Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Клизмалар. 1 страница

Читайте также:
  1. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 1 страница
  2. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 10 страница
  3. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 11 страница
  4. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 12 страница
  5. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 13 страница
  6. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 2 страница
  7. Administrative Law Review. 1983. № 2. P. 154. 3 страница

8.1 - Тазарту клизмасын қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.2 - гипертониялық клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.3 - Майлы клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.4 - сифондық клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.5 - Дәрілік клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.6 - тамшы клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.7 - жел шығаратын түтікті қою іс-әрекетінің алгоритмы

 

 

8.1.ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.

 

Көрсеткіші:

-іш қату;

-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;

-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;

-операцияларға дайындау;

-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау.

 

Қарсы көрсеткіші:

-асқазаннан немесе ішектен қан кету;

-тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-тік ішектің қатерлі ісіктері;

-тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі;

-қанайтын геморрой;

-асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері.

Жабдықтау:

-қолғап, халат, алжапқыш

-таза Эсмарх кружкасы

-клеенка, жаялық,тегене,судно

-вазелин немесе глицерин

-штатив

-судно

-су термометрі, 1,5-2 литр көлемде сумен құмыра.

-залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка

- корнцанг

-зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс

-қолданылған материалдарға арналған ыдыс.

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз.

2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз.

3.Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз.

4.Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз.

5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.

6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.

7.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз.

8.Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз (егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға).

9.Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз.

10.Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте.

11.Корцангты ашып, түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.

12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.

13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін.

14.Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.

15.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.

16.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз.

17. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.

18. Қолғапты шешіп,қолды жуу.

Ескерту:

Атониялық іш қату кезінде су температурасы 12- 20 градус болу керек, спастикалық іш қату кезінде -37 -42 градус.

Егер су ішекке кетпей жатса, кружканы жоғары көтеріңіз, немесе ұшындағы түтікті қозғап, жағдайын өзгертіңіз: оны тереңдете енгізіңіз немесе 1-2см. кейін қарай шығарыңыз. Егер бұл көмектеспесе, онда ол нәжіспен бекітіліп қалған. Онда түтікті алып, қатты ағынды сумен жуу керек, немесе басқасына айырбастап, тік ішекке түтікті қайта енгізіңіз.

Газ болған жағдайда және іш кебу сезімі пайда болған жағдайда Эсмарх кружкасын кушеткадан төмен түсіріңіз, газ шыққан соң қайтадан біртіндеп көтеріңіз.

 

 

8.2.ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты:

Тоқ ішектің төменгі бөліктерін газ және нәжістен ішек қуысына гипертониялық тұзды ерітінділер енгізу нәтижесінде сұйықтықтың көптеп өтуі есебінен босату болып табылады.

Көрсеткіштері:

- Сусіңдену мен қатар (ісік) іш қату болған жағдайларда.

Қарсы көрсеткіштері:

- тоқ ішектің төменгі жақтарындағы жедел қабыну процестері;

- ойық жаралар;

- аналь тесігі айналасындағы жарықшалар.

 

Жабдықтау:

- халат, алжапқыш, қолғап

-залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці

- залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік.

-вазелин майы

-залалсыздандырылған дәкелер

-тұздың гипертониялық ерітіндісі (10% натрий хлор, 20-30 %, магний сульфат немесе натрий сульфат)

- бикс

- залалсыздандырылған лоток

- ыстық су және су термометрі

- залалсыздандырылған стакан

- жаялық және клеенка

- қолданылған заттараға арналған ыдыс

- дез. ерітіндісі бар ыдыс.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.Халатты ауыстырыңыз, алжапқыш киіп, қолдың гигиеналық деңгейдегі антисептикалық өңдеуін жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

2.Стақанға 100- 200 мл. 10% натрий хлор ерітіндісін құйыңыз.

3.Осы ерітіндіні ыстық суы бар ыдыста 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.

4.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған жылытылған 10% натрий хлор ерітіндісінен 100-200мл. сорып алыңыз.

