Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Читайте также:
  1. Тапсырма.
  2. Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз.
  3. Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз.
  4. Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.
  5. Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
  6. Тапсырма. Төмендегі Лұқпан хакім қалдырған жеті өсиетті есіңде сақта.
қызық бару
ілгері тұру
жоғары жүру
ақылды оқушы
кейін әңгіме
ұзақ көтерілу
алға досым
осында кітап
мұнда қайту
артта ғимарат
сатып студент
озат қарау
биік болу
естіген алу
демалысқа күту
менің қалу

Тақырып. Білім. Оқу орындары. Етістік категориясы.

Сабақтың мақсаты: Жоғары оқу орындары, Қазақстандық білім жүйесі туралы мағлұматтар бере отырып, аймақтықкомпоненттерге айрықшы көңіл бөлу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

БІЛІМ

Білім - дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы. Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесін негізінен үш ортадан көріп, біліп, түйсініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол – отбасы, қоршап жатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіп келе жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланысты болып, балаға жүйелі ықпал етуі мүмкін. Керісінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуі де мүмкін. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол – бала, жасөспірім. Бала алдында жауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына, неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты. Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Әсіресе еңбек технологиясының жетілдірілуі, экономикалық қатынастағы өзгерістер, жұмыссыздық, ересектердің өзінің білімін жетілдіру немесе қайта даярлық процесінен өту әрекеттерін болмай қоймайтын заңды құбылысқа айналдырды.

Білім беру немесе білім алу тек арнайы білім беретін мекемелер шеңберінен шығып кетті. Мүдделер өз алдына білімденуде, өз еркімен ізденісін жалғастырады. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуіне не ортақ және айырмашылығы неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айттық. Ал ұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайлы, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесіне айналдыру арқылы... Неге бір отбасынан әркелкі мінезді және қабілетті бала өседі, неге бір мұғалімнен оқығандардың білімі, көзқарастары мен қабілеті әртүрлі? Осының бәрі мәселенің білімнің берілуінен гөрі, тәрбиеленушінің өзінің білімденуінде екенін көрсетеді. Ата-ана үйретумен шектеліп қалмай, бала үйренді ме жоқ па, басты назар соған аударылмаса күткен нәтиже келе қоймады. Білім беру – өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші.

 


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. | Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз. | ЭКОНОМИКА | ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА | ТАБИҒИ РЕСУРСТАР | ЛТТЫҚ ВАЛЮТА | Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Көмекші есімдер. | Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз. | ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ | Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.| ОҚУ ОРЫНДАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)