Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері

 

3D S Max Design, Lightwave3D, Softimage|XSI секілді бағдарламаларда құрадар ареналдары пішіні бойынша ең күрделі нысана тұрғызуға, кез-келген үш өлшемді эффект алуға және кез-келген анимация жасауға жеткілкті деп ойлауымыз мүмкін Бірақ, ешбір 3D-суреткер кәсіпшісі немесе аниматор жасақтаушы мұндай пікірді бөлісе алмайды. Шындығында, 3D S Max немесе Maya құралдарымен жұмыс жасайтын қолданушы кез-келген қиялдағы арманды іс жүзінде 3D-суретіне жүзеге асыра алады. Бірақ көзделген мақсатқа сан қилы жолдармен жетуге болады, бір ойды бірнеше күнде немесе бірер минуттарда жүзеге асыруға болады, ол таңдалған құрал нақты бір жағдайда қаншалықты ыңғайлы екеніне байланысты. Сондықтан «шегені қисық қақпау» үшін, үш өлшемді жасақтаушылар мүмкін болатын қосымшалар мен скриптерді пайдаланады. Қосымша үлгілері көп 3D S Max бағдарламасында ондаған, тіпті жүздеген плагиндер бар, олар бағдарламалардың стандарты күйін айтарлықтай кеңейтеді. Бастапушы 3D-әрлеушісі үшін осындай кең көлемді құралдарды бөліп қолдану қиынға соғады, сондықтан бұл бапта біз көп қолданысқа ие модулдерді жинақтап, олардың қандай қызметте қолданылатындығы жөнінде ақпараттар жинақтадық.

Бұл бапта қосылатын визуалдау деңгейіндегі қосымша модулдер туралы айтпаймыз. Бұл 3D S Max бағдарламасына арналған әртүрлі плагиндер, суретті есептеуде ерекше альтернативті әдістерді қолдануға, стандартты редакторлар көмегімен есептелінбейтін көптеген эффектілерді визуалдауға мүмкіндік береді. Осындай модулдерді күйге келтіру қиынға соғады және олар көптеген күйге келтірулерден, бірнеше көмекші құралдардан тұрады. Ең қарапайым Final Render, Vray, Maxwell және тағы басқа шынайы кескінді визуалдау негіздерін аударуды бір бапқа сыйдыру мүмкін емес. Бірақ біз визуалды құралдар туралы мүлдем айтпаймыз деген сөз емес, осы тақырыпқа алдағы үлгілеулерде оралатын боламыз.

Плагиндерді жасақтаумен алып коммерциялы фирмалар да, энтузиаст-жасақтаушы да құра алады. Егер плагиннің күйге келтіру мастер болса, онда оны қолдану қиынға соқпайды. Ал егер құрастырушы плагинді күйге келтіру мастерін жасақтамаса (егер тегін қосымшаларға келетін болсақ, бұл жағдай жиі қайталанады), онда оны күйге келтіру кейбір қиындықтарды тудыруы мүмкін. Бірақ, плагинді жұмыстандыру қиын емес.

Ең бірінші интернет қорынан жүктелген плагин модулі 3D S Max бағдарламасының дәл нұсқасына келетіндігін анықтап алу қажет. Мысалы егер поагин 3D S Max 2008 бақдарламасына жазылған болса, онда ол 3D S Max 2009 бағдарламасында жұмыс жасамайды. Сонымен қатар алынған плагин бағдарламаның 32-биттік және 64-биттік нұсқасымен жұмыс жасайтындығына көз жеткізген жөн. Осы нұсқалардың біріне арналған қосымшалар басқасына бармайды. Өткен жылдан бастап, с 3D S Max бағдарламасында 3D S Max 2009 Design бағдарламасымен жұмыс жасау мүмкіндігі туындады, ол тек сәл ғана 3D S Max 2009 бағдарламасының функционалдығымен ерекшеленеді. 3D S Max 2009 бағдарламасына арналып жазылған плагиндер 3D S Max 2009 Design бағдарламасына да барады.


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Ш өлшемді графикаға кіріспе | Олданушы интерфейсі | Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру | Кеңейтілген примитивтер құру | Модификаторды қолданып модельдеу | Ripple модификаторы. | Сурет.Glue Toolтерезесінің параметрі. | Коммерциялық плагиндер | Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу| Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)