Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Клизмалар. 4 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

 

 

11.1.ПАЦИЕНТТІҢ АСҚАЗАНЫН РЕНТГЕН ТЕКСЕРІСІНЕ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: асқазанның көлемін, орналасуын, кілегейлі қабатының жағдайын, қатерлі ісіктердің болуын анықтау.

 

Көрсеткіштері: асқазан аурулары.

Қарама қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішектен қан кету.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз.

2.Тексеру алдында үш күн бұрын пациенттің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз (қара нан, картоп, шикі сүт т.б.).

3.Тексеріс алдында пациент тығыс тамақ ішпеуі керек.

4.Кешкі тағам жеңіл болып, сағат 18.00.кейін тамақ ішпеу керек.

5.Кешкі тағамнан кейін тексеріс алдында тамақ ішу, су ішу, шылым шегу, дәрілерді қолдануға болмайды.

6.Тексеріс тәңертең ашқарында жүргізіледі.

7.Тексеріс алдында рентгенологтың ұсынысымен пациентке 250мл контрастық затты (барий сульфат) ішкізіп, содан кейін тексеріс жүргізіледі.

 

11.2 ПАЦИЕНТТІҢ ТОҚ ІШЕГІН РЕНТГЕН ТЕКСЕРІСІНЕ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: тоқ ішектің органикалық және функционалдық ауруларын анықтау.

Көрсеткіштері: тоқ ішектің аурулары.

Қарама қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішектен қан кету.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз.

2.Тексеру алдында үш күн бұрын пациенттің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз (қара нан, шикі сүт) т. б.

3.24 сағат бұрын тексеріс алдында пациентке 30мл кастор майын ішкізіңіз.

4.Тексеріс алдында кешкі уақытта пациентке екі жоғарғы тазарту клизмасын жасаңыз.

5.Таңертең, тексеріс алдында 3 сағат бұрын пациентке тағыда бір тазарту клизмасын жасаңыз.

6.Пациентті тексеріске жіберіңіз.

7.Тексеріс алдында рентгенологтың ұсынысымен пациентке Эсмарх кружкасы арқылы тоқ ішегіне контрастық затты (барий сульфат) жіберіңіз.Тоқ ішектін кілегейін анық зерттеу үшін барий қоспасына

(1 литр суға 5-10г) танинді) қосыңыз.

 

 

11.3.ПАЦИЕНТТІ ХОЛЕЦИСТОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: өт жолдарының диагностикасы.

Қарама қарсы көрсеткіштері: бауырдың ауыр түрдегі патологиялары, дене қызуының көтеріліуімен өтетін бауырдың жедел қабынулары.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз.

2.Тексерер алдында табиғи жолмен ішекті босату.

3.Тексерер алдында 14-17 сағат бұрын бір сағаттың ішінде 10 мин аралығында контрастық затты тәтті шаймен ішкізіңіз.

4.Ашқарында рентген бөлімшесіне апару.

5.Рентген бөлімшесінде ең бірінші жалпы сүрет жасайды, содан кейін пациент өтті айдайтын тағам ішеді (екі жұмыртқаның сарысын, 20г сорбит);

6.Әрбір 10, 20, 30, 45 минут сайын, содан кейін екі сағат аралығында 20 минуттан кейін рентген сүреттерін жасайды;

7. Пациентке рентген сүреттерін дәрігерге әкелу туралы

 

Ескертпе:

-Егер пациентке осы процедураны түсіну қиын болса қағазға жасып беріңіз. Іші тырсылдаған кезінде кешкі уақытта 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.

-Кейбір жағдайда контрастық заттың түрі мен дозасы рентгенологпен тағайындалады.

-Өтті айдайтын тағам кейбірде тағайындалмайды.

-Өтті айдайтын тағам арқылы өттің таралу қабілетін анықтайды.

-Ауруханалық жағдайда пациентті палатаға апарып, тыныштықта болуын бақылауды қамтамасыз етіңіз.

 

11.4. ПАЦИЕНТТІ ХОЛЕГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: өт жолдарының диагностикасы.

