Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру

Читайте также:
  1. Кеңейтілген примитивтер құру
  2. Леуметтанудыңдамуының негізгі кезеңдері.
  3. Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру

Max – та objects, нысандар термины көріністің барлық элементтеріне қатысты. Олардың барлығына дерлік түрлендірулер мен модификаторлар қолданыла алады. Нысандардың жеті категориясы бар, олар: Geometry (Геометрия), Shapes (Формалар), Lights (Жарық көздері), Cameras (Камералар), Helpers (Қосымша нысандар), Space Warps (Көлемді деформациялар) и Systems (Жүйелер).

Олар параметрлі атауларын алған, себебі себебі белгілі – ір апраметрлер бойынша, яғни нысанның өлшемдері, яғн, ұзындығы, биіктігі, ені, сегменттері мен қабырғаларының саны тағы да басқа параметрлерді атауға болады.

Сондай – ақ, бұл типке жатпайтын және редакторлауға болатын мына төрт типті атауға болады: Editable Spline (Редактируемый сплайн), Editable Patch (Редактируемый кусок), Editable Poly (Редактируемая полисетка) и Editable Mesh (Редактируемая сетка).

Geometry категориясындағы қарапайым нысандар (куб, шар, пирамида, цилиндр т.б.). Бұл нысандар күрделі нысандар жасақтау кезінде де негізгі нысан болып табылады.

 

13- сурет. Құрама тор.

Мах ортасында обьекттер құру мен редакторлаудың тәсілдерін қарастырайық.

Обьекттер Құрудың Примитивтері. Барлық обьекттер түрлеріне қарай топтастырылған, Create (Құру) панельіндегі батырмалармен таңдалады. (14-сурет).

14- сурет. Create (Құру) панелі.

Керекті түрге өту үшін тышқанмен бір рет шертеміз. Бұл тізімге кіретіндер:

Әрбір обьект топтарының өз ашылатын топшаларының тізімі бар, обьект терімінің ішінен тек керектісімен ғана жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Object Type (Объект Түрі) орамында үшөлшемді сахнада салынатын нақты обьектті таңдайтын рельефті батырмалар бар. Бұл батырмалардың біреуін таңдағанда үнсіз келісім бойынша берілген жаңа обьекттің параметрлері беріледі. Олардың кейбіреулерін өзгертуге болады. Кейін құрылатын обьекттер алдында берілген параметрлерді қабылдап құрылады. Name and Color орамында обьекттің Name (Атауы) және Color (Түсі) беріледі. Бұл мәтіндік енгізу өрісінен және түс үлгісін көрсетіп тұрған батырмадан тұрады. Обьектті құру үшін оны таңдаған соң параметрлерін береміз (егер керек болса), сосын көрсеткішті көріністі терезедегі керекті жеріне апарып тышқанды басып тұрып жылжыту арқылы көзбен мөлшерлерін туралап саламыз. Мысалы Sphere (Сфера) салу үшін Radius (Радиус) параметрін береміз. Box (Қорап) салу үшін тышқанмен саламыз және бірнеше параметрлер беруіміз керек.

Бұл обьекті құру әдісі қолайлы, дегенмен обьекттің әрбір өлшемін дәл енгізу керек болады. Сол үшін Keyboard Entry (Пернетақтадан Енгізу) орамы қызмет етеді.(15-сурет).

15- сурет. Пернетақтадан енгізу орамы.

Нысаналарды тегістеу үшін Tools/ Инструменты (Құрал-саймандар) мәзірінен шақырылатын Align/ Выровнять (Тегістеу) тобы орындалады немесе Main Tools құрал-саймандар жинақтамасындағы түймелер жинағы қолданылады. Hedra және Torus Knot примитивтер негізінде үш өлшемді қарапайым үлгілеуді зергерлік мекеменің логотипін құруға мысал құрып көрелік. Нысаналарды примитивтер негізінде тұрғызғандықтан, оларды барлық үш жобада тегістеп, қайта өңдейміз, олардың сыртқы көрінісі бастапқы көріністегідей дұрыс болмауы мүмкін (16-ші сурет. Бұл жағдайда біз логотиптің сол жағындағы үш кристаллдың қырын шығарамыз. Ол үшін берілген нысаналарды тік бұрышты қоймаға біріктіретіндей етіп Select Object құралымен/ Выделить объекты (Нысаналарды белгілеу)белгілеңіз де Tools=>Align/ Инструменты-Выровнять (Құрал-саймандар=>Тегістеу) тобын шақырыңыз. Осы берілген топты шақырғаннан кейін, тышқан көрсеткішінің сыртқы көрінісі өзгеретініне мән беріңіз, ал экранның төменгі жағында нысананы белгілеу ұсынылады, осы жолмен тегістеуді жүргіземіз. Сондықтан, тегістеуді қажет ететін нысананың ортасын (бұл жолы орташа криссталға сай келетін Hedra3 нысанасы таңдалынды)шертіңіз. Нәтижесінде Align Selection/ Выровнять выделенные объекты (Берілген нысаналарды тегістеу) диалогтік терезесі ашылып, тегістеу параметрлері қойылады (17- сурет). Нәтижесі 18-суретте көрсетілген көрініс секілді болуы мүмкін, құрылған логотипті сақтап қойыңыз.

