Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Суға бату, тұншығу және иіс тию

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. C. компьютерге сыртқы құрылғыларды қосуға
  4. E) негізгі және қосымша
  5. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  6. Абатқа су айдау үшiн қолданылатын суға қойылатын талаптар
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница

Суға бату- механикалық тұншығудың (асфиксияның) бір түрі. Суға батудың үш клиникалық нұсқасын бөліп көрсетуге болады.

I - нұсқа зардап шегушінің тыныс алуының рефлекторлық тоқтауымен және тосын суынудан, аяқасты естің шығуынан құлаққа және евстахи түтігіне суық судың дабыл жарғағының тесігі арқылы және кіруінің салдарынан жүрек қызметінің әлсіреуімен сипатталады. Осыған байланысты адам тез батады, өкпеге су толып үлгермейді, зардап шегушінің терісінің бет жағыағарадыдене сипағанда суық бет бейнесі көгереді, үстіңгі тыныс алу жолдарынан су шығарылғанан кейін көбік бөлінбейді.

II - нұсқауда адам суға баяу батқан кезде яғни судың үстіне бір шығып бір батқан кезде (қажыған уақытта) өкпеге судың толуымен ерекшеленеді.

Бұл жағдайларда тері жамылғыларының көгеруі, мойын мен аяқ- қол тамырларының ісінуі, ауыз бен мұрыннан қызғылт түстес көбіктің шығуы байқалады.

III - нұсқауда мастық, мидың шайқалуы, талықсу нәтижесінде зардап шегушінің орталық жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады.

Суға батудың бастапқы кезінде дауыс саңлауы қарысып қалады және судың болмашы ғана бөлігі өкпеге кетеді. Бұл жағдайдағы цианоз (кілегейлі қабықтардың көгеруі) бірқалыпты, жоғарғы тыныс жолдарына ұсақ көбіктер түседі.

Тізбеленген нұсқалармен қатар адам кенеттен сырқаттану (миокард инфаргі немесе мидағы қан айналымының күрт бұзылуы) немесе ауыр жарақаттан (сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омытрқаның, мойынның сынуы) нәтижесінде суға батуы мүмкін.

Суға бату механизмін анықтаудың реанимацияны табысты жүргізу үшін үлкен маңызы бар. Егер тыныс алу мен жүректің рефлектролық тоқтауы кезінде (ақ суға батушылар) клиникалық өлім жағдайынан шығару тіпті организм су астында 10 минут болған жағдайда шығаруға болады, ал суға батудың басқа түрлерінде (көк суға батушылар(табысты реанимация үшін су астында болу мерзімі үш-алты минуттан аспауы тиіс. Жекелеген жағдайларда қыста суық суға батқан кезде реанимациялық шаралардың табысты болуы үшін адамның су астында 20 минутқа дейін болған кезінде де үміт артуға болады.

Оқиға орынында алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде естің бар-жоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін тыныс алудың және гемодинамиканың (қан айналымның(сипаты мен көрнісін ескерту керек.

Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешу керек, денені құрғағанша сүртіп, оны қымтап тастайды, ыстық сусын береді (шай, кофе).

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алу мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса 40-500-қа екбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:

- тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

- жасанды тыныс алдыру;

- қан айналымын қолдау.

Жоғары тыныс жолдарын босату мынандай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.

 
 

Тыныс жолдары мен асқазан су мен көбікті шығару, суға батушыны екбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (17-сурет).

17-сурет. Сұйықтан тыныс алу жолдарын босату

Тұншығу оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы нәтижесінде болады. Өкпеге оттегінің кенеттен және толық тоқтауы нәтижесінде қазаға ұшырау тұншығу деп аталады. Бас миының клеткаларына кеудедегі газ алмасуының тоқтауы нәтижесінде оттегінің баруы тоқтайды. Оттегілік аштық дамиды және зардап шегуші есінен айырылады.

Тұншығу ауа жүретін жолдардың, әсіресе жұтқыншақтың қысылуы (қолмен,ілгекпен), ауа жүретін жолдарының суға (суға бату), сілекейге, құсыққа, топыраққа толуы, жұтқыншақ қуысының басқа денемен немесе жабысқан тілмен жабылуы (наркоз есі жоқ жағдайда), улы заттардың (у, эфир, иісті газ) немесе бас миының жарақаты нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Алғашқы көмек тыныс жолдарына қысымды жасанды көтеруге негізделген бірқатар әдістің көмегімен басқа затты алудан басталады. Сырт жағынан тыныс жолдарының жабылуынан болған тұншығу кезінде қысушы факторды жояды және жасанды тыныс алдыруға, ең жақсысы «ауыздан-ауызға» немесе «мұрынға - ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруға кіріседі.

Егер тұншығу нәтижесінде клиникалық өлім болса, бұдан соң онда алғашқы 5-8 минутта зардап шегушіні жүрек, өкпе реанимация әдісімен тірілтуге болады (жүректің жабық сылауына қараңыз).

Иіс тию -сол ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болады. Онық белгілері - бас ауыру, айналу, бара-бара есінен айырылу. Үйде - пештегі түтінен, гаражда - машинаның қозғалтқышынан шыққан улы газдан адам улануы мүмкін. Мұндайда адамды дереу далаға шығарады. Мойнындағы түймесін, галстугін және белбеуін босатып, киімін жеңілдету қажет. Тыныс алысы тоқтаса қолдан демалдырады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1364 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay | Мірін сақтay мен шығынды азайту шаралары | Халық пен ауыл шаруашылық малдарды биологиялық қорғауды күшейту бойынша кешендi шаралар | Аяқ-қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек | Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі | Олға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі | Тест сұрақтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.| Таңғыш қою арқылы қорғау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)