Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Төмендегі Лұқпан хакім қалдырған жеті өсиетті есіңде сақта.

Читайте также:
  1. Тапсырма.
  2. Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз.
  3. Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз.
  4. Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз.
  5. Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.
  6. Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар:

Біріншісі - ерте тұру.

Екіншісі - орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі - дене шынықтыру.

Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі - үнемі сергек жүру.

Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау.

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады. Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.

 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» - делінген.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», деген сөзі бар. Ендеше, алдымен дүниеге келген жаңа ұрпақтың осындай жолға түспеуіне, олардың бұдан былай салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек. Ұлттық тәрбие ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, арақ ішпеуге, бұзақылық жасамауға үйретеді. Қазіргі уақытта 16-18 жас аралығындағы жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсер етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін қазіргі кезде нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін денешынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар қазіргі ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі СПИД-ке қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттің қалай таралатынын естерінен шығармауы тиіс. Қазақстан Республикасында дені сау, білімді, бәсекеге лайық азаматтар өмір сүрсе, болашақта мемлекеттің гүлденуіне ешкімнің күмәні жоқ.

Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған белсенді іс-әрекет. Салауатты өмір салтын қалыптастырғанда ғана мықты денсаулыққа ие болып, өмірдегі барлық мақсаттар мен армандарға жетуге болады.

Тапсырма. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, аударыңыз.

Тапсырма. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»;

«Дені саудың, жаны сау»;

«Басты байлық – денсаулық»;

«Ауру айтып келмейді».


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 294 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЭКОНОМИКА | ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА | ТАБИҒИ РЕСУРСТАР | ЛТТЫҚ ВАЛЮТА | Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Көмекші есімдер. | Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз. | ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ | Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз. | Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз. | ОҚУ ОРЫНДАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз.| ЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)