 

 

16- сурет. Логотиптің бастапқы көрінісі.

 

17- сурет. Тегістеу параметрлерін күйге келтіру.

 

18- сурет. Кристаллдарды тегістегеннен кейінгі логотип көрінісі.

 

Кез-келген көрініс көптеген нысаналардан тұрады, сондықтан олармен жұмыс жасау ыңғайлы болу үшін оларды біріктірудің көптеген нұсқалары қарастырылады. Ең қарапайымы – нысаналарды топтарға біріктіру, осылайша кейінірек таңдау, көшірмесін алу, ақпаратты иелену, трансформациялау секілді бір уақытта нысаналардың барлық топтарына қатысты бірнеше әрекеттерді орындауға болады. Жалпы күрделі нысаналардың қосалқы элементтерін және сонымен қатар жиі қайталанатын бір типті нысаналар жинағын топтарға біріктіреді. Топтар бір деңгейлі немесе көп деңгейлі құрылыстардан тұруы мүмкін.

Топтармен жұмыс жасау үшін Group/ Группировать (Біріктіру) топтық мәзірі белгіленген, нысаналарды біріктіру берілген мәзірден бір атты топты таңдау арқылы жүргізіледі, ал анықталған нысаналармен жұмыс жасау үшін келесі топтар қолданылады:

· Open/ Открыть (Ашу) — Біріктіруді жартылай орындау арқылы ашық топтағы кез-келген нысананы таңдауға, сәндеуге, түрлендіруге мүмкіндік береді;

· Close/ Закрыть (Жабу) — Біріктіруді жартылай орындау операциясын қалпына келтіру үшін қолданылады;

· Ungroup/ Разгруппировать (Топ-топқа бөлу) — Нысананың бір деңгейлі бірігуін кетіреді;

· Explode/ Полностью разгруппировать (Толығымен топ-топқа бөлу) — Топтың кез-келген деңгейіне тәуелсіз біріктіруді толықтай кетіруді орындайды;

· Detach/ Отсоединить (Ажырату) — Таңдалған нысананы алдын-ала ашылған Open/ Открыть (Ашу) топтың құрамынан алып тастауға арналған;

· Attach/ Присоединить (Біріктіру) — Таңдалған нысаналарды топ ішіне енгізуге арналған;

Жаңа ғана құрылған логотип нысаналарынан тұратын топ құрастыралық. Барлық нысаналарды Select Object/ (Выделить объекты (Нысаналарды біріктіру) құралының көмегімен тік бұрышты қоймаға біріктіріп, Group=>Group /Группировать=>Группировать (Біріктіру - біріктіру) тобын шақырыңыз да топ атын енгізіңіз (19- сурет). Осыдан кейін топпен бір тұтас секілді жұмыс жасауға болады, топтағы барлық нысаналар бір тетікті басқанда белгіленетін болады және олардың барлығын бірге орын ауыстыруға, айналдыруға, масштабтауға, көшірмесін жасауға болады.[1]

 

 

19-сурет. Нысаналар тобының атын кенгізу.

Ал енді топтан бұрын тегістелген кристаллдары алып тастаңыз. Ол үшін топты белгілеп, Group=>Open/ Группировать=>Открыть (Біріктіру-Ашу) тобының көмегімен ашыңыз. Топтан бірінші алынатын кристаллды белгілеңіз де Group=>Detach/ Группировать=>Отсоединить (Біріктіру - Ажырату) тобын іске қосыңыз да, дәл осы әдісті басқа екі кристаллға қолданып, топты Group=>Close/ Группировать=>Закрыть (Біріктіру - Жабу) жабыңыз. Топтағы кез-келген элементке Select Object/ Выделить объект (Нысананы белгілеу) құралымен тышқан батырмасын шертіңіз, бұдан сіз ажыратылған нысаналар таңдалмай тұрғанын көресіз. Былайша айтқанда, белгіленбеген нысаналар топ ішіне кірмейді. Енді кері операцияны орындаңыз: екі жаңа нысананы белгілеп, алдын-ала құрылған топ ішіне енгізіңіз. Құрылған нысананың бірін белгілеп, Group/ Группировать (Біріктіру) мәзірінен Attach/ Присоединить (Жалғау) тобын таңдап, топқа тышқан батырмасын шертіңіз (20-сурет). Нысана топ ішіне енгеніне көз жеткізу үшін мысалы, топтағы барлық нысаналарды бір уақытта орнынан қозғап көрелік. Дәл осындай операциялар легін топқа кіретін екінші нысанамен де жүргізіңіз.

 

 

20- сурет. Жаңа нысананы топқа кіргіу үдерісі.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Ш өлшемді графикаға кіріспе | Модификаторды қолданып модельдеу | Ripple модификаторы. | Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу | Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері | Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер | Сурет.Glue Toolтерезесінің параметрі. | Коммерциялық плагиндер | Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Олданушы интерфейсі| Кеңейтілген примитивтер құру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)