Қарама қарсы көрсеткіштері: бауырдың ауыр түрдегі патологиялары, дене қызуының көтеріліуімен өтетін бауырдың жедел қабынулары.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке алдағы тексеру мақсатымен және дайындау мағынасын түсіндіріңіз;

2.1-2 күн бүрын рентген контрастық заттың сезімталдығына тексеріңіз;

3.Тексерер алдында кешкі уақытта тазарту клизмасын жасаңыз.

4.Рентген бөлімшесінде пациентке ашқарында көк тамырына рентгенконтрастық затты керекті мөлшерде 5-8 мин аралығында жіберіп, көлденеңінен жатқызыңыз;

5. 15 минуттан кейін рентген сүреттер жасалынады.

6.Пациентке рентген сүреттерін дәрігерге әкелу туралы Ескертпе.

 

Ескертпе:

1.Егер пациентке осы процедураны түсіну қиын болса қағазға жазып беріңіз;

2.Қарапайым әдіс ол – калий иодид ерітіңдісін үш мезгіл үлкен қасықпен қабылдау. Егер жағымсыз болса онда бөртпелер, қышыма пайда болады.

3.контрастық заттың түрі мен дозасы рентгенологпен тағайындалады;

4.Ауруханалық жағдайда пациентті палатаға апарып тыныштықта болуын

бақылауды қамтамасыз етіңіз.

 

11.5.ПАЦИЕНТТІ ЭКСКРЕТОРЛЫҚ ПИЕЛОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: бұйрек және сыртқа шығару жолдарының диагностикасы.

Жабдықтар:

-20 мл бір рет қолданылатын шприц

-30% натрий тиосульфат ертіңдісі

-тазарту клизмасын жасауға арналған жабдықтар

-дәрігердің нұсқауы бойынша тағайындалған рентген контрастық зат (урогафин немесе верографин).

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

 

1.Пациентке және оның жанұя мүшелеріне осы тексеріске дайындауын үйретіңіз;

2.Тексеру алдында пациенттің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз (қара нан, ашытқы, шикі сүт т.б.);

3.Метеоризмде дәрігердің нұсқауы бойынша белсендірілген көмірді беріңіз;

4.Тексеріс алдында 18-20 сағат бұрын тамақтын қабылдауын пациентке шектетіңіз;

5.Түскі астың алдында дәрігердің нұсқауы бойынша ішті жүргізетін дәрімен қамтамас етіңіз, күннің екінші бөлігінде сұйықтықты шектетіңіз;

6.Тексерер алдында кешкі жатар кезінде 22 сағатта және таңертең тексеріс алдында 1,5-2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз;

7.Тексеріс алдында тамақ, дәрі ішуге,шылым шегуге, инъекция, тағыда басқа процедураларды жасауға болмайды;

8.Тексерер алдында қуықты зәрден босату керектігін айтыңыз;

9.Пациентті рентген бөлімшесіне апарыңыз.

10. Рентген бөлімшесінде ең бірінші жалпы сүрет жасайды.

11. Пациентке ашқарында көк тамырына рентгенконтрастық затты керекті

мөлшерде (20-40-60мл) енгізіңіз.

12. Рентген сүреттер жасалынады.

13.Пациентке рентген сүреттерін дәрігерге әкелу туралы.

11.6 ПАЦИЕНТТІ РЕКТОРОМОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: тіқ ішектің органикалық және функционалдық ауруларын анықтау.

Көрсеткіштері: тіқ және сигма ішектің аурулары.

Қарама қарсы көрсеткіштері:

-пациенттің ауыр халдегі жағдайы;

-тік ішектің жедел және іріңді процестері;

-тік ішектің тарылуы.

Іс-әрекеті алгоритмы:

1.3 күн бұрын тексеру алдында пациенттің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.

2.24 сағат бұрын тексеріс алдында пациентке 30мл кастор майын ішкізіңіз.

3.Тексеріс алдында кешкі уақытта пациентке екі жоғарғы тазарту клизмасын жасаңыз.

4.Таңертең, тексеріс алдында 3 сағат бұрын пациентке тағы да бір тазарту клизмасын жасаңыз.

5.Тексеріс алдында 30 мин бұрын пациентке 1мл 0,1% атропин сульфат ертіңдісін тері астына және 2мл 50% аналгин ерітіңдісін көк тамырға жіберіңіз(егер анальгин пациентке жақпаса, онда 1мл 2% промедол ерітіңдісін жіберіңіз).

