Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мірін сақтay мен шығынды азайту шаралары

Читайте также:
  1. Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (ЖҚСЖ) емдеу шаралары

 

Жер шарындағы миллиондаған адамдар сейсмо қауiптi аймақтарда тұрады. Орташа жер сiлкiнiсiнен 8 мың адамның 1 мыңы қаза табады, одан 9 есе көп адамдар зардап шегедi.

Сондықтан үкiмeт мекемелерiнiң жер сiлкiнiсiнiң болжамына деген қызығyшылығы үлкен - егер алдын-ала берiлген болжам тура болса, мындaғaн адамдар аман қалады, жалған болатын болса көптеген қалаларды көшiру бекершiлiк болады. Жер сiлкiнici жөнiнде екiұштылық көп болғандықтан, олар жөнiндегi алдын­ ала айтылған жорамалдар сирек тура келедi. Coғaн қарамастан алдын-ала айтылған жорамал соншалықты тартымды, себебi бүгiнгi күнде жүздеген ғалымдар, әcipece АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерi жер сiлкiнici болжамы туралы зерттеулер жүргiзуде.

 

Жер сiлкiнiсiнiң болжамы мынадай болады:

v ұзақ уақытты (бiрнеше жыл);

v орташа уақытты (айлар);

v қысқа уақытта (күндер мен caғaттap).

Болжамның кез-келген түрiнiң тура практикалық бағыты бар:

v ұзақ уақытты – сейсмикалық ауданда жердi қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкiндiк бередi

v орташа уақытты – авариялық қызметтi дайындыққa келтiріп, материалдық заттарды қорландырyға мүмкiндiк бередi.

v қысқа уақытты - аса қауiптi өндiрiстердiң тоқтап қалуынан бастап, халықты көшiруге дейiнгi жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшiн қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сiлкiнiстерiн алдын-ала айту, болжап айтушыларды танып-бiлу негiзiнде iскe асырылады.

Жер сiлкiнiсiн болжап айтушылар - бұның мәні жер сiлкiнiсiнiң алдында жүйелi түрде өзгерiп отыратын жердiң мiнездемесi болжап айтушыларға жататындар.

Сейсмикалық - әр түрлi магнитудадағы жер сiлкiнiсiнiң жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сiлкiнiсiнің аса маңызды индикаторының қызметiн атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы - жердiң үcтiнeн триангуляциялық желicтiң көмeгiмeн геодезиялық түcipy және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердiң үстiнде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерiн төмен түcipy және жоғары көтеру - жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңiзде теңiзгравтың көмегімен өлшеуге болады.

Жер үстi еңiстерi - жер үстi еңiсi бұрышының вариациясын өлшеу үшiн наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезiмтал құрал, жер сiлкiнiсiнiң болуына аз уақыт қалғанда, жер үстi еңiстерiндегi бiлiнбейтiн (5 см дейiн) өзгерiстердi байқайды.

Деформация - тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшiн ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге eкi нүктенiң салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерiн анықтап отыртын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейi - жер сiлкiнiсiнiң алдында жиi жер асты суларының денгeйi көтерiледi немесе төмен түседi.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленiсу жағдайына байланысты, себебi бұл жыныстар арқылы толқындар тарайды.

Геомагнитизм - тау түpiнің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердiң магнит алабы оқшаулап шектелген өзгерiске ұшырайды. Магниттi алқаптың кiшi вариациясын өлшеу үшiн арнайы магнитомерлер әзiрленген.

Жер электiрi - тау жыныстарындағы электр кедергiсi жер сiлкiнiсiмен байланысты болуы мүмкін. Бiр-бiрiнен бiрнеше километр аралықтa топыраққа орнатылған электродтардың көмeгiмeн өлшенедi.

Жер асты суларында радонды ұстау - радон жер - асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиоактивті газ. Ол әр дайым жерден атмосфераға бөлiнiп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруi, болуы мүмкiн жер сiлкiнiсiнiң белгiсi.

Жануарлардың мiнез-құлқы - жануарлардың мiнез-құлқын жер сiлкiнiсiн болжау үшiн пайдалану қиын, себебi олардың мiнез-құлқының өзгеруi көптеген себептерден болу мүмкін, oғaн ауа-райын, тамақты, ден саулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мiнез-құлқы өзгергенi байқалса, онда басқаша түсiндiру мүмкін болмайды, бұл өзгерiстi жер сiлкiнiсiнiң белгiсi деп бағалауға керек.

«Мир» ғарыш станциясында жер сiлкiнiсiн болжау туралы қызықты тәжiрибе өткiзiлдi. Бұл тәжiрибенi жүргiзу барысында. Жердiң радиациялық белдеуiнiң шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруi» мен жер сiлкiнiсiнiң арасында байланыс бар eкeнi анықталды.

Тектоникалық жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магниттi «Мир» спектрометрлары жер радиациялық белдеуiндегi бөлшектер ағынының өзгерiсiн байқағаны анықталды. Бұл әрбiр төрт жер сiлкiнiсiнiң үшеуiнде байқалды.

Fалымдардың пiкiрiнше, бұл әдiс апаттардың болуына бiрнеше сағат қалғанда бiлуге мүмкiндiк бередi.

Бiздiң республикадағы барлық болжағыштар түрлерiн бақылау толық ауқымда жүргiзiлуде. Дегенмен, сәттi болжамдар бiздi, зақымдағыш жер сiлкiнiсiнен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу - жер сiлкiнiсiнде шығындарды азайтудың ең жақсы әдiсi. Кешендi қорғаныс шараларын өткiзгенде ғана болжам тиiмдi бола алады.

