Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс №15. Механикалық қасиетті динамикалық сынау

Читайте также:
  1. Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.
  2. Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары.
  3. Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары
  4. Дәріс 13. Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларының сызбалары
  5. Дәріс 1941-1956 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
  6. Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар.
  7. Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.

Динамикалық сынау деп машина қарпығыштарының қозғалу жылдамдығы 10 мм/мин және одан да жоғары болатын немесе соғумен күшті түсіретін сынаудың бір түрін айтады. Осындай күш түсірудің жылдамдықтарында мыналар анықталуы мүмкін: созғандағы (немесе қысқандағы) динамикалық қасиеттер; қираудың динамикалық тұтқырлығының параметрлері; игендегі соққы тұтқырлығы және сызаттың туындауы және оның таралуы жұмыстары сияқты игендегі соққы тұтқырлығының құрастырушылары. Металдардың динамикалық сынауын мыналарды анықтау үшін жүргізеді: морт қираудың пайда болу жағдайын анықтау үшін (кері қайтатын және қайтпайтын босату морттығы, суықта сыңғыштық, көгілдір сыңғыштық және т.б.); жоғары деформациялау жылдамдығы жағдайында материалдардың жүріс-тұрысын бағалау үшін; түйіршіктер өлшемдерінің өзгеруімен, дисперсті фазалардың түсуімен, флокендердің пайда болуымен байланысты материалдардағы құрылымдық өзгерістерді айқындау үшін және т.б.

Болаттың көгілдір сыңғыштығы деп 200 – 400 оС температурасында байқалатын, құбылмалы көгілдір түсті құратын және бір мезгілде болаттардың беріктігін жоғарылатып, илемділігін және соққы тұтқырлығын төмендететін процесті айтады.

Босату морттығы деп – термиялық өңдеген кезде (босату) мартенситтің біркелкі емес ыдырауының (кері қайытпайтын немесе 1 түрі) немесе түйірлер аралық шекараларды қоспалармен байытудың (қайтатын немесе 2 түрі) нәтижесінде металдық қорытпаның алатын мрттылығын айтады.

Флокендер деп болатта сутегі ерудің нәтижесінде пайда болатын және оның үлгілігінің омырығына дақ сияқты түрді беретін сопақ немесе дөңгелек пішінді жұқа ішкі сызаттарды айтады.

Динамикалық сынаудың негізгі түрі болып ию жағдайында кертікті үлгілікке соққымен күш түсіру саналады. Үлгіліктің деформациясы мен қирауы сынау жабдығы тілінің бірінші потенциальды энергиясы есебінен толық жүреді. Бұл белгілі дәрежеде соққымен сынаудың кемшілігі болып саналады. Өйткені көптеген нақтылы жағдайларда нақтылы тетіктерге қирауға дейін тұрақты күш түседі. Бірақта тетіктерді пайдаланған кезде оларға соққымен күш түсетін де мысалдар бар (мысалы, жол машинасы тетіктері). Сонымен бірге, соққымен сынау жеткілікті жақсы дәрежеде металдың көптеген морттық күйін айқындауға мүмкіндік беретіндігін тәжірибелер көрсеткен. Осы морттық күйлерге тетікті пайдаланғанда пайда болатын қираудың көп емес авариялы жағдайлары келеді.

Соққы тұтқырлығына сынау, қирауды есептегенде тікелей қолдануға болатын сандық мәндерді бермейді. Бірақта оларды пайдаланып материалдардың сапа деңгейін және сенімділік дәрежесін бағалауға болады. Осы себептен және соққы тұтқырлығына сынауды жүргізу өте қарапайым болғандықтан, металдың сапасын бағалауға қолданылатын сынаулардың ішінде айтылған сынау өте кең таралған деп санауға болады.

Ұсынылған әдебиеттер: Нег. 8 [13-28].

Бақылау сұрақтары

1. Пәннің мәні мен мақсаты.

2. Конструкторларды қалай әзірлейді?

3. Құрастыру әлiппесі не үшін керек?

4. Техниканың негiзгi тiлi дегеніміз не?

5 Бас конструктордың міндеттері.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 614 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс №4. Дифракциялық әдістер. Құрылымдық кристаллографияның негіздері. | Дәріс №5. Рентген сәулелерінің физикасы | Дәріс №6. Рентгендік техника | Рентген құрылымдық талдаудың әдістері | Дәріс №7. Спектрлік әдістер | Дәріс №9. Масс – спектрлік талдау | Дәріс №10. Резонансты әдістер | Мөлдірлі электронды микроскоп және растрлы электронды микроскоп. | Дәріс №12. Сканирлеуші зонтты микроскоп. | Дәріс №13. Материалдардың механикалық қасиеттерін анықтаудың тәсілдері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс №14. Механикалық қасиетті статикалық сынау| Зертханалық сабақтардың жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)