Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

1.Жылытқыштарды қойыңыз.

2.Үстін жабыңыз, қант қосылған жылы шай, кофе беріңіз.

3.Тері астына енгізу үшін 10%-тік кофеин, кордиамин дайындаңыз.

4.Теріні құрғатып сүртіңіз және ішкі киімін ауыстырыңыз (жағдайы жақсарған соң).

3.5. ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫН САНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Жабдықтау:

-секундомер.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентті ыңғайлы жағдайға отырғызыңыз.

2.Сол қолыңызды кеуде торының үстіне қойыңыз (әйел адамдарда), немесе құрсақ қуысының үстіне қойыңыз (ер адамдарда).

3. 1минуттағы тыныс алу қозғалыстарының санын санаңыз.

Ескертпе: пациентті алдандырыңыз (қолынан ұстап әңгімелесіңіз).

 

 

3.6. СУ БАЛАНСЫН АНЫҚТАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

1.Пациентке процедураның барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Бір парақ қағазды екі бөлікке бөліңіз.

3. (таңғы сағат 6-дан келесі күнгі таңғы сағат алтыға дейін): бірінші бөлігіне бір тәулік бойында пациент қабылдаған сұйықтың мөлшерін жазып тіркеңіз.

- ішілген тамақ, су мөлшері

- ауыз арқылы қабылданған дәрі мөлшері, тамырға енгізілген дәрі мөлшері.

4. (таңғы сағат 6-дан келесі күнгі таңғы сағат алтыға дейін):

парақтың екінші бөліміне бір тәулік бойында ағзадан шығарылған сұйық мөлшерін тіркеп жазыңыз.

- тәуліктік зәр мөлшері

- құсық, іш өткен кездегі үлкен дәрет мөлшері, бөлінген тер мөлшері- бәрі есепке алынады.

5.Келесі күнгі таңғы сағат 6-да су балансын анықтайсыз (тәулік бойында бөлінген зәр мөлшері мен қабылданған сұйықтық мөлшерін салыстырасыз).

6.Алынған нәтижелерді дене қызуын тіркейтін параққа жазып қойыңыз.

 

Ескертпе: Су балансын есепке алу келесі формула бойынша жүргізіледі: бөлінген зәр мөлшерін 0,8 (80 процент) көбейтеміз, бұл қалыпты жағдайда бір тәулікте бөлінетін зәр мөлшері. Бағалау: су балансы оң болса онда емнің нәтижесі оң және ісік кетті. Егер су балансы теріс болса ісіну ұлғайып, зәр айдайтын дәрілерден әсер болмағаны.

 

 

4 – Тарау. Пациенттің жеке бас гигиенасы

4.1- Пацинтті Фаулер жағдайына орналастыру іс-әрекетінің алгоритмы

4.2-Пациентті СИМБС жағдайына орналастыру іс-әрекетінің алгоритмы

4.3 - Пациентке төсек дайындау іс-әрекетінің алгоритмы

4.4 - Төсек жабдықтарын ауыстыру іс-әрекетінің алгоритмы

4.5 - Пациенттің үстіндегі киімді ауыстыру іс-әрекетінің алгоритмы

4.6 - Ауыз қуысына гигиеналық күтім жасау іс-әрекетінің алгоритмы

4.7 - Мұрын қуыстарын гигиеналық өңдеу іс-әрекетінің алгоритмы

4.8 - Құлақтарды күту іс-әрекетінің алгоритмы

4.9 - Көздерге күтім жасау іс-әрекетінің алгоритмы

4.10 - Халі ауыр пациенттердің шашын күту іс-әрекетінің алгоритмы

4.11 - Есту саңылауын жуу іс-әрекетінің алгоритмы

4.12 - Көздерді жуу іс-әрекетінің алгоритмы

4.13 - Ауыз қуысын жуу іс-әрекетінің алгоритмы

4.14 -Халі ауыр жағдайдағы пациенттердің астын жуу іс-әрекетінің алгоритмы (Әйелдер)

4.15 -Халі ауыр жағдайдағы пациенттердің астын жуу іс-әрекетінің алгоритмы (Ерлер)

4.16 - Ойылып қалудың алдын-алу іс-шаралары

4.17 - Судно беру іс-әрекетінің алгоритмы

4.18 - Зәр қабылдағышты беру іс-әрекетінің алгоритмы

4.19-Халі ауыр жағдайдағы пациенттің аяқтарын жуу іс-әрекетінің алгоритмы

 

 

4.1.ПАЦИЕНТТІ ФАУЛЕР ЖАҒДАЙЫНА ОРНАЛАСТЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Мақсаты: пациенттің төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету(гемиплегия, параплегия, тетраплегия кездерінде), ойылып қалудың алдын алу, физиологиялық бөліністерін төсек жағдайында алуға мәжбүр болған кездерде.

