Читайте также:
|
|
25-сурет. Иық буынына таңғыш қою
Шынтақ буынға таңғышты шынтақ шұңқыры арқылы бинтті екі-үш ораудан бастайды және бұдан әрі бинтті спиральды орамдармен айқастыра орай оны білекке және иыққа шынтақ шұңқырында айқастыра байлайды.
Иық буынына таңғышты кеуденің қолтық шұңқырының сау жағынан және иыққа, қолтық шұңқыры арқылы зақымдалған иықтың артынан сыртқы жақ үстіне сау қолтық арқылы арқаның үстімен кеудеге апарады және бүкіл буынды жапқанша бинт орамдарын қайталай отыра оның үшін түйреуішпен кеудеге бекітеді.
Қолға, білек пен аяққа спиальды, масақ тәріздес, крест тәріздес таңғыштар қояды.
Саусаққа спиралды таңғышты білезік төңірегін ораудан бастайды, бұдан әрі бинтті қол шашағының асты бойынша тырнақтың маңайына апарады және бинттің спиралды орамдарын аяғынан негізіне дейін және керсінше ораммен қол шашағының асты бойынша бинтті білезікке бекітеді.
26-сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ буынына таңғыш қою
27-сурет. Іштің төменгі жағына және шап төңірегіне
масақ тәріздес таңғыш қою
Сирақ пен санға білекпен иықтағыдай спиралды таңғыш қояды.
Тізе буынға таңғышты тізе астындағы шұңқыр арқылы шеңберлі орамды жүргізе бастайды, бұдан кейін бинт орамдары кезекпен жоғары -төмен жүргізіліп тізе астындағы шұңқырға айқастырылады.
28-сурет. Тізе буынына таңғыш қою
Өкше маңайына таңғышты (29-сурет), оның шығып тұрған бөлігі арқылы бинттің алғашқы орамымен қояды (1), бұдан әрі кезекпен бинттің алғашқы орамын жоғары (2) және төмен (3) рет орайды, ал оны бекітіп байлау үшін бинтті қиғаштай (4) сегіз тәріздес (5) байлайды.
Сирақ-табан буынына сегіз тәріздес таңғыш қояды (30-сурет). Бинттің алғашқы байлайтын орамын жіліншіктен жоғары жүргізеді, бұдан әрі төмен табанға және табанның айналасына апарады, бұдан кейін табанның астымен бинтті өткізіп жіліншіктен жоғары апарып табанға қайтарады, бұдан кейін жіліншікке апарып бинттің ұшын шеңберлі ораммен жіліншіктен жоғары бекітеді.
30-сурет. Сирақ-табан буынына сегіз тәріздес таңғыш қою.
IV- БӨЛІМ
Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 348 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі | | | Тест сұрақтары |