5.Толтырылған Жане шприцін лотокқа орналастырыңыз.

6.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық салыңыз.

7.Залалсыздандырылған бикстен жел шығаратын түтікті алыңыз.

8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті оң қолымызға аламыз және оған вазелин майын жағамыз.

9.Сол қолмен пациенттің..... арасын ашамыз, ал оң қолмен ақырындап жел шығаратын түтікті тік ішекке 15 -20 см. тереңдікке, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, сосын омыртқа жотасы бағытының бойымен.

10.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына Жане шприцін жалғаймыз, сосын гипертониялық ерітіндіні баяу енгіземіз.

11.Сол қолмен шприцтің алдыңғы жағынан түтікті қысамыз, сосын Жане шприцін ажыратамыз. Шприцті қолданылған заттарды салуға арналған лотокқа саламыз.

12.Оң қолымызбен жел шығаратын түтікті шығарамыз, бір мезгілде сол қолмен түтікті сипалап сеземіз, ондағы ерітіндіні ішек қуысына шығару үшін.

13.Пациентке арқасымен жатуды ұсынамыз.

14.Жел шығаратын түтікті және Жане шприцін зарарсыздандырыңыз. 15.Клизманы ұйықтар алдында жасайды, 8-10 сағаттан соң нәжіс сыртқа шығарылуы тиіс.

 

8.3.МАЙЛЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты:

Тоқ ішектің төменгі жағын газ бен нәжістен маймен орап, жуып тазарту арқылы босату.

Көрсеткіші:

-әлсізденген науқастарда іш қату;

-операциядан кейінгі кезеңде;

-босанғаннан кейін.

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці

-залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік

-вазелин майы немесе өсімдік майы

-втерильді дәкелер

-залалсыздандырылған бикс

-залалсыздандырылған лоток

-залалсыздандырылған стакан

-жаялық және клеенка

- қолданылған заттараға арналған ыдыс

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

3.Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз.

4.Ыстық суы бар ыдысқа май құйылған ыдысты орналастырып, майды 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.

5.Жане шприцін жинап, оған жылытылған майды сорып алыңыз. Егер алмұрт пішіндес баллонды қолдансаңыз. Онда алдымен оны қысып ішіндегі ауасын шығарыңыз, ұшын стақандағы майға салып, оған май сорып алу үшін баллонды ақырындап босатыңыз.

6.Май сорып алынған Жане шприцін залалсыздандырылған лотокқа орналастырыңыз,

7.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық жайыңыз.

8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті немесе тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз.

9.Сол қолыңызбен пациенттің құйрығының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті немесе түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен).

10.Жане шприцінің сыртқы ұшына немесе алмұрт пішіндес баллонға жағыңыз да, майды ақырындап ішекке жіберіңіз.

11.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып тұрыңыз, сосын шприцті ажыратыңыз. Оны қолданылған материалдарға арналған ыдысқа салыңыз.

12.Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз, бір мезгілде сол қолыңызбен түтікті іздеп, сезініңіз, ондағы майды толық шығару үшін.

13.Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата тұруын түсіндіріңіз.

14.Үлкен дәретке отыру 10-12 сағаттан соң болады, сондықтан бұл клизманы ұйықтар алдында қоюға тырысыңыз.

15.Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, ұшына кигізілетін түтікті және баллонды зарарсыздандырыңыз.

 

8.4.СИФОНДЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты:

Тоқ ішекті нәжістен, улардан, токсиндерден, шіру және ашу өнімдерінен, кілегей мен іріңнен бірнеше рет жуу арқылы тазарту, сондай- ақ ішектің бітеліп қалуын анықтауда қолданады.

 

Көрсеткіші:

-тазарту клизмасынан, ішті жұмсартатын клизмалардан және ішті жұмсартатын дәрілерден көмек болмаған жағдайда;

-ішекке операция жасау алдындағы дайындау;

-ішектің бітеліп қалуын анықтауда;

-ішекті улардан, токсиндерден, ашу және шіру өнімдерінен, кілегей мен іріңнен тазарту үшін.

