Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұйық дәрілік түрлер.

Читайте также:
  1. Атты дәрілік түрлер
  2. Егуге арналған дәрілік түрлер
  3. ФудМастерден «Дольче» сұйық йогурттері
  4. Этил спирті(Spiritus aethylicus), этанол. Этил спирті түссіз, ұшқыш, жылдам тұтанып, лап етіп жанатын сұйықтық.

2.3.1. Ерітінділер (Solutionеs) – деп қатты дәрілік заттарды немесе сұйық дәрілік түрлерді сұйықтықта еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде тазартылған суды (Aqua destillata), этил спиртін (Spiritus aethylicus) немесе сұйық майларды: зәйтүн, шабдалы, вазелин (Olеum Olivarum, Persicorum, Vaselini) қолданады. Қолданылуы бойынша ерітінділер сыртқа (көз, құлақ тамшылары және жууға, шаюға арналған ерітінділер) және ішке (тамшы, ас қасықпен – 15 мл, шәй қасықпен – 5 мл, десерт қасықпен – 7,5 мл, мөлшерлі стақанмен) қолданылатын болып бөлінеді. Тамшылар 5-10 мл, ал басқа мақсатпен қолданылатын ерітінділер 50-100мл мөлшерде босатылады.

1) Сульфацил-натрийдің сулы ерітіндісі түріндегі жазбасы.

Rp.: Sol. Sulfacyli-natrii 30% - 10 ml

D.S. 1-2 тамшыдан көзге күніне 3 рет.

#

2) Салицил қышқылының спиртті ерітіндісі түріндегі жазбасы.

Rp.: Sol. Acidi salicylici spirituosae 1% - 40 ml

D.S. Теріге жағуға.

#

3) Токоферол ацетаттың майлы түріндегі жазбасы.

Rp.: Sol. Tocopheroli acetatis oleosae 30% - 20 ml

D.S. 10 тамшыдан ішуге күніне 2 рет.

#

2.3.2. Суспензиялар (Suspensiones) – ерімейтін, ұсақ бөлшектелінген қатты дәрілік заттардың қандайда бір сұйықтықта қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр. Суспензия дисперсионды орта (су, өсімдік майы, глицерин) мен дисперсионды фазадан (аталған ортада ерімейтін қатты дәрілік заттардың бөлшектері) тұратын дисперсионды жүйе. Суспензияны ішуге, жағуға және буынға егуге қолданылады. Мысалы: Гидрокортизонның суспензия түріндегі жазбасы.

Rp.: Susp. Hydrocortisoni asetatis 2,5% - 5 ml

D.S. Көз тамшысы. Күніне 3-4 рет 2 тамшыдан.

#

2.3.3. Тұнба және қайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған.

1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы.

Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 – 180 ml

D.S. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге.

#

2) Емен қабығының қайнатпа түріндегі жазбасы.

Rp.: Dec. corticis Quercus 20,0 – 200 ml

D.S. Ауыз қуысын шаюға.

#

2.3.4. Тұндырма (Tincturae) – өсімдік өнімінен қыздырусыз, спирт арқылы 1-2 аптадай тұндырып, жасалған сұйық дәрілік түр. Тұнба мен қайнатпаға қарағанда тұндырма анағұрлым тұрақты, сол себепті оның сақталу мерзімі ұзақ. Көбінесе тамшы ретінде 5-тен 30-ға дейін қолданылады. Мысалы: Сасық шөптің (пустырник) тұндырмасының жазбасы.

Rp.: Tincturae Leonuri 25 ml

D.S. 20-40 тамшыдан күніне 3 рет.

#

2.3.5. Сығынды (Extracta) – өсімдік өнімінен экстрагент көмегімен (спирт, эфир және хлороформ) алынған құнарландырылған сығынды түрде жасалады. Сығындылар үш түрлі болады: сұйық (Extractі fluidі), қою (Extractі spissі) және құрғақ (Extractum siccum). Мысалы: Итжидектің құрғақ сығынды түріндегі жазбасы.

Rp.: Extracti Belladonnae sicci 0,015

Sacchari 0,3

M.f.pulv.

D.t.d. N. 12 in charta cerata

S. Күніне 1 ұнтақтан 3 рет.

#

2.3.6. Қоспа (Микстура - Mixturae) – бірнеше дәрілік түрлерді (қатты, сұйық, майлы т.б.) сулы ерітінділерді араластырып, тек ішуге және жағуға қолданылатын сұйық дәрілік түр. Қоспа көбінесе ашық түрде жазылады. Мысалы: пепсин және тұз қышқылының аралас қоспа түріндегі жазбасы.

 

Rp.: Pepsini 2,0

Acidihydrochloridi dilute 5 ml

Aq. destill. 200 ml.

M.D.S. 1-2 ас қасықпен күніне 2-3 рет тамақпен бірге.

#

2.3.7. Сұйық майлы дәрі (Линимент – Linimenta) – қою сұйықтық түрдегі, бір тектес қоспадан тұратын, сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік түр. Мысалы: Терпентин (скипидар) майы, хлороформ және метилсалицилат араласқан май түріндегі жазбасы.

Rp.: Ol. Terebinthinae

Chloroformii aa 15 ml

Methylii salicylatis 10 ml

M. f. linim.

D.S. Жағу үшін арналған.

#


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 686 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Адренорецепторларға әсер ететін дәрілер | Фармакология тарихы | Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Тарау Жалпы рецептура | Жергілікті жансыздандырушылар | Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Атты дәрілік түрлер| Егуге арналған дәрілік түрлер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)