Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Олданушы интерфейсі

Autodesk 3D S Max (бұрын 3D Studio Max) –Autodesk компаниясы құрастырған үш өлшемді графика және анимациялауды құру, өзгерту үшін толық функционалданған кәсіби бағдарлама. Мультимедия облысында суретшілер мен мамандар үшін қазіргі заман құралы болып табылады.

 

3D S max интерфейсі

3D S max өте қиын программалық дестелердің бірі болып табылады. Режим командалары, құрал – саймандары және құрылғылары және т.б.

3D S max - тың негізгі интерфейс облысын анықтайық. Оның саны бесеу:

Ø проекциялау терезесі (view port);

Ø панель (жол) меню (menu bar);

Ø негізгі құрал – саймандар панелі (main toolbar);

Ø командалы панель (command панель);

Ø қалып күй жолы – күйі (status line);

 

1-сурет. Меню панелі

 

Меню панелі кез – келген Windows қосымшасында бар. Мұндай панел

3D S max – та өте үлкен санымен ерекшеленеді. Оның саны 15 және бұл сан версиядан версияға дейін өсіп отыр.

Ø File (Файл). Файлмен барлық мүмкін операциялар – сақтау, жүктеу, берілгендерді импорттау және экспорттау, тоғыстыру.

Ø Edit (Правка). Ерекшелеу, көшіру, объектіні жою операциялары. Windows қосымшасына арналған стандартты меню.

Ø Tools(Құрал - саймандар). Бұл менюде 3D S max – тың әр түрлі құралдарын іске қосу қарастырылған.

Ø Group(Топтастыру). Меню объектілерді топтауды орындайтын операция үшін арналған. Топтау – бірнеше объектілердің барлығын бірге трансформациялау және ерекшелеу. Берілген меню объектіні топтауға біріктіруге, онда қосуға және топтауды бұзуға мүмкіндік береді.

Ø Views (Түр) – проекциялау терезесінің сыртқы түрін және ондағы объектілердің бейнелеуін басқарады.

Ø Create (Құру) - 3D S max – та стандартты объектілерді құруға мүмкіндік береді. Соңғы версиясында бұл менюдің құрамы мағыналы кеңейді және Create панеліне орналастырылады.

Ø Modifiers (Модификаторлар) – бұл менюде Modify панеліндегі сияқты 3D S max - тың барлық стандартты модификаторлары топтастырылған. Сонымен қоса, Modify панеліндегі батырма модификаторлардан құралады.

Ø Character (Кейіпкер) - Character Studio 4 модуліне қатысты үшөлшемді кейіпкерді басқару және құруға арналған құрал бар.

Ø Reactor – бұл менюде Reactor модулін қолданумен қазіргі әлемде механиканың реалисті имитациясына арналған команделер қарастырылған.

Ø Animation (Анимация) – анимацияның басқару құралын іске қосады. Контроллерлер және шектеуіш.

Ø Graph Editors (Графикалық редакторлар) – кесте және қисық түріндегі Track View (Тректерді қарау) редакторын және Shematic View (Схемалық қарау) жүктеу үшін командаларды іске қосады.

Ø Rendering (Визуализация) – визу қоршаған ортада визуализацияны баптауды, атмосфералы эффектілерді және әрине визуализацияны іске қосуға арналған командалардан құралады.

Ø Customize (Баптау) - 3D S max – тың баптаудың барлық терезесіне қатынаса алатын командалардан тұрады. Бұл дестеде интерфейстің кез-келген элементі бапталады. Оның өлшемі және түсі, сонымен қатар кез-келген пернелік комбинация.

Ø MaxScript – бұнда 3D S max –та сценарийлер редакторлеуге және құруға арналған командалар орналасқан.

Сценарий - 3D S max – тың командасының операторымен сәйкес келетін арнайы тілде жазылған шағын программа.

Ø Help (Анықтама) - 3D S max бойынша қатынас командасын MAXScript, сонымен қоса оқу үшін (tutorials) іске қосылады.

 

3D S max терезесінің оң жақ бөлігінде Command атты ерекше панель орналасқан. Command панелінің жоғарғы бөлігінің қосымшалары, оның төменгі бөлігінде қандай параметрлер орналасқанын көрсетеді. Command панелі келесі алты қосымшадан құралады (солдан оңға қарай санағанда): Create (Құру), Modify (Модифицирлеу), Hierarchy (Иерархия), Motion (Қозғалыс), Display (Көрсету), Utilites (Утилеттер). Басқару элементтері туралы келесі тарауларда қарастырылған.

Create (Құру) – сіздердің бірінші танысатын қосымшаңыз. Мұнда таңдалған категорияға сәйкес толық құралдар сақталатын батырмалар бар. Бұл құралдар жөнінде келесі тарауларда қараймыз. Command панелінде мынадай баспаларды көре аламыз. Geometry (геометриялық объектілер), Shapes (формалар), Lights (жарық көздері), Cameras (камералар), Hapers (көмекші объектілер), Spase Wapps (кеңістік қисығы) және Systems (жүйелер).