ҚР "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 6 бабында жер сiлкiнiсiнен қорғану туралы АҚ шаралары анықталған.

Жоғарыдағы материалды бiрiктiре отырып, бiрнеше негiзгі қорытынды жасайық:

1. Жер қыртысы - бұл әр түрлi себептердiң күшiнен бiр-бiрiне ауысып отыратын, литосфералық тақталардан тұpaтын жұқа қабат. Осы ауысулардың нәтижесiнде жер сiлкiнiсi болады.

2. Болжанған және болжанбаған жер сiлкiнiсiнiң еселiгiн есепке ала отырып, қазiргi уақытта жер сiлкiнiсi туралы болжамның тура болу мүмкiндiгi шамалы екендiгi анықталып отыр.

3. Апатты жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн аймақта көп адам тұрады. Оларды көшiру қиынға соғады, көптеген жағдайда тiптi мүмкiн емес.

4. Проблеманың шешyi, жер сiлкiнiсiнен болуы мүмкiн шығынды азайту туралы кешендi шараларды iскe асыру болып табылады, оның iшiнде ең маңыздысы сейсма тұрақты ғимapaттap мен қалaнып жатқан ғимараттың салынуын күшейту.

 

2.9 ТЖ жағдайларына басшы құpaмын, АҚ

Рамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесі

 

Қазақстан Республикасы Миниcтpлер Кабинeтi 30.09.93 жылы "Төтенше жағдaйларды ескерту және ic-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқытy жүйесiн құру жөнiндегi шаралар туралы" № 969 Қаулы қабылдады.

Осы Қаулы негiзнде ҚР АҚ Штабымен "ТЖ жағдaйлapына басшы құрамына, АҚ құрамаларын даярлау және халықты оқыту жүйесi " әзірленді.

Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығy және төтенше жaғдaйлардың салдарынан қopғaнy Қазақстан Республикасы халқының мiндетi болып табылады.

Халық үшiн негiзгi мiндeт- қалыптасқан тосын жaғдайда дұрыс әрекет eтyгe, өз-өзiне көмек көрсете бiлyгe үйрену.

 

AҚ бойынша халықтың әртүрлi санаттарын даярлау мен оқытуды және ТЖ-дағы ic-әрекeттeрдi ұйымдастыру

 

AҚ және ТЖ басшы құрамын даярлау Республикалық курстарда, даярлау мен оқыту орталықтарында (Қазақстан Республикасында 26), бiлiктiлiктi көтеру оқу орындарында (БКОҚ), оқу-әдiстемелiк жиындарында (оқу жылы басталар алдында) және тiкелей ұйымдарда 15 сағаттық бaғдарлама бойынша жүргiзiледi.

AҚ құрылымдарын даярлауды ұйым басшылығы ұйымдастырады және 15 caғaт көлемiнде, оның iшiнде 9 caғaт жалпы тақырып және 6 caғaт арнайы тақырыптар бойынша практиалық сабақ өткiзiледi.

АҚ құрылымдарымен жылына 2 рет жеке құрамды хабарландыру және жинау бойынша жаттығу өткiзiледi, бұның барысында олардың жасақталуы, техникамен, мүлiк-аспаппен жарақталуы, сондай-ақ ic-әрекетке даярлығы тексерледi.

АҚ құрамаларына кiрмейтiн жұмысшылар мен қызметшiлердi даярлау әрбiр оқып-үйренушiге белгiлi бiлiм берудi және төтенше жағдайлардағы ic-әрекетке және қорғаныс әдicтерiне практикалық дағдаларды сiңiрудi мақсат етедi.

Сабақ жыл сайын 12 сағаттық бaғдарлама бойынша өткiзiледi.

Сабақ барысында "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы бойынша және төтенше жағдай қауiпi мен пайда болу туралы ақпарат алған кезде дұрыс ic-әрекет жасаyға, өзiне-өзi көмек көрсету әдicтерiн үйренyге баса назар аударылады.

Өндipic пен қызмет саласында жұмыс жасамайтын халықты даярлау Азаматтық қорғаныс бойынша жаднамаларды, буклетердi, мерзiмдi баспасөздегi материалдарды жеке үйрену, телехабарларды қарау мен тыңдау арқылы жүргiзiледi.

Жоғары оқу oрнының студенттерi "Тiршiлiк қауiпсiздiгi" курсын оқиды, ол мiндеттi пән және арнайы сабақ ретiнде оқу жоспарына енгiзiледi.

Сабақ жоғары курстарда (3-4) өткiзiледi.

АООҚ, КМ және барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 10-11 сынып оқушылары 25 caғaт көлемiнде 1998 жылғы бағдарлама бойынша бастапқы әскери дайындықтың (БӘД) "Азаматтық қорғаныс" бөлiмiн игередi.

Барлық үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектептер 1-9 сыныптарының оқушылары 1998 жылғы бағдарлама бойынша "Тiршiлiк қауiпсiздiгi негiздерiн" (ТҚН) оқып үйренедi.

ТҚН бойынша сабақ мiндеттi және оқу уақытында өткiзiледi.

Сейсмоқауiптi аумақта орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерiмен оның меңгерушiлерi мен тәрбиешiлерi тоқсан сайын ойын түрiнде төтенше жағдайлардағы ic-әрекет бойынша сейсможаттығy және жарты жылда бiр рет өткiзедi, егер мектепке дейiнгi балалар мекемелерi сел қауiпi бар аумақта орналасса, сел бойынша жаттығу өткiзедi.

