Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Клизмалар. 2 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

7.Сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап айналмалы қозғалыстар жасай отырып жел шығаратын түтікті 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8.Сыртқы ұшын судноға салыңыз немесе суы бар лотокка салыңыз.

9.Газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтіктін сыртқы ұшын жаялыққа конферт пішіндес етіп ораңыз.

10.Әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз.

11.Жел шығаратын түтікті қажетіне қарай алып тастаңыз, бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін.

12.Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.

13.Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз.

14.Егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек.

9 -Тарау. Қуыққа катетер енгізу

9.1 - Әйелдерде қуыққа катетер енгізу іс - әрекетінің алгоритмы

9.2 - Ерлерде қуыққа катетер енгізу іс - әрекетінің алгоритмы

9.3- Қуық жуу іс - әрекетінің алгоритмы

9.1.ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚУЫҚҚА КАТЕТЕР ЕНГІЗУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: диагностикалық немесе емдік

- қуықтан зәрді шығару

- қуықты жуу

- дәрілік заттарды енгізу

- зерттеу үшін зәр алу.

Шарты:

-асептика ережелерін қатаң сақтау

- процедураны тәжірибелі мейірбике орындайды.

 

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар;

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

 

Жабдықтау:

-бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер

-залалсыздандырылған қолғаптар

-2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш

-залалсыздандырылған тампондар

-залалсыздандырылған глицерин

-залалсыздандырылған фурациллин

-таза лоток.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1. Маска киіңіз, Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

2.Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3.Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4.Пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға салфеткамен корнцагты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз.

5.Қолғапты ауыстырыңыз.

10.Екінші залалсыздандырылған пинцетті алыңыз.

11.Залалсыздандырылған пинцетпен жұмсақ катетердің тұмсық ұшынан ұстаңыз жазатын қалам сияқты етіп, ұшынан 4-6 см арақашықтықта, катетердің сыртқы ұшын саусаққа орап алып оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаңыз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді абайлап, зәр шығатын тесікке енгізіңіз, 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.

12. Сол қолыңызбен құрсақ қуысының төменгі жағынан қасаға сүйегінің үстінен басыңыз, осы кезде біртіндеп катетерді шығарыңыз.

13. Катетерді барлық зәр шығардан сәл бұрын шығарыңыз, себебі катетер алынғаннан кейін зәр шығаратын жолдарды шығатын зәр жуып тазалау үшін.

14. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

 

9.2 ЕРЛЕРГЕ ҚУЫҚҚА КАТЕТЕР ЕНГІЗУ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Мақсаты:

- диагностикалық немесе емдік

- қуықтан зәрді шығару

- қуықты жуу

- дәрілік заттарды енгізу

- зерттеу үшін зәр алу.

Шарты:

-асептика ережелерін қатаң сақтау

-процедураны тәжірибелі мейірбике орындайды

-бір реттік катетерді қолдану.

 

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар,

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

Жабдықтау:

-бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер

-залалсыздандырылған қолғаптар

-2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш

-залалсыздандырылған тампондар

-залалсыздандырылған глицерин

-залалсыздандырылған фурациллин

-таза лоток.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жылы сабынды сумен жуып, тырнақтарыңызды спиртпен сүртіңіз. Қолғап киіңіз.

2.Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3.Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4.Пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға салфеткамен корнцагты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз.

5.Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуыңыз.

6.Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

Орындау тәртібі:

1Жуындыруды жүргізу: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолыңызға залалсыздандырылған салфетка алыңыз, онымен жыныс мүшесін басынан төмен орап ұстаңыз.

2.Жыныс мүшесін сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстаңыз, басын аздап қысыңыз, 1-ші және 2-ші саусақтарыңызбен ұшындағы шетін ыздап ығыстырыңыз.

3. Оң қолға қысып ұстаған пинцетпен залалсыздандырылған фурациллинге тампонды малып алып өңдеңіз, мүшенің басын жоғарыдан төмен қарай, зәр шығатын тесікке қарай, тампондарды ауыстыра отырып.