Бұл категориялардың артындағы құралдар саны сіздерді таңдандырғанымен ешқандай қиындық тудырмайды. Үшөлшемді модельдеу

пакеттерінің мамандандырылған бағдарламаларының ішінде 3D S max қолданбалы интерфейстердің ең қолайлы және қарауға тұратын дизайндерінің бірі болып келеді.

 

 

 

2-сурет. Негізгі құралдар панелі.

 

Негізгі құралдар панелі (Main Toolbar) 3D S max – ң барлық базалық құралдарын құрайды. Ол 3D S max терезесінің жоғарғы бөлігінде, мәзір қатарының астында орналасқан. Экранда негізгі құралдар панелінің барлық пиктограммалары көрсетілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда құралдар панелін солға немесе оңға бұру керек. Ол үшін тышқанның сол жақ батырмасын құралдар панелінің кез келген бос жерінде шертіп, осы қалыпты оңға немесе солға апару керек. Негізгі құралдар панелінің баспалары 3D S max – та орналасқан модельдерді және басқа объектілерді өзгертуді және ұйымдастыруды таңдау үшін арналған. Олар сахна құралын құру және модификацилауға қолданатын Command панелінің батырмаларынан ерекшеленеді.

 

 

3-сурет. Проекция терезелері.

Проекция терезелері (Viewports) – сахна құрамын әртүрлі көзқарас бұрыштарынан көруге мүмкіндік береді.

Егер бағдарлама түзетулеріне сәйкесінше өзгертулер енгізілмесе, онда 3D S max-ты ашқан кезде төрт проекция терезелері қолданылады.

Егер солдан оңға және жоғарыдан төменге дейін санаса, суретте келесі проекция терезелері көрсетілген: Top (жоғарыдан көрініс), Front (алдыңғы жақтан көрініс), Left (сол жақтан көрініс), Perspective (перспектива). Бұл терезелердегі Top сахнадағы объектілерді нақты ара қашықтықта орналастыруға және де үшөлшемді модельдерді өлшеуге орналасады. Проекция терезелерінің бірін іске келтіру үшін маустың оң жақ батырмасын басу керек. Белсенді терезе сары түске боялады.

 

4-сурет. Проекция терезесі

 

Проекция режиміндегі кескіндерді айырып қосуға, үкейтіп, кішірейтуге болды.

Үш өлшемді кеңістікті қолданған кезде бір – біріне перпендикуляр орналасқан үш кординаталар осі қолданылатыны белгілі. Виртуальды үш өлшемді кеңістікте көріністің Z - биіктігі, Х – ені, Ү - тереңдігі. Сол себепті де әр проекцияда бұл кординаталар осінің көрінуі де әртүрлі.

3D S Max – тың әр нысанының өзіндіктік жергілікті координаталар жүйесі болады. Нысанды қозғап немесе бұрған кезде онымен бірге негізгі коорднаталр жүйесіне салыстырмалы түрде өзгеріп отырады. Нысандар ығысуының сандық параметрлерін бағдарлама терезесінің төменгі бөлігінен көруге болады.

5-сурет. Координата торы

 

Сондай – ақ, нысандарды дәл тұрғызу үшін координаталық тор қолданылады. Оны қажет болмаған жағдайда алып тастауға болады. Ол үшін G батырмасын басу жеткілікті.

 

3D S max терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан басқару элементтері

3D S max терезесінің төменгі бөлігінде тағы бір басқару элементтері бар. Бұл сала екі бөлікке бөлінген: анимацияны басқару элементтері және проекция терезесінің навигация элементтері.

Анимацияны басқару элементтері

Суретте көрсетілгендей басқару элементтерінің басым бөлігін (төрттен үшін) 3D S max анимациясының басқару элементтері құрайды. (басқа үшөлшемді модельдеу бағдармаларында олар уақытты басқару элементтері деп те аталады).

6-сурет. Анимация элементтері.

 

Көріністі Терезелерді (Видовые Окна) басқарудың командалары Мах-тың Бастапқы Терезесінің (Главное Окно) оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан және келесі инструменттерден тұрады:

7- сурет. Көрініс нүктесін бұру.

Өлшем Бірліктер, Кординаттар Торы, Байламдар (Привязки). Мах-тың келесі маңызды интерфейс баптауларыӨлшем Бірліктерді(Единицы Измерения)таңдау, Байламдар (Привязки) режимдерін орнату жәнеКоординаталар Торының(Сетки Координат) параметрлерін баптау. Өлшем Бірліктерді (Единицы Измерения) таңдау үшін Customize (Баптау) құлама менюден Units Setup (Өлшем Бірліктерді Баптау, Настройка Единиц Измерения) пунктін шақырамыз. Нәтижесінде диалогтық терезе пайда болады, мұнда ауыстырып қосқыштар (переключатели) терімінен керекті жүйені таңдаймыз: (7- сурет) Metric (Метрлік), US Standard (Американдық), Custom (Қоланбалы)және үнсіз келісім (по умолчанию) бойынша қолданылатындар Generic Units (Жалпылар, Общие).

