Читайте также: |
|
Препараттардың әсер ету механизміндегі айырмашылықтардың пайда болуы мөлшерге, дәрежесіне және терапиялық ықпал сипатына, сонымен қатар препараттың рецепторларға тікелей әсерінің (макромолекулалаық–нысана) және препараттың басқа да ағзаға тигізетін ықпал көріністерінің болуы, осының барлығы фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы тығыз байланысты көрсетеді.
Препараттың мөлшері мен әсерінің арасындағы байланыс фармакокинетикалық және фармакодинамикалық үрдістердің бірлестігі, ол енгізілген мөлшерге, және фармакокинетикалық көріністерге, яғни сіңірілуімен, биотрансформациясымен және экскрециясымен байланысты. Дәрілердің фармакодинамикасы ағзадағы биологиялық реакциялардың тізбегімен көрінеді.
Мөлшер (өлшем) бір рет қабылдауға арналған біріншілік мөлшер. Бір күнге қабылданатын мөлшер – тәуліктік мөлшер. Емдеу курсына тағайындалған – курстық мөлшер. Ең төменгі бастапқы мөлшер және ең жоғарғы емдік мөлшер деген түсінік бар. Осы мөлшерлердің арасындағы кеңдік терапиялық мөлшер диапазоны деп аталады. Емдік тәжірибеде орта терапиялық мөлшер алынады. Тағыда ең жоғары көтере алатын мөлшер бар, ол кезде токсикалық мөлшердің алғашқы белгілері көрінеді, яғни улану симптомдары. Улану немесе летальды мөлшер letalis dosis (LD) – бұл өлімге алып келетін мөлшер.
Ең жоғары 50% тең болатын ықпал туғызатын дәрінің қан-тамырлар ішіндегі шоғырымдық ауқымы, препараттың ең төменгі терапиялық шоғырымы деп аталады. Осы аз ғана емдік шоғырымнан алғашқы жанамалық әсеріне дейінгі көрсеткішті терапиялық диапазон немесе қауіпсіз дәлізі деп атайды. Үнемі барабар ауқымды (тепе-теңдік шоғырымы) белгілеуге мүмкіндік беретін мөлшерді ұстап тұрушы мөлшер дейді.
Ықпал әсері дәріні қайта бірнеше рет енгізгеннен кейін көрінеді:
1/ Дағдырлану, ұзақ қайта енгізген кезде дәріге дағдырлану пайда болады, бұл кезде ықпалы болмайды;
2/ Құмартушылық, келесі жолы қайта қолданған кезде, препаратқа тәуелділік пайда болады. Алғашқыда психикалық тәуелділік, кейін жеке мерзімде физикалық тәуелділік пайда болады.
3/ Кумуляция, дегеніміз дәрілерді қайталап қолданғанда денеде жиналуы. Оны екі түрге бөледі: материалдық кумуляция, яғни дәрінің өзі жиналады, қызметтік кумуляция дәрі әсерінің жиналуын айтады.
4/ Әсіре сезімдеме, биологиялық жолмен алынған препараттарды қайта қолданғанда ағзаның аллергиясы болады.
Бір қатар заттарға үйреніп кетушіліктің дамуын рецепторлар сезімталдығының төмендеуімен байланыстыруға болады. Үйреніп кетушіліктің ерекше түрі – тахифилаксия деп аталады. Ол тез қысқа уақытта дамиды.
Канцерогендік әсер – дәрілердің жасушадағы өзгерістерінің зардабынан қатерлі ісіктердің туындау қабілеті.
Жүктілік кезде кейбір препараттарды қолданғанда ұрыққа токсикалық әсер көрсетуі мүмкін. Тератогендік әсер - кемтарлық, мутагендік әсер – генетикалық аппараттың өзгерулері, эмбриотоксикалық әсер – ұрықтың құрсақ ішінде өлуі (1.3.1. сурет).
1.3.1. Сурет Дәрі мен жүктілік
Дәрілерді бір-бірімен қосып науқас адамға қолданғанда араларындағы өзара әсерлесуі екі бағытта өтуі мүмкін: ақырғы әсердің күшеюі – синергизм (бір бағытта, бір-бірін күшейту) болса, екіншісі ақырғы әсердің кемуі – антагонизм (қарама-қарсы, бір-бірін кеміту) болады.
Синергизм – бір зат екінші заттың әсерін күшейтуімен сипатталынатын дәрілердің денедегі өз-ара әсерлесуі. Ол қосынды синергизм, сонымен қатар үдемелі синергизм болып бөлінеді. Қосынды синергизм – дәрілік заттарды қосып қолданғанда ақырғы әсерінің әр бір заттың бөлек қолданған кездегі әсерлерінің қосындысына тең болуы. Үдемелі синергизм – дәрілерді қосып қолданғанда ақырғы әсердің бұл заттарды бөлек қолданғандағы әсерлерінің қосындысынан асып түсуі. Сол сияқты синергизмнің басқа да түрлері болуы мүмкін, тікелей немесе жанамалы синергизм. Тікелей синергизм деп – дәрілер жасушаның бір бөлшектеріне әсер ететін жағдайын айтады. Жанама синергизм – дәрілер жасушаның әр түрлеріне әсер ететін жағдайды айтады.