6.Пациентті тексеріске жіберіңіз.

11.7.ПАЦИЕНТТІ ЖОСПАРЛАНҒАН ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОС-

КОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: асқазанның органикалық және функционалдық ауруларын анықтау.

 

Қарама қарсы көрсеткіштері:

-Өнештің тарылуы;

-Өкпе және жүрек жеткіліксіздігі;

-Қолқа аневризмасы;

-Миокард инфарктысы;

-Инсульт;

-Психикалық аурулар;

-Омыртқаның қисайюы;

-Төстік жемсау;

-Өңештің көк тамырларының кеңеюі.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке алдағы тексерудің мақсаты мен дайындау мағынасын түсіндіріңіз. Ең сонғы тағам кешкі сағат 18 болуы тиіс.

2.Тексеріс алдында 30 мин бұрын пациентке 1мл 0,1% атропин сульфат ерітіңдісін тері астына жіберіңіз.

3.3-5 мин бұрын тексеріс алдында ауызын 1% дикаин немесе лидокаин, ксикаин, тримекаин ерітіңділерінің бірімен шайғызыңыз.

4.Тексерісті универсалдық операциялық столда жүргізеді. Пациентті сол жақ қырына жатқызыңыз.Тексеріс барысында пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз.

5. Тексерістен кейін бір сағат тамақ, су ішуге тиім салынады. Жұтқыншақтың ауырсыну жағдайында 3% натрий гидрокарбонат немесе 0,02% фурацилин ерітіңдісімен шайғызыңыз.

11.8.ПАЦИЕНТТІ ФИБРОКОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: тоқ ішектің кілегей қабатының органикалық және функционалдық ауруларын анықтау.

Көрсеткіштері:

-тоқ ішектің созылмалы аурулары;

-қатерлі ісік және полиптерге күдіктену;

-ішектің анықталмаған қан кетулері.

 

Қарама қарсы көрсеткіштері:

-жүрек жеткіліксіздігі;

-миокард инфарктісі;

-ми тамырларының тромбозы;

-хирургиялық кірісуге апаратын іштің жедел аурулары (перитонит);

-гемофилия.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.2-3 күн бұрын тексеру алдында № 16 шлаксыз емдәмді тағайындаңыз пациенттің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.

2.Тексеріс алдында пациентке түскі сағат 14-16-да 30-50 мл кастор майын ішкізіңіз.

3.Тексеріс алдында кешкі уақытта пациентке екі жоғарғы тазарту клизмасын жасаңыз.

4.Таңертең, тексеріс алдында 3 сағат бұрын пациентке тағыда бір тазарту клизмасын жасаңыз.

5.Тексеріс алдында 30 мин бұрын пациентке 1мл 0,1% атропин сульфат ерітіңдісін тері астына және 2мл 50% анальгин ерітіңдісін көк тамырға жіберіңіз(егер анальгин пациентке жақпаса, онда 1мл 2% промедол ерітіңдісін жіберіңіз).

6.Пациентті сол жақ қырына жатқызыңыз.

7.Тексеріс барысында пациентің жағдайын қадағалай отырып, дәрігердің нұсқауын орындаңыз.

11.9. ПАЦИЕНТТІ БРОНХОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Ірі және орта бронхтардың ауруларының диагностикасы, карауы, емі.

Жабдықтар: залалсыздандырылған бронхоскоп

Іс-әрекетінің алгоритмы:

 

1.Пациентке алдағы тексеру мақсаты мен дайындау мағынасын түсіндіріңіз;

2.Дәрігердің нұсқауы бойынша бірнеше күн транквилизаторлармен премедикация жүргізіңіз;

3.Таңертен тексеріс алдында тамақ, су, дәрі ішпеу туралы ескертіңіз;

4.Қуықты, ішекті босату туралы ұсыныс беріңіз;

5.Процедура жасар алдында 15 мин бұрын дәрігердің нұсқауы бойынша премедикация жүргізіңіз;

6.Эндоскопиялық кабинетке апарыңыз.

7. Пациентті орындыққа отырғызыңыз.

8.Жоғарғы тыныс алу жолдарың, ауыз немесе мұрын арқылы жаңсыздандырыңыз.

