Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фенолфталеин сынамасы

Мақсаты: медициналық бұйымдардың жуғыш заттардан тазару деңгейінің сапасын бақылау.

Жабдықтау:

-реактив: фенофталеиннің 1% спирттік ерітіндісі

-реактив үшін пипетка

-мақта тампондары салынған лоток

-құрғақ жабдықтар салынған лоток.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Зерттелетін затқа фенолфталеиннің 1% спирттік ерітіндісінің бірнеше тамшысын орналастырамыз.

2.Зерттелетін затты мақтаның үстіне қарай ұстап, реактив түсінің өзгеруін бақылаймыз.

3.Нәтижесі 2 минут бойы бақыланады.

4.Нәтиже теріс болса, реактив түсі өзгермейді.

5.Нәтиже оң болса, реактив түсі ақшыл қызылдан ашық қызылға дейін өзгереді.

Ескертпе: Бұл сынама жуғыш заттардан тазартылу сапасын анықтайды. Жуғыш заттардан тазармаса сынама оң болып саналады, реактив түсі ақшыл қызылдан ашық қызыл түске дейін боялады.

 

2.11. ПАЛАТАЛАРДЫ ЖУЫП - ШАЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: патогенді және шартты –патогенді микроорганизмдерді жою.

Талап:

-Кесте бойынша аптасына бір рет жуып-шаю.

-Тазарту аса қатты кірленген жерлерден аздау кірленген жерлерге қарай жүргізілуі, сондай-ақ жоғары жақтан төменгі жаққа қарай жүргізілуі керек.

Жағдай:

-Жуып- шаю пациенттер жоқ жерде жүргізілуі.

-Жұмысты қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізу.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Арнайы ауыстырып киетін киіміңізді, қалпақ, маска, қолғап,киініз.

2.Қолданылатын зарарсыздандыру затының қолдану талабына сай етіп зарарасыздандыру ерітіндісін дайындаңыз.

3.«палата еденін жуу үшін» деген белгісі бар жұмыс құралын(сүлік, шелек, швабра) қолдану керек, «қабырға, терезе алдын жуу үшін» деген белгісі бар ыдыстарды қолданасыз.

4.Қоқыстарды пакетпен шығарыңыз.

5.Терезе перделерін алып тастаңыз..

6.Кереуеттерді жылжытып, кереует маңындағы тумбаларды ортаға қойыңыз, төсек бұйымдарын орап қойыңыз.

7.Төбені сүңгіден тазартыңыз.

8.Тазарту жұмыстарын белгілі ретпен жүргізіңіз: қабырға, шыны, терезе алды, жылыту жүйесінің трубалары, мебель, еденді зарарсыздандыру, ерітіндісімен, (ветошь зарарсыздандыру ерітіндісімен жақсылап сулану керек).

9.Раковинаны тазартқыш затпен арнайы ветошпен жуыңыз, оны қолданған соң зарарсыздандырыңыз немесе қайнатыңыз.

10.1 сағаттан соң таза ветошь қолдана отырып сабынды- жуғыш зат ерітіндісімен зарарсыздандырылған жерлерді 2 рет, арасына 30 минут. уақыт салып, жуып- шайыңыз (10литр суға 25 грамм жуғыш зат, 25 грамм кальций содасын қосып).

11.2 сағатқа бактериоцидті лампаны қосып, палатадан шығыңыз.

12.10 минут палатаны желдетіңіз.

Ескертпе: Жуып болған соң ыдыстарды кір судан босатып, зарарсыздандыру ерітіндісін дайындаңыз,сүліклерді 1 сағатқа зарарсыздандыру үшін ерітіндіге салып қойыңыз, сосын құрғатып, құрғақ күйінде арнайы орында сақтаңыз. Швабраны зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған сүлікмен сүртіп, тазартыңыз.

2.12.МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ.

І кезең- зарарсыздандыру

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 

Жабдықтау:

-сәйкес белгісі және зарарсыздандыру ерітіндісі бар құрал -жабдықтарды қаннан және биологиялық сұыйқтықтардан тазартуға арналған екі ыдыс

- қолданылған медициналық бұйымдарды.

-лотоктар

-инструменттерді жуу үшін щеткалар және мақта- мәрлі тампондары.

Шарты: зарарсыздандыру бұйымдарды қолданған соң бірден жүргізілуі керек.

1.Арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап.

2.Зарарсыздандыру ерітіндісін дайындаңыз(ұсынылған дайындау ережесіне сәйкес).

3.Ерітіндіні дайындалған ыдыстарға құйыңыз.

Бірінші ыдыста:

-қолданылған бұйымдардың ішкі арналарын қолданылған соң бірден толтырыңыз

-ыдысты жуыңыз.

