Читайте также:
|
|
Статикалық сынаған кезде күш үлгілікке салыстырмалы бәсең түсіріліп, ақырын көтеріледі. Статикалық сынауларға мыналар жатады: созылуға сынау; бұрауға сынау; июге сынау; қысуға сынау; жылжып сырғымалылыққа сынау.
Созылуға сынау – металл мен қорытпалардың маңызды беріктіктік, серпімділіктік және илемділіктік қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі және ең қатаң сынаудың түрі.
Бұрауға сынауды жеткілікті кең илемді және аз илемді металдар мен қорытпалардың қасиетін бағалағанда қолданады. Мысалы, келесі жағдайларда қолданады:
- шыныққан құрылымдық (созғанда және игенде морт сынатын) және аспаптық болаттардың илемділігін бағалаған жағдайда;
- созған кезде мойынақ пайда болатын жоғары илемді металдар мен қорытпалардың илемділігі мен тұтқырлығын бағалаған кезде;
- қирау түрін анық ажырату керек болған жағдайда (қиылу немесе жұлыну);
- жоғары температурада ағудың қисық сызығын алу үшін;
- ыстықтай деформацияланатындығын анықтау үшін;
- технологиялық сынауды жүргізген кезде.
Июге сынауды морт материалдарды (шойын, қаттылығы жоғары шыныққан және босатылған болаттарды) иген кезде, олардың беріктігін анықтау үшін және ағым қисық сызығын алу үшін қолданады. Сынауды жүргізген кезде дөңгелек және тік бұрышты (квадратты) қимасы бар үлгіліктер қолданылады. Тар үлгілікті иген кезде бір осьті созудан бір осьті қысуға дейін өзгеретін бір текті емес кернеу күйі пайда болады.
Қысу «жұмсақ» сынаудың түрлерінің бірі (созатын көлденең кернеудің аз қатысуымен немесе тіпті созатын кернеудің қатысуынсыз). Қысуға сынауды созғанда морт сынатын материалдарды (шойын және басқа құйылған материалдар) сынағанда қолданған дұрыс. Айтылған сынауды қолданғанда жиі цилиндрлік пішіні бар үлгіліктерді қолданады. Сынағанда үлгіліктің бүйір жағында пайда болатын үйкеліс сынаудың нәтижесіне едәуір әсер етеді. Сондықтан алынған нәтижелерді шартты деп санау қажет. Өйткені олар үлгіліктің өлшемінен және оның бүйірлік жағының күйінен тәуелді болады.
Ұзақ беріктікке және жылжып сырғымалылыққа сынауды тұрақты температурада тұрақты созатын күшпен үлгіліктің деформациясын уақытпен өлшеп жүргізіледі. Осы сынаулар материалдың жылжып сырғымалылық шегін анықтауға мүмкіндік береді, яғни берілген температурада белгілі бір уақыт аралығында жылжып сырғымалылықтың жылдамдығын немесе деформациясын жылжып сырғымалылық қисық сызығының түзу сызықты бөліміндегі берілген мөлшерден үлкен болғызбайтын кернеуді анықтауға мүмкіндік береді.
Ұзақ беріктік – жоғары температурадағы кернеулі күйде ұзақ уақыт болатын материалдың беріктігі. Айтылған ұзақ беріктік мынандай ұзақ беріктік шегімен сипатталады: берілген температурада материалды белгілі бір уақыт ішінде қирауға алып келетін кернеу. Ұзақ беріктік шегін жиі материалды жоғары температурада созуға сынаумен алады. Көптеген материалдардың ұзақ беріктігі температура жоғарылаған сайын азаяды. Қызуға төзімділікпен бірге жылжып сырғымалылыққа кедергі және ұзақ беріктік отқа төзімді қорытпаны таңдаған кезде маңызды сипаттамалар болып саналады. Қызуға төзімділік деп қорытпаның жоғары температурада газдық жегідеге кедергі жасай алу мүмкіншілігін айтады.
Ұсынылған әдебиеттер: Нег. 8 [13-28].
Бақылау сұрақтары
1. Пәннің мәні мен мақсаты.
2. Конструкторларды қалай әзірлейді?
3. Құрастыру әлiппесі не үшін керек?
4. Техниканың негiзгi тiлi дегеніміз не?
5 Бас конструктордың міндеттері.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 934 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс №13. Материалдардың механикалық қасиеттерін анықтаудың тәсілдері | | | Дәріс №15. Механикалық қасиетті динамикалық сынау |