Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылау сұрақтары. 1. Төменгі және жоғарғы ұшқындау шегі деп нені айтамыз ?

Читайте также:
  1. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  2. Бақылау сұрақтары
  3. Бақылау сұрақтары
  4. Бақылау сұрақтары
  5. Бақылау сұрақтары
  6. Бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау

1. Төменгі және жоғарғы ұшқындау шегі деп нені айтамыз?

2. «Жанып тұтануға»анықтама беріңіз.

3. Қандай шарттарды сақтамаған кезде жануы мүмкін?

 

2- тапсырма: Өрт қауіпсті категорияларды негіздеу үшін есептеулер – 2 сағат

Әдістемелік нұсқау: Есептеудің тізбектілігі (жарылыс қауіпті ортаның көлемі, жанғыш қоспаның жалпы саны; жарылыс қауіпті ортаның түзілуі). А және Б категорияларын анықтау әдісі жанғыш газдардың есептелуі, жанғыш сұйықтар мен шаңдардың тез тұтануы)

В категориялы ғимаратты анықтау, есептеу принципі.

Әдебиеттер: 4.1.1.1 [31-36]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай шартты сақтаған кезде өндіріс А және Б категорияларына жатады?

2. Қандай шартты орындаған кезде өндіріс В категориясына жатады?

3. Бу ауалық қоспаныңтүзілу уақыты қандай факторларға байланысты?

4. «Жану күшіне» анықтама беріңіздер.

5. Қандай жағдайларда лабораторялық ғимараттар В категориясына жатады?

 

3- тапсырма: Құрылыстық конструкциялардың қажетті өрт тұрақтылығын анықтау әдісі – 2 сағат

Әдістемелік нұсқау:Өрт кезіндегі құрылыстық конструкциялардың қорғағыштық қасиетінің жоғалуы (өрт тұрақтылық шегі) және олардың сипаттамалары (таситын және жылу оқшаулайтын қасиеттері және бүтіндігін жоғалтуы). Нақты және қажет етілген өрт тұрақтылық шегі

Әдебиеттер: 4.1.1.1 [37-38], 4.1.1.2 [57-59], 4.1.1.9 [66-71]

Бақылау сұрақтары:

1. Қорғағыштық қасиеті дегенді қалай түсінесіз?

2. Өрт тұрақтылық шегі қандай бірлікте өлшенеді?

3. Өрт тұрақтықтың қажетті шегі қандай нормативті құжаттармен регламенттеледі?

4. Ғимараттың, үйдің және конструкцияның бүтіндігі қандай көрсеткіштермен анықталады?

 

4- тапсырма. Спринклерлі және дренажды қондырғылардың қажетті санын есептеу – 2 сағат.

Әдістемелік нұсқау:Спринклерлі және дренажды қондырғылардың шайқау қарқындылығы және ауданын анықтау. Ғимараттың (үйдің) типіне (тобына) байланысты қондырғылар. Шайқағыштарды орналастыру жоспары және торапты тарту (құбыр өткізгіш). Шайқағыштардағы судың шығынының көлемін есептеу және арын мен арынның жоғалуы.

Әдебиеттер: 4.1.1.1 [115-127], 4.1.1.9 [363-369], 4.1.1.2 [39-42]

Бақылау сұрақтары:

1. Спринклерлі және дренажды қондырғылармен өртті сөндіру кезінде ғимараттың минимальды температурасы қандай болуы керек?

2. Спинклерлі шайқағыштың, дренажды шайқағыштан ерекшелігі қандай?

3. Бір шайқағышпен өрт сөндіу кезінде, минимальды ауданы қандай болу керек?

4. Шайқағыштарды орналастыру жоспары қандай шарттарда жасалынады?

5- тапсырма: Спринклерлі және дренажды қондырғыларға кететін судың шығынын есептеу – 42сағат.

Әдістемелік нұсқау:Шайқау қарқындылығын анықтау. Бірінші шайқағыштың қажетті су арынын есептеу. Арынның жоғалымы мен құбыр өткізгіштің диаметрін анықтау. Екінші, үшінші шайқағыштарға кететін судың шығынан есептеу. Судың нақты шығыны (қатардағы, учаскедегі арынның жоғалуы) Арынның қосынды жоғалымын ескеріп, қатардағы судың шығының есептеу.

Әдебиеттер: 4.1.1.1 [115-127], 4.1.1.9 [363-369]

Бақылау сұрақтары:

1. Шайқағыштырдағы судың шығыны қандай факторларға байланысты?

2. Шайқағыштырадың қарқындылығы қандай бірлікпен өлшенеді және ол неге байланысты?

3. Өрт қандай көрсеткіштерге байланысты болады?

4. Судың шығыны қандай факторларға байланысты болады?

 

6- тапсырма: Көбікті генератордың негізгі көрсеткіштерін анықтау – 2 сағат.

Әдістемелік нұсқау:Ерітіндінің меншікті шығынын анықтау. Көбікті шайқағыштардың бір уақытта жұмыс істеуін анықтау. Құбыр өткізгіштің диаметрін есептеу. Көбік түзгіштің қажетті көлемін бекіту.

Әдебиеттер: 4.1.1.1 [127-144]

Бақылау сұрақтары:

1. Көбік түзгіштпен өртті сөндіу кезінде қандай қоспа құрамы қолданылады?

2. Сулы сплинклерлі қондырғыларды есептеудің көбіктіден қандай ерекшелігі бар?

