Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭкономиканыҢ Өсу

Лекция жоспары:

  1. Экономика өсу мәні мен факторлары.
  2. Экономикалық өсудің кейнстік факторлары.
  3. Р. Солоудың экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.

 

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі – бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар

1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).

2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.

- неокейнстік

- неоклассикалық

- тарихи-әлеуметтік.

Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.

Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:

1) Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі

2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны

3) Негізгі капитал қорының көлемі

4) Технолошия

Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.

Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:

1) Сұраныс факторы

2) Бөлу, тарату факторы

Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.

Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты.

Өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылыс, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Экономикада нақты пайданың өсуі “экономикалық өсу ” деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

DY = Yt – Yt-1 немесе Yt = DYt / Yt-1,

t – уақыт индексі

Егер экономикалық өсу сыртттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады.

Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге – технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді.

Экономиканың өсуін тұрған тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардық ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты.

2-сұрақ. Өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол – капитал.

Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

DYAD = DI × m = DI = DI

m – шығын мультипликаторы

b – тұтынуға шекті бейімділік

s – қор жинағанда шекті бейімділік

AS = a × DK – жиынтық ұсыныстың өсуі

a - капиталдың шекті өнімділігі.

Капиталдың DK өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамасыз етіледі, осыдан AS = a × I

Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады. немесе , яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.

Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, I = S, ал S = sY; s = const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропорционал болады, сонда DҮ / Ү = DІ / І = a × s

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе DҮ / DК – капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.

Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.

Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939 ж.) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.

Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне пропорционалды:

It = v (Yt – Yt – 1)

мұндағы v – акселератор.

Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды.

Егеде алдыңғы кезеңдегі сұраныс туралы болжамдарды ақталып, сұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін өзгеріссіз қалдырады.

Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін азайтады.

Осы айтылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.

Yt – Yt – 1 / Yt – 1 = a × (Yt – 1 – Yt – 2) / Yt – 2

Егер а = 1 болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t – 1) ұсынысқа тең болады егер а < 1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады. Осыдан біздің экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:

Yt = Yt – 1 ((a × (Yt – 1 – Yt – 2) / Yt – 2) + 1)

Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және теңдік шарты I = S):

Yt = It / s = v (Yt – Yt – 1) / s

Экономиканың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігінен шығады.

v (Yt – Yt – 1) / s = Yt – 1(a × (Yt – 1 – Yt – 2 / Yt - 2) + 1)

Өрнектеп, келесі формуланы алуға болады:

v / s(Yt – Yt – 1 / Yt – 1) = a × (Yt – 1 – Yt – 2 / Yt – 2) + 1

Алдыңғы кезеңдегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе а = 1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезеңде өндірістің өсу қарқынын өзгерусіз қалдырады:

Yt – Yt – 1 / Yt – 1 = Yt – 1 – Yt – 2 / Yt – 2 = DYt / Yt – 1

Алдында айтылып кеткенді келесі түрде көрсетуге болады:

v / s (DYt / Yt – 1) = (DYt / Yt – 1) + 1

Осыдан тепе-теңдік көлемінің өсу қарқыны келесі болады:

DY / Yt – 1 = s / v - s

Харрод s / v – s формуласын “кепілдік” өсу қарқыны деп атайды. Оны қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады. Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бұндай экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамасыз етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.

Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан аластайды.

Кепілдік өсу қарқынымен қатар Харрод “Табиғи” өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

Сұрақ.

Кейнс үлгілерінің экономикалық өсуіне қарағанда неоклассикалық өсу үлгілері көптеген шектеулерден айырылып, макроэкономикалық үрдістердің ерекшеліктерін дәл сипаттайды. Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін Р. Солоу өзінің үлгісінде көрсетті. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кооб-Дугластың өндіріс функциясы пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыратындығы белгілі. Р. Солоу үлгісіндегі алғышарттар төмендегідей:

- капиталдың кемімелі шекті өнімділігі

- масштаб әсерінің шекті өнімділігі

- ығысудың (капиталдың тозуы(тұрақты нормасы

- инвестициялық лагтардың болмауы.

Факторлардың бірін-бірі алмастыруы (капиталмен қаруланудың өзгерісі) технологиялық шарттармен ғана түсіндіріліп қоймайды және өндіріс факторларындағы таза бәсеке нарығындағы неоклассикалық алғышарттарға байланысты болады.Экономика жүйесінің тепе-теңдікте болуы үшін қажетті шарт ол жиынтық сұраныс пен ұсыныстың теңдігі.