9.Дәрігер бронхоскопты мұрын немесе ауыз арқылы жібереді, мейіркеш көмектеседі.

10.Бронхоскопиядан кейін асфиксияның алдын алуын жүргізу;

11. Бронхоскопты,құрал жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандырыңыз және залалсыздандырыңыз.

 

Ескертпе:

-Пациент хабардың дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз;

-Тыныштандыратын дәрілерді қолдану;

-Тексеру барысының нақтылығы;

-Жағымсыз заттарды алып тастау;

-Бронхоскопты еркін енгізу үшін жағдай жасау;

-Ауруханалық жағдайда эндоскопиялық кабинетте жүргізіледі;

-Дәрілерге сынақ өткізгеннен кейін келесі дәрілер қолданылады:10% новокаин,5% тримекаин, 2% лидокаин ерітіңділері;

-Бронхоскопты,қурал жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандыруды және залалсыздандыруды арнайы нұсқау бойынша жүргізеді.

 

11.10.ПАЦИЕНТТІ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: тоқ ішектің жоғарғы бөлігінің диагностикасы.

Жабдықтар: залалсыздандырылған колоноскоп

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке осы тексеріске дайындауын үйретіңіз;

2.Үш күн бұрын тексеріс алдында № 4 шлаксыз емдәмтуралы айтыңыз;

3.Екі күн бойы кастор майын беріңіз;

4.Тексерер алдында бір күн бұрын кешке жатар алдында тазарту клизмасын жасаңыз;

5.Тексеретін күні 4 және 2сағат бұрын тағы да тазарту клизмасын жасаңыз;

6.20-30мин тексерер алдында дәрігердің нұсқауы бойынша премедекация жасаңыз.

7.Тексерісті дәрігер жүргізеді, пациентті сол жақ қырына жатқызыңыз.

8.Колоноскоп жіберер алдында тік ішек маңайына анестезия жүргізіңіз.

9.Колоноскопты тік ішекке кіргізіңіз.

10.Тексергеннен кейін колоноскопты шығарып, зарарсыздандырып ерітіңдісіне салыңыз.

11.Колоноскопты,қурал жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандырыңыз.

 

Ескертпе:

-Пациент хабардың дурыс түсінгеніне көз жеткізініз;

-Тоқ ішек нәтижелі тазартылады;

-3% дикаин майын қолданады;

-Ауруханалық жағдайда эндоскопиялық кабинетте жүргізіледі;

-Колоноскопты,қурал жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандыруды және залалсыздандыруды арнайлы нұсқау бойынша жүргізеді.

 

11.11.ПАЦИЕНТТІ ЦИСТОСКОПИЯҒА ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: қуықтың әртүрлі ауруларының диагностикасы.

Жабдықтар: залалсыздандырылған цистоскоп.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке алдағы тексеру мақсаты мен дайындау мағынасын түсіндіріңіз;

2.Таңертең тексеріс алдында тазарту клизмасын жасаңыз;

3.Тексерер алдында қуықты босату;

4.Ашқарында таңертең эндоскопиялық кабинетке пациентті апарыңыз.

5.Тексеріс гинекологиялық креслода жүргізіледі.

6.Цистоскоп енгізер алдында еркектерге анестезия жүргізеді.

7.Дәрігер цистоскопты жібереді, мейіркеш көмектеседі.

8.Тексерістен кейін пациент төсек тәртібін сақтау тиіс;

9.Цистоскопты,қурал жабдықтарды,қолғаптарды зарарсыздандыруды және залалсыздандыруды арнайы нұсқау бойынша жүргізеді.

 

 

Ескертпе:

- Пациент хабардың дурыс түсінгеніне көз жеткізу;

-Тоқ ішек нәтижелі тазартылады;

- Процедура барысында асептика ережесін сақтау;

-Қурал жабдықтарды, қолғаптарды 3% хлорамин ертіңдісіне 60 мин зарарсыздандырады және залалсыздандыруды арнайы нұсқау бойынша жүргізеді.

 

11.12.ПАЦИЕНТТІҢ ІШ ҚУЫСЫНЫҢ УДЗ-ІНЕ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Құрсақ ауруларының диагностикасы.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.2-3 күн бұрын тексеру алдында шлаксыз ем-дәмді тағайындаңыз пациенттің ем - дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.

