Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

21.Қолданылған барлық заттарды зарарсыздандырыңыз.

 

7.8.КӨК ТАМЫРҒА СҰЙЫҚТЫҚТЫ ТАМШЫЛАП ЖІБЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: дәрілік ерітінділерді тамырлар жүйесіне тамшылап жіберу.

Жабдықтау:

-4 қабат залалсыздандырылған салфеткамен жабылған залалсыздандырылған лоток

-екі қабат салфеткамен жабылған залалсыздандырылған пинцет

-таңу материалы бар залалсыздандырылған бикс

-сұйықты тамшылап жіберуге арналған бір реттік система

-штатив

- дәрілік заттар құйылған флакон, 70% спирті бар флакон, клеенка жастықша

-лейкопластырь

- жгут

-қолданылған заттарды салуға арналған контейнер.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Іс- шара алдында палатаға барып, пациентпен әңгімелесіп шығыңыз.

2.Тағайындалған ем жайында хабардар екеніне көз жеткізіңіз.

3.Тамшылап дәрі енгізер алдында дәретханаға барып алу керектігін ескертіңіз.

4.Ем-шара бөлмесінде тамшылап дәрі жіберуге дайындалыңыз:

- Маска киіңіз.

- Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, антисептикпен өңдеп, қолғапты киіңіз.

- Флакондағы дәрінің атын, сыртқы түрін, сақталу мерзімін тексеріңіз.

- Флаконның темір қақпағын 70% спиртке малынған мәрлі шарикпен сүртіңіз.

- Қайшының көмегімен темір қақпағын ашып, спиртке малынған мәрлі шарикпен резеңке қақпағын екі рет сүртіңіз.

- Тамшылауға арналған системаны дайындаңыз, сақталу мерзімін, сырт қорабының тұтастығын тексеріңіз.

- Системаның орамын шешіңіз, қысқышын жабыңыз, орамнан залалсыздандырылғанкті сақтай отырып алып шығыңыз.

- Манипуляция столының үстінде дәрісі бар флаконға системаның қабылдағыш инесін енгізіңіз.

- Флаконды түбін жоғары қарата төңкеріп, штативке іліп қойыңыз.

- Дәрі жіберетін инені қалпағымен қоса түсіріңіз және залалсыздандырылған лотокқа залалсыздандырылған салфетка астына орналастырыңыз.

- Системаның ауа өткізгішін ашыңыз, тамшы жібергішті жартысына дейін дәрімен толтырыңыз.

- Тамшы системаның бір ұшын алыңыз, лотоктың үстіне ұстаңыз, қысқышын ашыңыз, сосын тамшы системаны дәрімен толтырыңыз.

- Тамшы системаның кілтін жауып қойыңыз.

- Тамшы системаға дәрі жіберетін инені қалпақшасымен қоса кигізіңіз, штативке іліп қойыңыз.

1.Палатада пациентті арқасымен жатқызыңыз.

2.Шынтағының астына клеенка жастықшаны қойыңыз.

3.Білектің ортаңғы бөлігін салфеткамен ораңыз, салфеткадан жоғары жгут салыңыз, пациенттен жұдырығын бірнеше рет ашып- жұмуын талап етіңіз.

4. Көк тамырын саусақпен іздеп табыңыз, ине салатын орынды екі рет спиртті мәрлі шарикпен сүртіңіз.

5.Залалсыздандырылған пинцетпен залалсыздандырылған лотоктан екі залалсыздандырылған салфетка алыңыз, дәрі жіберетін иненің канюлясын ораңыз, инені тамшы системадан төмен түсіріңіз.

6. Инеден қалпақшасын шешіңіз.

7.Пациенттен жұдырығын жұмып отыруын талап етіңіз, сол қолдың үлкен саусағымен көк тамырды бекітіңіз, ал оң қолыңызбен инені көк тамырға енгізіңіз, салфеткамен канюлясынан ұстай отырып.

8. Салфетканың шетін ашыңыз, қан канюлядан салфеткаға кеткеніне көз жеткізіңіз.