Іс - әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке алдағы процедураның орындалысы жайында түсіндіру, оның процедураны түсінетініне көз жеткізу және оған пациенттің келісімін алу.

2.Пациенттің жағдайын және қоршаған орта жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегіштерін бекіту.

3.Одеялдан жастықша, валик дайындаңыз, аяқты тірейтін.

4.Кереуеттің мейірбике тұрған жағындағы қолға ұстайтын тұтқасын төмен түсіріңіз.

5.Пациент кереуеттің орта тұсында арқасымен жатқанына көз жеткізіңіз.

6.Кереуеттің бас жағын 45-60 -90◦ жоғары көтеріңіз, 30◦-төмен Фаулер жағдайы, немесе үш жастық қойыңыз: кереуетте тік отырған адам жоғарғы Фаулер жағдайында болады.

7.Пациенттің тізе буынының астына жастық немесе бүктелген одеялды қойыңыз.

8.Тек бас жағы ғана көтерілген жағдайда пациент басының астына кішкене жастықшаны қойыңыз.

9.Егер пациент өздігінен қозғала алмайтын болса, онда білегінің және қол саусақтарының астына жастық қойыңыз, білек және білезік буындары аздап жоғары көтеріліп, алақандары төмен қарап орналасулары керек.

10.Пациенттің бел астына жастық қойыңыз.

11.Тізесінің астына жастық немесе валик қойыңыз.

12. Өкше тұсына кішкене жастықша қойыңыз.

13. Аяқтарын 90◦ -ұстап тұру үшін тірешігпен қамтамасыз етіңіз (қажет болған жағдайда).

14. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Екі жағындағы тұтқаны көтеріңіз.

15. Қолыңызды жуыңыз.

 

 

4.2.ПАЦИЕНТТІ СИМБС ЖАҒДАЙЫНА ОРНАЛАСТЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: пациенттің төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету, ойылып қалудың алдын алу, ойылып қалу кездерінде пациенттің төсектегі жағдайын ауыстыру үшін.

 

Іс - әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке алдағы процедураның орындалысы жайында түсіндіру, пациенттің процедураны түсінетініне көз жеткізу және оған пациенттің келісімін алу.

2.Пациенттің жағдайын және қоршаған орта жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегіштерін бекіту.

3.Қосымша жастық, валиктер, аяқ тірегіштер, резеңке доптар дайындаңыз.

4.Кереуеттің мейірбике тұратын жағындағы қол ұстағыштарын бостыңыз, егер олар бар болған болса.

5.Кереуеттің бас жағын горизонтальды жағдайға келтіріңіз, немесе басындағы жастықты алып тастаңыз.

6.Пациентті арқасына жатқызыңыз.

7.Пациентті кереуеттің шет жағына қарай жылжытыңыз.

8.Пациентті жартылай қырымен, жартылай ішімен жатқан жағдайға келтіріңіз.

9.Пациент басының астына жастық салыңыз.

10Кеудесінің үстінде жатқан қолының астына, иық белдеуінің тұсына жастық қойыңыз, екінші қолын төсектің үстіне қойыңыз. Бос саусақтарын резеңке допқа қойыңыз.

11.Үстіңгі бүгілген аяғының астына жастық қойыңыз, аяғы жамбас деңгейінде болатындай етіп.

12.Табандарының алдына құм салынған қап немесе басқа аяқ тірегіш қойыңыз.

13.Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Төсегін, простынясын тегістеп жазыңыз. Қолға ұстайтын тұтқасын көтеріңіз.

14.Қолыңызды жуыңыз.

 

4.3. ПАЦИЕНТКЕ ТӨСЕК ДАЙЫНДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Жабдықтау:

-кереует

-матрац

-простыня

-2 жастық

-пододеяльник кигізілген одеяло

-клеенка.

 

Іс - әрекетінің алгоритмы:

1.Кереуеттің сеткасына матрацты салыңыз.

2.Кіші және үлкен дәреттерін ұстай алмайтын пациенттер үшін матрацтың кеңдігімен бірдей етіп клеенка салу керек.

3.Матрацтың үстінен простыня салып, шеттерін матрацтың астына қайыру керек, жиналып қалмау үшін және оны матрацтың ұштарына бекітіп қойыңыз.

4.жастықтардың сыртына тыс кигізіңіз.

