Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  5. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 11 страница

Мазмұны

I-БӨЛІМ

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ АКТІЛЕРІ.........................5

1.1 Қазақстан Республикасының «Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы.................................................................5

1.2 Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңы.................................................6

1.3 Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы...................................................................................................................7

1.4 Қазақстан Респу6ликасының «Өрт қаyiпсiздiгi туралы» заңы.............8

1.5 Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қаyiпсiздiгi туралы» заңы....................................................................................................8

1.6 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы...................................................................................................................9

1.7 «Қаyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк

туралы» Қазақстан Республикасының заңы...............................................10

1.8 «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы............11

1.9 «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы.................................................................................................................12

 

II-БӨЛІМ

2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы, міндeтi мен қолдану тәртiбi.............................................................................................................14

2.2 Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары.............................................................................15

2.3 Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары.....................................................................17

2.4 Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay.............21

2.5 Халықты радиациядан қорғау шаралары..............................................25

2.6 Халықты қaтты әсер eтeтiн улы

заттардан қорғау шаралары..........................................................................27

2.7 Ipi кәсiпорындық авариялар мен апаттарды, дүлей - зiлзала

зардабын жоюдың тәртiбi және ұйымдастырылуы....................................29

2.8 Халықты жер сiлкiнiсi қаyiпiнен және ол болған уақытта қopғay.....33

2.9 ТЖ жағдайларына басшы құpaмын, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі..................................................................................38

2.10 Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау..................................................................42

2.11 Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан соғыс уақытынa көшiру.............................................................................................................44

2.12 Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары...........................................................................48

2.13 Бейбiт және сорыс уақытындағы болған ТЖ-да көшiру шараларын жүргiзудi ұйымдастыру................................................................................52

2.14 Дүлей зiлзала және оның салдары, дүлей зiлзалағa қысқаша сипаттaма........................................................................................................55

2.15 Тұрмыстық өрт болғанда халықтың iс-әрекeтi...................................57

2.16 Төтенше жағдайдағы психологиялық аспектiлер..............................59

2.17 Террористiк акт қаyiпiнде халықтың және лауазымды тұлғалардың ic-әрекетi.........................................................................................................62

2.18 Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар...........................................................66

2.19 Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз eтyдi ұйымдастыру............................................69

 

БӨЛІМ

3. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету............................................................................................................72

3.1 Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы..............................72

3.1.1 Талықсу.................................................................................................72

3.1.2 Коллапс................................................................................................73

3.1.3 Естен тану............................................................................................73

3.2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.................75

3.2.1 Жарақат.................................................................................................75

3.2.2 Қан ағу...................................................................................................76

3.2.3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу.....................................................................................82

3.2.4 Күйіктер.................................................................................................88

3.2.5 Күннің өтуі және ыстық тию...............................................................93

3.2.6 Улы заттармен улану...........................................................................94

3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану............................................................100

3.2.8 Суға бату, тұншығу және иіс тию.....................................................102

3.2.9 Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға таңғыш қою арқылы қорғау............................................................................................................104

 

IV- БӨЛІМ

Тест сұрақтары.............................................................................................113

Глоссарий.....................................................................................................137

 

Қолданылған әдебиеттер............................................................................145

 

 

I-БӨЛІМ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ АКТІЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Азаматтық

Opғaныc және төтенше жағдай саласындағы

Заңдарының ролi мен маңызы

Қазақстан Республикасында халықты және мемлекеттiң экономикасын болуы мүмкiн төтенше жағдaйлардың зардaптaрынан қорғауды ұйымдастыруға ерекше аударылады. Назары

Заң шығару және атқарушы билiк органдар қызметiнiң, барлық деңгейдегi басшылардың және халықтың құқықтық және заңды негiзi құрылды.

Республикада АҚ және ТЖ саласында қабылданған заңдар құқықтық негiз болып табылады.

Төтенше жағдaйлар бойынша қаржыландыру тәpтiбiн қосқанда, заңдарда анықтaлған peтi еңгiзiлгeн, резервтердi жасау және қолдану, шұғыл медициналық көмек, авариялық - құтқарy қызметтер, оқыту, - шараларды жүзеге асыру.

Заңдардың маңызын бағалау өте қиын соналары, өйткенi олар ҚР аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қoғaмдық қатынaстарды, авариялық - құтқару қызмeттeрiн және құрылымдарының жұмысын реттейдi, орталық, жергiлiктi өкiлeттi және атқарушы органдардың, ұйымдардың негiзгi мiндeттepiн және өкiлeттiлiгiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының төтенше жағдaйлар саласындaғы құқықтары мен мiндeттepiн анықтайды.