Антагонизм – бір зат екінші заттың әсерін басатындығымен сипатталынатын заттардың денедегі өзара әрекеттесуі. Ол физикалық, химиялық, қызметтік, тікелей, жанама, бәсекелестік, тәуелсіз, бір жақты, екі жақты болып бөлінеді. Физикалық антагонизм – физикалық құбылыстар жатады – адсорбция, тұнбаға түсуі т.б. мысалы, белсендірілген көмір, өзінің жоғары адсорбциялаушы беткейі арқылы улы заттарды сіңіріп алады. Химиялық – химиялық өзгерістер жатады – қышқылдарды сілтілермен бейтараптау. Қызметтік антагонизм – екі қарама-қарсы дәрілердің бір жүйенің, не болмаса ағзаның қызметіне тигізетін әсері (бір зат орталық жүйке жүйесін қоздырады, екінші зат оны тежейді). Мысалы алкогол бастың ми қыртысын тежейді, ал кофеин оны қоздырады. Тікелей антагонизм немесе екі жақтылы – заттардың әсері бір жасушалық элементтерге бағытталған жағдай (адреномиметиктер және адренолитиктер). Тікелей емес антагонизм немесе бір жақты – бір препараттың әсері бір рецепторларға бағытталған, басқа препараттың әсерін жояды (мысалы, атропин прозериннің әсерін жояды), ал ол препарат оның әсерін жоймайды (прозерин атропиннің әсерін жоймайды). Сонымен қатар, бір қатар биологиялық антагонисттер бар, жануардан немесе өсімдіктерден алынған улы заттар басқа заттардың әсерін жояды.
Дәрілер емдік әсеріне байланысты әр түрлі фармакотерапиялық ықпалдарға ие:
1/ Симптомдық ем, тағайындалған препарат ауру кезінде пайда болған симптомдарды шеттетеді – пенталгин – бас ауыруы; парацетамол – дене қызуын төмендетеді.
2/ Себебін емдейтін (этиологиялық ем) – аурудың себебін жоюға бағытталған ем. Мысалыға: жұқпалы ауруларда микробтарға қарсы дәрілер, улы заттармен уланғанда олардың антидоттары қолданылады.
3/ Патогенетикалық ем, аурудың даму үрдісіне бағытталған ем. Мысалы, гипертониялық ауру кезінде аурудың дамуына әсер ететін дәрілерді тағайындаған орынды (каптоприл, клофелин, резерпин).
4/ Алдын алу шаралары үшін жүргізілетін ем (профилактикалық) – бұған уытсыздандыратын дәрілер, вакциналар т.б. қолданылады.
5/ Орын басушы терапия – биогенді заттардың жетіспеушілігі кезінде қолданылады. Мысалы: ішкі бездер секрециясы төмендегенде (қант диабетінде – инсулин).
Көптеген дәрі-дәрмектерге қолдану мөлшеріне қарай улылық қасиеттері болады, сондықтан көп дәрілер улы заттар тобына жатады. Бірақ, қазіргі кезде улы заттар өз алдына токсикология (токсикон – улы деген мағанада) ғылымы болып бөлінеді. Ол үш бағытқа қарай негізделген:
1/ Эксперименталды токсикология негізінен дене жүйесі мен удың арасында пайда болған қатынас заңдылықтарын және олардың токсикокинетикасы мен токсикодинамикасын қарастырады.
2/ Алдын алу шаралары (гигиеналық) немесе экологиялық токсикология - алдын алу үшін жүргізілетін шаралар бағыты. Оған адам баласын қоршаған ортада кездесетін химиялық заттардың улылық әсерінің қатерлі дәрежесі, соларға қарсы қолданылатын қорғану шаралары жатады. Бұл бағыттың экологиялық маңызы болғандықтан, ол келесі токсикологиялық бөлімдерден тұрады: өндірістік, үй-тұрмыстық, ауыл-шаруашылық, тағамдық және т.б.
3/ Клиникалық токсикология – адам баласын коршаған ортадағы химиялық қосылыстардың, дәрі-дәрмектердің улылық қасиеттерінің әсерінен болған ауруларды зерттейтін медициналық ғылым саласы. Ол келесі бөлімдерден тұрады:
а) Химиялық қосылыстардың улылық мөлшерінің бір рет әсер ету салдарынан болған жедел улану.
ә) Улы заттардың ұзақ және бірнеше рет әсер ету салдарынан туған созылмалы улану.
б) Наркотикалық токсикология, оған кейбір наркотикалық заттарға ұқсас немесе солардың тобына жататын дәрілерді қолданғанда туатын аурулар.
в) Дәрілік токсикология. Дәрілік заттардың терапевтік индексінің кеңдігін, олардың жүйеге кері және қатерлі әсерлерін, сонымен қатар дәрілердің аллергиялық реакцияларын қарастырады.
Улар мен дәрілердің арасындағы айырмашылықтар шамалы, сондықтан кейбір жағдайларда удың өзі дәрі ретінде пайдалынады. Бірақ, сақтанышты, өте аз мөлшерде байқап қолданған жөн. Сондықтан, барлық дәрі-дәрмектер адам мүшесін улылық және емдік әсер етуіне қарай үш тізімге бөлінеді:
1/ А тізімі – өте улы “Venena” тізіміне (50-ден артық) жататын улылығы өте жоғары болып келетін улы заттар және наркотикалық дәрілер кіреді. Олар бөлек, есігі мөрмен және дыбыс жабдығымен қамтамас етілген темір шкафтарда сақталынып, босатылу ережесі қатаң тексеріліп отырады.
2/ Б тізімі – улылығы күшті “Heroica” тізіміне (300-ге жуық) улылық әсері бар заттар жатады. Бұларды медициналық бақылаусыз қолданғанда әртүрлі асқынуларға және қалаусыз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Олардың қолдану, белгілеу, мөлшерлеу тәсілі сақтықпен қадағалынады.
3/ В тізімі – улылығы төмен “Waria” тізіміне (қалған дәрілердің бәрі) улылығы шамалы заттар жатады, бірақ мөлшерден артық қолданса улануларға алып келеді. Олар жалпы тәртіппен сақталынып, босатылады.
Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 225 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | | | Тарау Жалпы рецептура |