Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер

Читайте также:
  1. Коммерциялық плагиндер
  2. Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру
  3. Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері

 

Әртүрлі үлгідегі модулдерді жасау үшін тегін плагиндерді қарастырамыз, оны әртүрлі жасақтаушылар жасап шығарады. Осы және басқа да қосымша құралдар өсімдіктерді, пост жөндеудің қызықты эффектілерін және тағыда басқа құралдарды жасауға қажет. Плагиндер алфавиттік тәртіп түрінде көрсетілген.

BerconMaps. Плагин қосымша төрт процедуралық карталардан: 3D S Max: Wood, Noise, Tile және Distortion тұрады. Tile картадан басқа карталар үш өлшемді болып келеді. Карталар VRay, finalRender, Brazil және стандартты визуализациялаумен жұмыс жасайды.

BetterWind. Бұл плагин стандартты көлемді деформациясы (spacewarp) және жел (Wind) альтернативінен тұрады;

Clone – нысана ауқымын өзгертулер күйінде жүзеге асыруды құруда стандартты құралдар үйлесімділігін береді; Array құралына қарағанда плагин параметрлі болып келеді;

ColladaMax. 3D S Max бағдарламасына COLLADA форматына экспорт және импортты қосатын қосымша модуль. COLLADA - XML негізіндегі ашық формат, олар 3D-суреттер арасындағы айырмашылықтар берілгендерімен алмасуға арналған. Бастапқыда COLLADA ойынды құрастырушылар пайдаланған болатын, бірақ қазірде бұл перспективті пішін 3D-графикасының барлық аймақтарында қолданылады. Оны Maya, SOFTIMAGE|XSI, 3D S Max, Google Earth және басқа бағдарламалары да пайдаланады. ColladaMax мүмкіндіктеріне үш өлшемді көріністердің барлық негіздерін (анимацияларды да) экспорттау кіреді.

ColorCorrect. Материал түсін өңдейтін қосымша карта, ColorCorrect картасы түспен басқау мүмкіндігіне ие және оның құрамына танымал түстер HSV, HSL және RGB түрлері кіреді. Осыған байланысты көптеген жағдайда Photoshop түсті өзгерту түрін қолданбай-ақ қоюға болады. Әрбір түсті сызбанұсқаларға қажетті түстерді таңдап, картаға тағайындауға болады.

ColorEdge. Шумдық эффектілер және түстер градиентін қоса отырып, көрінетін қабырғаларды бойлай нысана түсін өзгертеді; ColorEdge бір нысанадан екінші нысанаға көшуде тегістеуді карта түссіздігі ретінде қолдануға болады.

 

41- сурет. ColorEdge плагин терезесінің параметрі.

 

CounterText. Осы плагинмен салынатын нысана стандартты сплайндық мәтіннің кеңейтілген нұсқасы болып саналады. Қосымша модуль ерекшелігі – уақыт аралығына байланысты символдар көмегімен сурет қасиетін өзгертуге болады; Есептелген сурет параметрі туралы ақпаратты алуда нысананы кез-келген анимацияланатын параметр көрінісіне байлауға болады.

Greeble. Осы плагин көмегімен үш өлшемді нысана негізінде көп элементті үлгіні тұрғызуға болады. Сыртқы көрінісіне сай, мұндай үлгідегі үлгілер кішкентай балалар конструкторын еске салады. Greeble плагинін қолдана отырып тез арада космостық кеме, көп қабатты үйлері бар қала және т.б. тұрғызуға болады;

 

42-сурет. Greeble плагині.

DeFocus. Бұл қосымша модуль тереңдік өткірлігі эффектісін ұқсатады (Depth of Field). Ол шайып кету деңгейімен басқару мүмкіндігін береді, сонымен қатар дақтар жарықтығын әрлендіре түседі.

 

43-сурет. DeFocus терезесінің параметрі.

Displays. Плагин әртүрлі түрдегі анимациялар дисплейін тұрғызуға мүмкіндік береді, мысалы сұйық криссталды, жарық диодты және т.б. Displays әртүрлі кітапханалық жасақталардан тұрады, осылайша оны пайдалану жеңілдене түседі;

EdgyBend. Bend/Изгиб (Майысу) стандартты өзгертулеріне альтернативті. Стандартты модификатордан айырмашылығы сынық майысуларын құруда.

44-сурет. EdgyBendтерезесінің параметрі

 

Extended Multipass Motion Blur. Motion Blur эффектісіне альтернативті, ол а 3D S Max бағдарламасында да бар, оларды күйге келтіру майлау қозғалысы эффектісіне қарағанда оңай.

FrameInfo. Пост өңдеу эффектісі ретінде жұмыс жасайтын қосымша модуль және ол визуалданатын суретке кеткен уақыт туралы ақпарат береді және т.б. Плагинді қолдану өте ыңғайлы, себебі, таңдалған қондыруларды INI файлы күйінде сақтап, оларды келесіде басқа көріністерге қолдану үшін жүктеуге болады.

Glue Tool. Нысаналарды бұдыр-бұдыр жазықтық бетіне орналастыратын қосымша модуль. Плагин нысаналарды тегістеу үдерісін жеңілдетеді, белгіленген нысананың сүйеніш нүктелері көрсетілген жазықтыққа орналастырады. Бұл әсіресе тау бетінде ағаштарды орнатуда өте қолайлы. Glue плагині берілген жазықтықты бойлай сплайнды майыстыру үшін де қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Ш өлшемді графикаға кіріспе | Олданушы интерфейсі | Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру | Кеңейтілген примитивтер құру | Модификаторды қолданып модельдеу | Ripple модификаторы. | Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу | Коммерциялық плагиндер | Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері| Сурет.Glue Toolтерезесінің параметрі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)