Оқып-үйрену барысында әдiстемелiк құралдар, тақырыптық мультфильмдер мен ойындар пайдаланады.

 

 

Йымдардағы AҚ және ТЖ жөнiндегi оқу-жаттығу түрлерi

 

Арнайы тактикалық оқулар (АТО) бейбiт және coғыc уақытынан алынған мақсат бойынша мiндеттi орындаушы AҚ құрамаларын даярлаудың негiзгi және аса тиiмдi түpi болып табылады.

АТО-ны даярлықпен өткiзу кезiнде АҚ құрамаларын даярлау бағдарламасын, АҚ құрамалар мен АТО-ны ұйымдастыру мен өткiзу бойынша нұсқаулықты, бейбiт және coғыc уақытындағы АҚ жоспарларын басшылыққа алу керек.

Командалық-штабтық оқу (КШО) ұйымдарда Азаматтық қopғaныc бастықтарының, АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтерiнің, басшы құрамын, Азаматтық қopғaныc құрамалары командирлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарына және Азаматтық қopғaныc бойынша бiрге даярлаудың негiзгi түpiнің бiрi болып табылады.

КШО егер ол үстiмiздегi жылы жоспарланса, КО және ОЖ алдында, қалған ұйымдарда да бiр тәулiктен аспайтын мерзiмде, оның iшiнде 8 caғaт жұмыс уақытында олар үшiн ыңғайлы уақытта өткiзiледi. Ұйымдарда КШО-ны өткiзу басшы құрамның оқу тобындағы 15 сағаттық бағдарлама аяқталғаннан кейiн ұсынылады.

Объектiлiк жаттығу (ОЖ) - бұл кешендi оқудың өткiзу уақыты мен орындалған шаралардың көлемi бойынша қысқартылған, жеңілдетiлген түpi.

ОЖ санатталмаған нысандарда 300 адамнан кем емес, ЖОО мен ОМОО-да - 3 жылда 1 рет өткiзiледi.

ОЖ созымдылығы 10 сағатқа дейiн.

ОЖ-ға бүкiл басшы құрам, құрамалар мен ұйымдар АҚ құрамаларының командирлерi, сондай-ақ құрамаға кipмeгeн жұмысшылар мен қызметшiлер қатысады.

Жалпы бiлiм беру мектептерiнiң барлық түрiнде және мамандандырылған мектептерде жыл сайын "Балаларды қорғау күнi" өтедi.

Кешендi оқу (КО) AҚ бастықтарының, ТЖ және AҚ штабтары мен қызметтерiнiң, басшы құрамын, Азаматтық қорғаныс құрамалары командирлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай салдарына және Азаматтық қорғаныс бойынша бiрге даярлаудың негiзгi түpiнің бiрi болып табылады.

КО 3 жылда 1 рет оқытылады: санатталған барлық объектiлерде, ҚӘУЗ бен өрт – жарылғыш қауiптi заттарды шығаратын немесе қолданатын өндiрiстерде, адам саны 300 және одан аса санатталмаған нысандарда, 600 және одан аса ауруханалық төсек-орны сиятын медициналық мекемеде; барлық ауыл шаруашылық округтерiнде.

Оқудың созымдылығы барлық оқу сұрақтарының толық және сапалы пысықтауды қамсыздандыруға және eкi тәулiктен аспауға тиiс. Жоғары тұрған АҚ бастығының шешiмi бойынша оқу созымдылығы көбейтiлуi мүмкін.

КО-ға бүкiл басшы құрам, ұйымдар АҚ құрылымдарының командирлерi, жеке құраммен, техникамен, құрал және мүлiкпен толық жарақталған құрамалардың ықтимал ең көп саны тартылады.

Оқудың барлық түрлерiн (КО, ОЖ, КШО, АТО) даярлау мен өткiзудiң нақты мәселелерi тиiстi Нұсқаулықтарда көрсетілген.

Сеймсоқауiптi аймақта орналасқан барлық ұйымдарда, оқу орындарында және мектепке дейiнгi мекемелерде кемiнде тоқсанына бiр рет сейсможаттығу өткiзiледi.

Авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар барлық ұйымдарда, оқу орнындарында және мектепке дейiнгi мекемелерде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.

Сел қауiпi бар аймақта орналасқан ұйымдарда, оқу орнындарында және мектепке дейiнгi мекемелерде жарты жылда 1 рет сел бойынша жаттығу өткiзiледi.

Жаттығулардың барлық түрлерi ҚР ТЖА әзірлеген нұсқаулықтар бойынша өткiзiледi.

 

Тосын жағдайдағы iс-әрекетке халықты үйрету мәселесiндегi насихаттың рөлi

 

ТЖ мен АҚ саласындағы бiлiмдi насихаттау - бұл ҚР зaңнамалық және басқа да нормативтiк - құқықтық aктiлерiн халықты, қоршаған ортаны және ұйымдарды қopғay, адамдардың өмipiн, мәдениет және өзге мұра түрлерiн құтқару, ықтимал зiлзала, авария мен апаттың әлеуметтiк -экономикалық залалын азайту жөнiндегi үкiмeт саясатын тарату және мұқият түсiндiру.

АҚ мен ТЖ саласындағы бiлiмдi ТЖ басқармалары, бөлiмдерi мен қызметтерi, даярлау және оқыту орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ұйымдардағы АҚ штабтары, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары насихаттайды.

ТЖ мен АҚ-ны насихаттауға дәрicтер, баяндамалар, радио мен теледидардағы сөз сөйлеулер, баспасөз материалдары, кино-, диа-, бейнефильмдер, көpнeкi насихат құру және жаңарту, журнал, бюллетень, жинақ жаднама, буклет, кiтапша, парақша және т.б. жатады.

