Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

1.Қолға гигиеналық зарарсыздандыру жасап, қолғап кию.

2.Бобров аппаратын биіктігі 15см. немесе 2/3 бөлігін дымқылдандыратын сұйықпен толтыру (дистильденген су, Натрий хлоридінің изотондық ертіндісі, өкпе ісігі бар науқасқа көмек көрсеткенде көбіксөндіргіш - 70% этиль спиртін, антифомсиланды қолдану).

3.Бобров аппаратының шыны түтігіне ұзындығы 60см. резеңке түтікті кигізіңіз.

4.Бобров аппаратының оттегі көзіне шыны ұзын түтікке жалғанған резеңке түтікті жалғаңыз.

5.Системаның өткізгіштігін тексеріңіз (суда газ түйіршігі болады).

6.Науқастың басын көтере жатқызыңыз.

7.Катетерді ашыңыз (тығыз жабылғанын және сақталу мерзімін тексеріңіз).

8.Катетерді қанша тереңдікке салу керектігін өлшеңіз (катетердің залалсыздандырылғангін сақтаңыз). Тереңдікті мұрыннан құлаққа дейін алу керек.

9.Белгі салыңыз (лейкопластырдан жолақ жасап, немесе мақтаны шиырып жіп жасаңыз).

10.Катетерді еңгізетін шетінен 3-4см. етіп, қалам ұстағандай етіп ұстаңыз.

11.Катетерді сулаңыз немесе залалсыздандырылған вазелин жағыңыз.

12.Катетерді мұрын қуысының төменгі жағымен белгіге дейін кіргізіңіз.

13.Катетерді дұрыс салғаның тексеріңіз (егер катетер дұрыс салынса, оның шеті тамақтан көрініп, 1см. тілдің кіші бөлігіне жатады).

14.Катетердің сыртқы бөлігін науқастың жағына лейкопластырмен жапсырыңыз.

15. Катетерді резеңке түтік арқылы Бобров аппаратындағы қысқа шыны түтікке жалғаңыз.

16.Оттегін жіберу жылдамдығын реттеңіз (оны редуктор арқылы немесе сұйықтық арқылы бөлініп жатқан ауа көпіршіктері бойынша анықтайды.)

17. Қолданған катетерді шығарыңыз, зарасыздандырыңыз

18.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескертпе: қолданған катетерді алып, зарарсыздандырыңыз. Катетерді мұрын қуысында 12 сағатқа дейін қалдыруға болады. Оксигенотерапия үшін тек медициналық оттегі қолданылады (оның құрамында 99% оттегі, 1% азот болады). Оттегі баллоны көгілдір түске боялған, оның «Оттегі» және «М» деген маркировкасы (белгісі) болады. Оттегімен жұмыс жасағанда техникалық қауіпсіздікті сақтау керек, себебі оттегі маймен және спиртпен қосылса жарылғыш болады. Оттегі баллонын жылытқыш құралдар мен жылыту жүйелеріне жақын жерде сақтауға болмайды, темекі шегуге болмайды. Оттегі тиген заттың сыртын майдан мұқият тазартыңыз. Оттегі баллоны сақталатын жердегі ауа t-сы 35оС жоғары болмау керек.

 

6.8. СҮЛІК ҚОЮ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: қан алу, қанның ұюын төмендету.

 

Жабдықтар:

-стерильденген лоток, пинцет, тампондар, сүліклер

- байламдық материалдар

- медициналық оңқалар - 70% спирті бар флакон, 40% глюкоза ерітіндісі

- ыстық су құйылған ыдыс

- 6-8 сүлік.

Іс әрекет алгоритмы:

1.Науқаспен сенімді қарым- қатынас жасаңыз, іс- шараның мақсаты және ретімен таныстырыңыз, келісімін алыңыз. Процедураға кері көрсеткіші жоқтығына көз жеткізіңіз.

2.Науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріңіз.

3.Дененің керекті жерін босатып, терісін тексеріңіз, түктерін қырып тастаңыз.