2.Тексеріс алдында пациентке жатар алдында 2 сағаттың ішінде 8 таблетка белсендірілген көмір немесе 1 ас қасық укроп дәнің, 200 гр қайнатылған суға қосып, суытып ½ стакан 3 мезгіл қабылдауын сұраңыз.

3.Ішегі тырсылдаған кезінде ферменттік препараттарды қолдануын айтыңыз(фестал, панкреатин т. б.

4.8-10 сағат бұрын тексеріс алдында тағам ішпеуін ескертіңіз.

5.Тексеріске жіберіңіз.

11.13.ПАЦИЕНТТІ ӨТ ҚАПШЫҒЫНЫҢ ЖИЫРЫЛУ ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ ҮШІН УДЗ-ГЕ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: өт жолдары патологиясының диагностикасы.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.2-3 күн бұрын тексеру алдында шлаксыз ем-дәмді тағайындаңыз пациенттің ем -дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.

2.Тексеріс алдында пациентке жатар алдында 2 сағаттың ішінде 8 таблетка белсендірілген көмір немесе 1 ас қасық укроп дәнің, 200 гр қайнатылған суға қосып, суытып ½ стакан 3 мезгіл қабылдауын сұраңыз.

3.Ішегі тырсылдаған кезінде ферменттік препараттарды қолдануын айтыңыз(фестал, панкреатин т. б.

4.8-10 сағат бұрын тексеріс алдында тағам ішпеуін ескертіңіз.

5.УДЗ тексеріске жібергенде 2 жұмыртқа сарысын шикі түрінде алуына кеңес беріңіз.

6.Алғашқы қарау аш қарында жүргізіледі, содан кейін жұмыртқа сарысын беріп, 50-60 минуттан кейін қайтадан тексереді.

11.14.ПАЦИЕНТТІҢ КІШІ ЖАМБАC ҚУЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН МҮШЕЛЕРІН УДЗ-ГЕ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ (ҚУЫҚ, ЖАТЫР, АНАЛЫҚ БЕЗ, ҚУЫҚ БЕЗ)

Мақсаты: кіші жамбас мүшелері ауруларының диагностикасы.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.2-3 күн бұрын тексеру алдында шлаксыз емдәмді тағайындаңыз пациенттің ем- дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.

2.Тексеріс алдында пациентке жатар алдында 2 сағаттың ішінде 8 таблетка белсендірілген көмір немесе 1 ас қасық укроп дәнің, 200 гр қайнатылған суға қосып, суытып ½ стакан 3 мезгіл қабылдауын сұраңыз.

3.Ішегі тырсылдаған кезінде ферменттік препараттарды қолдануын айтыңыз(фестал, панкреатин т. б.

4.2-3 сағат бойы 1-1,5 литр су ішкізіңіз.

11.15.ПАЦИЕНТТІҢ БҮЙРЕК, ЖҮРЕК ЖӘНЕ ҚАН ТАМЫРЛАРЫН УДЗ-ГЕ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМЫ

Айтарлықтай дайындық керек емес. Пациент УДЗ тексерісіне барғанда қосымша аяқ киім, ауру тарихын, орамалын, ақ жаймасын алуын ескертіңіз

12.Тарау. Зондтық манипуляциялар

12.1-Құсық болған жағдайда көмек көрсету іс-әрекетінің алгоритмы

12.2-Сана сезімі жоқ, немесе әлсіз пациенттің құсық болған жағдайда көмек көрсету іс-әрекетінің алгоритмы

12.3- Асқазанды жуу іс-әрекетінің алгоритмы

12.4-Фракциялық әдіспен асқазаннан сөл алу іс-әрекетінің алгоритмы

1.9 Дуоденалдық зондтау (ұлтабардан сөл алу) іс-әрекетінің

12.1. ҚҰСЫҚ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӨМЕК КӨРСЕТУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Құсық- ол ауыз немесе мұрын арқылы асқазаннан шығатын ас қоспасы.

Мақсаты: Асқазанды керексіз сұйықтықтардаң босату

Жабдықтар:

-клеенкалы алжапқыш

-шелек немесе леген

-орамал

-қақпағы бар таза ыдыс

-су немесе 2% натрий гидрокарбонат ерітіндісі

-лоток

-резеңке баллон.