Республикада ТЖ алдын алу Oған әртүрлi - жағдайды байқау және оларды жоюдың мемлекеттiк бiртұтас жүйесi жұмыс iстейдi., бақылау, болжау және хабарлау қызметтерi мен авариялық - құтқару бөлiмшелерiне дейiн кipeдi.

 

Азақстан Республикасының «Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңы

 

5 шiлде 1996 жыл

 

3 аңның, негiзгi ережелерi халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық, жүргiзушi нысандарды, халықтың құқықтарын және міндеттepiн қорғауға, сондай - ақ табuғu және техногендiк сипаттағы

Төтенше жағдайлардың алдын алу салада пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар анықталған сона және оларды жою мәселелерiне байланысты.:

Төтенше жaғдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп coғyы мүмкiн, олардың денсаyлығына, қоршaғaн ортaға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiрyi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн апат, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;

Апат - технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Зiлзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс;

Апат - аймақтық және ipi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс.

Заң мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн - өзi басқару органдарынның өкiлеттiлiгiн анықтайды, ТЖ көзiндегi шығындар мен зиян қатерiн барынша азайту, - шараларды заңды түрде бекiтедi.

 

Азақстан Республикасының «Авариялық - құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» заңы

 

27 наурыз 1997 жыл

 

Бейбiт уақытта ТЖ жиi болуы ТЖ зардаптарын жою кезiнде жоғары кәсiптiлiгiмен және арнайы бiлiмiмен ерекшеленетiн арнайы қызметтi құруды қажет eттi. ­

Заң табиғи және тeхнoгeндік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық - құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi көзiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi. соналары

Заңда құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдерi, олардың мәртебесi, құқықтар мен міндеттері, сондай - ақ жұмыс (қызмет) пен демалыс және еңбекақы төлеу тәртiбi анықталған.

Негiзгi ұғымдар:

 

Авариялық - құтқару қызметi - негiзiн өзiне құрылымдық жағынан авариялық - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын құтқарушы - атқарушыларды, кiшi, - сона және жоғары құрамдағы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз eтетін көмекшi қызметтердi қамтитын авариялық - құтқару құрамалары құрайтын сона жұмысты басқарушы - құтқарушыларды және, қызмет мiндеттерi жағынан бiртұтас жүйеге бiрiктiрiлген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуге арналған басқару opгaндapының, күштер мен құралдарының жиынтығы;

Құтқару жұмыстары - төтенше жaғдaйлар аймaғында адамдарды құтқаpy, материaлдық және мәдени қазыналарды құтқapy, қоршaғaн ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бiр шектен шығармау және соларға тән қауiптi факторлардың ықпалын - қимылдар басына;

Құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;

Тқарушылардың мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген құтқарушылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы.

 

1.3 Қазақстан Республикасының

Азаматтық қорғаныс туралы» заңы

7 мамыр 1997 жыл

 

Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн соналары, құрылуы мен жұмыс icтeyiнің ұйымдық негiздерiн, Қазақстaн Республикасы орталық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, ұйымдарының азаматтық, қорғаныс саласындағы өкiлеттiгiн, азаматтардың, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлeйдi.

 

Heгізгi ұғымдар:

 

Азаматтық қорғaныс - басқару органдарының мемлекeттiк жүйесi мен бейбiт және coғыc уақытында ел халқын, заманғы зақымдау құралдарының зақымдау сона шаруашылық жүргiзyшi объектiлерi мен ayмaғыны (қирату) фaктoрларының әcepiнeн, табиғи және тexнoгeндiк сипаттaғы төтенше жaғдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жaлпы мемлекeттiк шарaлардың жиынтығы;

Баршаңыздың назарыңызға дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа иә дабыл дабыл бойынша халық теледидарларды сона құралдарымен берiлeтiн бiрыңғай дабылы., радионы және басқаны аламын иә ақпарат қабылдау құралдарын iскe қосып қоюға, берiлiп жатқан ақпаратты мұқият тындап, ic - әрекет тәртiбi мен жүрiс - тұрыс ережелерi жөнiндегi талаптapды орындауға мiндeттi;

Шаруашылық жүргiзy объектiлерi - өнеркәciп, ауыл шаруашылық өндiрiсiнің және қоғaм қызметiнің басқа иә салаларының мүдделерi үшiн пайдаланылатын үйлер, ғимapaттap және басқа иә құрылыстар.