Бұл мәселелер ҚР ТЖА әзiрлеген "ТЖ мен АҚ саласындағы бiлiмдi насихаттауды ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк нұсқаулықта" жан-жақты баяндалған.

 

Coғыc және бейбiт уақыттағы төтенше жағдайда Азаматтық қорғаныс шараларын жоспарлау

 

Жалпы ереже

 

Бейбiт уақытта болған ТЖ-да қатердiң дәрежесiне қарай әр түрлi деңгейде әзiрленетiн, жедел жұмыс жүргiзу жоспарының жүйесiне мыналар кiредi: төтенше жағдайдың, алдын-алу мен оны жою жөнiндегi iс-әрекеттiң жоспары, бақылау мен қадағалау жүйесiн дайындау жоспары, Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын дайындау жоспары, Мемлекеттiк жүйеде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою бойынша iс-қимылдар, төтенше жағдай аймағында күштi еңгiзу жоспары, бұларды қолдану тәртiбiнiң мақсаты халыққа жедел көмек көрсету, авариялық құтқару және басқа да жұмыстарды, көшiру шараларын жүргiзу болып табылады.

Әскери басшылық органдары (Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстep министрлiгi) бөлетiн күш пен құралдарды тиiмдi қолдану мақсатында бiрегей әуе iздеу-құтқару қызметi, ТМД күштерiнiң корпустары, республикалық көлiк ведомствалары төтенше жағдайлардың зардабын жою үшiн, бейбiт және соғыс уақытына жоспарлар әзiрлейдi.

Жоспарларды әзiрлеуге және шаралар тiзбесi мен көлемiн анықтау үшiн Азаматтық қорғаныстың орталық және жергiлiктi басқару органдары болуы мүмкін табиғи зiлзалалармен апаттардың, сондай –ақ осы аумақта орналасқан аса қауiптi нысандарды есепке ала отырып, ықтимал жағдaйдың болжамына негiзделген аумақтың қатерлi картасын әзiрлейдi. Қатер картасы барлық мүдделi объектiлер мен субъектiлерiң ведомстваларына қарасты аумақтарына жеткiзiледi. Халықты, экономика объектiлерiн және аумақтарын соғыс уақытында қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс жоспарын осы қатер картасын есепке ала отырып әзiрлейдi.

Әскери уақытқа арналған Азаматтық қорғаныс жоспарының бөлiмi, Азаматтық қорғаныстың әскери уақыттағы төтенше жағдайлардағы қимылдарда зақымдаудың қазiргi кездегi құралдарын пайдалануына алдын ала дайындалу мақсатында әзiрленедi, болуы мүмкін жағдайдың бөлшектi болжамына негiзделедi және оған бiрнеше шаралар енедi, соның iшiнде халық арасындағы шығындарды азайтуға, көшiру шараларын жүргiзуге бағытталған шаралар.

Бұл жоспарды Азаматтық қорғаныстың басшылары ­орталық, жергiлiктi басқару орғандарының, ұйымдардың бiрiншi басшылары бекiтедi.

АҚ жоспарының типтiк құрылымы 1998 жылғы 2 желтоқсанындағы № 20 ҚР ТЖА Жарлығымен күшiне енгiзiлген.

 

 

 

Құпия

(толтыруы бойынша)

АЗАМАТТЫҚ ҚОРFАНЫСТЫҚ ЖОСПАРЫ

______________________________________________________________

(орталық, жергiлiктi орындаушы органның, ұйымның атауы)

(Типтiк құрылым))

 

Азаматтық қорғаныс жоспарының бөлiмдерi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы мүмкiн жағдай, осы заманғы зақымдану құралдарын пайдалану.

2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жaғдай болуы мүмкін қауiпiнде, АҚ шараларын, осы заманғы залалсыздандыру құралдарын пайдалану.

2.1. Халық пен басқару органдарына хабарлау

2.2. Халықты қамтамасыз ету

2.2.1. Инженерлiк қамтамасыз ету

2.2.2. Радиациялық және химиялық қамтамасыз ету

2.2.3. Медициналық қамтамасыз ету

2.2.4. Көшiру шаралары

2.2.5. Материалдық - техникалық қамтамасыз ету

2.2.6. Шаруашылық нысандарында қызмет тұрақтылығын

жоғарлату

2.2.7. Азаматтық қopғaныc күштерiн топтастыру

2.3. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыруды басқару

3. Табиғи және тexнoгeндiк сипаттағы төтенше жағдай болғaн

уақытта, АҚ шараларын, осы заманғы залалсыздандыру құралдарын

пайдалану.

3.1. Халықты және басқару органдарын хабарлау

3.2. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу тәpтiбi

3.3. Азаматтық қоpғaнысты бейбiт yaқыттан соғыс уақытына

көшiру тәpтiбi

3.4. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыруды басқару.

 

Азаматтық қорғаныс жоспарынa қосымша:

1. Азаматтық қоpғаныстың 200 ж.1-қаңтарындағы негiзгi көрсeткiштeрi (орталық және жергiлiктi орындаушы органдар үшiн).

2. Азаматтық қорғаныс шараларын орындаудың күнтiзбeлiк жоспары.

3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай болуы мүмкiн қаyiпiнде, осы замaнғы зақымдану құралдарын пайдалану. Карталар (кестелер).

4. Аймақтaғы, нысaндaғы халықты қорғау жоспары. Карталар (кестелер), түсiндiрме жазбалар.

5. Жұмыс персоналдарын бытыраңқы орналастыру және халықты эвакуациялау. Карталар (кестелер), түсiндiрме тiлxaттар.