3. Көбік түзгіштің шығыны неге байланысты?

 

7- тапсырма: Газдық және аэрозольдік өрт сөндіргіш қондырғыларды есептеу – 2 сағат.

Әдістемелік нұсқау:Өрт сөндіретін құралдардың салмағын анықтау. Баллондар санын анықтау. Құбыр өткізгіштердің диаметрін есептеу. Өрт сөндіретін құралдардың шығу уақытын анықтау.

Әдебиеттер: 4.1.1.1 [127-144]

Бақылау сұрақтары:

1. Газдық және аэрозольды қондырғылармен өрт сөндіру кезінде, өрт сөндіретін құралдардың салмағы қандай көрсеткіштерге байланысты?

2. Өрт сөндіру үшін баллондардың қандай қоры болу керек?

3. А, Б және В категориялары үшін нормативті өрт сөндіру уақыты қандай?

4. Өрт сөндіру құралдары дабылдармен жабдықталған ба?

 

8- тапсырма: Ғимарат пен үйлердің найзағай қорғанысын есептеу – 2 сағат.

Әдістемелік нұсқау:Қорғаныс аймағының радиусының мәні берілген кездегі найзағай шығарғыштың биіктігіне байланысты найзағай шығарғыштың қорғаныс аймағының радиусын есептеу және керісінше (бірлік, екілік). Жерлестіргіш пен ғимараттың негізінің арасындағы рұқсат етілген қашықтығы.

Әдебиеттер: 4.1.2.3 [44-64]

Бақылау сұрақтары:

1. Найзағайдан қорғанудың графикалық аймағын тұрғызу үшін қандай шарттарды міндетті түрде сақтау қажет?

2. Бірлік найзағай шығарғышты есептеу әдісінің, екіншіден айырмашылығы қандай?

3. Найзағай шығарғыштың жерлестіргіш потенциалы қандай көрсеткіштерге байланысты?

4.Жерлестіргіштің импульсті кедергісіне байланысты негізгі және жерлестіргіш арасындағы қашықтығы қандай? Импульсті кедергіге» анықтама беріңіздер.

 

9- тапсырма: Адамдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін анықтау – 2 сағат.

Әдістемелік нұсқау:Адамдарды нәтижелі оқшаулау мүмкіндігін анықтау. Оқшаулау жолдары мен басқада шығатын жерлер бойынша оқшаулау мүмкіндігін анықтау. Жұмысшы аймағынан шығатын жолға дейінгі минимальды қашықтық. Авариялық шығатын жерлердің саны Авариялық шығатын жерлер мен баспалдақты торлардың көрсеткіштері.

Әдебиеттер: 4.1.1.3 [23-39]

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай шығатын жерлер оқшаулағыштар деп саналынады?

2. Қандай ғимараттарда екіден көп шығатын жерлер болуы керек?

3. Авариялы шығатын жерлерге не жатады және олардың көрсеткіштері?

4.Өрт кезіндегі адамдарды нәтижелі оқшаулауды анықтайтын көрсеткіштер және олардың тәуелділігі.

5. Адамдарды оқшаулаудың мүмкіндігін анықтау кезінде қандай негізгі көрсеткіштерді ескеру қажет?

 

10- тапсырма: Өрт кезіндегі ғимараттар мен үйлердегі адамдарды оқшаулаудың уақыты мен көрсеткіштерін есептеу – 2 сағат.

Әдістемелік нұсқау: Есептеу алдыңғы № 9 ғимарат сияқты жүргізіледі. Қосымша адамдарды оқшаулауды шарттарды қанағаттандыруды ескере отырып анықтайды, бұл жерде τр ≤ τбп шартын ескере отырып жүргізіледі, мұндағы τбп – оқшаулау жолдарын блоктау уақыты, τр –оқшаулау уақыты. Хабарлау мен адамдарды оқшаулауды басқару жүйесінің инерттілігін анықтайды. Пайда болу мүмкіндігі мен өрттің дамуын табады. Содан кейін адамдарды оқшаулау уақытын анықтайды.

Әдебиеттер: 4.1.1.3 [74-80]

Бақылау сұрақтары:

1. Оқшаулау жолдарын блоктау уақыты дегенді қалай түсінесіз?

2. Адамдарды оқшаулауды басқару мен хабарлау жүйесінің инерциалылығы неге байланысты?

3. Өрттің дамуы мен пайда болу мүмкіндігін қандай шарттармен анықтайды?

4. Өрт туралы хабарлар беру уақыты неге байланысты?

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 334 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау. | Дәрістің тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттің өрт тұрақтылығын арттыру. | Дәрістің тақырыбы: Өндіріс технологиясындағы өртке қарсы шаралар. | Дәрістің тақырыбы: Электр қауіпсіздігі. | Дәріс тақырыбы 10: Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі. | Дәрістің тақырыбы: Өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. | Дәрістің тақырыбы: Жобадағы өртке қарсы шаралар. | Дәрістің тақырыбы: Өрт сөндіру. | Дәрістің тақырыбы: Желдету және жылу беру жүйелеріне қойылатын өртке қарсы талаптар. | Дәрістің тақырыбы: Өрт қорғанысы ұйымдары және мекемелердегі өрт техникалық құрамы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ші зертханалық жұмыс.Автоматты өрт сөндіру құралдары– 2 сағат.| Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыс шегідегі сабақ жоспары (СОӨЖ – 45 с.).

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)