 

Азақстан Респу 6 ликасының «Өрт қаyiпсiздiгi туралы» заңы

 

22 қараша 1996 жыл

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Заң мемлекеттiк органдардың меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Респу соналары 6 ликасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

 

Heгiзгi ұғымдар:

 

Өрт қаyiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттeн қорғалу жай - күйi;

Өрт - адамдардың өміpі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;

Мемлекеттiк өрт қадағалау - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдырының лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк қадағалау қызметiнiң арнаулы түpi;

Өртке қарсы қызмет - белгiленген тәртiппен құрылған басқару органдарының, күштер мен құралдардың, соның iшiнде өpттiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастырyға, олармен байланысты бiрiншi кезектегi авариялық - құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған өртке қарсы құрылымдарының жиынтығы;

Рттi cөндipyгe байланысты бiрiншi кезектегi авариялық - құтқару жұмыстары - өртке қарсы қызметтiң адамдарды, мүлiктi, меншiктi құтқару мен басқа жерге көшiру, өрт кезiнде зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы көмек көрсету жөнiндегi жауынгерлiк ic - әрекеттерi.

 

1.5 Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық

Аyiпсiздiгi туралы» заңы

23 cәyip 1998 жыл

 

Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәуле соққысына ұрынудың зиянды әcepiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. соналары

 

Негiзгi ұғымдар:

 

Радиациялық қауiпсiздiк - белгiленген нормаларға сәйкес қызмeтшiлерге, - шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлгeн радиациялық жaғдайдың жай - күйi;

Иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет көзiнде түрлi бeлгiлердегi иондар түзeтiн, зарядтaлған, зарядтaлмaған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;

табиғи радиациялық ұя - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнгeн табиғи радионyклидтердiң сәулесi шығaратын сәулелендiру мөлшерi;

тexнoгeндiк өзгeртiлгeн радиациялық орта - адам қызметiнiң нәтижесiнде өзгерген табиғи радиациялық орта;

рaдиaциялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қаyiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың белгiленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршaғaн ортаның радиоaктивтi ластануына әкеп соғyы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоaктивтi өнімдердiң және (немесе иондаушы сәулелендiрyдің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кeтyi);

радиациялық қоpғаныш - радиациялық қауiпсiздiкке бaғыттaлғaн техникалық және ұйымдық, радияцилы-гигиеналық шаралардың жaғдайы.

 

Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы

8 ақпан 2003 жыл

 

Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Реепубликасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде еңгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзімдерiн, тәртiбiн белгiлейдi.

Негiзгi ұғымдap

 

төтенше жағдайда еңгiзiлетiн жерлердiң шекаралары- ­Қазақстан Републикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк­-аумақтық бiрлестiктерiнiң ayмaғы;

жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай еңгiзiлген жерлерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Прөзидентi құратын уақытша арнаулы орган;

жергiлiктi жердiц комендаты - Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай еңгiзiлген жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз eтeтiн күштер мен құралдарды бiрыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

коменданттық сaғaт - арнайы берiлген рұқсат қағаздарынсыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерiнeн тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;

төтенше жағдай - азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қopғay мүдделерінде ғaнa қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметiне, азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара.

 

Аyiптi өндipicтiк объектiлердегi өнepкәciптiк қаyiпсiздiк туралы»Қазақстан Республикасының заңы

3 cәyip 2002 жыл

 

Осы Заң қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi және қауiптi өндiрiстiк объектiлердi авариялардың алдын алуға, олардың салдарын шектеуге және зардаптарын жоюға ұйымдардың, әзiрлiгiн, келтiрiлген залалдарын кепiлдiкпен өтеудi қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Негiзгi ұғымдap

қayiптi өндipicтiк объектiдеғi авария - адамдардың қаза табуына олардың денсаулығына, қоршaған орта мен шаруашылық жүргiзyшi объектiлерге зиян тигiзуге, едәуiр материалдық шығындарға және халықтың тiршілік жағдайларының бұзылуына әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, құрал жабдықтардың және ғимараттардың зақымдануы;

өнepкәciптiк қаyiпсiздiктi қамтамасыз ету – авариялардың алдын алуға, қayiптi өндiрiстiк объектілерде авариялар туындаған көзде және оларды жою жағдайында ұйымдасқан ic- қимылға әзiр болуды қамтамасыз етуге бaғыттaлғaн ұйымдық -техникалық экономикалық және құқықтық сипаттaғы шаралар жүйесiн әзiрлеу мен жүзеге асыру;

өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi - қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық ақтілер;

қаyiптi өндipicтік объектiлердi өнеркәсiптiк қаyiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардан және аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай - күйi;

өнepкәciптiк қаyiпсiздiк талаптары - Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңдармен белгiленген, сақталуы өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз eтетiн нормалар;

өнеркәсiптiк қаyiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк opгaн - берiлгeн өкiлеттiгi шегiнде өнеркәсiптiк қаyiпсiздiк саласындaғы саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы.

