Читайте также: |
|
A) Сан атеромасы;
B) Сан липомасы;
C) Варикозды түйін;
D) Сан саркомасы;
+E) Аневризма;
Науқас Ш. 72 жаста, кең таралған геморрагиялық инсульт себебінен неврология бөлімшесінде жатқан, оң жақтан тізе арты артериясының жедел тромбозы, ишемияның I A сатысы анықталды. Осы науқаста қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
A) Шұғыл тромбэктомия;
B) Тромболиттік терапия;
C) Антикоагулянтты терапия;
+D) Симптоматикалық терапия;
E) Аяқ ампутациясы;
43 жасар В. науқасқа тиянақты операция алды дайындықтан кейін түйінді жемсау, тиреотоксикоз себебінен операция тағайындалған. Осы операцияны жасау кезінде қандай асқынудың дамуы анағұрлым ықтимал?
+А) Қайтпа жүйкенің парезі;
В) Тиретоксикалық криз;
С) Гиперкальцемия;
D) Брадикардия;
Е) Гипертиреоз;
Науқас А., 57 жаста хирургиялық бөлімшеге эпигастральді аймағындағы ауру сезімі, құсу, жүрек айну белгісі бойынша жатқызылды. 6 ай ішінде 15 кг арықтаған. Асқазан рентгенографиясында оның алға қарай ығысқаны анықталды. Сіздің осы жағдайдағы болжамды диагнозыңыз?
+A) Ұйқы безінің қатерлі ісігі;
B) Асқазан ойық жарасы;
C) Тоқ ішек қатерлі ісігі;
D) Привратник тарылуы;
E) Асқазан обыры;
66 жастағы науқасты 5 жылдан бері бері сол аяғының ауыратыны, аялдамай 50 м жүре алады. Сол табаны мен сирағында тері жабындылары бозғылт, салқын, белсенді қозғалтады. Тамыр соғысы сан артериясы шап тұсында айқын, тізе арты мен тобықта байқалмайды. Ангиографияда сан артериясының ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін көрінеді. Контурлары тегіс емес, иректелген. Тізе арты артериясы коллатералдармен тығыз толтырылған. Осы жағдайдағы болжам диагнозы қандай?
A) Рейно ауруы;
B) Лериш синдром;
C) Сол сан артериясының эмболиясы;
D) Сол сан артериясының тромбозы;
+E) Сол сан артериясының атеросклерозды окклюзиясы;
83 жастағы науқаста сан, тізе асты, башпай артерияларының атеросклерозды окклюзиясы созылмалы ишемияның IV сатысы, аяқ басы ылғалды гангренасы бар. Осы жағдайда дұрыс таңдалған емдік әдісі қандай?:
A) Тек қана консервативті ем;
B) Бел симпатэктомия;
C) Реконструктивті қан тамыр операциясы;
+D) Аяқтың біріншілік ампутациясы;
E) Үлкен шарбы майды мираққа трансплантациялау;
58 жастағы науқасқа эндоскопиялық папиллосфинктеротомия жасалған, холедохтан тастар шығарылған. Екінші тәулікте қара нәжіс, терісінің бозғылттануы, қан қысымының төмендеуі байқалады. Осы жағдайда қандай асқыну жайлы ойлауға болады?
A) Жедел панкреатит;
B) 12-елі ішек перфорациясы;
C) Іріңді холангит;
+D) Қан кету;
E) Жедел холецистит;
Науқас С., 70 жаста операция барысында асқазан денесінің артқы қабырғасына жабысқан жабысқақты, едәуір ұйқы безінің торсылдағы табылды. Осы жағдайда қандай операция түрі көрсетіледі?
A) Кистаны ашу;
+B) Цисто-гастроанастомоз;
C) Цистодуоденоанастомоз;
D) Цистоэнтероанастомоз;
E) Асқазанды кистамен резекциялау;
Қандай клиникалық симптомдар Курвуазье синдромымен сәйкестеніп қосарланады?
+ A) Өт қабының ауру сезімсіз ұлғаюы сарғаюмен қосарлану;
B) Бауырдың ұлғаюы, асцит, іштің алдынғы қабырғасы көк тамырларының кеңеюі;
C) Сарғаю, пальпациялағанда ауыратын өт қабы;
D) Іш қуысында пальпациядан пайда болған түзіліс;
E) Айқын сарғаю, ұлғайған кедір бұдыр бауыр, спленомегалия;
Ценкер дивертикулында ең орынды хирургиялық ем түрі?