5.Астыңғы жастықты тігінен, ал үстіңгісін аздап жоғарылау етіп салыңыз, ол кереуеттің бас жағына тиіп тұратындай етіп.

6.Одеялға тыс кигізіңіз.

4.4.ТӨСЕК ЖАБДЫҚТАРЫН АУЫСТЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Жағдайы ауыр пациенттерге дұрыс төсек дайындау, өйткені оларда ойық пайда болу қаупі жоғары немесе ойық жара бар. Төсек жағдайын бақылаудың және терінің тазалығын бақылаудың маңызы аса зор. Төсектерін ауыстырған сайын мейіркеш пациенттің тері жағдайын қарап, бақылап отыруға міндетті.

 

Көрсеткіші:

-Төсекті әрбір 7 -10 күнде бір рет ауыстырып отыру керек. Қажет жағдайында жиірек ауыстырады.

 

Жабдықтау:

-таза төсек жабдығы

-қолданылған төсек жабдығына арналған клеенка қапшгық

-қолғаптар.

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жақсылап жуып, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедураның барысын айтып, түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3.Жалпы немесе жартылай төсек тәртібіндегі пациенттер кереуетті өздері босатады, ал мейіркеш төсек жабдықтарын ауыстырады. Төсек тәртібіндегі ауыр жағдайдағы пациенттердің төсегін мейіркеш екі түрлі әдіспен орындауына болады:

1-әдіс:

1. Пациентті жайлап бір жақ қырына бұрыңыз, жастығын алып тастаңыз.

2. Қолданылған простыняның босаған бөлігің бинт сияқты етіп ораңыз, кереуеттің бойымен.

3. Босаған жерге ұзынынан оралған таза простыняны салыңыз.

4. Пациентті екінші қырына ауыстырыңыз, таза простыняға.

5.Қолданылған простыняны кереуеттен алып тастаңыз.

6. Таза простыняны жақсылап жазыңыз, бүктеліп қалған жерлері болмау үшін.

7.Жастығын салып, пациентке одеялоны жабыңыз.

8. Қолданылған төсек жабдықтарын клеенка қапшыққа салып, төсек жабдықтарына жауап беретін кіші мейірбикеге тапсырыңыз.

9. Қолғаптарыңызды шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Бөлмені желдетіп, еденін жуып шығыңыз.

2-әдіс:

Пациенттің төсектегі жағдайын өзгертуге болматын жағдайларда қолданылады. Төсек жабдығын ауыстыру көмекшінің қатысуымен іске асырылады.

1.Таза простыняны ені бойынша шиыршықтап ораңыз.

2.Көмекші пациентті басынан бастап денесінің әр бөлігін аздап көтеріңкіреп ұстап төсегін ауыстыруға көмектеседі.

3.Мейіркеш простыняны бас жағынан бастап ауыстырады. Қолданылған простыняны шиыршықтап орап алып, оның орнына тазасын жазып салады.

4.Таза простыняны жақсылап жазып салады, бүктелген жерлері болмауы керек.

5.Пациенттің басына жастығын салып, үстін көрпесімен жабады.

6.Қолғапты шешіп, қолды жуу керек.

 

 

 

4.5. ПАЦИЕНТТІҢ ҮСТІНДЕГІ КИІМДІ АУЫСТЫРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Мақсаты: Пациент тезірек жазылу үшін оның үстіндегі киімдерінің жағдайын бақылау. Ішкі киімдердің кірлену деңгейіне байланысты олар 6 -7 күнде бір рет ауыстырылады.

 

Көрсеткіші:

Іш киімнің кірлеуі

Шамадан тыс тершеңдік кезінде.

Жабдықтау:

-таза іш киім

-кірленген киімдерге арналған қапшық

-қолғаптар.

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, оған оның келісімін

алыңыз.

3.Мүмкіндігінше кеудесінің жоғарғы жағын көтеріңкіреп, қолыңызды арқасының астына апарыңызпациенттің көйлегінің шетінен ұстап орай отырып, оны желке тұсына дейін көтеріңіз.

4.Көйлекті басы арқылы шешіп, қолдарын босатыңыз, қолдарын жоғары және алдыға қарай көтере отырып.

5.Егер пациенттің бір жақ қолы зақымдалған болса, киімінің жеңін алдымен сау қолы жағынан шешіңіз, содан соң барып зақымдалған қол жағын босатыңыз.

6.Кигізерде керісінше, алдымен ауру қолын, сосын сау қолын кигізіңіз. Сосын басынан кигізіп, көйлегін жазып тегістеңіз.