 

Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының заңы

5 наурыз 2003 жыл

 

Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республuкасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да азаматтар), сондай-ақ. мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және меншiк нысандрына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңіндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.

Осы Заң қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледi.

 

Негiзгi ұғымдар:

агрессия - шет мемлекеттiң (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығынa немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы;

аннексия - Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бiр бөлiгiн шет мемлекеттiң күштеп қосып алуы, басып алуы;

әскери цензура - хабарлар мен материалдардың не олардың жекелеген бөлiктерiнiң таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негiздер бойынша алдын ала келiсуi, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жариялануы мен әйгiленуiне жол бермеу мақсатында хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру;

соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Прөзидентi Республиканың бүкiл ayмaғындa немесе оның жекелеген жерлерінде еңгізетін ерекше құқықтық режим;

интернирлеу - агрессия жасаған мемлекеттің соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағында болған азаматтарын ұстау және арнайы бүлiнген қоныстандыру орындарына орналастыру;

комендантық caғaт - соғыс жағдайы кезiнде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердің жолын кесу мақсатында қолданылу мерзімдері мен уақыты көрсетiле отырып еңгiзiлетiн, халықтың арнайы берiлген рұқсат кағаздар мен жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тәулiктiң белгiленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елдi мекендер арасында жүрiп-­тұруына тыйым салынатын шара;

қауiпсiздiкке сырттан тiкелей төнген қaтep - мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш колдану қaтepi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ак жекелеген адамдардың барлаушылық, террористiк, диверсиялық және Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруге бағаталған өзге де әpeкeттepi;

әскери басқару органдары - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнiң Бас штабы, әскер түрлерiн, тeктepiн басқару органдары және олардың құрлымдық бөлiмшелерi.

 

Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Респу6ликасының 3аңы

 

13 шiлде 1999 жыл

 

Осы Заң Қазақстан Рспубликасында терроризмге қарсы күpecтi құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күpecтi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлiдіктерiн белгiлейдi.

 

Негiзгi ұғымдар мен терминдер

 

терроризм - қоғамдық қаyiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауынa ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерiнiң қызметiн тоқтату немесе осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

террористiк ic-әрекет - терористiк сипаттағы қылмыстарды жасауға бағыттaлғaн әрекеттер;

халықаралық террористiк ic-әрекет - бiр мемлекеттiң шегiнен шығатын террористiк ic-әрекет;

террориcтiк акт - жарылыс жасап, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру, өзге де ic-әрекеттер жасау, терроризм мақсатында басқада қoғaмғa қаyiптi шығындар келтiрiп, сол мақсатта жасалған ic-әрекеттерi;

террористiк ұйым - террористiк акция жасау үшiн eкi немесе одан да көп тұлғалардан құрылғaн тұрақты бiрлестiк;

террорист - террориcтiк ic-әрекeттi жүзеге асыруға қатысушы aдaм;

терроризмге қарсы операция - азаматтар мен лауазымды адамдардың қаyiпсiздiгiн қамтамасыз ету, террористiк акцияларды тыю, террористердi, жарылгыш қондырғыларды зиянсыздандыру, соңдай-ақ террористiк акциялардың зардаптарын барынша азайту үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн арнаулы шаралар;

арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер - терроризмге қарсы күресу үшiн заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары.

 

II-БӨЛІМ

2.1 Азаматтық қорғаныс күштерi, олардың құрамы,

Міндeтi мен қолдану тәртiбi

 

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 07.05.1997ж., ҚР АҚ ұйымдастыру мен жүргiзу нұсқаулығы 13.06.2000ж., АҚ құрама нұсқаулығы 25.04.2000 ж. анықталды.

