Читайте также: |
|
Стандартты примитвитер жинағы кеңейтілген примитивтермен (Extended Primitives) толығады, бұлардың жартысы, мысалы ChamferBox/ Коробка с фаской (Жүзі бар қорап) және ChamferCyl/ Цилиндр с фаской (Жүзі бар цилиндр) бастапқыда Standard Primitives тобындағы қажетті примитивтер — Box/ Коробка (Қорап) немесе Cylinder/ Цилиндр (Цилиндр) секілді болып көрінеді. Ал егер анығырақ қарастыратын болсақ, берілген примитивтерде - ChamferBox/ Коробка с фаской (Жүзі бар қорап) және ChamferCyl/ Цилиндр с Фаской (Жүзі бар цилиндр) қосымша праметрлер бар екендігін байқаймыз, олар жүздерді жинақтауға және шынайы өмірде кездеспейтін өткір жиектерден арылуға мүмкіндік береді.
Енді жалпылама түрде осы топтағы басқа примитивтермен танысыңыз, олардың қатарына мыналар кіреді:
· Hedra/ Многогранник (Көпжақ) — жақты примитив, табиғи кристалл көрінісін береді;
· Oil Tank/ Цистерна (Цистерна) — негізгі түрі түбегейлі жалпақ түрден шар тәріздес түрге дейін құбылатын цилиндр;
· Spindle/ Веретено (Ұршық) — негізгі түрі түбегейлі жалпақ түрден конус тәріздес түрге дейін құбылатын цилиндр;
· Gengon/ Граненая призма (Қырлы призма) — үстіңгі бүйір қабырғасына жүздерді қолдануға болатын призмалар;
· RingWave/ Волнообразное кольцо (Толқын тәріздес сақиналар) — дөңгелек құрылысты примитив, ол стандартты Tube/ Труба (Құбыр) примитивтің ішкі фигуралық бөлігі болып саналады;
· Prism/ Призма (Призма) —бүйір шеттерінің иілу бұрышына қатысты өзгеретін үш бұрышты призма;
· Torus Knot/ Узловой тор (Түйінді торша) — шиыршықтау мен әртүрлі түйіндерге ұқсату примитиві;
· Capsule/ Капсула (Капсула) — үсті жарты жар тәріздес негізінде құрастырылған цилиндр;
· L-Ext/ Выдавливание L-профиля (L-пішінін сығып шығару) — пішіні «бұрышқа» ұқсас нысаналарды тұрғызуға арналған примитив;
· C-Ext/ Выдавливание С-профиля (С-пішінін сығып шығару) — «шфеллер» пішініне ұқсас нысананы алуды қамтамасыз ететін примитив;
· Hose/ Шланг (Шланг) — бір түрлі беттермен шектелген кең көлемді спектрлі шығыңқы нысаналарға ұқсату примитиві;
Аталған примитивтермен тәжірибе алмасып, мысал ретінде қарапайым Hedra және Torus Knot примитивтер негізінде бірнеше нысаналарды құрастырып көріңіз (21 және 22- сурет).
21-сурет. Hedra примитиві негізінде құрылған кристалдар тобы.
22- сурет. Torus Knot примитив негізінде алынған күрделі түйіндер жиыны.
Extended Primitives тобындағы барлық примитивтер олардың параметрлерін құрастыруда үлкен мәнге ие болатынын атап өткен жөн және әрбір примитивке әртүрлі параметрлер қолданылады. Параметр тізімі көп Hose примитиві негізінде нысананы күйге келтірудегі кейбір өзгешеліктерді анықтап көрелік. Hose примитивін тұрғызып, оның негізінде тәуелсіз нысананы құрастырыңыз - бастапқыда ол болт резбісі күйінде болады (23- сурет).
23- сурет. Hose примитив негізіндегі нысананың қазіргі көрінісі.
Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру | | | Модификаторды қолданып модельдеу |