Читайте также:
|
|
-тіл ұстағыш
-антисептик ерітіндісі (натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісі,калий перманганатыныі әлсіз ерітіндісі, жылы су).
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Пациентке процедура мақсатын және орындалу барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз
2.Қолыңызды жуып,қолғапты киіңіз.
3.Егер ауыр халдегі пациенттің тіс протезі болса, іс- шара алдында оны алып тастаңыз (жуыңыз). Тіс протезі көп жағдайда ауыздағы қабынудың себебі болады.
4.Сұйықтық ьыныс жолдарына өтпеу үшін науқасты отырғызыңыз немесе оны аздап алдына қарай басын еңкейте отырғызыңыз.
5.Шалқасынан жатқан науқастың басы бір жағына қарай бұрулы болу керек, егер мүмкін болса науқастың өзін бүкіл денесімен бір жақ қырына қарай бұрыңыз.
6.Шпательді сол қолыңызға алып, жоғарғы ернін корнцангқа алынған салфетка көмегімен жоғары көтеріңіз; антисептик ерітіндісіне малынған салфетканы ауыстыра отырып, тіс айналасын, ұрттарын, тілін, ең соңында тістерін тазалап сүртіңіз.
Пациенттен аузын жылы сумен шайып,жууын талап етіңіз, немесе ауыз қуысын жууды резеңке баллон көмегімен жүргізіңіз.
7.Қолданған заттарды өңдеңіз.
8.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
4.14. ХАЛІ АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ АСТЫН ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ(ӘЙЕЛДЕР)
Мақсаты: Шап және сыртқы жыныс мүшелерінің айналасында тері қабынуының және тері зақымдануының алдын алу.
Жабдықтау:
-жуындыруға арналған жиынтық- Эсмарх кружкасы немесе 25- 30°
-жылы су құйылған ыдыс
-мақта тампондары
-судно
-клеенка
-ширма
-қолғаптар
-корнцанг.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
2.Процедура басталар алдына пациентке оның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3.Ширманы қойыңыз.
4.Пациенттің астына клеенканы салып, үстіне судноны қойыңыз.
5.Дайындалған заттарды пациент төсегінің жанына қойыңыз.
6.Пациенттен аяқтарын тізе буынында бүгіп, аяқтарының арасын ашуын сұраңыз.
7.Алдымен қасаға тұсын, сосын тампонды ауыстыра отырып ортан жілік аймағын, шап қатпарларын жақсылап жуыңыз.
8.Үлкен жыныс еріндерін ашыңыз, ақырындап тері қатпарларын жоғарыдан төмен қарай тампондарды ауыстыра отырып жуыңыз.
9.Қынап пен уретра көріну үшін кішкентай жыныс еріндерін ашыңыз, дұрыстап жоғарыдан төмен қарай тампондарды ауыстыра отырып жуыңыз.
10.Жыныс мүшелерінің айналасын жылы сумен жоғарыдан төмен қарай жуыңыз.
11.Салфеткамен әбден құрғатыңыз.
12.Салфетканы ауыстыра отырып тік ішек айналасын жуыңыз.
13.Тік ішек айналасын салфеткамен құрғатыңыз.
14.Судноны алыңыз.
15.Қолғапты шешіп, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
16.Пациентке төсекте ыңғайлы жағдай жасауына көмектесіңіз.
17.Пациенттің төсек орнын жөндеп, тәртіпке келтіріңіз.
18.Қолданылған құралдарды өңдеңіз.
19. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
4.15.ХАЛІ АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ АСТЫН ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ(ЕРЛЕР)
Мақсаты: Тазалық сақтау.
Жабдықтау:
-жуындыруға арналған жиынтық- Эсмарх кружкасы немесе 25- 30°
-жылы су құйылған ыдыс
-мақта тампондары
-судно
-клеенка
-ширма
-қолғаптар
-корнцанг.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
2.Процедура басталар алдына пациентке оның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3.Ширманы қойыңыз.
4.Пациенттің астына клеенканы салып, үстіне судноны қойыңыз.
