лосьон.

Рецепт үлгісі. Rp.: Crem Clobetasoli 0,02% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін. #

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз | Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың – (жасанды анальгетиктер) толық агонисттері | Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері | Наркотикалық ауыруды басатындардың антагонистері | Ызуды және ауырсынуды басатын ықпал әсері бар дәрілер | Тарау. Қабынуға қарсы дәрілер | Стероидты қабынуға қарсы дәрілер | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының жасанды гормондары | Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар| Индол сірке қышқылының туындысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)