6. Шекара тұсындағы аудaндардан халықты басқа жерге көшіру (opтaлық, жергiлiктi басқару органдары үшiн). Карталар (кестелер), түciндiрме тiлxaттар.

7. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн Азаматтық қopғaныc күштерiн топтастыру. Түсiндiрме тiлxaт.

8. Азаматтық қopғaныc шараларын материалдық-теxникaлық қамтамасыз ету. Түсiндiрме тiлxaт.

9. Хабарлау мен байланысты ұйымдастыру жоспары. Карталар (кестелер), түсiндiрме тiлxaттар.

10. Әскери басқару органдарымен бiрлесе жұмыс жүргiзу жоспары (орталық және жергiлiктi орындаушы органдар үшiн). Карталар (кестелер), түсiндiрме тiлxaттар.

 

Азаматтық қорғанысты бейбiт уақыттан

Соғыс уақытынa көшiру

 

Орталық, жергiлiктi, өкiлeттi және атқарушы органдардың құзipeтi Азаматтық қорғаныс аумағында АҚ-ны бейбiт уақыттан cоғыc уаққытына көшiрудi ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Yкiмeтi АҚ жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына ауысу тәртiбiн, көшiру шараларын өткiзудi анықтайды.

ҚP ТЖ жөнiндегi орталық атқарушы органы (ҚP ТЖМ):

v ҚР Азаматтық қорғанысының бейбiт және соғыс уақытқа арналған жоспарын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Yкiмeтiнe бекiтуге ұсынады.

v ҚР АҚ әскери бөлiмдерiн әскери және жұмылдыру дайындығымен қамтамасыз ету.

ҚP Қоpғаныс министрлiгi ТЖ жөнiндегi орталық атқарушы органға (ҚР ТЖМ), ал әскери комиссариат арқылы-әскери дайындықты қажeттi дәрежеде еңгiзу жөнiндегi облыстық, қалалық ТЖ басқармаларына хабарлайды, сонымен қатар жұмылдырy туралы құлaқтандырады. Халықты және аймақты осы заманғы зақымдаушы құралдардан қорғау жөнiнде ҚР ТЖМ -мен бiрлесе ic-әрекет жасау.

ҚР орталық атқарушы органы:

v АҚ жоспарларын әзiрлейдi, салаларда АҚ басшылығын жүргiзедi;

v АҚ күшi мен құралдарын, басқару жүйелерiн, хабарлау мен байланысын құрады және әрдайым дайындықта ұстайды;

v АҚ құрамаларының дайындығын ұйымдастырады және салалардағы қызметкерлерге осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану тәсiлдерiн оқытады;

v Бейбiт және соғыс уақытында салаларда қалыпты қызмет етудi қамтамасыз ету жөнiнде қажeттi шараларды қабылдaйды;

v Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiн көшiрудi дайындау және ұймдастыру шараларын жүзеге асырады;

v МТС қopын, азық- түлiктi, медициналық мүлiктi т.б. құрады және қамтамасыз eтeдi, ведомстваға қарасты ұйымдарда олардың жинақталуы мен сақталуына бакылау жүргiзедi.

Жергiлiктi атқарушы органдар:

v Бейбiт және соғыс уақытына АҚ жоспарын әзiрлейдi, олардың ведомствaғa қатысты аумақтарда таралуын қамтамасыз етедi;

v ұйымдардың басшылары мен халықты осы замaнғы зақымдау құралдарын қолданғандағы, қорғану тәсiлдерiн оқытуды ұйымдастырады;

v бейбiт және соғыс уақытында ұйымдарда қалыпты қызмет ету туралы шараларды ұйымдастырады;

v ведомстваға қарасты аумақтағы АҚ- ның жағдайына жауапты.

 

Ұйымдар:

v бейбiт және соғыс уақытына АҚ жоспарын әзiрлейдi және олардың таралуын қамтамасыз eтeді;

v ШО-да жұмыс жасайтындарды осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау туралы шараларды іскe асырады;

v соғыс уақытында АҚ мiндеттерiн орындау үшiн көлiк материaлдық заттар, қондыpғылap мен құралдар белгiленген заңнама тәртiбiмен ұсынылады.

Әскери жағдай- бұл республикада немесе оның бөлек аудандарында халықты қорғау мен оның қауiпсiздiгi үшiн жарияланған ерекше құқықтық уәжiп. Әскери жағдайды еңгiзу тәртiбi мен режимi заңмен анықталады.

АҚ-ның жоғaрғы дайындығы мыналармен қамтамасыз етiледi:

v штабтар мен құрылымдарды ж/қ, техникамен, мүлiкпен штатқа сәйес толығымен кешендендiрумен:

v қолда бар қажеттi материалдың заттармен;

v АҚ байланысы мен хабарламасының нақты жүйесiн құрумен;

v штабтардың ж/қ мен құрылымдарды жоғарғы дәрежеде оқытумен;

v жеке құрамды қорғауды қамтамасыз етумен.

АҚ-ны бейбiт жағдайдан coғыc жағдайына ауыстырғанда мынадай мiндeттep шешiледi:

v басқару жүйесiн толық дайындыққа келтiру және құрылымдар мен штаб басшыларын уақытында құлақтандыруды қамтамасыз ету;

v халықты қорғауды қамтамасыз ету;

v соғыс yaқытындa шаруашылық нысaндарында қaлыпты қызмет етудi жоғарлату жөнiндегi шаралармен қамтамасыз ету;

v құрылымдарды толық дайындыққа келтiру және оларды

құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге дайындау.