4.Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, тампонды - ҚЖҚ-на салыңыз.

5. Екінші стерлиьді тампон алыңыз.

6.Оң қолға қысып ұстаған залалсыздандырылған пинцетпен катетердің тұмсық ұшынан 5-7 см. төменірек ұстап алыңыз, екінші бос ұшы жағынан катетерді саусақтарыңызға орап ұстаңыз, (тұмсық ұшы төмен қараған болу керек), және 3-4 саусақтар арасына қысып ұстаңыз. (катетер саусақ сыртында иілген доға пішіндес болып тұрады).

7. Глицеринмен майланған, залалсыздандырылған, ерлерге арналған катетерді алыңыз, ұзындығы 15-20см., және ақырындап пинцетпен катетерді кіргізіңіз, алғашқы 4-5 см; сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен ұстай отырып, мүшенің басын бекітіп ұстау мақсатында.

8.Катетерді тағыда пинцетпен 3-5 см. крігізіңіз, ақырындап зәр шығатын каналға 19-20см. ұзындыққа, бұл кезде мүшені үстіңгі жағынан сол қолыңызбен аздап тартып ұстаңыз. Катетер сыртқы сфинктерге жеткенде аздап бөгет байқалады, катетер қуыққа жеткенде зәрдің шыққаны байқалады.

9.Катетердің сыртта қалған ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа саламыз.

10.Зәр шығып бітуге аз уақыт қалды-ау деген кезде пинцетпен катетерді ақырындап сыртқа шығара бастаңыз, себебі шығып жатқан зәр ағыны зәр шығатын жолдарды жуып өтеді.

11. Катетерден зәр бөлінуі тоқтаған кезде іштің төменгі жағынан, қасаға сүйегінің үстінен сол қолыңызбен басыңыз.

12. Қолғапты шешіп ҚЖК салыңыз, ал пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Ескертпе: Ерлерге катетер енгізу қиынырақ, өйткені зәр жүретін каналдың ұзындығы 20-25 см.,және екі жерде физиологиялық иілім бар- тар жер, катетердің өтуіне аздап бөгет жасайды.

9.3. ҚУЫҚ ЖУУ ІС -ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

М ақсаты: емдеу

 

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар;

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

 

Жабдықтау:

-бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер

-залалсыздандырған қолғаптар

-2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш

- залалсыздандырған тампондар

-залалсыздандырылған глицерин

-залалсыздандырылған фурациллин1:5000

-таза лоток.

- залалсыздандырған вазелин

-жылтылған су

-Сұюқтықты жинайтын лоток

-дезертіндісі бар лоток

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды гигиена деңгей әдісімен,қолғап киіңіз.

2.Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3.Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4.Пациенттің жыныс мүшелерін жуыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға корнцагпен дәкені алыңыз. Жууды жоғарыдан қасағадан бастап тік ішекке қарай төмен жүргізіңіз. Теріні осы әдіспен құрғатыңыз.

5.Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуыңыз.

6.Залалсыздандырған қолғапты киініз.

7.Сол қолынызбен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолынызбен жоғарыдан төмен қарай зәр шығаратын каналды тік ішекке қарай фурацилинмен жақсылап жуыңыз.

8.Пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндегі салыныз.

9. Мәрлі дәкені ауыстырыныз.

10.Екінші залалсыздандырған пинцетті алыныз.

11.Залалсыздандырған пинцетпен жазатын қалам сияқты жұмсақ катетердің ұшынан ұстаныз, ұшынан 4-6 см арашылығынан, катетердің сыртқы ұшын саусаққа орап алып оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаныз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша абайлап зәр шығатын тесікке енгізіңіз. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.

12. Зәр шыққаннаң кейін катеттерды алмаңыз

13. Жане шприціне жылытылған 100-150мл фурациллин ертіндісін сорып алып катетерға жалғаныз.