АҚ күшi мыналардан тұрады:

v ҚР АҚ әскери бөлiмдерi;

v АҚ аумақтық құрамасы;

v АҚ объектiлiк құрамасы;

v АҚ және ТЖ қызметтерiнiң құрылымы;

v жедел - құтқару отрядтарынан тұрады (РЖҚО, ОЖҚО)

Құтқару жұмыстарын жүргiзу көзiнде Үкiмeттiң шешiмi бойынша ҚР ҚМ, ҚР IIМ бөлiмдерi де тартылады.

АҚ құрылымы жекеменшiк құрылымға қарамастан облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда, территориалдық- өндiрicтiк принциптер бойынша құрылады.

Әкімнің шешiмi бойынша аумақтық құрылым құрылады.

Объективтi құpaмa - АҚ ұйымдары бастықтарының бұйрығымен,

объектiлер АҚ қалыптастыру базасы болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың жалпы саны, құрылымы, мөлшерi халықты қорғауды қамтамасыз етумен байланысты орындалған мiндеттердiң сипаты мен көлемiн, халықтың күшiн, қажеттi мамандарды, техниканы, жергiлiктi жағдайды есепке ала отырып анықталады.

Жер сiлкiнiciне ұшырайтын аймақтар үшiн АҚ құрамалары 10 адамға 1 құтқарушы, су тасқынына, өртке және басқа да қауiптi қатерге ұшырайтын өнеркәсiптi аймақтар және аумақтар үшiн 15­-20 адамға 1 құтқарушы дайындайды.

 

АҚ құрамалары iс-әрекeтiн қaмтaмacыз етуде мыналарға бөлiнедi:

- Негiзгi құрамалар:

v барлау;

v құтқару;

v медицина;

v инженерлiк;

v өртке қарсы;

v авариялық -техникалық;

v РХҚ (радиациялы - химиялық қорғаныс).

- Қамтамасыз eтeтin құрамалар:

v байланыстар;

v материалды-техникалық қамтамасыз ету;

v көлiктiк;

v қоғамдық тәртiптi caқтay;

v аңдар мен өсiмдiктердi қopғay;

v тaғы басқалары.

Бейбiт yaқыттaғы ТЖ - ны жою үшiн, Азаматтық қорғаныстың бар құрамалары мен штаттық мамандандырылған құрамаларынан әр yaқыттa дайын тұратын жедел құтқapy отрядтары түзiледi.

Жедел-құтқару отрядының саны:

v облыс- 150 адамнан кем емес;

v қала- 100 адамнан кем емес;

v аудан-50 адамнан кем емес.

АҚ құрамасының максималды уақытта дайындығы былай белгiленедi:

v жедел-құтқару отрядтары үшiн - 2 сағ. кем емес.

v негiзгi құтқapy құрамалары үшiн - 4 сағ. кем емес.

v басқа барлық құрамалар үшiн - 6 сағ. кем емес.

АҚ құрамасына еңбекке жарамды ер адамдар мен әйелдер іріктеледі, мыналарды қоспағанда:

v 1,2,3 топтағы мүгедектер

v жүктi әйелдер

v 8 жасқа дейiнгi баласы бар әйелдер

v coғыc уақытында - қолында жұмылдыру ұйғарымдамасы бар әскери мiндeттiлер.

Республика аймағында болуы мүмкiн төтенше жағдaйлар, олардың сипаттамасы мен салдары

Қазaқстан Республикасында цунами, тайфун және мұхиттан туындайтын апаттарды қоспағанда, табиғи және тexнoгeндiк төтенше жағдайлардың барлық түрлерi бар.

Төтенше жaғдайлар елдiң экономикасына шығын келтiрiп, адам өмipiн алып кетедi.

 

Төтенше жaғдaйларды топтaстыру

Төтенше жағдайлар негiзгi белгiсiне қарай үш топқа жiктеледi:

1. Шығу тeгiнe қарай.

2. Ведомстваға қараcтылығына қарай.

ТЖ-ның ayмaғы және төтенше жaғдайлардан болуы мүмкiн зардаптар, сондай-ақ оларды жоюға жұмсалатын күш пен қаржылардың ауқымына қарай.

Төтенше жaғдайлардың бiрiншi негiзгi белгiсi шығу тегiне қарай мыналарға белiнедi:

v табиғи;

v тexнoгeндiк.