4.Теріні спиртпен, содан кейін жылы суға матырылған тампонмен сүртіп, құрғатыңыз. Тері ауруының және кері әсерінің жоқтығын тексеріңіз.

5.Сүлік қоятын жерді 40% глюкоза ерітіндісімен сүртіңіз (сүлік жыбысатын тәсіл, себебі сүлікге спирт иісі жақпайды).

6.Сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағымен пробиркаға салыңыз. Сүлік салатын жерге сүлік салынған банканы жақындатыңыз да, сүлікні керек нүктеге қарай бағыттаңыз.

7.Сүлік теріге жабысқанда алдыңғы жағында толқын тәрізді қозғалыс пайда болғанда сүлікні ыдыстан босатыңыз. Бұл сүлікнің алдыңғы жағымен теріге жабысқанын білдіреді.

8.Сүліктің артқы жағына сүлік койыңыз (бұл сүлік белсенділігінің артуынан сақтандырады).

9.Қалған сүліктерді де дәл солай қоясыз.

10.Сүлік салынған жерге лоток қойыңыз.

11.Сүліктер өздері түседі егер денеге мүсәтір спиртіне батырылған тампонды жақындатса. Сүлік қою уақыты 20-30/ аспауы керек.

12.Қолданған сүліктерді формалин немесе мүсәтір спиртінің зарарсыздандыру лық ерітіндісіне салыңыз.

13.Сүлік салынған жерге зарарсыздандырылған тампон, оның үстінен қысып тұратын асептикалық мақта-дәке байламымен жауып, лейкопластырмен бекітіңіз (қан кетуді болдырмау үшін).

14.Қолданған заттарды зарарсыздандырыңыз.

15.Қолғапты шешіп, оны жуыңыз, қолыңызды кептіріңіз.

16.Байламды тексеріп отырыңыз. Егер байлам суланса, үстіңгі қабатын алыңыз да, жаңадан мақта-дәке байламын жапсырыңыз.

17.Байламды 1-2 тәулікке қалдырыңыз.

 

 

7 - Тарау. Дәрілік заттарды қолдану

 

7.1 - Ерітіндіні ампуладан сорып алу іс-әрекетінің алгоритмы

7.2 - Ерітіндіні флаконнан сорып алу іс-әрекетінің алгоритмы

7.3 - Антибиотиктерді езу іс-әрекетінің алгоритмы

7. 4 - Тері ішіне дәрі жіберу іс-әрекетінің алгоритмы

7.5 - Тері астына дәрі жіберу іс-әрекетінің алгоритмы

7.6 - Бұлшық етке дәрі жіберу іс-әрекетінің алгоритмы

7.7 - Дәрілік заттарды көк тамырға жіберу іс-әрекетінің алгоритмы

7.8 - Сұйық дәрілерді көк тамырға тамшылап жіберу іс-әрекетінің алгоритмы

7.9 -Биохимиялық зертеулерге көк тамырдан қан алу іс-әрекетінің алгоритмы.

7.10 - Мұрынға тамшы тамызу іс-әрекетінің алгоритмы

7.11 - Құлаққа тамшы тамызу іс-әрекетінің алгоритмы

7.12 - Көзге тамшы тамызу іс-әрекетінің алгоритмы

7.13 - Шыны таяқшамен көзге майлы дәрі (мазь) жағу іс-әрекетінің алгоритмы

 

 

7.1.ЕРІТІНДІНІ АМПУЛДАН СОРЫП АЛУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: терапиялық әсерге жету.

 

Жабдықтау:

-бір реттік қолданатын 2-5 мл. шприц

-4 қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

-залалсызданған пинцет

-таңу материалдары бар бикс, 70% этил спирті құйылған ыдыс

- ампуладағы дәрілік заттар

-қолданылған заттар үшін контейнер.

Іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз.

2.Ампуладағы дәрілік заттың атын, тағайындауын, оның мөлшерін, қолдану мерзімін мұқият оқып шығыңыз.

3.Ампуланы оның ішіндегі сұйықтық кең жеріне баратындай етіп ақырын сілкіңіз.