13. Ертінлдіні жібергеннен кейін Жане шприцін алып катетірді зәр жинайтын лотокқа салыныз.Осылайша қуықты таза су болғанша жууыңыз

14. Катетерды қуықтан алыныз.

14. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыныз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыныз.

10 -Тарау.Пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеулерге дайындау.

Қанды зерттеу

10.1 - Жалпы талдауға қан алу

10.2 - Қанды көк тамырдан ВИЧ -инфекцияға алу- ИФТ-(иммундық- ферментативтік талдау)

10.3 - Көк тамырдан гемокультараға (залалсыздандырғанлікке) және антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін қан алу.

Қақырықты жинау

10.4 - Қақырықты жалпы талдауға жинау іс - әрекетінің алгоритмі

10.5 - Бактерологиялық зерттеулерге қақырық жинау іс - әрекетінің алгоритмі

10.6 - Қақырықты туберкулез микобактериясына жинау іс - әрекетінің алгоритмі

10.7 - Атипті клеткаларға қақырық жинау іс - әрекетінің алгоритмі

10.8 - Қақырықты антибиотиктерге сезімталдықты анықтау үшін жинау іс - әрекетінің алгоритмі

10.9 - Мұрыннан жұғынды алу іс - әрекетінің алгоритмы

10.10 - Мұрын және тамақтан жұғынды алу іс-әрекетінің алгоритмы

Зәрді зерттеу

10.11 - Жалпы талдауға зәр жинау үшін пациентті дайындау іс - әрекетінің алгоритмы

10.12 - Зәрді Нечипоренко бойынша талдауға жинау үшін пациентті дайындау іс-әрекетінің алгоритмы

10.13 - Зәрді Зимницкий әдісі бойынша талдауға жинау үшін пациентті дайындау іс - әрекетінің алгоритмы

10.14 - Бактериологиялық зерттеулерге зәр жинау іс - әрекетінің алгоритмы

10.15 - Зәрдегі қант мөлшерін анықтау үшін зәр жинауға пациентті дайындау іс - әрекетінің алгоритмы

Нәжісті зерттеу

10.16 - Нәжісті капрологиялық зерттеуге жинау іс - әрекетінің алгоритмі

10.17 - Нәжісті жасырын қанға жинау іс - әрекетінің алгоритмы

10.18– Нәжісті бактериологиялық зерттеу жүргізу іс - әрекетінің алгоритмы

10.19 – Нәжісті гельминт (құрт) жұмыртқасына зерттеу іс - әрекетінің алгоритмы

 

 

10.1 ЖАЛПЫ ТАЛДАУҒА ҚАН АЛУ.

 

Мақсаты: Пациенттің қан құрамын сапалы зерттеуді қамтамасыз ету.

Шарты: Зерттеу алдында қанға кері әсер беретін факторларды болдырмау.Қанды жалпы талдауға дәрігерден жолдама алу. Вена қаны шынтақ венасын инемен тесу арқылы алынады, және ол пробиркада ұюға қарсы затпен араласуы керек (цитрат, гепарин және т.б.)

 

Саусақтан қан алу.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Алдағы зерттеу жайында пациентке ескертіңіз, мақсатын және барысын түсіндіріңіз.

2.Қанның құрамын өзгертуі мүмкін теріс әсерлі факторлар жайында айтыңыз.

3.Жолдамамен қамтамасыз етіңіз.

4.Қанды таңертең, аш қарында алатыны жайында әңгімелеп, түсіндіріп айтыңыз.

5. Пациент зертханаға жолдамамен келуі керек.

 

Ескертпе: Қанның құрамын өзгертетін теріс факторларға келесілер жатады:

Дәрілер қолдану,әсіресе парентеральды жолмен енгізілген дәрілер, (егу арқылы), рентген сәулелерінің әсері, физиотерапиялық процедуралар. Қанды қайтадан тексеруді бір уақытта жүргізу керек, өйткені қанның морфологиялық құрамы тәулік бойына өзгеріп отырады. Стационар жағдайында: лаборант сәйкес жағдайларда қанды өзі алады.