5.Дайындалған заттарды пациент төсегінің жанына қойыңыз.
6.Пациенттен аяқтарын тізе буынында бүгіп, аяқтарының арасын ашуын сұраңыз.
7.Сыртқы жыныс мүшесінің басын жалаңаштаңыз.
8.Ылғалды тампонмен ақырын айналмалы қозғалыстар жасай отырып уретрадан сыртқа қарай жуыңыз.
9.Мошонканы, оның астындағы тері қатпарларын жоғарыдан төмен қарай ақырын қозғалыстар жасай отырып ылғалданған мақта тампонмен жуыңыз.
10.Сыртқы жыныс мүшелерінің айналасын жоғарыдан төмен қарай салфетканы ауыстыра отырып жуыңыз.
11.Жуылған жерді құрғатыңыз, судноны алыңыз.
12.Қолғапты шешіп, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13.Пациентке төсекте ыңғайлы жағдай жасауға көмектесіңіз.
14.Пациенттің төсек орнын дұрыстап тәртіпке келтіріңіз.
15.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
4.16.ОЙЫЛЫП ҚАЛУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғапты киіңіз.
2.Терісінің жағдайын тәулігіне 1-2 рет қарап отырыңыз.
3.Төсек орны мен іш киімінің уақытында ауыстырылуын қадағалаңыз.
4.Төсектің қыртысын, тегіс емес жерлерін тегістеп,жазып, ұсақ түйіршіктер болса алып тастаңыз.
5.Төсектегі жағдайын тәулігіне 10-12 рет, яғни әрбір 2
сағат сайын өзгертіп отырыңыз.
6.Жеке күтім кестесіне сәйкес пациентке жеке гигиеналық күтім жасаңыз.
7.Денесінің ойылып қалу қаупі бар жерлерінің тұсына поролон білеулер (валик) қойыңыз.
8.Арнайы матрацтарды қолданыңыз, гелимен толтырылған жастықтар немесе сулы матрацтарды қолданыңыз.
9.Асептика ережелерін қатаң сақтаңыз, себебі инфекция қосылса пациенттің жағдайы одан әрі ауырлайды.
10.Ойылу пайда болса, дәрігер нұсқауымен емдеңіз.
4.17. СУДНО БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Жабдықтау:
-судно
-клеенка
-ширма.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Таза жылы судно дайындаңыз.
2.Суднода аздап су қалдырыңыз
3.Қолыңызды жуып, қолғап киіңіз.
4.Пациенттің кереуетін ширмамен бөліп қойыңыз.
5.Пациентке оның оң жағынан келіңіз.
6.Пациент жамбасының астына клеенка төсеңіз.
7.Сол қолыңызды денесінің бір жақ қыры жағынан құйымшақ тұсына апарыңыз, жамбасын аздап ккөтеріңкіреп, аяғын тізе буынында бүгуін талап етеңіз.
8.Оң қолыңызбен судноны жамбасының астына апарыңыз.
9.Пациенттің үстіне көрпесін жауып, өзін жалғыз қалдырыңыз.
10.Ішек нәжістен босаған соң, нәжісті қарап шығыңыз.
11.Астынан судноны, сосын кленканы алыңыз.
12.Судноны клеенкамен жауып, туалетке апарып унитазға төгіңіз.
13.Пациенттің астын жуыңыз. Ширманы алыңыз.
14.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
Ескертпе: судно және клеенканы зарарсыздандырыңыз.
4.18.ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Жабдықтау:
-клеенка
-зәр қабылдағыш
-ширма
-зарарсыздандыратын ерітінді
-қолғаптар.
Іс-әрекетінің алгоритмы:
1.Қолғапты киіңіз. Іс- шара орындауға қолыңызды дайындаңыз.
2.Таза зәр қабылдағыш дайындаңыз.
3.Пациенттің кереуетін басқалардан ширмамен бөліп қойыңыз.Егер мүмкін болса басқа пациенттердің палатадан шыға тұруын сұраңыз.