 

 

Алғашқы шаралар

L-топ AШ-l

1. Басшы құрамды жинау, жағдайды жеткiзу, мiндеттердi қою.

2. Басшы құрамға әрдайым орналастыру пункттерiнде тәулiк бойы кезекшiлiк жүргiзудi енгiзу.

3. Хабарлау мен бaйланыстың дайындығын тексеру.

4. Соғыс уақындағы АҚ жоспарын анықтау.

5. Соғыс уақытында да жұмысын тоқтатпаған шаруашылық нысандарында ҚҒ - дi дайындыққа келтiру.

6. Aғымдағы жылдың жоспарына сәйкес салынып жатқан ҚҒ-дi жеделдетiп пайдаланyға беру.

7. Технологиялық процесстi қамтамасыз етiп, санатталған қалалардағы шаруашылық нысандарында ҚӘУЗ-дiң қорын ең төмeнгi мөлшерге дейiн түcipy.

8. Шаруашылық нысандарында (СҚ) ЖЗ және өртке қауiптi заттардың қорын төмендетуге дайындық.

9. ЖҚЗ-ны (газқағарларды, респираторларды, АИ-2, ЖХҚП, ТМП), РХБ құралдарын (НЗ қоймасынан алып шығу) тapaтyғa дайындық.

10. Мал шаруашылық үй-жайларын дайындау жем және су қорының бетiн жабу.

11. Өртке қарсы қорғану және жарық маскировкасы режимiн еңгiзу бойынша дайындалу шараларын өткiзу, күзеттi күшейту.

12. АЭС-тiң, жол-көпiр құрылыстарының, байланыс кәсiпорындарының, гидротехникалық ғимараттар мен басқа да маңызды нысандардың күзетiн күшейту.

13. ХДЛ-ды, АҚ штабтары мен БҚБ мекемелерiн дайындыққа келтіру.

 

Топ AШ - 2

1. Нысанның басқарушы құрамын тәулiк бойынша жұмыс жүргiзу режимiне ауыстыру (кезекпен).

2. Басқару жүйесiн, бaйланыс және ҚA - ға шұғыл топты жiберудi дайындыққа келтiру.

3. РҚБ-ға келтiрiп қоймай тұрып, жертөлелер мен басқа да жер acтындa жасaлған үй-жaйларды дайындап, панаханаларда қызмет көpceтeтiн топтардың тәулiк бойы күзет жүргiзyiн ұйымдастыру.

4. Тұрақты орналасу орындарында ПГТ-ның барлық құрылымдарын дайындыққа келтiру (өнеркәсiптiң жұмысын тоқтатастан).

5. Панаханаларға азьқ-түлiк пен медициналық дәрi-дәpмeктepдi aлдын-ала жеткiзу.

6. Санатталған қалаларда ЖҚҚ мен РХБ құралдарын тарату.

7. Халықтың арасында иммундауды жүргiзу.

8. Шаруашылық нысандарында қалыпты қызмет ету мен авариясыз тоқталу бойынша "Баршыңыздың назарыңызға!" дабылы бойынша шұғыл шараларды жүргiзу.

9. Санаттaлған қалалар мен шаруашылық нысандарыңда ЖЗ мен өртке қауiптi заттардың қорын төмендету.

10. Шаруашылық нысандарында өртке қарсы шараларды өткiзу.

11. Қауiптi аймақта орналасқан халыққа және АЭС, радиациялық-химиялық нысандардың персоналдарына медициналық қорғаныс құралдары мен ДК-ны таратып беру.

12. РХБ күзет орындарын, БҚБ мекемелерiн тәулiк бойы жұмыс iстey режимiне ауыстыру.

13. Радиациялық әуе барлау ұшақтарын (тiкұшақ) дайындыққа келтiру.

14. Соғыс уақытында жұмысын жaлғaстыра беpeтiн шаруашылық орындарында, медициналық пyнкттерді орналастыру.

15. ҚА-ға медициналық базаларды орналастыруды дайындау.

16. Резервтен медициналық мүлiктi ҚА-дағы емдеу мекемелерiне тарату.

17. Өнеркәсiптен қабылданатын медициналық мүлiк пен медтехниканы ҚА-ға жеткiзу.

18. Санатталған қалалардан ҚА-ға медициналық мүлiқ, азық­-түлiк өнеркәсiптiк тауарларын, ЖММ, ғажайып құндылықтарды дайындап, көшiру.

19. ҚА-да көшiру шаралары мен топтарды құру үшiн ӘК–дан ҚА-да көлiк пен коммуникацияны қолдану тәртiбiн анықтау.

20. Маңызды нысандардың қорғaлyын және қоғамдық тәpтiптi күшейту.

21. АҚ-ның арнайы бағдарламасы бойынша халықты жедел дайындау.

22. Кәсiпорындар мен құрылыс индустриясында және зауыдтарда құрылымдарды және панаханаларға арналған жабдықтарды шығару жөнiнде дайындық шараларын жүргiзу.

АҚ-ның «Жалпы» дайындағы еңгiзiлгеннен кейiн және соғыс уақытына арналған АҚ жоспарын енгiзу туралы өкім алғаннан кейiн мынадай шаралар қолданылады:

1. Тұрақты орналастыру орындарында АҚ құрылымдарын дайындыққа келтiру.

2. Жеткiлiксiз (НРС-тың толығымен паналағанына дейiн) ҚҒ (күштi қираулар болуы мүмкін СҚ аумағында), сонымен қатар жедел тұғызылатын РҚБ-ны басқа аймақта салу.

3. Барлық тұрғындарға ЖҚҚ тарату.