Іс-әрекет алгоритмы:

 

Егер пациенттің сана сезімі айқын болса:

1.Пациентті тыныштандырыңыз;

2.Пациентті отырғызып, клеенкамен жабыңыз;

3.Орамалды беріп, екі аяғының арасына леген қойыңыз;.

4.Дәрігерге хабарлаңыз;

5.Құсып жатқанда, пациенттің маңдайын ұстап тұрыңыз;

6.Құсқаннан кейін ауызын су немесе 2% натрий гидрокарбонат ертіндісімен шайғызып отырыңыз;

7.Құсықты дәрігерге көрсетіңіз.

 

Ескертпе: белгісіз улы затпен уланғанда құ сықты таза шынылы ыдысқа жинап, қақпағын жауып, жолдама жазып лабораторияға жіберіңіз.

 

12.2.САНА СЕЗІМІ ЖОҚ НЕМЕСЕ ӘЛСІЗ ПАЦИЕНТТЕ ҚҰСЫҚ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӨМЕК КӨРСЕТУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Егер пациент әлсіз болса, немесе сана сезімі айқын емес жағдайда болса:

1.Пациентті қырымен жатқызыңыз немесе басын бір жағына қарай бұрыңыз;

2.Жедел түрде дәрігер шақырыңыз;

3.Жастықты алып тастаңыз;

4.Тіс протездерін (егер бар болса) алып тастаңыз;

5.Клеенкамен мойынын, кеудесін жабыңыз;

6.Ауызына лоток қойыңыз;

7.Электросорыш немесе резеңке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алыңыз;

8.Ауызды құсық шыққан сайын жуыныз.

Ескертпе: Электросорғышпен немесе резеңке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алыңыз немесе саусаққа оралған залалсыздандырылған дәкемен сүртіп отырыңыз.

 

12.3. АСҚАЗАНДЫ ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: асқазанды өңеш арқылы тазалау, емдеу, диагностикалау әдісін жүргізу.

Көрсеткіштері: ішімдікпен, дәрілермен, тамақпен улану, ішектің түйілуі.

Қарама қарсы көрсеткіштері:

- Асқазаннан, өңештен қан кету;

- Асқазан мен өңештің күйігі;

- Өңештің тарылуы;

- Стенокардия;

- Миокард инфарктісі;

- Қолқа аневризмасы;

- Инсульт.

 

Жабдықтар:

-лоток

-0,5-1 л сыйымдылы шыны құйғыш

-2 жуан зонд

-зондтарды жалғайтын шыны түтік

-10 л (бөлмеt сәйкес) су

-ожау

-леген

-клеенкалы екі фартук

-мәрліленген дәкелер

-қақпағы бар таза ыдыс

-латекстық қолғап

-зарарсыздандыруға арналған ыдыстар.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

 

1.Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап,іс-әрекет мақсатымен, орындау барысымен таныстырып, келісімін алыңыз.

2.Керекті жабдықтарды дайындаңыз.

3.Алжапқышты киіңіз.

4.Қолды жуып, құрғатып,латекстық қолғапты киіңіз.

5.Пациентті орындыққа отырғызып, басын алдына қарай кішкене еңкейтіңіз.

6.Екі аяғының ортасына легенді қойыңыз.

7.Пациентке алжапқышты кигізіңіз.

8.Зондпен мұрын ұшынан бастап құлақ ұшына дейін, содан кейін кіндікке дейін өлшемдерді алыңыз.

9.Зондтарды шыны түтікпен жалғастырыңыз.

10.Зондтың соңғы ұшын жылы суға салыңыз.

11.Пациенттің ауызын ашып, зондты оң жақ қолыңызға алып (ұзындығы 10 см), жұтқыншаққа қарай кіргізіңіз.

12.Пациентке жұтыну арқылы зондты асқазан деңгейіне дейін жұтқызыңыз (зондта белгісі бар).

13.Зондқа құйғышты жалғап, асқазаннан төмен және кішкене қисайтып түсіріңіз.

14.Құйғышқа суды құйыңыз.

15.Жайлап құйғышты пациенттің ауызына 25-30 см көтеріңіз.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Клизмалар. 3 страница| Тарау. Клизмалар. 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.05 сек.)