4.Төсек үстіне клеенка төсеңіз.
5.Зәр қабылдағышты беріп, пациенттің үстін жабыңыз.
6.Зәрге отырып болған соң, ыдысты зәрден босатып, оны зарарсыздандырыңыз.
7.Клеенканы алып, пациентті ыңғайлы жатқызып, үстіне көрпесін жауып, ширманы алып қойыңыз.
4.19. ХАЛІ АУЫР ЖАҒДАЙДАҒЫ ПАЦИЕНТТІҢ АЯҚТАРЫН ЖУУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Жабдықтау:
-тегене
-38-40° С
-жылы су
-сабын
-аяқ сүртуге арналған орамал
-клеенка.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Қолыңызды жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.
2.Процедура басталар алдында пациентке оның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3.Матрацтың аяқ жағын орай қайырып, клеенка төсеңіз.
4.Кереуеттің үстіне жылы су құйылған ыдысты қойыңыз, аяқтарын сабындап жуып, жылы сумен шайыңыз.
5.Орамалмен құрғатып сүртіңіз.
6.Қажет болған жағдайда аяқ тырнақтарын қысқа қырқыңыз.
7.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
5 - Тарау. Тамақтану және пациентті тамақтандыру
5.1 - Гастростома арқылы пациентті жасанды тамақтандыру іс-әрекетінің алгоритмы
5.2 - Мұрын- асқазан зонды арқылы воронканың көмегімен пациентті қоректендіру іс-әрекетінің алгоритмы
5.3 - Ауыр халдегі пациенттерді тамақтандыру іс-әрекетінің алгоритмы
5.1 ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ПАЦИЕНТТІ ЖАСАНДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМІ
Жабдықтау:
-воронка немесе Жане шприці
-тамақ салынған ыдыс
-100мл. қайнаған су.
- залалсызданған дәкелер
- қолданылған заттарды салатын ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.Кереует маңындағы столды сүртіңіз.
2.Пациентке немен тамақтандыратыныңызды хабарлаңыз.
3.Қолыңызды жуыңыз.
4.Кереует маңындағы стол үстіне дайындалған тамақты қойыңыз.
5.Пациентке төсекте Фаулер жағдайын қабылдауға көмектесіңіз.
6.Зондты киімінен босатып алыңыз. Зондтың қысқышын алып қойыңыз. Воронканы зондқа жалғаңыз.
7.Дайындалған тамақты аз- аздап воронкаға құйыңыз.
8.Жане шприцінің көмегімен зондты қайнаған жылы сумен (50мл.) жуыңыз.
9.Воронканы бөлек алыңыз, зондты қысқышпен жабыңыз.
10.Пациент өзін жақсы сезінгеніне көз жеткізіңіз.
11.Қолыңызды жуыңыз.
12.Қолданылған заттарды зарарсыздандырыңыз.
5.2.МҰРЫН – АСҚАЗАН ЗОНДЫ АРҚЫЛЫ ВОРОНКАНЫҢ КӨМЕГІМЕН ПАЦИЕНТТІ ҚОРЕКТЕНДІРУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Жабдықтау:
-Жане шприці
-қысқыш
-лоток
-орамал, дәкелер
-таза қолғаптар
-фонендоскоп
-воронка.
-(t 38—40°С) қоректендіру қоспасы
-100 мл. қайнаған су.
- залалсызданған дәкелер
- қолданылған заттарды салатын ыдыс.
- арнайы қоректік тағам (температурасы 38-40 градус), 600-800мл.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.15 минут бұрын пациентке тамақтандырылатыны жайында ескертіңіз.
2.Пациентке қандай тамақ берілетіні жайында хабарлаңыз (дәрігермен келіскен соң).
3.Қолыңызды жуыңыз.
4.Пациентке төсекте жоғары Фаулер жағдайын қабылдауға көмек жасаңыз.
5. Мұрын- асқазан зондын енгізіңіз.
6.Зондтың дұрыс енгізілгендігін тексеріңіз:
-зондтың дистальды ұшына лоток үстінде қысқыш салыңыз.