4.70% спиртке малынған мақтамен оның жіңішке жерін өңдеңіз.

5. Кескішпен ампуланы егеңіз, ампуланың жіңішке жерін спиртті мақтамен сүртіңіз, ампуланың жіңішке ұшын бөліп алыңыз.

6.Ампуланы алып, сыртқы қабырғасына жанаспай, ішіне ине енгізіңіз. Ине әрқашанда ампуланың артқы қабырғасында кесілген ұшы төмен қараған күйінде болу керек.

7.Ерітіндінің қажет мөлшерін сорып алыңыз.

8.Ампуланы алмай немесе инеге қалпақша кигізіп шприцтен ауаны айдап шығарыңыз.

9.Инеге қалпақша кигізіңіз.

10.Шприцті залалсызданған лотокқа салып қойыңыз немесе қораптың залалсызданған ішкі бетіне қойыңыз.

 

 

7.2. ЕРІТІНДІНІ ФЛАКОННАН СОРЫП АЛУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: терапиялық әсерге жету.

Жабдықтау:

-бір реттік қолданылатын 5- 10 мл. шприц

-залалсызданған орамдағы ауыстыратын ине

-4 қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

-залалсызданған пинцет

-таңу материалдары бар бикс, 70% этил спирті құйылған ыдыс

-флакондағы дәрілік заттар

-қолданылған заттар үшін контейнер.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз.

2.Флакондағы жазуды оқыңыз (аты, дозасы, қолдану мерзімі).

3.Спиртті мақтамен алюминий қақпағын сүртіңіз.

4.Залалсызданған пинцетпен алюминий қақпағының орта тұсынан тесіп ашыңыз.

5.Спиртті мақтамен резеңке пробканы сүртіңіз.

6.Пробканы дәл ортасынан 90 градус бұрышта тесіңіз, инені барлық ұзындығымен флаконға енгізіңіз.

7.Дәрілік заттың қажет мөлшерін шприцке сорып алыңыз.

8.Шприцті флаконнан алыңыз.

9.Шприц канюлясына ауыстыратын инені кигізіңіз, шприцтан ауаны айдап шығыңыз, инеге қалпақша кигізіңіз.

10.Шприцті залалсызданған лотокқа қойыңыз.

7.3. АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕЗУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Жабдықтау:

-бір реттік қолданылатын 5- 10 мл. шприц

-залалсызданған орамдағы ауыстыратын ине

-4 қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

-залалсызданған пинцет

-таңу материалдары бар бикс, 70% этил спирті құйылған ыдыс

-флакондағы дәрілік заттар

-қолданылған заттарға арналған контейнер

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3.Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

4.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз да оны пакеттің ішкі залалсыз бетінде қалдырыңыз.

5.Антибиотигі бар флаконды алыңыз, езетін ерітінді салынған қорапты алыңыз, атын, дозасын, қолдану мерзімін тексеріңіз.

6.Антибиотигі бар флаконның қақпағын 70% спиртті мақтамен сүртіңіз, одан соң темір қақпақшаның ортасын залалсызданған пинцетпен тесіңіз, резеңке қақпаққа дейін.

7.Резеңке қақпақты 70% спиртке малынған мақтамен сүртіңіз,

8.Дәл осылай резеңке қақпақты сүртіңіз, антибиотикті езуге арналған ерітіндісі бар ампуланы да спиртті мақтамен сүртіңіз.

9.Флаконнан немесе ампуладан антибиотикті езуге қажетті мөлшерде ерітіндіні шприцқа сорып алыңыз.

10.Оң қолыңызға дайын ерітіндісі бар шприцті алыңыз, сол қолыңызға антибиотигі бар флаконды алыңыз, антибиотигі бар флаконда стол үстіне қойыңыз, флакон тығынының дәл ортасынан тесіп, инені 1 мм. енгізіңіз.

11.Езетін ерітіндіні шприцтан флаконға жіберіңіз, инені флаконда қалдырыңыз, шприцті залалсызданған лотокта қалдырыңыз.

12.Флаконды антибиотик толық ерігенше аздап сілкілеңіз.