7.Қатаң төсек тәртібіндегі пациенттер үшін көйлек- распошонканы қолданған жөн.

8.Ақырындап алдымен бір қолын, сосын екінші қолын кигізіңіз, кеудесін алдыңғы жағынан жаба отырып. Распошонканың бос ұштарын пациент кеудесінің екі жақ қыры жағынан бүгіңіз, оның төсектегі жағдайын өзгертпей.

9.Қолданылған іш киімдерді арнайы қапшыққа салыңыз, әр палатаның босаған киімдерін жеке- жеке қапшыққа, содан соң оны бөлімшенің кіші мейірбикесіне тапсырыңыз.

10.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

4.6.АУЫЗ ҚУЫСЫНА ГИГИЕНАЛЫҚ КҮТІМ ЖАСАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: гигиеналық

Жабдықталу:

-залалсыздандырылған қолғап

-мәрлі дәкелер

-шпатель

-корнцанг

-пинцет

-ауызкеңейткіш

-тілұстағыш

-антисептикалық ерітінді (2% натрий гидрокарбонат ерітіндісі, перманганат калидің әлсіз ерітіндісі, жылы су).

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

2.Пациентке процедура барысын түсіңдіріңіз, келісімін алыңыз.

3.Егер пациент ессіз болса, тіл ұстағыш пен ауыз кеңейткішті қолданыңыз.

4.Саусақты залалсызданған салфеткамен ораңыз, антисептик ерітіндісіне сулаңыз. Салфетканы кезекпен ауыстыра отырып, таңдайдың кілегей қабатын, ұртты, тілді және ең соңында тістерді тазалап жуыңыз.

5.Ауыз қуысын өңдеп болған соң, еріндерін ылғалды тампонмен, одан соң құрғақ тампонмен сүртіп, крем жағыңыз.

6.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

4.7.МҰРЫН ҚУЫСТАРЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ӨҢДЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Қабыршақтардан тазалау және оның пайда болуының алдын алу

Жабдықтау:

-қолғап

-мақта жіпшелер

-лоток

-пипетка

-залалсызданған вазелин (өсімдік) майы.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

2.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3.Кілегей болған жағдайда оны мақта жіпшелермен алып тастаңыз, жіпшелерді мұрын қуысына жәйлап, айналмалы қозғалыстарды сағат тілінің бағыты бойымен жасай отырып енгізесіз, алған уақытта керісінше бағытта жасайсыз.

4.Мұрын қуысынан қатқан қабыршақтарды майланған мақта жіпшелер көмегімен алуға болады, оларды мұрын қуысында 2-3 минут уақытқа қалдыра отырып. Мұрынның әр қуысына 2-3 –тен мақта жіпшелер қолданылады.

5.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

4.8.ҚҰЛАҚТАРДЫ КҮТУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Құлық пайда болуының алдын алу. Құлықты алып тастау

Жабдықтау:

-қолғаптар

-залалсызданған лоток

-мақта тампондар

-жіпшелер

-пипетка

-3% сутегі асқын тотығының ертіндісі

-3% сутегі асқын тотығы ертіндісі.

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғапты киіңіз.

2.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3.Пациенттің басын қарама-қарсы жаққа бұрып, құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартыңыз.

4.Мақта жіпшелерді айналдыра қозғалта отырып құлақты тазалаңыз.

5.Қажет болған жағдайда құлаққа жылытылған 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісінен 3-4 тамшы тамызыңыз.

6.Пациент осы жағдайда 25-30 секундтай отыру керек.

7.Жіпшемен, айналдыра қозғалта отырып құлақты тазалаңыз.

8.Құлаққа бірнеше минутқа мақта тампонын салып қойыңыз.

9.Қолданылған құралдарды тазартып өңдеңіз.

10Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

4.9.КӨЗДЕРГЕ КҮТІМ ЖАСАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: гигиеналық.

Жабдықтау:

-қолғаптар

-залалсызданған мәрлі тампондар

-көз тамшысына арналған пипеткалар

-лот­октар

-қайнаған су

-антисептик ерітіндісі (қайнаған су, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі, 1-2% р-р натрий гидрокарбонат ерітіндісі).

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз, оларды 70° спиртпен өңдеңіз.

2.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

3.Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.

4.Залалсызданған лотокқа 8-10 тампон салыңыз, ал екінші лотокқа антисептик ерітіндісін құйыңыз.

5.Залалсызданған мақта тампонын алыңыз, оны ерітіндіге малып алыңыз да екінші лотокқа сығып тастаңыз.

6.Оң қолыңызбен сол көздің сыртқы бұрышынан мұрын қырына қарай сүртіп шығыңыз.

