Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Ар-ождан бостандығы. Көмекші есімдер.

Читайте также:
  1. Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Біріккен 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.

Бас кеңсесі орналасуы – Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization – UNESCO) – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып, 1946 жыл 4-ші қарашасында қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты – жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: Еуропа (аймақтық бюросы – Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы, Конго); Жерорта теңізінің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (НьюДели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ).

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҰ) (World Health Organization) 1946 жылы құрылған. Қатысушылар – БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.

Мақсаты – қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.

Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу. Мекен-тұрағы – Швейцария, Женева.


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 175 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. | Тапсырма. Аударыңыз және есте сақтаңыз. | ЭКОНОМИКА | ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДА | ТАБИҒИ РЕСУРСТАР | ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІ | Тапсырма. Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз. | Тапсырма. Мүмкін болатын сөз тіркестерін құрастырыңыз. | ОҚУ ОРЫНДАРЫ | Тапсырма. Жаңа сөздерді көшіріп жазып, аударыңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЛТТЫҚ ВАЛЮТА| Тапсырма. Мына сөз тіркестерімен көмекші есімдерді қолданып сөйлем құрастырыңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)