13.Инесі бар флаконды шприцқа кигізіңіз, сол қолыңызбен флаконды ұстап түп жағын жоғары қарата ұстаңыз, оң қолыңызбен поршеньді тартып дәрінің қажет мөлшерін сорып алыңыз.

14.Инесі бар флаконды шприц канюласынан босатыңыз.

15.Шприц канюлясына ауыстыратын инені кигізіңіз, шприцтан ауаны шығарыңыз, инеге қалпақша кигізіп және оны залалсызданған лотокқа қойыңыз.

7.4. ТЕРІ ІШІНЕ ДӘРІ ЖІБЕРУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: диагностикалық, аллергиялық сынамалар жүргізу үшін қолданылады, аурудың алдын үшін егулер кезінде қолданылады. Тері ішіне 0,1-ден 1мл. сұйық жіберіледі.

Жабдықтау:

-бір реттік қолданылатын сыйымдылығы 1мл. шприц.

-ұзындығы 15мм. ине, орам қағазда ауыстыру үшін залалсызданған ине,

-дәрілік зат

-қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

-залалсызданған пинцет

-таңу материалдары бар бикс

- 70% этил спирті құйылған ыдыс

-қолданылған заттарға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3.Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4.Маска киіңіз, Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

5.Кескішпен ампуланы егеңіз, ампуланың жіңішке жерін спиртті мақтамен сүртіңіз, ампуланың жіңішке ұшын бөліп алыңыз.

6.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз, тері ішіне кіргізетін инені алыңыз, шприцке дәрі сорып алатын инені кигізіңіз.

7.Шприцке қажет мөлшердегі дәріні сорып алыңыз, ауасын бос ампулаға шығарыңыз.

8.Дәрі сорып алған инені тері ішіне кіргізетін инемен ауыстырыңыз, шприцті залалсызданған лотокқа салыңыз.

9.Пациентті отырғызыңыз,қолын білектің ішкі жағы үстіне қарайтындай етіп орналастырыңыз, терісін екі рет 70% спиртті мақтамен сүртіңіз.

10.Шприцті оң қолыңызға иненің ұшын жоғары қаратып ұстаңыз, қалпақшасын алыңыз.

11.Сол қол саусақтарымен ине салатын жердің терісін тартыңыз, білекті сырт жағынан қыса ұстап.

12.Тері ішіне тек иненің ұшын ғана енгізіңіз,пациент денесінің бетіне қарай 5 градус бұрышта, сол қолыңызды поршеньге ауыстырыңыз және дәрінің қажет мөлшерін тері ішіне енгізіңіз. Тері ішіне дәрі жіберген жерде «лимон қабығына» ұқсаған кішкене төмпешік пайда болады.

13.Инені тез суырып алыңыз, канюлясынан ұстай отырып.

14.Қолданылған шприц, ине, басқа да материалдарға зарарсыздандыру жүргізіңіз.

 

 

7.5. ТЕРІ АСТЫНА ДӘРІ ЖІБЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Тері астына дәрі жіберу сыйымдылығы 1-2мл. шприцпен орындалады, иненің ұзындығы30-40мм. Тері астына 3мл. дейін сұйықтық жіберуге болады.

 

Мақсаты: емдеу мақсатымен дәрілік заттарды жіберу.

Жабдықтау:

-бір реттік қолданылатын 1-2 мл. шприц

-залалсызданған орамдағы ауыстыратын ине

-4 қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

-залалсызданған пинцет

-таңу материалдары бар бикс,

-70% этил спирті құйылған ыдыс

-дәрілік заттар

-қолданылған заттарға арналған контейнер

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3.Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4.Маска киіңіз, Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

5.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз, тері астына кіргізетін инені алыңыз, шприцке дәрі сорып алатын инені кигізіңіз, шприцті залалсызданған лотокқа салфетканың жоғарғы бетінің астына қойыңыз.

6. Биксті ашып, корнцангпен мәрлі шариктерді алыңыз, залалсызданған лотоктағы залалсызданған салфетканың астына қойыңыз.