7.Басқа мақта тампонын алып, ерітіндіге батырып алып, сығып, сол қолыңызбен оң көзді дәл солай жуыңыз.

8.Қажет болған жағдайда процедураны қайталап шығыңыз.

9.Ерітінді қалдығына қалған құрғақ мақта тампондарын малып алыңыз.

10Қолданылған құралдарды өңдеңіз.

11.Қолыңызды жуып тазалаңыз.

 

4.10.ХАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАШЫН КҮТУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: биттеп кетудің алдын алу.

Жабдықтау:

- тегене

- 38-40 градуста жылы су

- сабын

- шанпунь

- тарақ

- орамал

- клеенка.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Әйелдердің шашын күн сайын жиі тарақпен тараңыз.

2.Қысқа шашты түп жағынан ұшына қарай, ал ұзын шашты керісінше тарау керек.

3.Халі ауыр пациенттің басын төсегінде жуыңыз. Тегенені кереуеттің бас жағына қарай қойыңыз, тегене астына клеенка төсеңіз.

4.Пациенттің басын артына шалқайтыңыз.

5.Шашын шампуньмен жуыңыз

6.Құрғата сүртіп, шаштарын тараңыз.

7.Басына орамал байлаңыз.

8.Қолданылған бұйымдарды зарарсыздандырыңыз

9. Қолыңызды жуыңыз.

 

4.11.ЕСТУ САҢЫЛАУЫН ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: емдік.

Жабдықтау:

-1 қолғаптар

-1 сыйымдылығы 100-200мл. Жане шприці

-су (36-37 °С)

-бүйрек пішіндес лоток

-мақта

-глицерин тамшысы.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды әбден жуып, қолғап киіңіз.

3.Жане шприціне суды сорып алыңыз.

4.Пациентті қырындап алдыңызға қарай отырғызыңыз, жарық сәулесі оның құлағына түсетіндей етіп.

5.Пациенттің қолына лотокты ұстатыңыз, ол оны құлақ түбінен мойынға қыса ұстау керек.

6.Сол қолыңызбен құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартыңыз, ал оң қолыңызбен шприц ұшын есту саңылауына енгізіңіз. Сұйықты есту саңылауының артқы қабырғасын бойлай үзіп- үзіп (секірте) айдаңыз.

7.Жуып болған соң мақтамен құрғатыңыз.

8. Егер қатқан құлық алынбаса, сода- глицерин тамшысымен жібіту керек. 2-3 күн есту саңылауына күніне 2-3 реттен жылытылған сода- глицерин ерітіндісінің 7-8 тамшысын тамызу керек. Құлаққа тамшы тамызған соң біраз уақытқа есту деңгейі төмендейтінін пациентке Ескерту керек.

9.Қолданылған құралдарды өңдеп, тазалаңыз.

10. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

4.12.КӨЗДЕРДІ ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: емдік, гигиеналық (көзден бөлінген бөліністерден тазалау үшін)

Жабдықтау:

-қолғаптар

-ундинка (аяқшасы бар кішкене стақан)

-физиологиялық ерітінді, фурациллин

-лоток

-залалсызданған дәкелер, шариктер

-пинцет

-пипетка.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды әбден жуып, құрғатып,қолғап киіңіз.

3.Кішкентай стақанға дәрілік ерітіндіні құйыңыз және оны пациенттің алдына стол үстіне қойыңыз.

4. Пациенттен оң қолына ундинканы аяқшасынан ұстап, бетін стақанға қаратып басын төмен еңкейтуін сұраңыз,стақан теріге жанасқан кезде қастары стақанның ішінде болатын болсын, осы қалыпта басын көтеру керек (осылай жасағанда сұйық сыртқа төгілмеу керек).

5. Көзінен стақанды алмай 1 минут бойы жиі- жиі көздерін жыпылықтатуды сұраңыз.

6. Пациенттен стақаннан көздерін алмай оны стол үстіне қоюын сұраңыз.

7.Жаңадан ерітінді құйып, пациенттен осы процедураны қайталауын сұраңыз (8-10рет).

8.Қолданылған құралдарды өңдеңіз.

9. Қолғапты шешіп,қолыңызды жуыңыз.

 

 

4.13. АУЫЗ ҚУЫСЫН ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: ауыз қуысының тазалығын сақтау, ауру пайда болуының алдын алу.

Жабдықтау:

-залалсыздандырылған қолғаптар

-мәрлі дәкелер

-шпатель

-пинцет

-корнцанг

-ауызкеңейткіш


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 452 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ| Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.049 сек.)