Ұсыныс тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы арқылы өрнектеледі: У = F(K,L) және кез-келген z > 0 үшін: zF (K,L) = F(zK,zL). Онда, егер z = 1/L, онда Y/L =F(K/L,1) Y/L= y; K/L = k деп белгілеп жоғарыдағы функцияны былайша өрнектейміз:

y = f (k)

Бұл функция өнімділік пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады.

Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады: y = i + c. Мұндағы i - бір жұмысбасты адам басына шаққандағы инвестиция, с –бір жұмысбасты адам басына шаққандағы тұтыну.Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді.Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады:

c= (1-s) y

s – қор жинағы

y= c + i = (1-s) y + i

 

бұдан i = s ∙ y

Тепе-теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына тең және табысқа пропорционал болады.

Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі.

f (k) = c + i немесе f (k) = i/s

Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды.

Өнім көлемінінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді.Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысуы-азайтады.

Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді,бұл экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: i = s · f(k) k-ның кез-келген мәні үшін,жинақ нормасы өнімді инвестиция мен тұтынуға бөледі.

 

Амортизация төмендегідей жағдайларда ескеріледі: жылдағы капиталдың тозуының салдарынан капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып отырады (d- ығысу нормасы), онда ығысу көлемі капитал көлеміне пропорционал болады және мынаға тең:

d∙ k

Бұл жағдай 1-суретте бейнеленген.

К1 К* К2 К

Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін төмендегідей өрнектеуге болады:

∆k = i – dk

Немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады:

∆k = s ∙ f (k) – dk

Капитал қоры (к) (∆к> 0), инвестиция ығысуы шамасына тең болғанша өседі:

s ∙ f (k) = dk

Бұл жағдайдан кейін бір жұмысбастыға есептегендегі капитал қоры өзгермейді,өйткені әсер етуші екі күш бір-біріне теңеледі (∆k = 0). Инвестиция ығысуға тең болған кездегі капитал қорының деңгейі еңбектің қормен қаруландыруының тепе-теңдік деңгейі деп аталады және к* арқылы белгіленеді .Экономика к* жеткен кезде ұзақ мерзімдгі тепе-теңдікте болады.

Тепе-теңдік тұрақты деп есептеледі,өйткені к-ның алғашқы мәніне тәуелсіз экономика тепе-теңдік к* мәніне ұмтылады.

Егерде алғашқы к1< k* болса,онда жалпы инвестиция (s∙f(k)) мәні ығысудан (dk) үлкен болады және капитал қоры таза инвестиция көлеміне өседі.

Егерде к2> k* болса,бұл инвестицияның тозудан төмен екендігін көрсетеді,демек капитал қоры азаяды және к* деңгейіне жақындайды (1-сурет).

Қор жинағының нормасы қор мен қаруландырудың тұрақты деңгейіне әсер етеді.Қор жинағы нормасының өсуі S1 –ден S2 инвестиция қисығын жоғары оңға,S1 · f(k) S2∙f(k) деңгейіне қозғайды

Бастапқы жағдайда экономика капиталдың тұрақты қор жинағына, к1*-ге тең,бұл жерде инвестиция ығысуға тең.

Инвестиция қор жинағы нормасының (i`1-i`1) деңгейіне өскенннен кейін,капитал қоры (к*1) тең және ығысу (dk1)-ге тең болып бұрынғы қалпында қалды.Мұндай шарттарда инвестиция ығысуды үлкейтеді,демек капитал қорының деңгейі к*1-ден к*2 өседі деген сөз.

Ор жинағының нормасы неғұрлым жоғары болған сайын,соғұрлым өнім көлемі мен капитал қоры тұрақты тепе-теңдік жағдайына ұмтылады.

Қор жинағы нормасының өсуі қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін жылдамдатады.Бұл жағдайда экономика жаңа тепе-теңдік нүктесіне жетеді.

Дегенмен, қор жиынағының үрдісі де,қор жинағының нормасы да,экономиканың тұрақты өсуі механизмін түсіндіре алмайды.Экономиканың бір тепе-теңдік жағдайдан екінші тепе-теңдік жағдайға көшуін көрсетеді.

Солоу үлгісін жетілдіру үшін, екі алғышарттар кезек-кезек алып тастаймыз.

Бірінші – халықтың саны тұрақты және жұмыспен қамтылғандар тұрақты болады.

Екінші – технологиялық прогресс жоқ деп есептейміз.

Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі. Бұл қормен қаруландыруға инвестиция және ығысумен қатар әсер ететін жаңа фактор болып есептеледі.Бір жұмысшыға шаққандағы капитал қорының өзгерісі төмендегідей бейнеленеді:

k = i -dk-nk немесе ∆k = i-(d + n)k.

Халықтың санының өсуі ығысуы сияқты қормен қаруландыруды төмендетеді. Капитал қорының төмендеуі нәтижесінде емес, ол өскен халыққа қайта бөлу арқылы болады. Бұл жағдайда капиталдың ығысуын қамтамасыз ететін және пайда болған жаңа жұмыс орындарын капиталмен қамту үшін қажетті инвестиция көлемі болуы тиісті. n ∙ k мәні бір жұмысшыға шаққанда қанша қосымша капитал қажет болғандығын көрсетеді.

Экономикадағы тұрақты тепе-теңдік шартын тұрақты қаруландыру (к*) жағдайында төмендегідей жазуға болады:

∆k = s ∙ f (k)-(d + n)k =0

немесе s · f (k) =(d +n)k

Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайды бейнелейді.

Экономиканың тұрақты жағдайында капитал және бір жұмысшыға шаққандағы өндірілетін өнім, басқаша айтқанда қормен қаруландыру (к) және еңбектің өнімділігі (у) тұрақты болады. Бірақ халық саны өскен қормен қаруландыру тұрақты болу үшін,халық қандай қарқынмен өссе, капитал соншалықты өсуі керек.

∆У/У = ∆L/L = ∆K/K = n

 

Сонымен, халық санының өсуі тепе-теңдік жағдайындағы экономиканың үздіксіз өсуінің негізгі бір себебі болып есептеледі.

Халықтың өсу қарқынының ұлғаюына байланысты (d +n) · k қисығының бұрыштық коэффициенті өседі, мұндай жағдай тепе-теңдік қорымен қарулану деңгейінің (к*) төмендеуіне немесе у-тің төмендеуіне әсер етеді.

Солоу үлгісіндегі технологиялық прогресті ескере өндіріс функциясының берілген түрін өзгертеді.Технологиялық прогрестің еңбекті қорғау формасы пайдаланылады.

Өндіріс функциясы төмендегідей бейнеленеді:

У = F (K,L ∙ E)

Мұндағы Е- еңбектің тиімділігі,ал (L · E)- тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.

Неғұрлым Е үлкен болған сайын,осы берілген жұмысшылар соғұрлым өнімді көп өндіреді.

Технологиялық прогресс еңбектің тиімділігінің өсуі Е, тұрақты g қарқынымен өседі деп жорамалданады.

Технологиялық прогрестің үлгіге енуі,тұрақты тепе-теңдік жағдайының талдауын өзгертеді.

Еңбектің бір бірлігіне сәйкес тұрақты тиімділігі бар капитал көлемін к` арқылы белгілесек,онда

k` = K/L∙E ал y` = У/L·E

Тұрақты тепе-теңдік жағдайында қормен қаруландыру деңгейі к* бір қормен қаруландыруды өсіретін инвестицияның әсерін, ал екінші жағынан жұмыспен қамтылғандар санының өсуін және технологиялық прогреске ығысуының әсерін қарастырады,онда еңбектің бір бірлігінің тиімділігіне әсер ететін капитал деңгейі төмендейді:

s ∙ f (k`) = (d + n +g) k`

Тұрақты жағдайда (к`*), (К) капиталдың жалпы көлеміне тең болғанда технологиялық прогрестің болуы және өнім көлемі (У), (n + g) қарқынымен өседі. Бірақ халықтың өсуінен ерекше,өзгеше қормен қаруландыру (K/L)g қарқынымен өседі,ал бір адам басына шаққандағы өнім (У/L) болады. Соңғы көрсеткіш халықтың әл-ауқатының көтерілгенін көрсететін шама.

Демек, Солоу үлгісі бойынша бір адам басына шаққандағы өнімнің өсуі немесе өмір деңгейінің үздіксіз өсуінің бір ғана шарты болып технологиялық прогресс есептеледі.

Сонымен,Солоу үлгісі арқылы ресурстар толық қамтылған кездегі тепе-теңдік жағдайында экономиканың үздіксіз өсуінің тетігі түсіндіріледі.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 230 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі | Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. | LM қисығын алгебралық жолмен шешу | Ms↑→R↓→I↑→Y↑→Yd↑→C↑,Xn? | Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты | Ашық экономика |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.| Тұрақты тепе-теңдік жағдайындағы Солоу үлгісіндегі негізгі айнымалылардың сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)