7.Ампуланың жіңішке жерін спиртті мәрлі шарикпен сүртіңіз, егеп, қайтадан спиртті шарикпен сүртіңіз, ампуланың жіңішке жерін сындырып бөліп алыңыз.

8.Шприцке дәріні сорып алыңыз, ампуладан инені шығармай, шприцтан ауасын шығарыңыз.

9.Шприцті таза лотоктағы залалсыздандырылған салфетканың үстіңгі қабатының астына немесе қағаз орамның залалсыздандырылған ішкі бетіне қойыңыз.

10.Пациентті жатқызыңыз немесе кушеткаға отырғызыңыз.

11.Ине салатын орынды саусағыңызбен басып көріңіз, ине салатын жердің терісін 70%спиртке малынған мәрлі шарикпен екі рет сүртіңіз.

12.Оң қолыңызға лотоктағы шприцті алыңыз, ине салатын жердің терісін сол қолыңыздың екі саусағымен қысып ұстаңыз, оң қолыңызбен инені теріге 45 градус бұрышта иненің 2/3 бөлігін енгізе салыңыз, дәріні жіберіңіз.

13Ине салынған жерге залалсыздандырылған 70% этил спиртіне малынған мәрлі шаригін қойыңыз, инені тез суырып алыңыз.

14.Шприцті, инені, қолғапты, қолданылған заттарды зарарсыздандырыңыз.

7.6.БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ДӘРІ ЖІБЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: Емдеу мақсатымен дәрілік заттарды енгізу.

 

Жабдықтау:

-бір реттік қолданылатын 10-20 мл. шприц

-залалсызданған орамдағы ауыстыратын ине

-4 қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

-залалсызданған пинцет

-таңу материалдары бар бикс,

-70% этил спирті құйылған ыдыс

-дәрілік заттар

-қолданылған заттарға арналған контейнер

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3.Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4.Маска киіңіз, Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

5.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз, тері астына кіргізетін инені алыңыз, шприцке дәрі сорып алатын инені кигізіңіз, шприцті залалсызданған лотокқа салфетканың жоғарғы бетінің астына қойыңыз.

6.Биксті ашып, корнцангпен мәрлі шариктерді алыңыз, залалсызданған лотоктағы залалсызданған салфетканың астына қойыңыз.

7. Ампуланың жіңішке жерін спиртті мәрлі шарикпен сүртіңіз, егеп, қайтадан спиртті шарикпен сүртіңіз, ампуланың жіңішке жерін сындырып бөліп алыңыз.

8. Шприцке дәріні сорып алыңыз, ампуладан инені шығармай, шприцтан ауасын шығарыңыз.

9.Шприцті таза лотоктағы залалсыздандырылған салфетканың үстіңгі қабатының астына немесе қағаз орамның залалсыздандырылған ішкі бетіне қойыңыз.

10. Пациентті жатқызыңыз немесе кушеткаға отырғызыңыз.

11. Ине салатын орынды саусағыңызбен басып көріңіз, ине салатын жердің терісін 70%спиртке малынған мәрлі шарикпен екі рет сүртіңіз.

12. Сол қолыңыздың 1-ші және 2-ші саусақтарымен ине салатын жердің терісін тартыңыз, инені тік 90 градуста ұстап етке енгізіңіз, иеннің түбінен 5мм. қалатындай етіп.

13. Сол қол саусақтарымен шприцтің поршенін жоғары тартып көріңіз, қан бар ма екен деп; поршеньді сол қолдың бірінші саусағымен жайлап баса отырып дәріні жіберіңіз.

14. Ине салған жерге 70% этил спиртіне малынған мәрлі шарикті қойыңыз, канюлясынан ұстап инені шығарасыз.

15. Қолданылған барлық заттарды зарарсыздандырыңыз- шприц, ине, мақта- мәрлі шариктер, резеңке қолғаптар.