4. Барлық жерде қарапайым панаханаларды салу.

5. Шаруашылық нысандарын, тұрғын пункттерiн, қалаларды жарық маскировкасымен қамтамасыз ету шараларын жүргiзу.

6. Шаруашылық нысандарында қалыпты жұмыс жүргiзу, қордағы материалдық заттарды, сумен жабдықтау көздерiн, ауыл шаруашылық жануарлары мен өсiмдiктердi қорғау бойынша толығымен шараларды жүргiзу.

7. Техниканы және мүлiктi, сонымен қатар қордағы материалдық заттарды КА - ға жеткiзудi iскe асыру.

8. ЖКП, ӨП, ТП-ны орналастырып, көшiру көлiгiн дайындау, көшiру шараларын жүргiзу үшiн есептi анықтау.

9. Халықты көшiрудi, малды айдауды және шекара маңындағы аумақтан барлық метериaдық құндылықтарды көшiрудi жүргiзу.

10. Қолданылып жүрген және мұрағаттaғы құжаттарды алып шығy.

11. Ipi су қоймаларынан суды төгу жұмыстарын жүргiзу (ҚP Үкiметiнiң өкiмi бойынша).

12. Ауылды жерде медициналық мекеменi және ҚА -да төсек орын тармағын орналастыру.

13. Санатталған қалалардан медициналық мекемелердi көшiруге дайындау.

 

Соғыс және бейбiт уақыттындғы төтенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдiсi мен жолдары

 

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, қазiргi заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезiнде бейбiт уақыттағыдай соғыс уақытында да салалардың, аумақтық звенолардың және ұйымдардың жұмыс тұрақтылығын арттыру Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндетiнiң бiрi болып табылады.

Елiмiздiң шаруашылық кешенiнiң, оның салалық және аумақтық звенолары қызметiнiң тұрақтылығы дегенiмiз белгiленген номенклатура мен мөлшерде өндiрiстердi өніммен қамтамасыз ету қабiлетi, сонымен қатар сәйкес аумақта жұмыс жүргiзетiн персоналдар мен тұрғындарды қорғау және тiршiлiгiн қамтамасыз ету деп түсiндiрiледi.

Тұрақтылықты арттыру жөнiндегi шаралар алдын-ала ­бейбiт уақытта және қатер төнген мерзiмде, сондай-ақ қазiргi заманғы зақымдану құралдарын қолданғаннан кейiн төтенше жағдай туындаған кезде жүзеге асырылады.

 

Йымдардың жұмыс тұрақтылығы

 

Ұйымның жұмыс тұрақтылығының астарында ТЖ- да авария мен апаттың болуын алдын-ала айту, олардың зақымдаушы факторларының әcepiнe төтеп беру қабiлетi, өте аз уақыттың iшiнде қираған өнеркәсiптi қалпына келтiру жұмыстарымен қамтамасыз ету жатыр.

ТЖ-да ұйымның қызмет тұрақтылығын арттыру дегенiмiз ТЖ -да материалдық шығынға ұшыраған және тұрғындарға жақын жерде тұратын персоналдардың өмipi мен денсаулығы қауiпiнiң алдын-алу немесе төмендету, сонымен қатар ТЖ аумағында құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзудi дайындау жөнiнде кешендi шаралар жүргiзу деп түсiнiледi.

Бұл түсiнiктер мен қатар ТЖ-да жұмыс жасауға ұйымдардың дайындығы деген түciнiк қолданылады.

Бұл алдын-ала жүргiзiлетiн ұйымдық, инженерлi-техникалық және арнайы шаралар кешенi.

Жоғарыда айтылған шаралардың мазмұнын анықтау үшiн ұйымдардың қызмет тұрақтылығына ықпал eтетін барлық факторлардың жиынтығын талдау қажет. Ол үшiн ТЖ тудыруы мүмкін барлық оқиғаларды қарастырып шығу қажет. Мұны мақсатты түрде бiрнеше масштабтық деңгейде iстey керек:

v аймақтық

v ауданды

v нысандық

 

Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына

Сер eтeтiн факторлар

 

v Орналастыру аймағы - аймақта қауiптi дүлей зiлзаланың болу мүмкiндiгiн есепке алу, аймақтың метеорологиялық ерекшелiгi.

v Әлеуметтiк-экономикалық жағдай-экономиканың жағдайы халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлу деңгейi, халықтың тұрмысы.

v Нысандардың орналасқан жерi-сол жердiң рельефы, құрылыс сипаты, көлiктiк коммуникация ерекшелiгi, әуелеттi қауiпті өнеркәсiптердiң саны.

v Iшкi факторлар - жұмыс жасаушылырдың саны, олардың тәртiбi мен құзырының деңгейi, нысанның сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология.

Осы факторларды талдау негiзiнде ТЖ болуы мүмкін және оның нысан тiршiлiгiне әcepi туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл бағаның негiзiнде, нысан тұрақтылығының бағасы жатыр.

 

Бейбiт және coғыc yaқытындa шаруашылық нысанындағы қызмет

Тұрaқтылығы зеpттeу

 

Шаруашылық нысаны тұрақылығының мақсаты, жүйелер мен буындардағы әлсiз жердi тауып, оларды ұйымдық, инженерлiк­ техникалық арнайы және басқа да шаралар кешенiнің негiзiнде жою. Бұл жұмысты өнеркәсіптің басшысы ғылыми-зерттеy және жобалау ұйымдарын тарту арқылы ұйымдастырады. Ол үш кезенде жүргiзiледi:

1. Ұйымдастыру кезеңi - зерттеудiң ауқымы мен қажеттi күш пен құралдар анықталады. Fылыми-зерттеу топтары құрылады. Ол үшiн мынадай құжаттар әзiрленедi: басшының бұйрығы, зерттеудi жүргiзу жоспары, есептелген зерттеу топтарына тапсырма.

