Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Мемлекет әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі. Жай сөйлем. Интонация. Екпін.

МЕМЛЕКЕТ ӘЛЕУМЕТТІК-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

ОРНЫ, ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шыңыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстүгіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қлыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді.

Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.

Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

 

Тапсырма. Жаңа сөздерді аударыңыз.

Тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша?

ә) Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің ішінде нешінші орында?

б) Қазақстан қандай ендіктерде орналасқан?

в) Аумағының қанша пайызы биік таулы өңірлер?

г) Хантәңірі шыңының биіктігі қанша?

д) Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Тапсырма. Мына сөз тіркестермен жай сөйлем құрастырыңыз.

Қазақстан Республикасы, Жер көлемі, көрсеткіш бойынша, Қызылқұм шөлі, орманды дала, қырат жерлер, таулы өңірлер, ең биік.

Тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Әр сөзбен бірнеше сөз тіркесін құрастырыңыз.

Үлгі: көлемі – көлем+і (-і тәуелдік жалғауы, 3 жақ)

Тапсырма. Төмендегі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер.

Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Сабақтың мақсаты: Қазақ мемлекетінің басқару жүйесі мен ел билеушілері туралы баяндау. Студенттердің бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 935 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЭКОНОМИКА | ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА | ТАБИҒИ РЕСУРСТАР | ЛТТЫҚ ВАЛЮТА | Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Көмекші есімдер. | Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз. | ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ | Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз. | Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз. | ОҚУ ОРЫНДАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инструкционно-технологическая карта| Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)