7.7. КӨК ТАМЫРҒА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖІБЕРУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Жабдықтау:

 

-сыйымдылығы 10-20мл. залалсыздандырылған бір реттік шприц

-ұзындығы 50-60мм.ауыстыратын ине

 

- 4 қабатты залалсызданған салфеткамен жабылған залалсызданған лоток

- залалсызданған пинцет

- таңу материалдары бар бикс,

- 70% этил спирті құйылған ыдыс

- дәрілік заттар

-қолданылған заттарға арналған контейнер

-қан тоқтататын резеңке жгут

-клеенка білеу (валик).

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентті ем- шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Тағайындалған дәрі жайында білетін- білмейтінін анықтаңыз, оны қолдануға қарсы көрсеткіші жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

3. Дәрілік заттың атын, концентрациясын, дозасын, сақтау мерзімін тексеріңіз.

4. Маска киіңіз, Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

5.Пакетті ашып, шприцті жинаңыз, тері астына кіргізетін инені алыңыз, шприцке дәрі сорып алатын инені кигізіңіз, шприцті залалсызданған лотокқа салфетканың жоғарғы бетінің астына қойыңыз.

6.Биксті ашып, корнцангпен мәрлі шариктерді алып, залалсыздандырылған лотокқа залалсыздандырылған салфетканың үстіңгі қабатының астына қойыңыз.

7.70% этил спиртіне малынған Мәрлі шарикпен ампуланың жіңішке жерін сүртіңіз, кескішпен егеп, қайтадан өңдеп, ампуланың жіңішке жерін сындырып алыңыз.

8. Шприцке дәріні сорып алыңыз, ампуладан инені шығармай, шприцтан ауасын шығарыңыз.

9.Шприцті таза лотоктағы залалсыздандырылған салфетканың үстіңгі қабатының астына немесе қағаз орамның залалсыздандырылған ішкі бетіне қойыңыз.

10.Пациентті отырғызыңыз, немесе кушеткаға жатқызыңыз отырғызыңыз.

11. Пациенттің қолын киімінен білегіне дейін босатыңыз, шынтағының астына клеенка жастықшаны (валикті) қойыңыз.

12. Пациент білегінің ортаңғы 1/3 бөлігіне киімінің үстінен жгут салыңыз, ұштары жоғары қарап тұру керек, ал ілгек төмен бағытталған болу керек, бұл кезде білезік буыны тұсынан тамыр соғысы өзгермеу керек.

13. Көк тамырдың қанға толуы жақсы болу үшін пациенттен жұдырығын бірнеше рет ашып- жұмуын талап етіңіз, қанға жақсы толған көк тамырды саусақпен басып көріңіз.

14.70% спиртке малынған мәрлі шарикпен шынтақ буынын екі рет сүртіңіз,

15.Шприцті оң қолыңызға алыңыз, инеден қалпақшасын шешіңіз, шприцті иненің кесілген тесік жерін жоғары қаратып ұстаңыз, шприцте ауа бар- жоғын тағы да тексеріңіз.

16.Шынтақ буынының терісін сол қолдың үлкен саусағымен тартамыз, аздап шеткері ығыстыра отырып, венаны бекіту үшін.

17.Иненің тесігін жоғары қаратып, қолдағы шприц жағдайын өзгертпей теріге параллельді етіп, 15 градус бұрышта теріні тесіңіз, ақырындап иненің 1/3 бөлігін енгізіңіз, иненің бағытын көк тамырға қарай өзгертіп, ақырындап көк тамырды тесіңіз, «бос кеңістікке кіргендей» сезім пайда болғанша.

18.Сол қолыңызбен шприц поршенін өзіңізге қарай тартыңыз, шприцке қан келу керек, бұл иненің көк тамырда екенінің белгісі.

19.Сол қолыңызбен резеңке жгутты шешіңіз, пациенттен жұдырығын жазуды талап етіңіз, сол қолыңызбен шприц поршенін басыңыз, сосын ақырындап дәріні көк тамырға жіберіңіз.

20. Ине салынған орынға спиртке малынған мәрлі шарикті қойыңыз, инені шығарыңыз, пациенттен қолын шынтақ буынында бүгуін талап етіңіз және бірнеше минут отыра тұруын талап етіңіз.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 374 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница| Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)