 

10.2 ҚАНДЫ КӨК ТАМЫРДАН ВИЧ - ИНФЕКЦИЯҒА АЛУ – ИФТ – (ИММУНДЫҚ ФЕРМЕНТАТИВТІК ТАЛДАУ)

Жабдықтау:

-арнайы киім салынған залалсыздандырған бикс

-пинцет және таңу материалдары бар залалсыздандырған бикс(шариктер, дәкелер)

-залалсыздандырған шыны консервантсыз, резеңке тығыны бар пенициллин флакондары

-контейнер, жабысқақ лента, 45°С, суы құйылған ыдыс, парафин таяқшасы, мақта немесе паролон салынған контейнер тасымалдауға арналған бикс, шыныға жазатын қарындаш-70°спирт, венаны қысу үшін жгут, валик, 3% хлорамин ерітіндісі, лоток

-2 дана жолдама, және целлофан пакет.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентпен сенімді қарым- қатынасқа еніңіз.

2.Пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3.Процедураға ақпараттық келісімі бар екендігіне көз жеткізіңіз.

4.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз,қолғап киіңіз.

5.Арнайы киімді киіңіз.

6.Жабдықтарды дайындаңыз.

7.Пациентке ыңғайлы отыруына немесе жатуына көмек жасаңыз.

8.Бір реттік пакетті ашыңыз, оны жинаңыз, шприцтан ауасын шығарыңыз.

9.Венепункцияны орындаңыз (зерттеулерге көк тамырдан қан алу хаттамаларын қараңыз).

10.Көк тамырдан 3-5мл. қан алыңыз, инені тамырдан шығарыңыз, ине орнына залалсыздандырған тампонды 3-5 минут уақытқа қойыңыз.

11.Қанды залалсыздандырған пенициллин флаконына орналастырыңыз, оны залалсыздандырған резеңке тығынмен жабыңыз, реттік нөмірін қойыңыз.

12.Флакон тығынын шөткенің көмегімен еріген парафин жағып өңдеңіз.

13. Флаконды темір контейнердің ұяшығына орналастырыңыз.

14.Контейнерді жауып, жабысқақ лентамен бекітіңіз.

15. Тампонды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қан алған тамырдан сыртқа қан келмейтініне көз жеткізіңіз.

16.Пациенттің тұруына немесе жатуына көмектесіңіз.

17. Контейнерді бикске орналастырыңыз, мақта немесе паролонмен тығыздаңыз, үстіңгі жағына жолдама салынған целлофан пакет қойып, биксті жабыңыз.

18.Арнайы киіміңізді шешіңіз.

19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

 

10.3 КӨК ТАМЫРДАН ГЕМОКУЛЬТУРАҒА (ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРҒАНЛІККЕ) ЖӘНЕ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАН АЛУ.

Мақсаты: жұқпалы ауру қоздырғышының түрін және антибиотикке сезімталдығын анықтау. Түсініксіз лихорадканың себебін анықтау.

Жабдықтау:

-белгілі бір ортасы бар залалсыздандырған флакондар (аурудың алғашқы аптасында 100мл. флакон алу керек, ал екінші аптасында -150мл.

-үшінші аптасында- 200мл. флакон алу керек

-сіріңке, спиртовка.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.(Шприцке қажетті қан мөлшерін алыңыз, инесін шешіп зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

 

Ескертпе: Аурудың алғашқы аптасында көк тамырдан 10 мл. қан алады

Екінші аптасында-15мл., үшінші аптасында-20мл.

Сол қолыңызбен залалсыздандырған ыдысты асептика ережесін сақтай отырып ашыңыз, жоғарғы жағын спиртовкамен күйдіріңіз.

Шприцтегі қанды ақырындап, ыдыстың қабырғасын бойлай ыдысқа жіберіңіз, ыдысты жабыңыз, тығынын күйдіріңіз.

Әрі қарай Іс - әрекет алгоритмі биохимиялық зерттеулерге көк тамырдан қан алғандағы сияқты.