 

Қарсы көрсеткіші:

-анальды тесік айналасында және тоқ ішек аймағында жедел қабыну процестері немесе ойық жара болғанда;

-асқазаннан немесе ішектерден қан кету;

-тік ішектің қатерлі ісік ауруы;

-ас қорыту мүшелеріне операциядан соңғы алғашқы күндерде;

-тік ішектің жарықшағы немесе түсіп кетуі;

-іш пердесі тамырларының эмболиясы немесе тромбозында.

 

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жалғағыш шыны түтік көмегімен ұзындығы 75 см. түтікпен жалғанған жуан асқазан зонды салынған, дәкелеры бар залалсыздандырылған бикс

-сыйымдылығы 1 л. залалсыздандырылған шыны воронка

-залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-құмыра

-залалсыздандырылған лоток

-вазелин майы

-шелек немесе тегене (жуынды су үшін)

-бір шелек (10-12л.) су, температурасы 18-20 градус.

-клеенка, жаялық

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс

-қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс.

 

Іс әрекет алгоритмы:

 

1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

2.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцанг көмегімен залалсыздандырылған лотокқа резеңке түтікпен жалғанған жуан асқазан зондын салыңыз.

3.Биксті жауып, столдың шетіне қарай жылжытып қойыңыз.

4.Залалсыздандырылған шыны воронканы резеңке түтікке жалғаңыз.

5.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз.

6.Кушетканың жанына жуынды суды құю үшін шелек, құмыра және суы бар шелекті қойыңыз.

7.Пациентті сол жақ қырымен немесе арқасымен жатқызыңыз.

8.Жууға арналған жүйені алыңыз, тік ішекке енгізілетін түтіктің ұшын вазелин майымен майлаңыз, 20-30см. тереңдікке, алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен тік ішекке енгізіңіз. Түтік тік ішектің кеңейген жерінде (ампула) жиналып қалмауын қадағалаңыз.

9.Воронканы жамбастан төмен, аздап еңкейтіп ұстаңыз, оны құмырадағы сумен толтырыңыз.

10.Воронканы су құйған соң жоғары ақырындап көтеріңіз, су жайлап ішекке өте бастайды. Су воронканың кішкентай, тар аузына келген кезде воронканы ақырындап едендегі шелектің немесе тегененің тұсына төмендетеміз, ішектен қайтқан су воронканы толығымен толтырғанша.

11.Воронка ішектен шыққан суға толған кезде оны шелекке немесе тегенеге төгеміз.

12.Сосын тағы да воронканы суға толтырып, процедураны ішектен шыққан су әбден таза болғанша жүргіземіз.

13.Воронканы ажыратып, түтіктің сыртқы ұшын тегенеге 10-20 минутқа салып қойыңыз, су мен газдың (желдің) қалғаны әбден шыққанша.

14.Тік ішектен түтікті алып шығыңыз.

15.Воронка мн жууға арналған жүйені (система) зарарсыздандырыңыз.

16.Пациентті палатаға әкеліп, төсегіне жатқызыңыз.

 

 

8.5.ДӘРІЛІК КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

 

Мақсаты: емдік.

Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын қойыңыз.

 

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-залалсыздандырылған Жане шприці

-залалсыздандырылған стақан

-залалсыздандырылған корнцанг

-залалсыздандырылған лоток

-дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауымен – облепиха майы, түймедақтың қайнатпасы және т.б.)

-ыстық су, су термометрі

-клеенка, жаялық

-вазелин майы

-қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз. Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз.

3.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцангпен жел шығаратын түтік пен дәкелерды бикстен алып залалсыздандырылған лотокқа салыңыз.

4.Биксті жауып, шеткері ығыстырып қойыңыз.

5.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз.

6.Шприцті залалсыздандырылған лотокқа қойыңыз.

7.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз.

8.Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

9.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз.

10. Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

11.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына және шприцін жалғап, сосын дәрілік затты баяу жібереміз.

12.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз.

13. Жане шприцін қолданылған материалдарды салатын лотокқа салыңыз.

14.Жел шығаратын түтікті шығарыңыз, қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз.

15.Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз.

16.Жане шприцімен жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

8.6. ТАМШЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: емдік

Пациентті дайындау: тамшы клизмадан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын жасау керек. Қолданылатын ерітінді белгілі температурада болу керек, 40 -42С.болу керек.

 

Көрсеткіші: қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе парентеральды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда.

 

Қарсы көрсеткіштері:

-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-жиі қанайтын геморрой;

-тік ішектің қатерлі ісігі;

-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар.

Жабдықтау:

- халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-сұйықты тамшылап енгізуге арналған бір реттік система.

-залалсыздандырылған корнцанг

-залалсыздандырылған лоток

-лейкопластырь

-дәрі құйылған флакон

-тамшылы система үшін штатив

-су, су термометрі

-клеенка, пеленка

-вазелин майы

-қолданылған заттарды салатын ыдыс

-резеңке жылытқыш.

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.

2. Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.

3.Дәрісі бар флаконды ыдысқа орналастырыңыз және жылы судың температурасын 40 "С. дейін жылытыңыз.

 

4.Системаның орамасын ашыңыз, системадағы қысқышты жауып, дәрісі бар флаконға тамшы системаның қабылдағыш инесін енгізіңіз.

5. Резеңке жылытқышпен оралған флаконды түбін жоғары қаратып төңкере ұстап, штативке іліп қойыңыз.

6. Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Дәрі жіберетін инені қалпақшасымен алып оған жел шығаратын түтікті жалғаңыз, тамшы системаның ауа өткізгішін ашыңыз, тамшы ағатын бөлігіне дәрі толтырыңыз, системадан ауаны шығарыңыз.

8.Пациенттің жамбасын сол қолдың екі саусағымен ашып, тік ішекке системамен жалғанған жел шығаратын түтікті 20-30см. тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

9.Енгізілген дәрі препараттың тамшы жиілігін ретке келтіреміз (60-80 тамшы минутына).

10Қысқышын жабыңыз және жел шығаратын алып тастаңыз.

11. Процедурадан соң пациентке арқасымен немесе сол жақ қырымен 30 – 60 минут уақыт тыныш жатуды ұсыныңыз.

12 Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз, системаны жойыныз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

8.7.ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ЕНГІЗУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Мақсаты: Ішектердегі газдарды шығару.

 

Көрсеткіші: метеоризм (газдың көп пайда болуына байланысты немесе оның ішектерден нашар шығарылуына байланысты іш кебу).Асқазан ішек – жолдарын эндоскопиялық зерттеулерге дайындық кезіңде.

 

Қарсы көрсеткіші:

-асқазан – ішек жолдарынан қан кету;

-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-жиі қанайтын геморрой;

-тік ішектің қатерлі ісігі;

-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар.

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-сұйықты тамшылап енгізуге арналған бір реттік система.

-залалсыздандырылған корнцанг

-залалсыздандырылған лоток

-дәрі құйылған флакон

-судно немесе суы бар лоток

-клеенка, пеленка

-вазелин майы

-қолданылған заттарды салатын ыдыс.

Іс- әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.

2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.

3.Бикстен жел шығаратын түтік оралған ораманы шығарыңыз.

4.Кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңыз.

5.Пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

6.Оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майымен майлаңыз.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 567 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тарау. Клизмалар. | АЛГОРИТМЫ | ФЕНОЛФТАЛЕИН СЫНАМАСЫ | Алгоритм действия при критическом снижении 1 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 2 страница | Алгоритм действия при критическом снижении 3 страница | Тарау. Клизмалар. 3 страница | Тарау. Клизмалар. 4 страница | Тарау. Клизмалар. 5 страница | Караганда 2012 г |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алгоритм действия при критическом снижении 4 страница| Тарау. Клизмалар. 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)