Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атты дәрілік түрлер

Читайте также:
  1. Егуге арналған дәрілік түрлер
  2. Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
  3. Сұйық дәрілік түрлер.

 

2.1.1. Ұнтақтар (Pulveres) – бұл ішуге және сыртқа қолдануға арналған, сеппелі қасиетке ие қатты дәрілік түр. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:

а/ Қарапайым ұнтақтар – құрамында тек бір ғана зат болады.

б/ Күрделі ұнтақтар – құрамында екі және одан да көп заттар болады.

в/ Мөлшерге бөлінген ұнтақтар. Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3 – 0,5 г болады, ал одан төмен кезінде, оған бейтарап заттар (емдік әсері жоқ зат) қосылып, ұнтақтың осы жалпы салмағына жеткізілуі керек. Мысалы: Морфиннің мөлшері өте аз (10 мг), ал ұнтақтың жалпы салмағы 0,3 г болу керек, сондықтан қант қосылған түрінде жазылады.

Rp.: Morphini hydrochloridі 0,01

Sacchari 0,3

M.f.pulv.

D.t.d. N. 5

S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.

#

Мысалы: Анестезиннің мөлшері бөлінген және салмағымен бірдей, қарапайым жазба ретінде беріледі.

Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. N. 10

S.1 ұнтақтан күніне 3 рет.

#

г/ Мөлшерсіз ұнтақтар. Мысалы, тальк жалпы салмағы 50 г сеппе түрінде қолданылады. Мырыш тотығы мен тальктің мөлшерсіз жалпы салмағын сеппе түріндегі жазбасы.

Rp.: Zinci oxydi 10,0

Talci 40,0

M.f. pulv.

D.S. Ұнтақ түріндегі сеппе.

#

2.1.2. Таблеткалар (Tabulettae) – дәрілік заттарды немесе дәрілік қоспаларды және көмекші заттарды зауытта тиісті машинамен қысу және жабыстыру арқылы жасалған, мөлшерленген қатты дәрілік түр. Таблеткалар сақтауға және қолдануға ең қолайлы дәрілік түр. Мысалы: Атропиннің таблеткалық түріндегі жазбасы.

Rp.: Atropini sulfatis 0,0005

D.t.d. N. 20 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, тамақ ішер алдында.

#

Кейбір таблеткалардың ішінде емдік мақсатпен қосылған бірнеше заттар бар, сондықтан олардың жалпы коммерциялық аты жазылады. Мысалы: Цитрамон П (ацетилсалицил қышқылы 0,24 г; парацетамол 0,18 г; кофеин 0,03 г; какао 0,0225 г; лимон қышқылы 0,005 г) таблетка түріндегі жазбасы.

Rp.: Tabulettas «Citramonum П» № 20

D.S. 1 таблеткадан бас ауырғанда.

#

Мысалы: Апрессинің қапталған (Obductis) түріндегі жазбасы.

Rp.: Apressini 0,01

D.t.d. N. 20 in obd.

S. 1 таблеткадан күніне 2-3 рет.

#

Мысалы: Аспирин мен кофеиннің күрделі таблетка түріндегі жазбасы.

Rp.: Acidi acetylsalicylici 0,25

Coffeini 0,05

D.t.d. N. 20 in tab.

S. 1 таблеткадан күніне 3 рет.

#

2.1.3. Драже (Dragee) – ішке қолдануға арналған, дәрілік заттар мен көмекші заттарды қант грануласына бірнеше рет қабаттау жолымен алынған қатты дәрілік түр. Көмекші заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағам бояғыштары қолданылады. Драже салмағы 1,0 г. аспауы керек. Мысалы: Д витаминінің драже түріндегі жазбасы.

Rp.: Dragee Ergocalciferoli 500 ME

D.t.d. N. 30

S. 3 дражеден күніне 1-2 рет.

#

2.1.4. Капсула (Capsulaе) – мөлшерленген ұнтақ, баттас тәрізді заттарды, гранулалы немесе сұйық заттар үшін, ішке қолдануға арналып жасалған қаптағыш. Капсулада жағымсыз иісі, дәмі бар немесе тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттарды шығарады. Мысалы: 0,1 г. бромкамфорасы мен 0,05 г. хинидин сульфат ұнтағынан тұратын желатинді капсуланың жазбасы.

Rp.: Bromcamphorae 0,1

Chinidini sulfatis 0,05

M.f. pulvis

D.t.d. N. 20 in capsulis gelatinosis

S. 1 капсуладан күніне 2 рет.

#


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 275 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер | Фармакология тарихы | Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Егуге арналған дәрілік түрлер | Жергілікті жансыздандырушылар | Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау Жалпы рецептура| Сұйық дәрілік түрлер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)