9.Системаның қысқышын ашыңыз, дәрінің бірнеше тамшысын лотокқа ағызыңыз, сол қолдың екі саусағымен канюля тұсынан баса ұстаңыз, оң қолдың екі саусағымен асептика ережесін сақтай отырып дәрі жіберетін инені канюлясынан ұстап, оны тамшы системаның канюлясына кигізіңіз.

10.Жгутты алыңыз, ине астындағы салфетканы ауыстырыңыз, асептика ережесін сақтай отырып ине мен системаның қосылған жерін залалсыздандырылған салфеткамен орап, лейкопластырмен бекітіңіз.

11. Көк тамырға дәрінің келу жылдамдығын реттеңіз (1 минутта 20-40-60 тамшыға дейін, жіберілетін дәрінің түріне және дәрігер тағайындауына байланысты).

12.Залалсыздандырылған салфеткамен дәрі жіберетін ине тұсын жауып қойыңыз.

Ескертпе. Ине кірген жерді ауық- ауық қарап отыру керек дәрі тамырға кетіп жатқанына көз жеткізу керек. Иненің жағдайын тексеріп отыру керек, орнынан жылжыған жоқпа, жақсы бекіп тұр ма, пациенттің жалпы жағдайын қадағалап отыру керек, дәрі кетіп жатқан жер ауырмай ма деп сұрау керек, егер пациент ауырсынса, немесе иненің дәрі кетіп жатқан тұсында ісік пайда болса, қысқышты жауып, инені алу керек.

7.9. БИОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ КӨК ТАМЫРДАН ҚАН АЛУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: қанның биохимиялық көрсеткіштерінің мөлшерін анықтау.

Жабдықтау:

-сыйымдылығы 5-10мл. бір реттік шприц

- 4 қабат залалсыздандырылған салфеткамен жабылған залалсыздандырылған лоток

- екі қабат салфеткамен жабылған залалсыздандырылған пинцет

-таңу материалдары бар залалсыздандырылған бикс

- пробиркалар орналасқан татив

- 70% спирті бар флакон, лейкопластырь

- резеңке жгут,

-клеенка жастықша

-қолданылған заттарды салуға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентті ем-шара бөлмесіне шақырыңыз.

2.Іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3.Пробиркаларды нөмірлеп, зертханаға бағыттама жазыңыз.

4.Венепункция жасау үшін пациентке ыңғайлы жағдай туғызуға көмектесіңіз.

5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, антисептикпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғап киіңіз.

6.Бір реттік шприцті алыңыз, орама қағазының бүтіндігін тексеріңіз, шприцті жинаңыз, орама қағазының ішкі залалсыздандырылған бетінде қалдырыңыз.

7.Пациенттің шынтақ астына клеенка жастықшаны қойыңыз, білектің орта тұсынан резеңке жгутты байлаңыз, пациенттен алақанын жұмуды талап етіңіз.

8.Саусақпен көк тамырын тауып, қан алатын жерді анықтаңыз.

9.70% спиртке малынған мәрлі шарикпен шынтақ буынының аймағын өңдеңіз, қайтадан ине салатын жерді екінші рет өңдеңіз.

10. Сол қолдың үлкен саусағымен көк тамырды бекітіңіз және оған шприцтің инесін енгізіңіз.

11. Шприцке 5-10 мл. қан алыңыз.

12. Иненің орнына 70% спиртке малынған мәрлі шарикті қойып, жгутты шешіп, көк тамырдан инені суырып алыңыз.

13. Пациенттен қолын шынтақ буынында бүгіп, сол қалпында 2-3 минут отыра тұруын талап етіңіз.

14.Инені шприцтан алып, контейнерге салыңыз.

15. Қанды штативтегі пробиркаларға ақырындап қабырғасын бойлай жібереміз.

16.Шприцті контейнерге саламыз, пациенттен мәрлі шарикті алып, оны зарарсыздандыратын ерітіндіге саламыз.

17. Штативті контейнерге, содан соң бикске саламыз.

18. Пациенттің палатасына баруына көмек жасаймыз.

19. Қаны бар биксті зертханаға жеткіземіз.

7.10. МҰРЫНҒА ТАМШЫ ТАМЫЗУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: қабыршақтан тазарту және оның пайда болуының алдын алу, емдік іс- шара.