 

 

 

10.4. ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖАЛПЫ ТАЛДАУҒА ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: диагностикалық

Жабдықтау:

-қақпағы бар аузы кең, таза шыны ыдыс

-зерттеуге жолдама қағазы.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Құрғақ, таза ыдыс дайындап алыңыз.

2.Зерттеуге жолдама жазыңыз.

3.Ыдысқа этикетка жапсырыңыз, онда пациенттің аты, жөні, бөлімше нөмірі, палата нөмірі, айы, күні және мейіркештің қолы болу керек.

4.Пациентті дайындаңыз:

- Қақырықты таңертең, ашқарында жинау керектігін түсіндіріңіз

- Қақырық жинар алдында тісін тазалап, аузын қайнаған сумен шаю керек, (тістері қанайтын болса, онда аузын ас содасы ерітіндісімен немесе) 0,01 % калий перманганат ерітіндісімен шайғызу керек)

- Жөтеліп,қақырығын таза шыны ыдысқа 3-5мл. кем емес мөлшерде жинау керек

- Қақырық болмаса, терең дем алып содан соң жөтел соңында қақырықты жинау қажет және қақпағын жабу керек

- Жиналған қақырықты жолдамамен қоса зертханаға 1 сағаттан кешіктірмей тапсыру керек.

 

 

10.5. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАҚЫРЫҚ ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: диагностикалық

Жабдықтау:

-крафт қағаздан қақпағы бар аузы кең шыны стерильды ыдыс

-зертханаға жолдама.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Алдағы орындалар іс- шара жайында ескертіп, оның маңызын түсіндіріңіз.

2.Негізінде қақырықты антибиотиктерді қабылдауға дейін жүргізу керектігін түсіндіріңіз.

3. Қақырықты жинау тәртібін үйретіңіз:

-Ескертіңіз, қақырықты тек жөтел кезінде ғана жинайды, жөтеліп болған соң қақырық түскенде емес.

- Қақырық жинар алдында және жинап болған соң жеке бас гигиена тәртібін сақтау керек.

- Кешке тісін тазалап, ал ертеңгісін аш қарында аузын және тамағын қайнаған сумен қақырық жинар алдында шаю керектігін ескертіңіз.

Процедураны орындау:

-Ыдыстың қақпағын ашыңыз.

-Жөтеліп, қақырықты (сілекей емес) залалсыздандырған ыдысқа 5мл. кем емес мөлшерде жинаңыз.

- Қақпағын жабыңыз.

Процедураның аяқталуы:

Жолдаманы жапсырып, бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

 

Ескертпе: Материалды жинау үшін мейіркеш стационардың тасымалдау бөліміне залалсыздандырған ыдыстар алу мақсатында өтініш беру керек. Стерильды ыдыстар 3 тәулікке дейін сақталады. Тістерін қақырық тапсырудан 2 сағат бұрын тазалауға болады. Қақырық жинау кезінде қақырық ыдыстың шетіне жанаспауын және қақпақ пен ыдыстың ішкі бетіне жанасу болмауын қадағалаңыз. Жаңа жиналған қақырық 1-1,5 сағаттан кешіктірлмей зерттелуі керек. Стационар жағдайында: бак лабораторияға қақырық тығыз жабылған контейнермен жеткізілуі керек; егер қақырықты алыс жолмен тасымалдау керек болса, онда арнайы автокөлік қолданылады.

10.6. ҚАҚЫРЫҚТЫ ТУБЕРКУЛЕЗ МИКОБАКТЕРИЯСЫНА ЖИНАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: қақырықпен туберкулез таяқшалары бөлінген жағдайларда қақырықты сапалы жинауды қамтамасыз ету;

Жабдықтау:

 

-қақырық жинау үшін қалта түкіргіші

-қақпағы бар аузы кең қоңыр түсті шыны ыдыс

-зертханаға жолдама.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2.Пациентке белгіленген, аузы ашық түкіргішті беріңіз.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1272 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Клизмалар. 1 страница| Тарау. Клизмалар. 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)