-зондтың тығынын алып тастаңыз.
-шприцқа 30-40мл. ауа сорып алыңыз.
-шприцті зондтың дистальды ұшына жалғаңыз.
-қысқышты ашыңыз.
-фонендоскопты құлағыңызға киіп, оның басын асқазан тұсына қойыңыз.
-Зонд арқылы шприцтегі ауаны жіберіңіз және асқазаннан шыққын дыбысты естіңіз.(егер дыбыс естілмесе зондты қозғап, тартып көру керек).
-зондтың дистальды ұшына қысқыш салыңыз.
-шприцті бөлек алыңыз.
7.Зондқа воронканы жалғаңыз.
8.Пациенттің асқазан тұсында еңкейте ұсталған воронкаға ас қоспасын құйыңыз.
9.Воронканы тік ұстай отырып пациенттің асқазан тұсынан жоғары ақырын көтеріңіз.
10.Ас қоспасы воронка саңылауына келген бетте воронканы асқазан деңгейіне дейін төмен түсіріңіз, зондты қысқышпен қысыңыз.
11.Процедураны қайталаңыз, дайындалған ас қоспасы біткенше.
12.Зондты жуу үшін воронкаға 50-100мл. қайнаған су құйыңыз.
13.Воронканы зондтан бөлек алыңыз, шеткергі ұшын тығынмен жабыңыз.
14.Қауіпсіз түйрегішпен зондты пациенттің киіміне бекітіңіз.
15.Қолданған заттарды зарарсыздандырыңыз.
5.3. АУЫР ХАЛДЕГІ ПАЦИЕНТТЕРДІ ТАМАҚТАНДЫРУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМІ
Жабдықтау:
-жылы тамақ
-тегене
-жылы суы бар шәйнек
-орамал, дәкелер,
-кереует маңындағы стол
-таза қасық, су ішкізетін ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмы:
1.15 минут бұрын пациентке тамақтандырылатыны жайында ескертіңіз.
2.Пациентке қандай тамақ берілетіні жайында хабарлаңыз (дәрігермен келіскен соң).
3.Қолыңызды жуыңыз.
4.Пациенттің қолын жууына көмектесіңіз.
5.Пациентке мүмкіндігінше жоғары отырғызу жағдайын жасаңыз.
6.Пациенттің алдына салфетка жабыңыз.
7.Тамақтың ыстық, қатты еместігін тексеріңіз.
8.Пациентті қасықпен асықпай, аз- аздан тамақтандырыңыз.
9.Сұйықты ыдыстан ішкізіңіз.
10.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.
6 –Тарау. Қарапайым Физиотерапия
6.1. - Оңқа қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.2. - Жылытқыш компресс қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.3. - Суық компресс қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.4. - Жылытқыш компресс қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.5. - Мұзды мұйық қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.6. - Қыша қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.7. - Бобров аппаратымен дымқыл оттегі беру іс-әрекетінің алгоритмы
6.8. - Сүлік қою іс-әрекетінің алгоритмы
6.1. ОҢҚА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: қан айналымын жақсарту, ағзадағы қабынудың басылуын жеделдету, ауырсынуды басу.
Жабдықтары:
-медициналық оңқа 10-15 дана
-12-15 см. металл стержень немесе корнцанг
-стерженге орауға арналған мақта
-70-960 спирт, вазелин, сіріңке
-залалсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс (5 % х/амин ерітіндісі), дәке сүліксі
-орамал, жаялық, фитильді сөндіруге арналған су құйылған стакан, сағат.
Іс әрекет алгоритмы:
I кезең
1.Процедураның мақсаты мен ретін түсіндіру, науқастың келісімін алу.
2.Оңқаны тексеру.
3.Керек заттарды дайындау.
4.Қолды жуып кептіру.
5.Стерженге мақтаны орау.
6.Төсектің басын төмендету, науқасты ішпен ыңғайлы етіп жатқызу.