A) Ниссен бойынша фундопликация;
+B) Крикофарингеалды миотомия, дивертикулды кесіп алу немесе іліп тігу;
C) Дивертикулды кеңірек кесіп алу;
D) Геллер операциясын орындау;
E) Мойындық эзофагостомия орындау;
Науқас Ю., 60 жаста созылмалы алкоголизммен ауратын емханадағы хирургқа дисфагияға, жұтқыншақта бөгде зат тұрған сезіміне, жүдеуге шағымданады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
A) Диффузды эзофагит;
B) Ценкер дивертикулы;
C) Өңеш ахалазисы;
+D) Өңеш карциномасы;
E) Ойық жаралы рефлюкс-эзофагит;
Созылмалы алкоголизммен ауратын 65 жастағы науқас емханадағы хирургқа дисфагияға, жұтқыншақта бөгде зат тұрған сезіміне, жүдеуге шағымданады. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілген?
A) Ларингоскопия;
B) Компьютерлік томография;
+C) Эндоскопиялық зерттеу;
D) Ядерлі-магнитті резонанстық томография;
E) Іш қуысының шолу рентгенографиясы;
40 жастағы науқаста асқазанға жайылған өңештің төменгі бөлігінің аденокарциномасы анықталған. Ең нәтижелі ем түрін таңдаңыз?
A) Тамақтану үшін еюностомия жасау;
B) Сәулелік терапии;
C) Химиотерапия;
+D) Өңеш экстирпациясын орындау;
E) Ашы ішекпен айналмалы анастомоз жасау;
Диафрагманың өңеш тесігінің жылжымалы жарығында ем түрін таңдау үшін мәліметті зерттеу әдісі?
A) Тренделенбург жағдайында ренгенография жасау;
+B) Фиброэзофагогастродуоденоскопия;
C) Өңештің мониторлық pH-метриясы;
D) Диагностикалық лапароскопия;
E) Эзофагоманометрия;
Марш сынамасы мынаны анықтау үшін жүргізіледі:
A) Жедел тромбофлебитті;
B) Тізе асты тақымдық артерияның тромбозы;
C) Коммуникантты тамырлардың қауқарсыздығы;
+D) Аяқтардағы терең тамырлардың өткізгіштігі;
E) Аяқтардағы артериалдық қан айналымының бұзылысы
Претта сынамасы мынаны анықтау мақсатында жүргізіледі:
A) Жедел тромбофлебитті;
B) Тізе асты артериясының тромбозы;
+C) Коммуникантты тамырдардың қауқарсыздығы;
D) Аяқтардағы терең тамырлардың өткізгіштігі;
E) Аяқтардағы артериалдық қан айналымының бұзылысы;
Науқас 76 жаста емханадағы хирургқа сол аяғының кернеп ауыруына шағымданды. Дене температурасы 38С0. 2 тәулік бойы ауырып жатыр. Дәрігер науқасты қарау барысында сол аяғының ісінгенін, көлемі ұлғайғандығын, гиперемия, пальпациялау барысында ауру сезімі байқалғандығын анықтады. Тамырлардың соғысы сақталған. Науқастың алдын ала диагнозы қандай?
A) Тілме қабынуы және аяғының лимфадемасы;
B) Төменгі аяқтарының беткей тамырының тромбофлебиті;
+C) Төменгі аяқтардың терең тамырының тромбофлебиті
D) Тізе асты тақым артериясының жедел тромбозы;
E) Сан артериясының тромбоэмболиясы;
Аяқтың комуникантты тамырларының қауқарсыздығы кезінде қандай ота түрін жасау мақсатты болып табылады?