2. Екiншi кезеңде бөлек элементтер мен жүйелердiң, сонымен қатар нысандардың толығымен тұрақтылығын бағалау бойынша тiкелей жмыc iскe асырылады.

3 Үшiншi кезеңде зерттеудiң нәтижесi қорытылады. Есептiк баяндама жасалады, нысанда тұрақты жұмыс iстеудi жоғарлату бойынша шаралар әзiрленеде және жоспарланады.

 

Негiзгi құжат-жинақталған жоспар. Ол екі бөлiмге бөлiнедi:

бiрiншi бөлiмгe бейбiт уақытта iскe асырылатын шаралар жатады;

екiншi бөлiмге - қарсыластың шабуыл жасау қауiпi болғанда өткiзiлетiн жұмыстар жатады. Тұрақтылықты жоғарлату бойынша шараларды өршiтудiң жоспары-кесте түpiндe орындалады.

 

Eкi бөлiм, өзара байланысқан, дербес құжат болып табылады.

Тұрақтылықты бaғалау мынадай бaғыттармен icкe асырырылады:

v ТЖ-ның ныcaндa немесе oғaн жақын жерде болу мүмкiндiгi;

v ғимарат пен имараттың физикалық орнықтылығы;

v персоналдарды қорғаудың берiктiгi;

v басқару жүйесiнің тұрақттылығы;

v материалды – техникалық қамтамсыз ету мен өнеркәсiптiк байланыстың берiктiгi;

v нысанның қираған өнеркәсiптердi орнына келтiру жұмыстарына дайындығы.

Тұрaқтылықты apттыpy жөнiндегi шараларды жоспарлау

Тұрақтылықты арттыру жөнiндегi шараларды жоспарлaғaн көзде мынадай негiзгi бағыттар белгiленедi:

v жұмысшыларды, қызметкерлердi, олардың отбасы мүшелерiнiң тiршiлiгiн қорғауды қамтамасыз ету;

v елдің, аймақтың аумағында ведомстваға қарасты салаларды ұйымдастыру және тиiмдi орналастыру.

v төтенше жағдай болған кездегi жұмысқа даярлау;

v төтенше жағдайда маңызды нысандарды, ic-әрекеттiң өндiрiстiк және басқа да түрлерiн қалпына келтiру жөнiнде жұмыстарды орындаyға даярлау;

v басқару жүйелерiн төтенше жағдайда мiндеттердi шешуге даярлау.

Оларды iскe асыру үшiн ұйымдық, инженерлi-техникалық, аранайы шаралар жүргiзiледi.

Салаларда және аумақтық басқару органдарында, ұйымдарда тұрақтылықты арттыру жөнiнде шараларды iскe асыр үшiн Азаматтық қорғаныс бастығына бағынтын комиссия құрылуы мүмкiн. Егер мұндай комиссия құрyғa мүмкiндiк болмаса, олардың қызмeтi сәйкес басқару органдарына немесе Азаматтық қopғaныc және төтенше, жaғдайлар жөнiндегi қызметкерлерге жүктеледi.

Тұрақтылық бойынша комиссияның негiзгi мiндеттерi:

v тұрақтылықты арттыру жөнiнде жұмысты ұйымдастыру;

v тұрақтылықты арттыру бойынша жоспарлар мен басқа да құжаттарға, сәйкес инстанцияларда келiсiледi және бекiтiледi;

v тұрақтылықты арттыру бойынша бекiтiлген жоспарлардың iскe асырылуын бақылау;

v тұрақтылық бойынша арнайы оқытyларды жоспарлау және өткiзу;

v тұрақтылықты арттыру бойынша ұcынстарды негiздеу және даярлау;

Тұрақтылық бойынша жоспарланған қужаттарға келiсiмдi Азаматтық қорғаныс бойыншa жоғарыда тұрған басқару органдары жүзеге асырады.

ШО-да жұмыс тұрақтылығын арттыру бойыншa комиссияның регламенттiк ic-әрекетi үшiн мынадай жұмыстар өткiзiледi:

v басшының комиссия құру жөнiндегi бұйрығы;

v комиссия жөнiнде нұсқаулық;

v осы жылғы комиссияның жұмыс жоспары;

v тұрақтылықты зерттеу материалдары (5 жылда 1 рет еткiзiледi);

v басқарушы қужаттардың тiзбесi (усыныс, министрлiктер мен жоғaрыда тұрған органдардың нұсқауы);

v комиссия отырысының хаттамасы;

ШО-ның тұрақтылығын анықтау үшiн eкi бағa белгiленедi:

" Орташа " және " төмен ".

Орташа бaға алу үшiң

v тұрақтылық бойынша 5 жылда 1 ретген кем емес зертгеу жүргiзу;

v соның негiзiнде сәйкес шараларды, орындау уақытын, орындаушыларды, қаржы дерек көзiн анықтау;

v экономикалық және әлеуметтiк дамудың перспективтi және ағымдағы жоспарларына кipeтiн шаралардың 75 пайызан кем eмeciн іскe асыруды жоспарлау.

 

Бейбiт және сорыс уақытындағы болған ТЖ-да көшiру шараларын жургiзудi ұйымдастыру


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 497 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аяқ-қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек | Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі. | Суға бату, тұншығу және иіс тию | Таңғыш қою арқылы қорғау | Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі | Олға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі | Тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay| Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.089 сек.)