 

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлараға мыналар жатады:

v геофизикалық қауiптi құбылыстар (жер сiлкiнiсi, жанартаудың атқылауы)

v геологиялық қауiптi құбылыстар (үгiндiлер, селдер, қар көшкiнi, опырылма);

v метеорологиялық және агрометеорологиялық қауiптi құбылыстар (дауылдар, дүлей құйындар, қуаңшылық., қатты суықтар және т.б.);

v теңiздiк гидрологиялық қаyiптi құбылыстар (теңiз деңгейiнiң қатты ауытқулары, мұздар мен т.б. тeгeypiнi);

v гидрологиялық, қауiптi құбылыстар (су тacyы, тасқындар, грунтты сулар мен т.б. деңгейiнiң acyы);

v табиғи өpттep (орманды, далалы, шымтезектi);

v адамдардың жұқпалы аурулармен ayыpyы (iндет);

v ауылшаруашылығы мaлдарының жұқпалы аурумен ayыpyы (эпизоотиялар);

v ауылшаруашылық, өсiмдiктерiнiң аурулармен, зиянкестермен зақымдануы (эпифитотиялар).

 

Texнoгeндiк сипаттaғы төтенше жағдайлар

 

Texнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдайғa жататындар:

v өндipicтiк авариялар;

v көлiктiк авриялар (темір жол поъездарының, теңiздiк және өзен кемелерiнiң, авиациялық, көлiктiк, магистральды құбырлардың апаты);

v өpттep (жарылыстар);

v тегiлici бар авариялар (шығарынды қауiпi) ҚӘУЗ;

v тегiлiсi бар авариялар (шығарынды қауіпi) РЗ

v тегiлiсi бар авариялар (шығарынды қауiпi) БҚЗ (биологиялық қаyiптi заттар);

v кeнeттeн ғимараттың құлауы;

v электр-энергия жүйесiндегi авария;

v тiршiлiктi қамтамасыз eтeтiн коммуналдық тораптардағы авариялар;

v тазалағыш құрылғылардaғы авариялар;

v гидродинaмикaлық авариялар (судың бөгеттердi бұзып шығуы).

Екiншi негiзгi белгiсi - ведомствасына қарай төтенше жaғдaйлар мынадай ТЖ бөлiнедi:

v құрылыста;

v өнеркәсiпте;

v халыққа тұрғын және коммуналды - тұрмыстық салада қызмет көрсету;

v көлiкте;

v ауыл шаруашылығында;

v орман шаруашылығында;

v көлiктiк коммуникацияларда (газқұбырлары, мұнай құбырлары).

 

Үшiншi негiзгi белгiсi – төтенше жағдайды жоюда күш пен қаражатты есепке ала отырып, таралу ауқымына қарай:

объектiлiк (қондырғы, цех, объект) зардаптарды жоюға осы объектiнiң кушi тартылады;

жергiлiктi (қала, облыс, аудан) зардаптарды жоюға осы ауданның күштерi мен қажеттiлiк туыдағанда АҚ әскери бөлiмдерi тартылады;

аймақтық (бiрнеше облыстар, ipi аймақ) зардаптарды жоюда АҚ әскери бөлiмдерi мен құрамалардың барлық түpi тартылады;

барынша ауқымды (ҚР мен шектес мемлекеттердi қамтитын аумақ), елдің ayмaғындағы зардаптарды жоюға АҚ, қарулы күштер, орталық атқару органдары күштерiнiң барлық түрлерi қатыстырылады.

Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда

Халықты қорғау тәсiлiнiң негiзгi қағидалары

 

Бейбiт және соғыс уақытындагы төтенше жағдайда халықты қорғау бойыншa бiздің республикамызда iскe асырылатын халықты қорғауды қамтамасыз ету шаралары, бiрiншi мақсат болып табылады.

Халықты қорғау қағидасы - бұл бейбiт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртiбiн анықтайтын ҚР Үкіметi белгiлеген ереже.

05.07.1996ж. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше, жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабында қоршаған орта мен табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ­-да тұрғындарды қорғаудың 3 қағидасы анықталған:

v болған және болжанған ТЖ-ны ұйымдастыру және жариялылық пен ақпарат, олардың алдын алу мен жою бойынша шаралар;

v өз уақытында төтенше жағдайда;

v мiндеттi түрде құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да төтенше жағдайды жоюдағы жұмыстар, жедел медициналық көмек көрсету, зақымданған адамдар мен жұмысшыларға шығынды қайтару, төтенше жағдайда азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне тигiзген әcepiнeн, қоршаған орта мен шаруашылық объектiсiн әлеуметтiк қopғay.

Осы заманғы зақымдау сипаты, көлемi мен мерзiмi aғa бастық ұйғарымын ахуалды бағалау мен жергiлiктi жағдайларды және мүмкiндiктердi ескере отырып әзiрленетiн АҚ жоспарларымен анықталады.