Екінші ыдыста:

-бұйымдардың ішкі арналарын ерітіндімен толтырып, ерітіндіге толық батырыңыз

-1 сағатқа ыдысты жауып қойыңыз (немесе басқа белгіленген уақытқа)

-1 сағаттан соң инструменттерді алып, лотокқа салыңыз

-ағынды сумен бірнеше қайталап жуыңыз

-қолданылған зарарсыздандыру ерітіндісін канализацияға төгіңіз

-қолғапты шешіп, оларды арнайы қорапқа салыңыз(КБУ).

 

2 кезең- зарарсыздандыру алдындағы тазарту.

Мақсаты: Бұйымдарды майдан, ақуыздан, механикалық ластанулардан, сондай-ақ дәрілік заттардан мүлде тазарту мақсатында барлық бұйымдар залалсыздандыру алдында тазартудан өткізуге тиіс. Бөлек ажыратылатын бұйымдар жеке бөлініп алынып тазартылуы тиіс.

Жабдықтау:

-медициналық құрал-жабдықтар

-жуғыш ерітінді арналған ыдыс

-дистильденген арналған ыдыс

-«Лотос», «Биолот» жуу құралдары

-27,5% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі

-өлшемді ыдыстар

-мәрлі тампондар

-резеңке қолғаптар, клеенка алжапқыш.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Алдыңызға алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

2.Ерітінділердің біреуін дайындаңыз: жуғыш зат «Лотос»-5 грамм, 27,5% - 17 мл. сутегіінң асқын тотығының ерітіндісі, су- 1 литрге дейін; 50 градусқа дейін жылытыңыз.

3.Жуғыш ерітіндіге тазартылатын заттарды 20 минутқа салып қойыңыз(зарарсыздандыру кезеңінен өткен соң және ағынды сумен шайылған соң).

4.Әрбір затты жеке- жеке, ерітіндіде мәрлі тампонмен ысқыла, жақсылап 10 минут бойында жуыңыз.

5.Бұйымдарды ағынды су астында жуыңыз(«Лотос» қосылған жуғыш ерітіндіден кейін 10 минут бойында, «Биолот» қосылған ерітіндіден кейін 3 минут уақыт бойында).

6.Бұйымдарды дистильденген сумен 10 минут уақыт бойында жуыңыз.

 

Ескертпе: Жуғыш ерітінді температурасы тазарту процессі кезінде тұрақты сақталмайды.

3 - Тарау. Пациенттің қызметтік жағдайын бағалау

3.1 - Тамыр соғысын анықтау іс - әрекетінің алгоритмы

3.2 - Пациенттің дене қызуын өлшеу іс - әрекетінің алгоритмы

3.3 - Пациенттің артериальды қан қысымын өлшеу іс - әрекетінің алгоритмы

3.4 - Қызба кезінде көмек көрсету іс-әрекетінің алгоритмы

3.5 - Тыныс алу қозғалысын санау іс-әрекетінің алгоритмы

3.6 - тәуліктік диурезді анықтау және су балансын есептеу іс-әрекетінің алгоритмы

3.1. ТАМЫР СОҒЫСЫН АНЫҚТАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Анықтау орны: ұйқы артериясы тұсынан, білек, ортан жілік, тізе асты, иық артерияларының тұсынан.

 

Жабдықтау:

-секундомер

 

Білек артериясынан тамыр соғысын анықтау іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлы жағдайға отырғызыңыз.

2.Оң қолыңызбен пациенттің білезік буыны тұсынан ұстаңыз.

3.Білектің алақан жақ бетінен 1-ші саусақ тұсынан білек артериясының ырғақты соғысын анықтаңыз.

4.2-ші,3-ші,4-ші саусақтарыңызбен артерияны қыса басыңыз.

5.1 минут уақыт аралығындағы тамыр соғысының санын анықтаңыз.

6.Тамыр соғысының ырғағын анықтаңыз- белгілі бір уақыт аралығында тамыр толқындарының реті.

7.Артерия қабырғасын шамалы күшпен қысып баса отырып тамыр соғысының кернеу күшін анықтаңыз.

8.Саусақ астындағы тамыр соғысының күшін сезу арқылы тамыр толысын анықтаңыз.

Ескертпе: тамыр қанға жақсы толса, нақты анық тамырлық толқын анықталады, нашар толса тамырлық толқын анық емес, әлсіз анықталады.

 

 

3.2.ПАЦИЕНТТІҢ ДЕНЕ ҚЫЗУЫН ӨЛШЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: пациенттің дене қызуын өлшеу.

Жабдықтау:

-медициналық термометр

-түбінде мақтасы бар термометрді сақтауға арналған белгісі бар ыдыс

-термометрді зарарсыздандыруға арналған лоток

-зарарсыздандыратын ерітінді

-дене қызуын тіркейтін парақ.

 

Дене қызуын өлшеу орындары:

-қолтық асты аймағы

-шап қатпары

-тік ішек, ауыз қуысы(базальды температура)

-қынап.

 

Пациентті дайындау:

-пациентке дене қызуын өлшеу ережесін түсіндіріңіз

-пациентке ыңғайлы жағдай туғызыңыз.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Жылы сумен сабындап қолыңызды жуыңыз.

2.Қолтық астын қарап жақсылап құрғатыңыз

3.Термометрді алып оны сілкілеп 35 градусқа дейін төмен түсіріңіз

4.Термометрді қолтық астына сынапты ұшы толығымен денеге жанасатындай етіп орналастырып, пациенттен қолын бүге қысып термометрді ұстап тұруын талап етіңіз.

5.Дене қызуын 10 минуттан кем емес уақыт аралығында өлшеу керек, сынап бағанының көтерілу деңгейі бойымен анықтаймыз.

6.Дене мен термометр арасында киім қалып қоймауына назар аударыңыз.

7.Термометрді алып, өлшеу нәтижесін ауру тарихына тіркеп қойыңыз, дене қызуын тіркейтін параққа сандық көрсеткішіне сәйкес қисық сызықпен белгілеңіз.

8.Зарарсыздандыратын ерітіндіде термометрді 10 минут бойында өңдеңіз.

9.Термометрді ағынды су астында жуыңыз, құрғатып сүртіп «Таза термометр» деген жазуы бар таза ыдысқа салып қоямыз.

10.Қолыңызды жуыңыз.

Ескертпе: Пациенттің дене қызуын күніне 2 рет өлшейді:

-таңертең ашқарында (сағат7-ден 9-ға дейін)

-кешкісін (сағат 17-ден 18-ге дейін). Дәрігердің тағайындауы бойынша дене қызуын әрбір 2-3 сағатта өлшеуге де болады.

3.3 ПАЦИЕНТТІҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: пациенттің жалпы жағдайын және жүрек- тамыр жүйесінің жағдайын бағалау.

Жабдықтау:

-тонометр

-фонендоскоп

-дене қызуын тіркейтін парақ.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентті жағдайына байланысты жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

2.Пациенттің қолының алақанын жоғары қарата отырып жүрек деңгейінде ұстап, киімнен босатыңыз.

3.Пациенттің шынтағының астына жұдырығын немесе жұмыр затты қойыңыз.

4.Тонометрдің манжеткасын шынтақ буынынан 2 см.манжетка мен білек арасына бір саусақ еркін сыятындай жоғары етіп орналастырыңыз.

5.Пальпация көмегімен тамыр соғысын анықтаңыз, сол жерге фонендоскопты қойыңыз.

6.Манжетканы тонометрмен жалғаңыз, манжетка түтіктері төмен қарап тұру керек.

7.Баллон көмегімен манжеткаға ауа жіберіңіз, тамыр соғысы жойылғанға дейін, одан 20-30мм.с.б. жоғары.

8.Баллон бұрандасын бұрай отырып біртіндеп манжеткадағы ауа қысымын төмендетеміз, бұранданы оң қолдың сұқ саусағымен сағат тіліне қарсы бұрай отырып.

9.Тонометр шкаласынан бірінші дыбыстың пайда болған мөлшерін бақылап отырамыз, бұл систолалық қысым.

10.Тонометр шкаласынан дыбыстың өшкен жерін қадағалап отырамыз, бұл диастолалық қысым.

11.Анықталған қан қысымының көрсеткішін бақылау парағына жазып қоямыз.

12. Қолыңызды жуыңыз.

Ескертпе: Нақты нәтиже алу үшін қан қысымын екі қолдан бірдей өлшеу керек. Қалыпты жағдайда дені сау адамның қан қысымы жасына байланысты болады, ересек адамдарда қан қысымы-140/90- 110/70 мм.с.б. болады.

100/60мм.с.б. төмен болса- ол гипотония

140/90 мм.с.б. жоғары болса- гипертония.

Қан қысымын өлшеу пациенттің физикалық және психикалық тыныштық жағдайын да жүргізіледі.

3.4.ҚЫЗБА КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

I кезең- дене қызуының көтерілуі

 

Орындалу тәртібі:

1.Төсекке жатқызыңыз.

2.Жылы көрпемен үстін жабыңыз.

3.Аяғына жылытқышты қойыңыз.

4.Қант қосылған ыстық шай беріңіз.

 

II кезең - 39-41С температураның салыстырмалы тұрақтануы

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациенттің көрпесін ашыңыз.

2.Маңдайына салқын компресс немесе мұзды мұйық қойыңыз.

3.Ерніне крем жағыныз.

4.Минералды су, компот, морс, салқын шай, сок беріңіз.

5.Аз-аздан жиі тамақ тандырыңыз (диета №13).

6.Жеке мейіркештік бақылау тағайындаңыз.

 

III кезең – температураның төмендеуі (лизис- температураның біртіндеп төмендеуі; кризис- температураның тез төмендеуі).


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 406 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница | Тарау. Клизмалар. 1 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЛГОРИТМЫ| Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)