7.Оңқа қоятын жердегі киімді шешу, тері қабатын тексеру (қарау).
8.Шашты күйіп қалмау үшін, сүлікмен жабу.
II кезең
1.Науқастың терісіне вазелин жағу, қолдағы вазелин қалдығын сүлікмен сүрту.
2.Фитильді спиртке матырып, артығын флакон қабырғасына сығып тастау.
3.Фитилді жағу.(пілтені).
4.1-2 оңқаны сол қолға алып, оң қолмен 1-2 секундқа 1 оңқаға фитилді еңгізіп, денеге жапсыру (оңқаны керегінше қою керек).
5.Фитилді суға салып сөндіру.
6.Науқасты алдымен орамалмен, содан кейін көрпемен жабу.
III кезең
1.15-20минуттан кейін оңқаны алу.
2.Теріні мақтамен сүртіп, науқасқа киінуге көмектесу, ыңғайлап жатқызу.
3.Науқасты көрпемен жабу. Оңқаны зарарсыздандырып, заттарды жинау.
6.2.ЖЫЛЫТҚЫШ КОМПРЕСС ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: ауырсыну мен қабынуды басуға қол жеткізу.
Қарсы әсері: шиқан,тері аурулары, тері қабатының бұзылулары, қаңсырау, ісіктер.
Жабдықтары:
-сүлік
-целлофан немесежылтырқағаз
-мақта-дәке
-компреске арналған ерітінді (арақ,сірке қышқылының әлсіз ерітіндісі, жартылай спиртті ерітінді).
Іс әрекет алгоритмы:
1.Дәке сүлікні 4 қабат етіп дайындау.
2.Дәке сүлікні ерітінді матырып, сығу.
3.Сүлікні ауырған жерге жапсыру.
4.Сүлікнің үстінен жылтыр қағазды, оның үстіне мақта жабу (әр қатар алдыңғыдан 2 см. қалың болуы керек).
5.Тамырды қатты қыспайтындай етіп компресті дәкемен таңу;
6.1сағаттан кейін саусақты компрестің астына тығып, дұрыстығын тексеру. Егер компресс дұрыс қойылса, жылу мен дымқыл сезіледі.
7.Компресті 8-10 сағатқа қалдырады.
6.3. СУЫҚ КОМПРЕСС ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: емдік (теріні салқындату, қан тамырларын тарылту, қан толуды азайту, ауырсынуды басу).
Көрсеткіштері: жарақаттың 1-ші тәулігі, лихорадканың 2-ші кезеңі.
Жабдықтары: бязь немесе дәке, суық су құйылған лоток (ыдыс).
Іс әрекет алгоритмі:
1.3-4 қабатталған сүлікні суық суға малып сығып алу.
2.Дене қызуы жоғары болғанда маңдайға, шапқа қойылады, жылыған сүлікні ауыстырып отыру;
3.Жарақатқа компресс 1 сағат ішінде қойылады және оны әрбәр 2-3 минутта ауыстырып отыру керек.
6.4. ЖЫЛЫТҚЫШ ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: Ауырсыну мен қабынуды басуға қол жеткізу.
Көрсеткіштері: жиырылып ауыратын ауруларда (созылмалы гастрит, асқазанның ойық жарасы, бүйрек коликасы);
-денені жылыту үшін;
-ине салудан кейін;
-тіннің қатаюы;
-лихорадканың 1-ші кезеңі.
Қарсы көрсеткіштері:
-іш қуысындағы қабынудың өткір кезеңдері;
-жарақаттың 1-ші тәулігі;
-тері жарақаты, қан кету;
-жұқпалы жаралар;
-ісіктер.
Жабдықтар: жылытқыш, орамал немесе сүлік, ыстық су (65-70о) судың t-сын өлшейтін термометр.
Іс әрекет алгоритмі:
1.Жылытқышқа 2/3 бөлігіне дейін ыстық су құю.
2.Жылытқышты қысып, ауасын шығару.
3.Қақпағын жабу.