A) Троянова-Тренделенбургтың;
B) Маделунгтың;
+C) Линтонның;
D) Бебкоктың;
E) Наратттың;
Троянов-Тределенбург отасына төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
+A) Ірі тері асты тамырының аузын барлық салаларымен қосып қайта таңу;
B) Тоннелдеу, яғни үңгу әдісі арқылы тері асты тамырын алып тастау;
C) Зонд көмегімен тері асты тамырын алып тастау;
D) Шандыр үстінен коммуникантты тамырды қайта таңу;
E) Коммуникантты тамырды субфасциалды түрде қайта таңу;
Нарат отасына төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
A) Сан мен тізеде лампасты- бұлық кесіндісінен тері асты тамырды алып тастау;
+B) Тоннелдеу, яғни үңгу әдісі арқылы тері асты тамырын алып тастау;
C) Коммуникантты тамырды субфасциалды түрде қайта таңу;
D) Кетгутпен варикозды тамырларды тігу;
E) Зонд көмегімен тері асты тамырды алып тастау;
Маделунг отасына төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
+A) Сан мен тізеде лампасты- бұлық кесіндісінен тері асты тамырды алып тастау;
B) Тоннелдеу, яғни үңгу әдісі арқылы тері асты тамырын алып тастау;
C) Кетгутпен варикозды тамырларды тігу;
D) Шандыр үстінен коммуникантты тамырды қайта таңу;
E) Зонд көмегімен тері асты тамырды алып тастау;
Клапп отасына төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
A) Сан мен тізеде лампасты- бұлық кесіндісінен тері асты тамырды алып тастау;
B) Тоннелдеу, яғни үңгу әдісі арқылы тері асты тамырын алып тастау;
+C) Тері асты кетгутпен варикозды тамырларды тігу;
D) Шандыр үстінен коммуникантты тамырды қайта таңу;
E) Зонд көмегімен тері асты тамырды алып тастау;
Кокетт отасына төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
A) Сан мен тізеде лампасты- бұлық кесіндісінен тері асты тамырды алып тастау;
B) Тоннелдеу, яғни үңгу әдісі арқылы тері асты тамырын алып тастау;
C) Кетгутпен варикозды тамырларды тігу;
+D) Шандыр үстінен коммуникантты тамырды қайта таңу;
E) Зонд көмегімен тері асты тамырды алып тастау;
Линтон отасына төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?
A) Сан мен тізеде лампасты- бұлық кесіндісінен тері асты тамырды алып тастау;
B) Тоннелдеу, яғни үңгу әдісі арқылы тері асты тамырын алып тастау;
C) Кетгутпен варикозды тамырларды тігу;
+D) Шандыр астынан коммуникантты тамырды қайта таңу;
E) Зонд көмегімен тері асты тамырды алып тастау;
Науқасқа отадан кейінгі кезеңде дамыған ірі тері асты тамырының жедел тромбозы дамыған жағдайда төменде аталғандардың қайсысының жасау қажет?
A) Үйлесітірілген әдіс бойынша сафенэктомия жасау;
B) Тікелей және жанама әсері бар антикоагулянттармен емдеу;
+C) Сан жағына қарай құйылған тері асты тамырын қайта таңу;
D) Төсектің аяқ жағын көтеріңкі жағдайда ұстаған күйде ұзақ уақыттық төсекте жату;
E) Майлы-бальзамды таңғыштарды қолдана отырып, консервативті түрде ем қолдану;
Науқас К., 53 жаста, асқазанының бөлігін алып тасатағаннан кейін эпигастрия аймағында ару сезімінің бар екендігіне, тәтті және сүт тағамын қабылдағаннан кейін есінен тануға дейін баратын жағдайдағы әлсіздікке шағым жасайды. Жоғарыда аталған белгілері бойынша науқаста аурудың қандай түрінің дамуы байқалады?
A) Ұйқы безінің инсулемасы;
B) Жүйелейтін ілмек синдромы;
C) Анастомоздың пептидті жарасы;
+D) Демпинг-синдром;
E) Кішкентай асқазан синдромы;
Науқас С., 32ж шап аймағында орналасқан ісік тәріздес түзілістің пайда болуына шағымданады. Физикалық күштеме кезінде ауру сезімі және кіші дәретке шығу қажеттілігі туындайды. Дәрігер науқаста жарық диагнозын болжамдады. Жарықтың қай түрі науқаста болуы мүмкін?
A) Жапқыш тесігінің жарығы;
B) Тік шап жарығы;
C) Сан жарығы;
D) Қиғаш шап жарығы;
+E) Жылжымалы жарық;
Тік шап жарықтарында пластиканың қай түрі орынды болады?
+A) Бассини және Постемпский;
B) Жирар-Спасокукоцкий;
C) Руджи-Парлавеччио;
D) Мартынов;
E) Сапежко;
Науқас А., 65 жыл ішінде өт-тас ауруы бар, соңғы жылы жиі аурудың өршуі болады. Осы жағдайда қандай ем түрі қолайлы?
A) Диета;
B) Консервативті;
+C) Хирургиялық;
D) Санаторий-курорттық;
E) Минералды сулармен;
Науқас К., 59 жаста, 2 жыл ішінде оң жақ қабырға астында ұстамалы ауру сезімі мазалайды, одан кейін терінің және көз ақ қабығының сарғаюы пайда болады. Ауыспалы сарғаюдың себебін немен түсіндіруге болады?
A) Өт қапшық өзегіндегі таспен;
+B) Холедохтың вентильді тасымен;
C) Бауырдан тыс өт жолдарының ісігімен;
D) Он екі ішектің үлкен бұршігінде тұрып қалған тасымен;
E) Өт қапшық өзегінің окклюзиясы бар өт қапшығының тастарымен;
Науқас К., 65 жаста, өт тас ауруы бойынша жасалған операция үстінде өт қапшығы тасқа толған, мүжілген, жалпы өт өзегі 2,5 см дейін кеңейген. Осы жағдайда қандай хирургиялық тактика анағұрлым орынды?
A) Мойыннан холецистэктомия жасау, Пиковский-Холстедт дренажын қою;
+B) Холецистэктомия, холангиографиядан кейін тактика сұрақтарын шешу;
C) Холецистэктомия, холедоходуоденоанастомоз жасау;
D) Операцияны холецистостома жасап бітіру;
E) Дуоденотомия арқылы ұлтабардың үлкен бүршігінің ревизиясын жасау;
Науқас М., 60 жаста, көптен бері калькулезды холецтститпен аурады. Анамнезінде қант диабеті, стенокардиясы бар. Бұл жағдайдағы орынды емдік тактиканы таңдаңыз?
A) Санаторлық-курорттық ем;
+B) Жоспарлы хирургиялық ем;
C) Емдәм терапиясы, спазмолитик қолдану;
D) Қант диабетін және стенокардияны емдеу;
E) Хирургиялық ем - тек өмірлік көрсеткіштері болған кезінде;
Науқас Ч., 69 жаста, операция үстінде себебі өт тастары болған ішектің обтурациялық түйілуі анықталған. Ішекке конкременттің түсу жолы?
A) Өт қапшығы және соқыр ішек арасындағы жыланкөз;
B) Өт қапшығы және асқазанның кіші иіні арасындағы жыланкөз;
+C) Өт қапшығы және ұлтабардың арасындағы жыланкөз;
D) Өт қапшығы және ашы ішек арасындағы жыланкөз;
E) Өт қапшығы және тоқ ішек арасындағы жыланкөз;
Қансыраумен асқынған асқазан ойық жараға байланысты 65 жастағы науқас С., асқазан резекциясы жасалған. Операциядан кейін 2 тәуілікте зонд арқылы қан ақты. Асқазанның типті резекциядан кейін көбіне қай жерден қан ағады?
A) Эрозивті гастрит;
B) Гастроэнтероанастомоз аймағы;
C) Асқазан тұқылының ойық жарасы;
+D) Асқазанның кіші иіні;
E) Он екі елі ішектің тігілген тұқылы;
Науқас С., 76 жаста, жылжымалы шап жарығына байланысты операция үстінде техникалық қиыншылықтарымен кездескенінен операция уақыты ұзарды. Техникалық қиыншылықтардың себебі не?
A) Диагностикалық қателік;
+B) Жарықтың бір қабырғасын ішек құрайды;
C) Жарық қақпасында ашы ішек шажырқайы қысылған;
D) Жарық қақпасында тоқ ішек шажырқайы қысылған;
E) Көлденең фасцияның туа біткен жетіспеушілігі;
Төменде көрсетілгеннің айсысы өт қабының шеменінің дамуына себепкер болады?
A) 12 елі ішектің созылмалы өтімсіздігінің бұзылысы;
B) Үлкен дуаденальды бүршікті таспен обтурациялау;
C) Жалпы өт жолдарын таспен обтурациялау;
D) Жалпы бауырлық жолдарын таспен обтурациялау;
+E) Қап жолдарын таспен обтурациялау;
64 жастағы науқасқа жоспарлы жағдайда асқазан резекциясы жасалды. Операциядан кейінг і4-ші тәулікте көп мөлшерде, өтсіз асқазан сұйықтығымен құсты, тахикардиясы бар. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?
A) Перитонит;
+B) Анастомозит;
C) Панкреатит;
D) Қан кету;
E) Ішек түйілуі;
64 жастағы науқасқа жоспарлы жағдайда асқазан резекциясы жасалды. Операциядан кейінгі 9-шы тәулікте іш кебуіне, газдың шықпауына, толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?
A) Перитонит;
B) Анастомозит;
+C) Ішек түйілуі;
D) Операциядан кейінгі панкреатит;
E) Анастомоз тігістерінің хәлсіздігі;
Науқас Ч., 45 ж хирургиялық бөлімшеге жоспарлы жағдайда зерттеуге жатқызылған, Жүрек айнуына, тамаққа тәбеті жоқтығына шағымданады. Емдәмді сақтамағаннан кейінкейін 2 тәуілікте көп рет, қан аралас құсты. Ойық жара анамнезі жоқ. 3 жылдан бері ішімдікке салынған, анамнезінде панкреатиті бар. Қан кетудің ықтималды себебі не?
A) Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету;
B) Золлингера-Элиссона синдромы;
+C) Меллори-Вейсса синдромы;
D) Асқазанның қатерлі ісігі;
E) Асқазанның ойық жарасы;
Науқас М., 47 жаста декомпенсацияланған стенозбен асқынған он екі елі ішек ойық жарасы бар науқаста аяқ тартылуы, талу пайда болды. Науқаста осындай жағдайының болуының себебі неде?
A) Ойық жарадан қан кету;
+B) Электролит алмасуының бұзылуы;
C) Он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы;
D) Гипогликемиялық шок;
E) Ми қан айналымының бұзылуы;
Науқас М., 47 жаста, он екі елі ішегінің жарасы бар, декомпенсацияланған тарылумен асқынған науқаста аяқтарында үндескен тырысулар пайда болды, есінен танулар болды. Төменде көрсетілгеннің қай сысы науқасқа ең алдымен енгізу қажет?
A) Инсулинді енгізу;
B) Глюкоза ерітіндісін енгізу;
C) Жүрек гликозидтері мен мезатонды енгізу
D) Қанның құрамдас бөлшектерін енгізу;
+E) Хлорлы натрий мен калий ерітіндісін енгізу;
Асқазан бөлігін алып тастау бойынша жоспарлы түрде ота жасаған науқаста 48 тәуліктен соң «кофе қоюы» түріндегі құсық пайда болды. Сіздің бұдан ары қарайғы емдеу тәсіліңіз?
A) Релапаротомияны қайталау;
B) Қанның құрамдас бөлшектерін құю;
C) Суық сумен асқазанды жуу;
+D) Асқазанды тұқылын жуу және фиброгастроскопия жасау;
E) Дицинонмен хлорлы кальцийді енгізу жеткілікті;
Науқас И., 74 жасында хирургиялық бөлімшеге шеңберлі ішектің сол жақ бөлігінің дивертикулез нақтыланған диагнозбен түсті. Бөлімшеде науқаста профузды қан ағу дамыды. Сіздің осы жағдайдағы емдеу тәсіліңіз?
A) Қансырап тұрған дивертикулды алып тастау;
+B) Сол жақтық гемиколэктомия;
C) Қансырап тұрған тамырды электрокоагуляциялау;
D) Сигмотомия, қансыраған тамырды таңу;
E) Қансыраған тамырды эндоскопическая пломбалау;
Науқас В., 58 жаста, оң жақ сан жарығына жоспарлы ота жасау кезінде Жимбернатов байламын кесу кезінде тамыр зақымдалды. Бұндай жағдайда қандай тамыр зақымдалған?
A) Сан тамыры;
B) Сан артериясы;
+C) Жабық артерия;
D) Төменгі шажырқай артериясы;
E) Сыртқы мықын артериясы;
Науқас Л., 48 жаста, сол жақ шап-ұма жарығын жоспарлы кесу барысында оташы жарық мүшегінің қаьбырғанысының бірі қуық екендігін байқады. Ота жасаушы қандай жағдайға тап келді?
A) Тікелей шап жарығы;
B) Қиғаш шап жарығы;
C) Сан жарығы;
+D) Сырғымалы жарық;
C) Қысылған жарық;
Науқас А., 68 жаста, тікeлей шап жарығына ота жасалған науқаста келесі күні кіші дәрет шығару барысында макрогематруия байқалды. Осы жағдай немен байланысты болуы мүмкін?
+A) Қуықтың жарақаттануымен;
B) Жедел цистит;
C) Бүйректің шаншуы;
D) Простатит;
E) Эпидидимит;
Әйел адам, 50 жаста, 3 күн бұрын интраоперациондық холангиографиямен бірге жүргізілген холецистэктомия отасы жасалынған. Науқастың тәбеті жоғары, қосалқы аурулары-төменгі аяқтарындағы тамырының варикозды кеңейуі бар. Үшінші тәулікте ота жасалғаннан соң ентігу дамыды, кеудеде ауру сезімінің болуы, қоңырқай түсті қақырық түкірді. АҚҚ - 110/70 с.б, пульс-90 минутына соқты, ЧД – 1 минутта 30 рет, субфебрилитет.Науқасқа қандай жағдай тән?
+A) Өкпе артериясы тармақтарының эмболиясы;
B) Аспирационды пневмония;
C) Бауыр астылық абсцесс;
D) Холангит;
E) Панкреатит.
Ер адам, 65 жаста, хирургиялық бөлімшеге ЖКБ, холедохолитиаз бойынша жоспарлы түрде ота жасатуға түсті. Ота жасау кезінде оташы гепатикохоледох 2,5 см дейін кеңейгендігін байқады, кернелмеген, көптеген тастары бар, қабырғасы қалың емес, буж № 3 еркін түрде он екі ішектен оңай өтеді, ұйқы безінің басы ұлғайған және тығыздалған. Холецистэктомия, холедохолитотомия жасалынды. Осы жағдайда отаны қалай аяқтау қажет?
A) Холедохқа саңырау тігісін салу;
B) Холедоходуоденоанастомозды салу;
+C) Холедохты екі қабат етіп дренаждау;
D) Тері арқылы, бауыр арқылы дренаждауды жүргізу;
E) Т-түріндегі дренажбен холедохты сыртқы дренаждау;
Ер адам, 34 жаста, холецистэктомия отасы жасалған. 2 тәуліктен соң науқаста ай қын сарғаю байқалды. Бірінші ретте қандай асқыну жайлы ойлануға болады?
A)Жедел бауыр жеткіліксіздігі дамыды;
+B) Жалпы өт өзегі байланған;
C) Өт өзегінен лигатура шығып кеткен;
D) Отадан кейінгі перитонит дамыды;
E) Отадан кейінгі панкреатит дамыды;
Ер адам, 78 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа оң жақ қабырға астының тұйықталған ауру сезіміне, тері жабындысының сарғаюына шағымданды. ЭРХПГ жүргізген кезде науқаста терминальды бөлікте 4 см ге дейін созылған холедох анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі ең тиімдірек болып табылады?
A) Холедохты сыртқы дренаждау;
B) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;
+C) Супрадуоденалды холедоходуоденоанастомоз;
D) Панкреатодуоденалды резекциясы;
E) Гепатикоеюноанастомоз;
Әйел адам, 41 жаста, 2 ай бұрын холецистэктомия отасы жасалған. Соңғы 3 аптада эпригастрия аймағында ұстамалы ауру сезімі мен сарғаю байқалды. Осы жағдайға қандай себеб тән?
A) Токсикалық гепатит;
B) Жедел вирустық гепатит;
C) Бауырдың холангиогенды абсцессі;
D) Созылмалы панкреатиттің асқынуы;
+E) Холедох конкрементінің қалып кетуі;
Ер адам, 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге терінің және көз склерасында сарғаюымен, қалтырау, қызбаның болуы, оң жақ қабырға асытының ауру сезімімен шағым айтып түсті. Диета сақтамағаннан кейін жедел ауырған, науқасқа зерттеу әдістері жүргізіліп, ота жасау алдында консервативтік ем тағайындалды. Жоғарыда аталған клиникалық көрініске қандай синдром түрі тән?
A) Фалло триадасы;
+B) Шарко триадасы;
C) Мондора синдромы;
D) Педжета – Шреттер синдромы;
E) Лериш триадасы;
Ер адам Т., 69 жаста, хирургиялық бөлімшеге холедохолитиаз клиникасы, механикалық сарғаюымен түсті. Ота кезінде қажетті манипуляцияларды жүргізгеннен кейін холедох аумағына саңыраулық тігіс қойылды. Осындай шешім қабылдау үшін төменде аталғандардың қайсысының себебінен болды?
A) 1 кезеңді Фатеров емізігінің стриуктурасы.;
B) Индуративті панкреатит;
C) Холедох диаметрі 2,5 см артық;
+D) Өт өзегінде гипертензияның болмауы;
E) Холедохта көптеген конкременттердің болуы;
28 жастағы ер адам клиниканың хирургиялық бөлімшесіне декомпенсацияланған пилородуоденальды тарылу деген диагноз бойынша жатқызылды. Операция алдындағы жасалынған дайындықтан кейін науқасқа операция тағайындалды. Бұндай жағдайда төменде аталған отаның қай түрін ұсынуға болады?
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жоспарлы хирургия 3 страница | | | Жоспарлы хирургия 5 страница |