 

Жабдықтау:

-қолғаптар

-пипетка

-мұрын тамшысы бар флакон.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс-шараның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3.Мұрынның әрбір қуысына тамызу үшін пипеткаға 2-3 тамшы жылы ерітінді алыңыз.

4.Пациенттің басын тамшы тамызатын мұрын қуысына қарама- қарсы жаққа қарай бұрыңыз.

5.Мұрын қуысына тамшы тамызыңыз.

6.1-2 минуттан соң мұрынның екінші қуысына тамшы тамызыңыз.

7.Қолданылған заттарды өңдеңіз.

8.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

7.11.ҚҰЛАҚҚА ТАМШЫ ТАМЫЗУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: емдік

 

Жабдықтау:

-қолғап

-пипетка

-құлақ тамшысы бар флакон

-залалсыздандырылған вата.

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке іс-шараның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3.Әрбір құлақ саңылауына тамызу үшін пипеткаға 2-3 тамшы жылы ерітінді алыңыз.

4.Пациенттің басын тамшы тамызатын құлақ қуысына қарама- қарсы жаққа қарай бұрыңыз.

5.Сол қолыңызбен пациенттің құлақ жарғағын жоғары және артқа көтеріңіз, ал оң қолыңыздағы пипеткамен құлақ саңылауына тамшы тамызыңыз.

6. Пациентке басын бұрған қалпында 15-20 секундтай болуын сұраңыз,(дәрі құлақ саңылауынан сыртқа ағып кетпеу үшін.), одан соң құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүрту керек.

7. Дәл осылай екінші құлаққа да дәрі тамызыңыз.

8. Қолданылған заттарды өңдеңіз, қолыңызды жуыңыз.

7.12 КӨЗГЕ ДӘРІ ТАМЫЗУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: емдік

 

Жабдықтау:

-қолғап

-залалсыздандырылған көзге арналған пипеткасы

-көз тамшысы бар флакон.

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Пациентке іс-шараның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3.Дәрінің атауы дәрігер тағайындауына сәйкестігін тексеріңіз.

4.Кезекпен 2-3 тамшыдан әр көзге жеке тамшы алыңыз.

5.Пациенттің отырған немесе төсекте жатқан жағдайында басын артқа қарай қайырып жоғары қарай қарауын сұраңыз.

6.Төменгі қабағынан төмен қарай тартыңыз, кірпіктеріне жанаспай, пипетканы көзіне 1,5 см. жақындықта ұстаңыз, тамшыны көздің конъюктивасына, алдымен бір көзге, содан соң екінші көзге тамызыңыз.

7. Көзге залалсыздандырылған дәкелер салып қойыңыз.

8.Қолданылған заттарды зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

9. Қолыңызды жуыңыз.

7.13. ШЫНЫ ТАЯҚШАМЕН КӨЗГЕ МАЗЬ ЖАҒУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

 

Мақсаты: емдік

 

Жабдықтау:

-қолғап

-залалсыздандырылған шыны таяқша

-көз майы бар флакон

-залалсыздандырылған дәкелер

- лотоктар.

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

-Пациентке іс-шараның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

-Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

-Пациенттің жатқан немесе отырған күйінде басын артқа қарай қайырып, жоғары қарай қарауын сұраңыз.

-Шыны таяқшаға мазьді аламыз, мазь таяқшаның домалақ басын толық жауып тұру керек.

- Таяқшаны көз тұсында горизонтальды ұстаңыз, май жағылған ұшы мұрын жаққа қарау керек.

-Төменгі қабақты тартып, таяқшадағы майды көз алмасына қарай жағамыз, таяқшаның бос ұшы қабаққа қарау керек.

-Төменгі қабақты босатыңыз, пациенттен көзін аздап жұмуын сұраңыз.

-Жабылған қабақтар арасынан шыны таяқшаны самай тұсына бағыттап суырып алыңыз.

-Дәл осылай екінші көзбен жұмыс жасаңыз.

-Көздерге залалсыздандырылған салфетка салып қойыңыз

-Қолданылған заттарды зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

-Қолыңызды жуыңыз.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Тарау. Клизмалар. 2 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница| Тарау. Клизмалар. 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)