8- сурет. Өлшем бірліктерді баптау.

Нақты үш өлшемді сахнамен жұмыс істегенде ең алдымен өлшем бірліктерді таңдап алуымыз керек, дегенмен дайын болған үш өлшемді сахна бірліктерінің өзі басқа бірлікке ауыса алады. Мұндай процедура әр түрлі Өлшем Бірліктерде құрылған үш өлшемді дайын сахналарды біріктіргенде автоматты түрде шығарылады. Көріністі Терезелердің жұмыс алаңы бақылаудың ыңғайлылығы, құруда және редакторлағанда өлшемдердің дұрыс берілуі үшін бір-біріне перпендикуляр қызметтік сызықтардан - Координаталар Торынан құрылуы мүмкін. Тор горизонтальді және вертикальді түзулерден тұрады. Тордың сызықтары негізгі және көмекші болып бөлінеді. Сызықтар ара қашықтығын таңдау үшін Customize (Баптау) құлама менюінен Grid and Snap Setting (Байламдар мен Тордың Баптаулары, Установки Сетки и Привязок) диалогтық терезесін шақырамыз, Home Grid (Тор, Сетка) закладкасынан Grid Spacing (Тор қадамдары, Шага Сетки) өзгертеміз. (8- сурет).

9- сурет. Тор қадамдарын баптау.

10- сурет. Байламдардың орнатылуы.

Көріністі Терезелердегі (Видовые Окна) обьекттердің суреттелуі (отображение) Сахнаның геометриясын құрғанда және редакторлағанда, материалдарды жөндегенде және жанбітірім (анимация) параметрлерін баптағанда Көріністі Терезелерде сахнадағы обьектілердің суреттелуін басқару механизмі болуы керек. Әсіресе бұл өте күрделі үш өлшемді сахнада өзгерістер енгізгенде керек болады. Жүйенің қиналуын тоқтатудың ең оңай жолы - дәл қазір қолданылмай тұрған обьекттерді жасырын ету немесе «қатырып қою» (біз бұл командаларды обьекттерді таңдау режимдерін қарастырғанда талдаймыз). Дегенмен сахнаның көрініп тұрған бөлігін және суреттелуін басқаруға мүмкіндік бар. Сондықтан обьекттердің суреттелу режимдерін және оның оптимизациясын тереңірек қарастырамыз.Кез-келген Көріністі Терезенің суреттеу режимін таңдау үшін оның атауының үстіне барып тышқанның оң жағын шерту керек және шыққан контексттік менюдің жоғарғы тобындағы пункттердің біреуін көрсету керек.[6]

Редакорланатын обьектте контексттік меню шақырып Properties (Қасиеттер) пунктін таңдаймыз, Displays (Көрсету) кіші диалогтық терезесінен керекті жалаушаларды таңдаймыз (10- сурет):

11- сурет. Сахна обьектісінің қасиеттері.

Пернетақтаны қолдану. Тапсырмалар орындағанда, бір инструментті қолдануды үйренгенде немесе бағдарламамен алғаш танысқанда тышқанды қолдануымыз керек. Нағыз нәтижелі жұмыс жасау үшін Shortcuts (Пернетақталық Макростар немесе Кілттер) қолданамыз. Мысалы Select Objects (Объекттерді Таңдау) диалогтық терезесіне жету үшін құлама меню арқылы тышқанды біраз жерге жылжыту және бірнеше рет шеру керек. Осы процедураны перентақтаның пернесін бір басу арқылы орындауға болады. Мах-тағы барлық командаларды пернелердің үйлесімімен (сочетание) орындауға болады, бұл үшін Customize User Interface (Қолданушы Интерфейсінің Баптаулары) диалогтық терезесін шақырып Keyboard (Пернетақта) закладкасында керекті баптаулар жасау керек.(11- сурет).

12- сурет. Перентақта баптаулары.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 368 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Кеңейтілген примитивтер құру | Модификаторды қолданып модельдеу | Ripple модификаторы. | Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу | Плагиндердің қазіргі қолданыстағы ерекшеліктері | Р түрлі үлгідегі тегін плагиндер | Сурет.Glue Toolтерезесінің параметрі. | Коммерциялық плагиндер | Плагиндерді қолдана отырып үш өлшемді объектілердің сахнасын құру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ш өлшемді графикаға кіріспе| Нысандармен негізгі операциялар. Қарапайым примитивтер құру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)