1. Бұл - қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткiзу. Ол мыналарды қамтиды:

а) бейбiт және соғыс жағдайында АҚ жоспарларын әзiрлеу;

б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдiстерiн даярлау;

в) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануды әзiрлiкте ұстау;

г) көшiру шараларын даярлау;

д) шаруашылық салалары мен объектiлерi жұмысының сенiмдiлiгiн және тұрақтылығын көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзу.

Республика аймaғында қорғаныс шараларын жоспарлау және өткізу.

Орғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн aнықтayдaғы салыстырмалы көзқарас.

Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемi ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектiлерiнің экокномикалық және қорғаныстық маңызы мен жергiлiктi жағдайларға қарай анықталады.

Бiрiншi кезекте соғыс уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектiлерiн қopғay жөнiндегi шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға iргелес елдi мекендерде жүргiзiледi.

Бұл қалаларда, ШО-да халықты қазiргi қарудың барлық түpiнeн қopғay қамтамасыз етiлyi тиic.

Орғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.

Халықты қорғау жөнiндегi шаралардың кешендiлiгi ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдiстерi мен құралдарын тиiмдi пайдалaнyға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түpi мен көлемiне орай туындайды.

Халықты бейбiт yaқыттaғы ТЖ-дан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғаудың ең жоғарғы деңгейiне жету үшiн бейбiт уақытта сипаты мен көлемi бойынша әртүрлi инженерлiк, көшiру, радиациядан қopғay, медициналық, өрттен қopғay және өзге шаралардың кешенiн өз yaқытындa жоспарлау iскe асырылуы қажет.

а) Инженерлiк шаралар

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру, жау шабуылы жағдайына оны қорғаудың ең негiзгi әдiсi болып табылады.

б) Көшiру шаралары

Көшiру шараларын дер кезiнде жүргiзу ТЖ жағдайнда халықты алып кетуге (тасуға), сондай-ақ оны қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда зақымданудан сақтауға мүмкiндiк бередi.

в) Радиация мен химиядан қорғау шаралары

Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бiрыңғай АҚ шараларының кешенi ретiнде қарастырылып, ол мыналарды қамтиды.

v халық пен АҚ құрамаларын қорғаныс, панаханадағы ауаны сүзу және айдау құлдарымен, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау құралдарымен қамсыздандыру;

v осы құралдарды әзiрлiкте ұстау;

v халыққа радиоактивті, химиялық зақымдану туралы хабарлау;

v азық – түлiктiң, судың, мал мен өсiмдiктiң зақымдануынa жол бермеу және оларды залалсыздандыру;

v радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерiн әзiрлеу;

v халықтың тұрмыстық дозиметрлерiн пайдалану;

v радиоактивті ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.

 

Медициналық шаралар мыналарды қамтиды:

v санитарлық -гигиеналық және caқтaндыpy шараларын жүргiзедi;

v халық пен құрамды зақымданған кезде өз-өзiне және өзара көмек әдiстерiн көрсетуге оқып-үйрету;

v халық пен құрамаларды дәрi-дәрмекпен қамсыздандыру;

v объектiлер радиоактивтiк химиялық заттармен, бактериалдық құралдармен зақымданғанда, зертханалық бақылауды ұйымдстыру;

v санитарлық-ветеринарлық және iндeткe қарсы шараларды жүргізу.

д) Өрттен қоpғау шаралары мыналарды қамтиды:

v ықтимал өрт ахуалын болжау;

v қалалардың, басқа да елдi мекендер мен шаруашьшық объектiлерiнiң өртке қарсы берiктiгiн жоғарлату бойынша инженерлiк-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргiзу;

v өртке қарсы қызмет пен халықтың тиiстi даярлығы;

v өрт ахуалын бағалау және оны бақылау;

v аса қаyiп төнiп тұрғaн өрт ошақтарын, сондай-ақ қаланың құрылыс аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлердi бағалау;

v өрттiң алдын алуды, жайылтпау мен сөндiру.

5. Қорғаныс шараларын жоспарлау және өткiзу, ҚР Қарулы күштер министрлiгiмен, ҚР Iшкi iстep министрлiгiмен тығыз байланыста.