4.Жылытқыштың аузын төмен түсіріп, су ағуын тексеру.
5.Жылытқышты құрғатып сүрту.
6.Орамалмен орау.
7.Науқасқа беріп, суығанша қою, көрпемен жабу.
8.Тері сезімталдығы бұзылған науқастарға байқап қолдану керек (күйік болуы мүмкун).
9.Қолданған соң жылытқышты зарарсыздандырыңыз
10.Қолдарыңызды жуыңыз.
6.5. МҰЗДЫ МҰЙЫҚ ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: емдік.
Көрсеткіштері: қан кету. 1-ші тәуліктегі жарақат Лих-каның 2-кезеңі.Құрсақ қуысының өткір қабынуының алғашқы кезеңінде.
Жабдықтары: мұзды мұйық, мұз салынған ыдыс (лоток), мұз ұстайтын қасық, орамал.
Іс әрекет алгоритмы:
1.Мұзды мұйықтың 2/3 бөлігін мұзбен толтыру.
2.Ауаны шығару.
3.Тығынды жабу.
4.Мұзды мұйықты орамалмен орау.
5.Науқасқа беру.
6.Мұзды мұйықты 2 сағат бойы,арасында 20-30 минут сайын 15 минут үзіліс жасап қою керек.
7.Еріген мұздың суын төгіп, қайтадан мұз салып отыру керек.
8. Қолданған соң жылытқышты зарарсыздандырыңыз
9. Қолдарыңызды жуыңыз.
6.6. ҚЫША ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: ауырсыну мен қабынуды басуға қарсы.
Көрсеткіштері:
-жоғарғы тыныс алу жолдарының өткір және созылмалы аурулары;
-өкпе қабынуы;
-қан қысымының күрт жоғары көтерілуі;
-жүрек тұсының ауыруы;
-миозиттер;
-невралгиялар.
Қарсы көрсеткіштері:
-тері аурулары;
-жоғары температурада;
-өкпеден қан кету;
-өкпенің іріңді аурулары ісікте;
-қыша жоғары сезімталдық;
-науқастың ауыр жағдайы.
Жабдықтары:
-қышалар
-су құйылған ыдыс (судың t 40-45о )
-қолданған материалды салатын ыдыс
-орамал, көрпе
-дәке сүліклері
-су температурасын өлшейтін термометр
-сағат.
Іс әрекет алгоритмы:
1.Науқасқа процедураны түсіндіріп, келісімін алу;
2.Қыша қоятын жердің тері қабатын тексеру;
3.Қышаның сақталу мерзімін тексеру (өткір иісін, үгітілуін);
4.Қышаны сулайтын судың t-н өлшеу (40-45о);
5.Науқасты ыңғайлап жатқызу;
6.Қышаны суға салып, суды сілкіп тастау;
7.Қыша жағылған жағымен денеге жапсыру;
8.Науқасты орамалмен және көрпемен жабу;
9.10-15 мин.кейін қышаны алу;
10.Жылы суға салынған сүлікмен теріні сүрту;
11.Денені оралмалмен құрғатып сүрту;
12.Науқасты жылылап жабу.
13.Қолғапты шешіп, қолды жуыңыз.
6.7.БОБРОВ АППАРАТЫМЕН ДЫМҚЫЛ ОТТЕГІ БЕРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты: әртүрлі жағдайдағы гипоксияны жою.
Жабдықтары:
-оттегі көзі (редукторы бар оттегі баллоны немесе бір орталықтан беру)
-Бобров аппараты
-залалсыздандырылған ерітінділер (натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі, дистильденген су, көбік басатын ертінді, 70% этил спирті, 10% антифомсилан)
-залалсыздандырылған вазелин майы
-залалсыздандырылған мұрын-жұтқыншақ катетері
-крафт-қағазды стерильденген дәке сүліклер
-залалсыздандырылған пинцет, лоток
-пайдаланған материалды салатын лоток
-лейкопластырь, қайшы, қолғап
-зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс.
Іс әрекет алгоритмы:
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 247 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | | | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница |