Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Егуге арналған дәрілік түрлер

Читайте также:
  1. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  2. Арналған емтихан тест сұрақтары
  3. Атты дәрілік түрлер
  4. Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
  5. Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне арналған аралық бақылау сұрақтары
  6. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар

2.4.1. Егуге арналған дәрілер (pro injectionibus) -егу арқылы дәрілік заттарды ағзаға енгізеді: тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, күре тамырға, жұлынға ж.т.б. Егуге арналған дәрілік заттарды тікелей қолданар алдында дайындайды. Бұндай жағдайларда дәрілер арнайы залалсыздандырылған шыны ыдыста (ампулада немесе флаконда) ерітінді немесе ұнтақ түрінде шығарлады.

Ампулада (ampullis) 1 мл-ден, 10 және 50 мл-ге дейін, ал ішіндегі дәрі ерітінді немесе ұнтақ түрінде болады.

Rp.: Sol. Novocaini 0,5 % - 5 ml

D.t.d. N. 10 in ampull.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Флакондар (рецептте флакон жазылмайды) 200 мл-ден, 500 және 1000 мл-ге (1 литр) дейін болады. Мысалы: тримекаиннің флаконды жазбасы.

Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml

D.t.d. N. 2

S. Инфильтрациялық жансыздандыру үшін.

#

 

Аэрозоль және басқада дәрілік түрлер.

2.5.1. Аэрозоль (Aerosolа) – бұл аэродисперсиялық жүйе, онда ауа, газ немесе газ қоспаларынан тұратын дисперсиялық орта мен көлемі 1 мкм-ден бірнеше ондаған микрометрге жететін қатты немесе сұйық дәрілік бөлшектерден тұратын дисперсионды фазадан жасалған. Мысалы: «Эфатин» аэрозоль жазбасы.

Rp.: Aerosolum «Ephatinum» N. 1

D.S. Тәулігіне 3 рет бүркеуге.

#

2.5.2. Көз қаптағыштары (Membranulae ophthalmicae) – көз сұйықтығында еритін, белгілі мөлшердегі дәрілік заттардан тұратын, залалсыздандырылған полимерлі қаптағыштар. Көз тамшыларынан айырмашылығы: дәрілік заттарды дәл мөлшерлейді, препараттың емдік құнарлығын ұзақ сақтайды, залалсыздығын жеңіл сақтайды, тұрақтылығы жоғары.

Басқада түрлер: крем (Crem), гель (Gel), лосьон (Lotionеs), гранулалар (Granulae), карамель (Caramtl), пластырь (Emplastrum), сироп (Sirupus), тамшылар (Guttae), шырыш (Mucilagines), бальзам (Balsama), шырын (Succi) және т. б.

Rp; Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.

#

Rp.: Gel Fiucinolone acetonide 0,025% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне тәулігіне 2 рет жағу үшін.

#

Rp.: Lotionis Mometasone 0,1% - 20 ml

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.

#

Rp.: Granuli Ibuprofeni 0,6 – 3,0

D.S. Грануланы алдын –ала 100 мл суға ерітіп, күніне 1 шай қасықтан 3 рет.

#

Жеке фармакология

Жеке фармакология бөлімінде дәрі-дәрмектердің белгілі топтық қатынасына байланысты бір жүйеге немесе мүшеге әсер етуімен бірге, олардың тианақты өзіне тән емдік ықпалына, жанама және қатерлі әсерлеріне, мөлшерлеріне, дәрілік түрі мен рецепт үлгілеріне түсініктеме береді.

Жұмыс бағдарламасына сәйкес келесі тарауларды қарастырады:

І бөлім. Шеткі жүйке жүйесінің бөліміне әсер ететін дәрілер.

ІІ бөлім. Орталық жүйке жүйесін реттейтін дәрілер.

ІІІ бөлім. Қабынуды басушы және иммундық процесске әсер ететін дәрілер.

IV бөлім. Антибактериальды және химиотерапевтік дәрілер.

V бөлім. Тоғышарларға қарсы қолданылатын дәрілер.

VI бөлім. Қатерлі ісік кезінде қолданылатын дәрілер.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 645 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер | Фармакология тарихы | Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Тарау Жалпы рецептура | Атты дәрілік түрлер | Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сұйық дәрілік түрлер.| Жергілікті жансыздандырушылар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)