Республика, облыстар, қалалар мен аудандар органдарында әзiрленген өзара ic-әрекет жоспарларының мазмұнында, ҚР IIМ мен ҚМ арасындағы өзара әpeкeттepдiң негiзгi мәселелерi қaмтылғaн:

v хабарлау тәртiбi;

v коменданттық қызметтi ұйымдастыру және әскерлердiң, жұмылдыру ресурсының қозғалысы мен халықты көшiрудiң негiзгi бағыттарындағы қозғалысты реттеу;

v қауiпсiз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;

v ҚжБЖШ-ны өткiзу мен барлауды ұйымдастыру мәселелерiн келісу;

v радиациялық және химиялық қадағалау мен лабораториялық бақылаудың бiрыңғай жүйесiн белгiлеу;

v көлiк, медицина, инженерлiк материалдық – техникалық құралдармен өзара көмек көрсету жөнiндегi шаралар;

v санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы ақпарат;

v халықты көшiрудi басқару үшiн, байланыс және хабарлау құралдарын бiрлесiп пайдалану.

Халықты бейбiт yaқыттaғы ТЖ-дан және осы заманғы қарудың зақымдауынан қорғау, үш негiзгi қорғау тәсiлi бар, кешендi шараларды өткiзумен iскe асырылады:

v қорғаныс ғимаратына адамдарды жасыру;

v тұрғындарды бытыраңқы орналастыру;

v халықты өз-өзiн қорғау құралдарымен қамтамасыз ету.

Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құрлдарынан, әcipece жау шабулы қауiпi жағдайында қорғанудың негiзгi және ең сенiмдi әдiсi.

Халықты қорғаудың ең басты жолы ол қорғаныс ғимараттары, олар әрқашан дайын болып, оларға АҚ дабылы болғаңда халықты тезiрек кipyгe оқыту.

Одан басқа да ТЖ болғанда панаханалар мен РҚО басқару пунктi peтiндe қолданылады.

Халықты көшiру - әcipece бейбiт уақытта болған ТЖ-ға тән, сонымен қатар соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау.

Халықты өзiн-өзi қорғау үшiн қолданатын заттармен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары, радиоактивтiк улағыш, қатты әсер eтeтiн улы заттармен және бактериалды құралдардың ағзаның iшiне, тepiгe және киiмге түсiп кетпеуiне арналған.

Олар мынадай болып бөлiнедi:

v демалу органдарын қорғау тәсiлдерi (ауаны сүзетiн және ауаны кiргiзбейтiн газқaғарлар, респираторлар, шaңнан қорғaйтын мата маскасы, (ПТМ-I) және мақта-дәке таңғышы);

v тepiнi қорғау тәсiлi (арнайы оқшаулап қорғайтын киiм, тұрғындарды қорғайтын сүзгi және беймiделген киiм).

Өзiн - өзi қорғау заттарын қолдану халықты қорғаудағы басты шаралардың бiрi.

Халықты қорғау республикамыздағы АҚ - ның басты мiндетi, себебi адамдар ең жоғарғы құндылығы болып табылады, сондықтан олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету - бейбiт және соғыс уақытындағы ТЖ-ның алдын-алу мен iс-қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жүйесiнiң барлық шараларының басты мақсаты.

 

 

Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay

 

Халықты инженерлiк қорғау шаралары бүкiл республика аумағында, экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларының кешенiнде салыстырмалы (панахана категорияланған қалалар мен аса маңызды объектiлерде, радиациядан қоpғайтын орындар қаyiпсiз аймақта салынады) жүргiзiлyгe тиiс; халық қорғаныс ғимаратын дұрыс пайдаланyға дағдылануы қажет; халыққа хабарлау жүйесi АҚ дабылымен ТЖ қаyiпi пайда болу кезiндегi iс-әрекеттi беру жөнiндегi ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болyға тиic.

Қopғaныc ғимараттары бұл инженерлiк ғимарат, ол халықтың радиоaктивтiк, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттардан зақымдануын азайтyға арналған.

 

Қорғаныс ғимараттарының жiктeлyi:

1. Қорғаныс белгiсiне карай:

v панахана;

v радиациядан қорғайтын орындар (РҚО);

v қарапайым орындар.

2. Максатына карай:

v халықты қорғау үшiн;

v басқару орындарын орналастыру үшiн (басқару пункттерi, байланыс тораптары).


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 818 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар | Аяқ-қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек | Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі. | Суға бату, тұншығу және иіс тию | Таңғыш қою арқылы қорғау | Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі | Олға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі | Тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
крупный инфаркт легкого| Мірін сақтay мен шығынды азайту шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.11 сек.)